Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
қосымша 1.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
512 Кб
Скачать
☆

Күтілетін нәтижелер:

- дыбыс, сөз, сөйлем туралы қарапайым түсініктерге ие;

- сөздің басындағы дыбысты анықтайды, дыбыстарды ажыратады және дұрыс атайды;

- дыбыстарды буынға қосады; сөз тіркесі мен сөйлемді құрастырады;

- жай және жайылма сөйлемдермен ойын жеткізе алады;

- суреттерге сүйеніп ертегі, әңгімелерді айтады;

- алуан түрлі оқиғаларды құрастырады және әңгімелеп бере алады, ертегілер ойлап шығарады, өлең ұйқастары мен сөздерге қызығушылық танытады;

- сөйлегенде көп мағыналы, жалпылауыш сөздерді, антонимдерді, синонимдерді,салыстыруларды қолданады;

- тілге сыни қарым-қатынас танытады, грамматикалық дұрыс сөйлей біледі;

- алуан түрлі интонациялық мәнерлілік тәсілдерін қолданып, дыбыстарды айтады, сөздермен белсенді түрде ойнай алады;

- түрлі сөз таптарын,салыстыруларды қолданып, монолог құра алады;

құрдастарымен және ересектермен тілдік қарым-қатынаста еркін сұхбаттасады, өз сезімдері мен ойларын тілдік және тілдік емес құралдар арқылы жеткізеді;

- ізеттілік, сыпайылық ережелерін меңгерген.

Көркем әдебиет

Балаларға оқып беру және әңгімелеу.

Мазмұнына, мәнерлік құралдарына байланысты әдеби шығармаларды қабылдауға үйрету.

Мәнерлеп оқу. Саздылықты, ырғақтылықты сезінуге, өз дауысын басқара білуге, шығарманың мазмұнына өз көзқарасын білдіруге үйрету.

Мазмұндау. Шығарма мазмұнының мағынасына байланысты интонациямен мазмұндауға үйрету. Кейіпкерлерге және олардың іс- әркеттеріне өз ойын айта білу.

Бақылағандары және суреттер бойынша әңгімелер құрастыра білуге үйрету.

Шығармалардың мазмұны мен көркем туындылар түрінің арасындағы өзара байланысты көре білуге үйрету. Дербес әрекетте көркем тілдік дағдыларды қолдана білуді бекіту.

Шығармашылық әңгімелеу.

Тәрбиешінің ұсынған тақырыбына сюжеттік және сипаттау әңгімелерін құрау кезінде меңгерген көркем - тілдік дағдыларын қолдана білуді бекіту.

Күтілетін нәтижелер:

- көркем мәтінді тыңдайды, кейіпкерлерге жанашырлық танытады;

- мәтіннің мазмұнына сәйкес ойын әрекеттерін орындайды;

- бағдарламада берілген шығармаларды жатқа айтады;

- әдеби жанрларды таниды және атайды;

- шағын сахналық қойылымдарды ұжыммен көрсетуге қатысады;

- кітаптарға қызығушылық танытады, бірнеше белгілі әдеби шығармаларды, сондай-ақ қазақстан жазушыларының шығармаларын, халық ауыз әдебиеті үлгілерін атайды;

- кітапқа ұқыптылықпен қарайды.

Сауат ашу негіздері

Дыбыстық құрылымы әр түрлі үш және төрт дыбыстардан тұратын сөздерге дыбыстық талдау жасауды жетілдіру,

Сөйлем туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру.

Қолды жазуға дайындау

Кеңістіктік қатынас орнатуды, қағаз бетінде бағдарлай білуді үйрету.

Сурет салу арқылы әріп элементтерін құрайтын ырғақты қарапайым жиектерді сала білуге үйрету.

Күтілетін нәтижелер:

- барлық дыбыстар мен сөздерді анық және түсінікті айта алады;

- сөздердегі дыбыстарды ажыратады, белгілі дыбысы бар сөздерді табады, сөздегі дыбыстың орнын анықтайды;

- үш-төрт дыбысты сөздерге дыбыстық талдау жасайды, дыбыстарды сипаттайды;

- екпін мәнерін анықтайды және естиді.

Русский язык

Воспитание звуковой культуры речи.

Постоянно упражнять в произношении изученных звуков русского языка через игры и упражнения.

Продолжать развивать голосовой и артикуляционный аппараты, речевое дыхание, чёткую дикцию.

Продолжать расширять и обогащать у детей словарный запас русской речи; упражнять в умении называть группы предметов ближайшего окружения; признаки времен года и отдельные явления природы.

Упражнять в умении считать в прямом и обратном порядке до десяти.

Закреплять умение называть некоторые свойства и цвета предметов.

Формировать умение понимать и применять знакомые слова в повседневной жизни.

Развивать грамотную русскую речь.

Продолжать упражнять в умении составлять словосочетания (существительное и прилагательное, существительное и наречие); правильно ставить ударение в словах при произношении.

Употреблять в речи имена существительные единственного и множественного числа; составлять предложение из 4–5 слов. Формировать умение понимать и применять знакомые русские слова в повседневной жизни.

Совершенствовать умение слушать и понимать русскую речь; четко произносить слова и правильно ставить ударение.

Продолжать упражнять в умении задавать элементарные вопросы и отвечать на них; составлять короткое описание предмета из 2–3 предложений; рассказывать о себе, родителях, называть домашний адрес.

Закреплять умение вести элементарный диалог; составлять короткие рассказы по картинке и по наблюдениям. Совершенствовать элементарную разговорную речь.

Продолжать разучивать стихи, песни, поговорки и пословицы на русском языке.