Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
қосымша 1.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
512 Кб
Скачать
☆

«Әлеумет» білім беру саласы

«Әлеумет» білім беру саласының базалық мазмұны :

- қоршаған ортамен таныстыру;

- экология негіздері;

- өзін-өзі тану ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.

«Әлеумет» білім беру саласын ұйымдастыру мен жүргізу әлеуметтік сипаттың бастапқы ұғымын меңгеру мен балаларды әлеуметтік қатынас жүйесіне ендіру мақсатына жетуге бағытталған және барлық білім беру саласы арқылы жүзеге асырылады.

Мақсаты: ересектермен және құрдастарымен қарым- қатынас жасауда, қоршаған ортамен таныстыру негізінде әлеуметтік дағдыларын дамыту және қалыптастыру.

Міндеттері:

- жеке тұлғаның әлеуметтік қасиеттерін дамыту: ынтымақтастық, қоршаған ортаға қамқорлық көрсету,бастамашылдық, дербестік, тәуелсіздік, ашықтық, әлеуметтік икемділік, мәдениетті және экологиялық сауаттылық.

- құрдастары мен ересектердің арасындағы қарым-қатынастың жалпы қабылданған қарапайым нормалары мен ережелерін үйрету;

- өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі реттеудің қарапайым қабілеттерін тәрбиелеу.

І ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚ

Өзін- өзі тану

Мазмұны балаларды құндылықтармен таныстыруды, заманауи сананың құндылығын үйретуді және бекітуді, әлемді түсіну және әлемді түйсінуді қалыптастыруды ұсынады.

Мақсаты:балаларда өз-өзіне, адамдарға, әлемге деген рухани - адамгершілік қатынас саласында бастапқы өмірлік маңызды құзыреттіліктерді қалыптастыру.

Міндеттері:

- адамгершілік- рухани құндылықтарды қалыптастыру;

- басқаға бағытталған эмоциялар мен сезімдерді дамыту;

- адамгершілік мінез- құлық негіздеріне тәрбиелеу.

Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, «Мен- адаммын», «Қарым-қатынас қуанышы», «Адамгершілік әліппесі», «Мен және менің әлемім» тарауларының негізгі базалық бөлімдерін кіріктіру қағидасы негізінде барлық білім беру салалары арқылы жүзеге асырылады.

Бөлімдерінің негізгі мазмұны барлық білім беру салаларын кіріктіру арқылы жүзеге асырылады.

Мен- адаммын

«Өзін- өзі тану» әлеміне саяхат. Адам болуды үйренемін.Қыздар мен ұлдар. Менің есімім. Менің туған күнім. Менің сезімдерім. Мейірімді іс- әрекеттер. Мен осындай- Адаммын. Қарым-қатынас қуанышы

Туғандар мен туыстар. Отбасылық мерекелер. Отбасының әлемі. Достық неден басталады? Адал достар. Дос әрдайым көмектеседі. Менің кішкентай достарым. Достар ғаламшары.

Күтілетін нәтижелер:

- қоршаған ортамен ізгілікті адамгершілік қарым-қатынас (отбасымен, балабақшамен, қоғамдық ортамен) тәжірибесіне ие;

- туыстарына, құрдастарына, ересектерге эмоциялық көңіл күйін білдіріп, үлкенді сыйлап, мейірімділік таныта алады;

- жақсы мен жаманның не екенін түсініп, жақсы мен жаман әрекеттерді ажырата алады;

- адами сапалар туралы: мейірімділік, махаббат, сыпайылық, адалдық түсініктерге ие;

- сурет салу, мүсіндеу, құрастыру арқылы өз көңіл күйін жеткізе алады.

Қоршаған ортамен таныстыру

Бала, оның отбасы, үйі.

Туыстық байланыс, өзінің жасын, толық аты-жөнін, тегін, ата- анасының, отбасы мүшелерінің аты-жөнін, балабақша, топ атауын, нөмірін айта білу, үйден балабақшаға дейінгі жолды анықтау туралы түсініктерін қалыптастыру.

Балаларда өз отбасының мүшелеріне қамқорлық білдіру ниетін, үй тапсырмаларын орындау, өзінің мейірімділік сезімдерін отбасы мүшелеріне сөзбен айта білуді тәрбиелеу.

Заттар әлемін меңгеру, кеңістікті бағдарлау.

Заттар, олардың белгілері мен ерекшеліктері туралы ұғымдарын қалыптастыру. Балалардың сөйлеу тіліне түрлі заттардың атауларын нақтылап, енгізу, таныс емес заттардың қолданылуын түсіндіру. Заттардың қандай материалдан жасалғандығын анықтап, сипаттама беріп, оның сапасы мен ерекшелігін дұрыс анықтай білуге үйрету.

Айналадағы заттар, құрылыс материалдары арасындағы міндет пен байланысты, оның неден жасалғандығы туралы түсінік беру.

Балабақша жақын орналасқан шағын ауданда, балабақша ауласында еркін бағыт-бағдар ұстай білу іскерліктерін жетілдіру.

Көлік, байланыс құралдары.

Көлік құралдарының көп түрлілігі, белгілі жұмыс түрін орындау үшін олардың жабдықтары жайлы түсінік беру.

Телефон, компьютер, теледидар, радионың қызметтерімен, оларды қолданудың бірнеше қарапайым ережесі туралы білімдерін бекіту.

Ересектердің еңбегі.

Ұғымдарды дамыту:

- әртүрлі мамандық иелері туралы;

- еңбектің мазмұны,сипаты және еңбек нәтижесінің маңызы туралы;

- балабақша қызметкерлерінің еңбегі туралы.

Өз ата-анасының еңбегі жайлы әңгімелегенде, еңбек үдерісі туралы білімін қолдана білуге, адамдардың еңбектеріндегі өзара байланыстарды байқауға үйрету. Айналаны қоршаған заттар, ойыншықтар – адамдардың еңбегімен жасалғандығы туралы, оған ұқыпты қарау керек екендігін түсіндіру.

Менің Отаным – Қазақстан. Еліміздің рәміздері.

Отан туралы, мемлекеттік және халықтық мерекелер,еліміздің рәміздері туралы білімдерін кеңейту. Қазақстан Республикасының Президенті, оның халыққа қызмет ететіндігі, өз халқының түрлі мәселелерін шешетіндігі туралы түсінігін қалыптастыру. Балалар Қазақстан Республикасының рәміздерін танып, мемлекеттік Әнұранды орындағанда орындарынан тұрып, оң қолдарын кеуделерінің сол жақ бөлігіне қоятынын, ер балалар бас киімдерін шешетінін білу керек. Мемлекеттік мереке Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін қалыптастыру. Халықтық мерекелер туралы түсініктерін кеңейту, өлеңдерді, әндерді, билерді жаттатқызып, үйрету арқылы балаларды мерекелерге қатысуға белсенділік танытуға баулу.

Қазақстан Республикасының әскері.

Ел қорғаудың ардақты міндет екендігін түсіндіру арқылы Қазақстан Республикасы әскері туралы түсініктерін кеңейту. Ұлы Отан соғысы жылдарында ел қорғаған қазақстан жауынгерлерімен таныстыру.

Жолда жүру ережелері.

Балалардың жолдың жүріс бөлігі, осьтік сызық туралы ұғымдарын бекіту. Қиылыс жолмен таныстыру, жол белгілерін бекіту. Бағдаршамның жарық белгілеріне сәйкес жолдан өтуге үйрету.