Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
F_A_Fukin.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
18 Мб
Скачать
☆

2.13. Сур. Матаның ұзындығы және ені бойынша қимаүл­гілерді үйлестіруден пайда болатын сызықтық әсерлерді анықтау схемасы.

мұндағы, nД, nш – төсемнің ұзындығы және ені бойынша орналастырылған бөлшектер саны,

а – бөлшек немесе жинақ бөлшектерінің орта өлшемді ауданы; L және H – мата төсемінің ұзындығы және ені, см; в - мата сапасын сипаттайтын балдардың орта саны.

Төсем ұзындығы бойынша бөлшектерді біріктіргенде ұзындықтың сызықтық, ені бойынша біріктіргенде ендік нәтиже пайда болады. Біріктірілмеген екі бөлшектің ұзындықтарының қосындысы 2l тең.

Төсем ұзындығы бойынша екінші қимаүлгіні бірінші мен біріктіргендегі сызықтық нәтиже /2.13 сур/ былай анықталады.

S1 =2 l - l 1,

мұндағы l - қимаүлгі ұзындығы; l – біріктірілген екі қимаүлгінің ұзындығы.

Үшінші қимаүлгіні екінші мен біріктіргендегі сызықтық нәтиже былай анықталады

S2= l1 + l – l 2,

мұндағы l2 – үш біріктірілген қимаүлгілердің ұзындығы. Төсем ұзындығы бойынша қосынды сызықтық нәтиже S қимаүлгілердің саны және S1, S2 сызықтық нәтижелерге тәуелді.

Қимаүлгілердің саны тақ кезінде

S = (S1+S2),

қимаүлгілердің саны жұп кезінде

S = S1 + S2.

Төсем ені бойынша бөлшектерді біріктіргендегі сызықтық нәтижені S/ дәл солай анықтайды. Матаның ені және ұзындығы бойынша үш түрлі шығындардан қосылған шығын пайда болады.

мұндағы Һ1 - мата беттерінің тегіс еместігі және енінің әртүрлігінен пайда болатын шығын (0,015 м); ∆l1 - мата беттерінің бүгілетін сызығының жанындағы ұзындық бойынша пайда болатын шығын (0,01 м), ∆Һ2, ∆Һ2 - мата ені және ұзындығы бойынша пайда болатын қимаүлгі аралық көпірлерге кететін шығын, ∆Һ3, ∆l3 - мата ені және ұзындығы бойынша материал және қимаүлгілердің өлшемдерінің еселік еместігінен пайда болатын шығын.

Матаның көп бетті төсемін пайдалануына қимаүлгі аралық көпірлер едәуір әсер етеді. Ленталық машиналарда матаны пішу кезінде қимаүлгі аралық көпірлер ені 2,5 мм, ал пресстерде пішу кезінде 2 мм тең болады. Көп бетті төсемдерді пішу кезіндегі қимаүлгілераралық көпірлерге кететін шығындар, аяқ киім астына арналған былғарыларды шабу кезіндегіден едәуір үлкен болады. Бұл біріншіден төсемнің үлкен қалыңдығы кезіндегі қимаүлгілердің арасындағы көпірдің үлкендеулігі және оның ұзындығы және ені бойынша қимаүлгілердің едәуір үлкен санын орналастыруы мен түсіндіріледі.

Матаның ені және ұзындығы бойынша қимаүлгі аралық, көпір-лерге кететін шығындар;

∆Һ2 = (n ш - 1);

∆l2= (nд - 1),

мұндағы - қимаүлгі аралық көпірдің ені, см;

,

мұндағы ҺП және lП – төсемнің ені және ұзындығы бойынша бір бөлшекке салынған параллелограмм өлшемдері.

Төсемнің ені және ұзындығы бойындағы қосынды нәтижелерін біле отырып материал және қимаүлгілердің өлшемдерінің еселік еместігінен пайда болатын шығындарды келесі теңдіктер көмегімен анықтайды.

∆Һ3 = H1 - (nшh – S/)

∆l3 = L1 - (nДl - S),

мұндағы H1 = H - ∆h1 - ∆h2 - мата төсемінің пайдалы ені; L1 = L - ∆l1 - ∆ l 2 - мата төсемінің пайдалы ұзындығы.

Демек, матаның көп бетті төсемнің пайдалану пайызын анықтау үшін мыналарды білу қажет:

қимаүлгінің ұзындығы l және ені Һ;

параллелограмның табаның және биіктігін ;

қимаүлгілердің төсемнің ұзындығы және ені бойынша біріктірудің пайда болатын сызықтық нәтижелерін;

көп бетті төсемнің енін Н және ұзындығын L, %;

төсемнің ұзындығы және ені бойынша жайғастырылатын бөлшектердің санын;

Бұл көрсеткіштерді фабриканың зертханасы барлық аяқ киім модельдері және материалдарға анықтайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]