Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
қосымша 1.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
512 Кб
Скачать
☆

Күтілетін нәтижелер:

- берілген бағытты сақтай отырып, тура, аяқтарды тыпырлатпай жүре біледі;

- тепе-теңдікті сақтап, бағытты және жүгіру қарқынын өзгерте отырып жүгіре алады;

- жүгіру мен жүру кезінде, кедергілері бар жазықтық бетімен, заттарды аттап өтуде тепе-теңдікті сақтай алады;

- төрттағандап еңбектей алады, гимнастикалық қабырға бойымен ерікті тәсілде өрмелей алады;

- екі аяқпен, бір орнында тұрып ұзындыққа секіру біледі;

- допты берілген бағытта домалата алады, допты екі қолмен кеудемен лақтырады, доппен еденге соққы береді, оны жоғары лақтыра алды, заттарды оң және сол қолмен лақтыра алады.

«КОММУНИКАЦИЯ» білім беру саласы

«Коммуникация» білім беру саласының базалық мазмұны:

- сөйлеуді дамыту;

- көркем әдебиет;

- орыс тілі (қазақ тілінде оқытылатын топтарда) ұйымдастырылған

оқу қызметінде жүзеге асырылады.

Мақсаты: Инновациялық әдістер мен технологияларды қолдана отырып, әлеуметтік ортада қарым - қатынас жасау үшін тілді игеру және коммуникативтік дағдылары дамыту.

Міндеттері:

-балалардың іс-әрекетінің түрлі нысандары мен түрлерінде ауызекі сөйлеуін дамыту;

- әдеби тілде сөйлеуді дамыту;

- сөз өнеріне баулу;

- қарым-қатынас мәдениетіне, көркем қабылдау мен эстетикалық талғамға тәрбиелеу;

Дидактикалық және дамытушы ойындар мен жаттығуларды қолдану арқылы сөздік қорын байыту.

І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ

Сөйлеуді дамыту

Дағдыларды қалыптастыру:

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

- дыбыстарды айта білуге;

- дыбыстардың артикуляциясын нақтылау және бекіту;

- артикуляциялық аппаратты дамыту.

Сөздік қор:

- ойын мен ойын жаттығулары арқылы сөздік қорын кеңейту;

- заттардың бөлшектерін ажыратуға және атауға үйрету;

- балалардың сөйлеу тілін заттардың қасиеті мен сапасын білдіретін сөздермен байыту;

- жалпы белгілері бойынша заттарды топтастыру (ойыншықтар, киімдер, аяқкиімдер, ыдыстар, жиһаздар).

Тілдің грамматикалық құрылымы:

- сөздерді жіктелуіне, септелуіне қарай келістіру, зат есімдерді үстінде, астында, артында, жанында тәрізді көмекші сөздермен бірге қолдану;

- сөйлеуде зат есімдерді жекеше, көпше түрде қолдану.

Байланыстырып сөйлеу:

Дағдыларды қалыптастыру:

- суреттерді, заттарды қарастыруда, тірі және өлі табиғат нысандарын бақылау кезінде байланыстырып сөйлеу;

- шағын тақпақтар мен өлеңдерді жаттау;

- ересектердің сөзін тыңдау және түсіну;

- тілдік әдептің сәйкес түрлерін дұрыс қолдану;

- ересектермен әңгімелесу кезінде берілген сұрақтарды тыңдау және түсіне білу;

- кейіпкерлерді сипаттау үшін дауыс ырғағының мәнерлі қарапайым тәсілдерін қолдану;

- рифмді және сөздік ойындарға назар аударуын, қызығушылығын тәрбиелеу;

- таныс ертегілерді ойнауға және сахналауға деген ынтасын, қызығушылығын баулу.

Күтілетін нәтижелер:

- зейін қойып тыңдай біледі;

- дауысты және дауыссыз дыбыстарды анық айтады;

- дұрыс сөйлеу қарқынына ие;

- қоршаған ортаға қатысты түрлі сұрақтарға жауап береді;

- барлық сөз таптарын қолданады;

- қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолданады;

- сөздер мен сөз тіркестерін айтады;

- сөздерді жекеше, көпше түрде, септік жалғауларын қолданады;

- заттарды, әрекеттерді, құбылыстарды атайды.