Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
қосымша 1.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
512 Кб
Скачать
☆

Күтілетін нәтижелер:

- отбасының ересек мүшелерінің еңбегі туралы біледі;

- отбасының ересек және кіші мүшелеріне сыйластық және қамқорлық қарым-қатынас танытады;

- отбасындағы жақын адамдары, отбасылық мерекелері, дәстүрлері туралы әңгімелейді;

- отбасылық қатынастарды және отбасындағы ересектер еңбегін сипаттайтын ойын әрекеттерін орындай алады;

- қоршаған заттар, олардың қасиеттері және міндеттері туралы түсініктерге ие;

- материалды ескере отырып, заттар мен нысандарды тани алады;

- ойыншықтарға, кітаптарға, ыдыстарға ұқыпты қарайды;

- әртүрлі көлік құралдарын таниды және атайды;

- кейбір мамандықтардың маңызын, атауларын біледі;

- кез-келген зат адамның еңбегімен жасалғандығын сезінеді;

- өз елінің, туған қаласының (ауылының) атауын біледі;

- қарапайым тәжірибелерді жүргізуге қызығушылық танытады;

- жасалған әрекеттер көмегімен түрлі мәселелерді шешеді, қарапайым себеп-салдарлық байланыстарды орнатады.

Экология негіздері

Өлі табиғат құбылыстары және заттары

Өлі табиғат объектілері туралы білімдерін кеңейту және бекіту.

Табиғаттағы маусымдық өзгерістер

Көктем, қыс мезгілдерінде табиғатты бақылау дағдыларын дамыту.

Көктем мезгілінде адамдардың іс-әрекетіне зейіндерін аудару дағдыларын дамыту.

Ауа райын бақылау дағдыларын жетілдіру және бақылау нәтижелерін табиғат күнтізбесіне белгілеу.

Өсімдіктер әлемі

Балабақша ауласындағы және жақын маңайдағы өсімдіктер туралы білімдерін бекітуді жалғастыру, оларды ажыратып, атауға үйрету.

4-5 көкөністер мен жемістердің түрлерін, бөлме өсімдіктерін, ағаштар мен бұталарды танып, атай білу дағдыларын бекіту.

Ағаштың және гүлдің бөліктерін атай білу дағдыларын бекіту. Білімдерін қалыптастыру:

- өсімдіктер және олардың көктем мезгіліндегі тіршілігі жайлы;

- шөптесін өсімдіктер (4-5 түрлері), жемістер, саңырауқұлақтар туралы;

- өсімдіктердің орманда, бақта, бауда, далада өсетіндері туралы;

- пияздың және шөптің бөлмедегі жағдайда өсуі туралы;

- өсімдіктер әлеміне қамқорлық жасау туралы.

Жануарлар әлемі

Үй жануарларын және жабайы жануарларды ажыратып, атай білуді бекіту. Табиғат бұрышындағы өсімдіктерге және жануарларға қамқорлық жасау дағдыларын жетілдіру.

Көктем, жаз мезгіліндегі жануарлардың тіршілігі жайлы түсініктерін жетілдіру.

Кейбір жәндіктердің түрлері туралы, олардың тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту.

Кейбір бауырмен жорғалаушылар туралы түсініктерін қалыптастыру.

Табиғаттағы өзін-өзі ұстау ережесі

Табиғаттағы тәртіп ережесімен таныстыруды және балаларды табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға ынталандыруды жалғастыру.

Күтілетін нәтижелер:

- өсімдіктер мен жануарлардың өсіп-өнуіне қажетті кейбір жағдайларды біледі;

- 4-5 үй және жабайы жануарларды, қыстап қалатын және жыл құстарын, жәндіктерді, өсімдіктерді, бұталарды, ағаштарды атайды;

- жануарлардың табиғаттағы тіршілік етуі туралы түсініктері бар;

- табиғаттағы өзін-өзі ұстау қарапайым ережесін біледі;

- табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларға күтім жасаудың қарапайым дағдыларын меңгерген.