Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
қосымша 1.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
512 Кб
Скачать
☆

Күтілетін нәтижелер:

- қозғалыс дағдыларын және негізгі қимылдарды орындау техникасын меңгерген;

- дұрыс дене бітімін қалыптастыруға ықпал ететін таңертеңгі гимнастикалық жаттығулар кешенін орындайды;

- балалар тобымен қозғалыс ойындарын ұйымдастыру дағдыларын меңгерген;

- төбеден түскен кезде тежейді;

- шаңғымен «шырша» адымында жүре алады, төбеге көтеріледі және одан түседі, самокат тебеді, еркін жүзеді;

- спорттық ойындардың элементтерін, спортық жаттығулардың дағдыларын меңгерген;

- дербес әрекетте спорттық құрал-саймандарды қолдана алады;

- шынықтыру шараларының маңыздылығы мен қажеттілігін біледі;

- шараларды орындау кезінде қауіпсіздік ережелерін саналы орындайды;

таңертеңгі гимнастиканы орындауға қызығушылық танытады;

- дене бітімін дұрыс қалыптастыру мен аяқ табанын нығайтуға арналған жаттығуларды орындау дағдыларын меңгерген;

- негізгі қимылдарды орындауда шығармашылық танытады.

Қауіпсіз мінез-құлық негіздері

Өзіңді таны. Сезім мүшелері. Олардың қызметі. Өз дене мүшелеріне күтім жасау.

Тамақтану. Дәрумендер туралы білім. Су және оның ағзаға қажеттілігі. Азық-түліктер, оларды қолдану тәсілдері.

Аурулардың алдын алу. Табиғи факторлардың көмегімен шынықтыру. Ұйқы мен демалысты дұрыс ауыстыру – денсаулық кепілі. Зиянды және пайдалы әдеттер. Әртүрлі азық-түліктерді дайындаудың қарапайым тәсілдері және оларды қолдану. Өзінің және жолдасының сыртқы келбетіне қарап, денсаулық жағдайын анықтай білу, ересектерден көмек сұрау.

Өзіңе және өзгелерге көмектес. Шамалы жарақаттанғанда көмек көрсету ережесін білу. Дене шынықтыру жаттығулары арқылы босаңсу кезінде тыныштандыру кешені жайлы білу.

Табиғатты қорғау. Ағаштың түрлері туралы білу. Өсімдіктің түрлерін анықтай білу.

Әлеуметтік әлем. Үйде өзін қауіпсіз ұстаудың қарапайым ережелері.Төтенше қызметтердің телефондарын білу. Балабақшаның ойындық және спорттық орындарында құралдарды қажетіне қарай қолдана білу.

Қоғамдық орындарда қарапайым мәдениеттілік және қауіпсіз мінез-құлық ережелерін меңгеру. Жалпыға ортақ құрал-саймандарды ұқыпты және дұрыс қолдана білу (жеделсатылар, лифттер, әткеншектер).

Күтілетін нәтижелер:

- маңызды мүшелердің қызметін біледі, азық-түліктердің атауларын және оларды қолдану тәсілдерін біледі;

- жұқпалы аурулар мен олардың белгілері туралы біледі, денсаулықты нығайту туралы ұғымдарға ие;

- үйде, көшеде, қоғамдық орындарда қауіпсіздік мінез-құлық ережелерін біледі және атайды;

- өзінде және өзгелерде алғашқы ауру белгілерін байқаған жағдайда ересектерден көмек сұрай алады;

- қауіпсіздік ережелерін саналы түрде орындайды;

- шынықтыру шараларының қажеттілігі мен маңыздылығын түсінеді

«Коммуникация» білім беру саласы

«Коммуникация» білім беру саласының базалық мазмұны:

- сөйлеуді дамыту;

- көркем әдебиет;

- сауат ашу негіздері;

- орыс тілі (қазақ тілінде оқытылатын топтарда) және шет тілдерінің бірі;

- драма ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.

Мақсаты: ересектермен және балалармен еркін қарым - қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру, орыс тілін және басқа тілдерді үйрету, көркем әдебиетке қызығушылыққа баулу.

Міндеттері:

- айналасындағы адамдармен еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру;

- қазақ халқының және басқа халықтардың салт-дәстүрлерін, мәдениетін құметтеуге тәрбиелеу;

- әрекеттердің алуан түрлі нысандары мен түрлерінде ауызша сөйлеуге жаттықтыру;

І ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚ