Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
қосымша 1.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
512 Кб
Скачать
☆

Күтілетін нәтижелер:

- түрлі сипаттағы музыкалық шығармаларды: баяу және көңілді әндер мен пьесаларды тыңдай алады;

- музыкалық шығарманың мазмұнын түсініп, (кім, не туралы айтылатыны) көңіл- күйін білдіреді;

- дыбыстарды жоғарылығы бойынша(металлофонның, фортепианоның жоғары және төмен дыбысталуын) ажыратады;

- әннің бөліктерін айта алады (ересекпен бірге);

- ересектердің көрсеткен қимылдарын қабылдайды және қайталайды (шапалақтайды, аяқтарымен топылдатады, қол білектерімен айналдыруды орындайды);

- қимылдарын музыканың басталу сәтінен аяқталғанға дейінорындайды (қоян секіреді, көбелектер ұшады);

- музыка және әннің мазмұнына қарай би қимылдарын шеңберде тұрып орындайды;

- кейбір музыкалық аспаптарды біледі (барабан, бубен, сылдырмақ).

І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ

Сурет салу

Біліктерін қалыптастыру:

- парақ бетіне бояу жағу арқылы қарама-қайшы түстегі дақтарды үйлестіріп бейнелей білу;

- қағаз бетіне тура, көлденеңінен, тік және толқын тәрізді сызықтарды бейнелеу, дәстүрден тыс тәсілмен сурет салу (шарлар, күннің көзі, балықтар және т.б.);

- бояулармен жұмыс;

- қағазға, құмға саусақпен сурет салу;

- балаларды ересектермен бірге әрекет етуге (ересектердің салған суреттерін толықтыру) қызығушылықтарын тудыру;

- бейнелеу өнері әрекетінің нәтижесіне қызығушылық танытуын қалыптастыру: балалардың жұмысын қарау және талдау, таныс заттар мен кейіпкерлерді табу;

- қағаз парағында бағдарлай білуге үйрету. Дағдыларды қалыптастыру:

- белгілі бір ережелерді орындау дағдыларын қалыптастыру: түзу отыру, тек қағаз бетіне сурет салу, қағазды жұмарламау, қарындашты тықылдатпау;

- жұмысты ұқыпты орындау.

Күтілетін нәтижелер: - қағазға және құмға сурет салудың бастапқы техникасын меңгерген;

- түрлі-түсті қарындаштармен, фломастердің, гуашьтің төрт түсімен сурет салу біледі;

- қағаз бетіне түзу, тік, көлденең және үздіксіз сызықтар жүргізу біледі;

- бояулармен жұмыс жасаудың бастапқы техникасын игерген;

- қағаз бетіне бояулармен штрихтар, жақпалар, сызықтар салады;

- орындалған жұмысқа эмоциясын танытады;

- өз суреттерінде таныс заттарды, кейіпкерлерді салыстырады;

- қағаз бетінде бағдарлай алады.

Мүсіндеу

Дағдыларын қалыптастыру:

- шыны аяқ, табақты илеп жасауда саз кесегін саусақпен басып, тереңдету;

- заттардың ұқсастықтарын табу;

- кесектерді біріктіруге үйрету;

- қуыршаққа арналған әшекейлер: білезік, жүзік, қол сағаттар мүсіндей біледі;

- мүсіндеуге арналған материалдарды қолданады;

- арнайы тақтайша үстінде илеу;

- қолды дымқыл шүберекпен сүрту;

- дайын болған бұйымды тұғырға орналастыру,жұмыстан кейін материалдарды жинастыру.

Күтілетін нәтижелер:

- сазбалшықтың кесегін алақан арасына салып илей алады (шар), жоғарғы бөлігін саусақпен басып тереңдету (қуыршақтарға арналған печенье);

- түрлі пішіндерді біріктіру әдісімен заттарды мүсіндейді (саңырауқұлақ);

- мүсінделген пішіндерді өзіне таныс заттармен салыстыра біледі;

- мүсіндеудің техникалық дағдыларын біледі және қолданады;

- халықтық ойыншықтарды қарастыру барысында қуаныш білдіреді, олардың ашықтығын, әдемілігін атап көрсетеді;

- заттармен ұқсастықты табады;

- қуыршаққа арнап әшекейлер жасайды;

- мүсіндеуге арналған құралдар туралы түсініктерге ие;

- орындалған жұмыс туралы әсерлерімен бөліседі;

- жұмыс аяқталған соң қолдарын дымқыл шүберекпен сүрте алады.

Симметриялы пішіндерді орналастыра білуді және жапсырумен сурет салуды кіріктіруді қалыптастыру.