Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
қосымша 1.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
512 Кб
Скачать
☆

Күтілетін нәтижелер:

- туыстық байланыс түсініктерін игерген;

- балабақшаның атауын, нөмірін атайды;

- үйден балабақшаға дейінгі жолды біледі;

- өз отбасының мүшелеріне қамқорлық танытады, үй тапсырмаларын орындайды;

- өзінің мейірімділік сезімдерін отбасы мүшелеріне сөзбен жеткізеді;

- заттарды ажыратады және атайды, олардың өлшемін, түсін, пішінін, қандай материалдан жасалғандығын анықтайды,

- көлік құралдарын біледі және атайды,

- кейбір кәсіптік және ауылшаруашылық мамандықтарының атауын, мазмұнын, мәнін біледі;

- өз елінің мемлекеттік рәміздерін атайды және ажырата біледі, Қазақстан Республикасы мемлекеттік әнұранын орындау кезіндегі өзін ұстау ережесін біледі;

- әскердің міндетін біледі;

-Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлерді құрметтейді;

- жолда жүру ережелерін біледі және орындайды;

- қарапайым себеп-салдарлық байланысты орната алады.

Экология негіздері

Табиғат құбылыстары

Табиғат құбылыстары туралы білімдерін қалыптастыру. Табиғаттағы маусымдық өзгерістерді бақылауға, ажыратуға, атауға үйрету(күз, қыс, көктем, жаз).

Табиғат құбылыстары туралы түсініктерін қалыптастыру(жел, тұман, найзағай, жаңбыр).

Табиғатта өзін ұстай білу ережесі

Жануарлар мен өсімдіктерді сақтаудың қажеттілігін түсіндіру.Табиғатта өзін ұстай білудің қарапайым ережелерін үйрету.

Табиғат бұрышындағы жануарлар мен өсімдіктерге күтім жасаудың ережелерімен таныстыру.Оларға қамқорлық танытуға баулу.

Күтілетін нәтижелер:

- табиғаттағы маусымдық өзгерістерді атайды және ажыратады;

- табиғатта өзін ұстай білудің қарапайым ережелерін біледі;

- табиғат бұрышындағы жануарлар мен өсімдіктерге күтім жасаудың қарапайым дағдыларын игерген.

II ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ

Өзін-өзі тану

«Өзін-өзі тану» бөлімінің мазмұны өзінің ішкі әлемін ашу, өзінің қайталанбас даралығын пайымдау арқылы әрбір баланың өз табиғи қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталады.

Адамгершілік әліпбиі

Барлығы амандасудан басталады. Мейірімді іс-әрекеттер. Түсінуді және кешіруді үйренеміз. Бәрі түсіністіктен басталады. Қонақ- біздің үйдің қуанышы. Мен көмекшімін. Мен өз елімнің кішкентай азаматымын.

Мен және менің әлемім

Туған үй. Менің сүйікті балабақшам. Табиғат-ана. Табиғат және денсаулық. Табиғат және адам. Наурыз жаңару мерекесі. Менің Қазақстаным.

Күтілетін нәтижелер:

- құрдастарының арасында өзінің орнын және өзінің «менін» біледі;

- түрлі әлеуметтік жағдайларда тиімді шешімдер қабылдай біледі;

- өзінің және жолдастарының қылықтары бойынша өзінің пікірін айтуға болатынын және айту керектігін түсіне біледі;

- үлкендер мен кішілерге құрмет көрсетудің халық дәстүрлеріне негізделген адамгершілік мінез-құлық нормаларын, сақтайды;

- балабақша қызметкерлеріне құрмет танытады;

- табиғатқа сүйіспеншілік және қамқорлық танытады;

- Наурыз мерекесінің маңызын түсінеді;

- қазақ халқының ұлттық салт- дәстүрлері туралы білімдерді меңгерген;

- Қазақстан Республикасының жеткен жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін танытады.

Қоршаған ортамен таныстыру

Бала, оның отбасы, үйі.

Туыстық байланыстыр туралы ұғымды, өз шежіресіне қызығушылықты жетілдіру. Балалардың бойында өз отбасы мүшелеріне қамқорлық жасау, үй тапсырмаларын орындау, отбасы мүшелеріне өзінің жақсы көру сезімдерін сөзбен білдіруге тәрбиелеу.

Заттар әлемін меңгеру, кеңістікті бағдарлау.

Заттар, олардың белгілері мен қолданысы туралы ұғымдарын бекіту. Балалардың сөйлеу тілінде түрлі заттардың атауларын нақтылау және белсендіру, таныс емес заттардың қолданылуын түсіндіру. Айналадағы заттардың атқаратын қызметінің, осы заттар жасалған материалдың құрылысының арасындағы байланысты түсінуге үйрету. Мектепке дейінгі ұйымның ғимаратында, жақын орналасқан мөлтек ауданда еркін бағдарлау дағдыларын қалыптастыру.

Көлік, байланыс құралдары.

Арнайы көлік құралдарының көп түрлілігі, белгілі жұмыс түрін орындау үшін олардың жабдықтары жайлы түсініктерді қалыптастыру.

Телефон, компьютер, теледидар, радионың қызметтерімен, оларды қолданудың бірнеше қарапайым ережесі туралы білімдерін бекіту.

Ересектердің еңбегі.

Ұғымдарды дамыту:

- әртүрлі мамандық иелері туралы;

- еңбектің мазмұны,сипаты және еңбек нәтижесінің маңызы туралы.

Өз ата-анасының еңбегі жайлы әңгімелегенде, еңбек үдерісі туралы білімін қолдана білуге, адамдардың еңбектеріндегі өзара байланыстарды байқауға үйрету. Айналаны қоршаған заттар, ойыншықтар – адамдардың еңбегімен жасалғандығы туралы, оған ұқыпты қарау керек екендігін түсіндіру.

Менің Отаным – Қазақстан. Еліміздің рәміздері.

Отан туралы, мемлекеттік және халықтық мерекелер,еліміздің рәміздері туралы білімдерін кеңейту. Қазақстан Республикасының Президенті, оның халыққа қызмет ететіндігі, өз халқының түрлі мәселелерін шешетіндігі туралы түсінігін қалыптастыру. Мемлекеттің жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін тәрбиелеу.

Қазақстан Республикасының әскері.

Ел қорғаудың ардақты міндет екендігін түсіндіру арқылы Қазақстан Республикасы әскері туралы түсініктерін кеңейту. Өзінің немерелері мен шөберелерін бейбіт өмірмен қамтамасыз еткен,Ұлы Отан соғысы жылдарында ел қорғаған қазақстан жауынгерлерімен таныстыру.

Жолда жүру ережелері.

Балалардың жолдың жүріс бөлігі, осьтік сызық туралы ұғымдарын бекіту. Жолда жүру ережелері туралы білімдерін бекіту.