- •В.А. Фукин, а.Н. Калита былғары бұйымдарының технологиясы
- •Мазмұны
- •1. Былғары бұйымдар технологиясына кіріспе
- •Былғары бұйымдар жасау технологиясының анықтамасы
- •1.2. Технологиялық үрдістің схемасы
- •Сырттан келiп түсетiн ақпараттар тiзбегi.
- •Жүйеде қалыптасатын ақпараттар тiзбегi:
- •2. Материалдарды пішу кезіндегі бөлшектерді орныластыру, оларды пайдалануды нормаландыру.
- •2.1. Материалдарды пішу кезінде тиімді пайдалануды анықтайтын факторлар.
- •2.2. Сур. Ұлтандардың қимаүлгілерінің тура сызықты-үдемелі жайғастыру схемалары (а,б).
- •2.4. Сур. Пішілінетін материалдар және тіке бұрышты қимаүлгілердің өлшемдерінің еселі еместігінен пайда болатын шеттік қалдықтың схемалары.
- •2.5. Сур. Материалдың ұзындығы ауыспалы, ал ені тұрақты кездегі қимаүлгілер саны n1 және үйлесімдік коэффициенті р арасындағы байланыс диаграммасы.
- •2.8Сур. Материалдарды (б) пішу кезіндегі қимаүлгі аралық көпіршелердің (а) пайда болу схемалары Әртүрлі былғарыларға арналған е3 коэффициенті
- •Материалды пайдалануға жұмысшының мамандылығының тигізетін әсері.
- •2.2. Аяқкиімнің астына және үстіне арналған материалдың ауданын пайдаланылатын пайызын есептеу.
- •Әртүрлі конструкциялы дайындамалардағы үстіңгі бөлшектердің үлестік ауданы,%.
- •2.13. Сур. Матаның ұзындығы және ені бойынша қимаүлгілерді үйлестіруден пайда болатын сызықтық әсерлерді анықтау схемасы.
- •2.3. Негізгі материалдардың қажеттілік мөлшерлерін және шығын нормаларын анықтау.
- •2.4. Материалдарды пішу кезіндегі қимаүлгілерді орналастыру.
- •2.18. Сур. Аяқкиім үстінің бөлшекте-ріне мата негізді жасанды винилдық былғарыны /винилискожо–т/ пішу схемалары.
- •2.19. Сур. Аяқкиім астының бөлшектерін үйлестіру схемалары
- •2.23. Сур. Тура сызықты-бір ізді жүйе бойынша өкше сірілеріне көп бетті аяқ киімдік нитроискожа-т төсемдерін шабу схемалары
- •3. Материалды тiлу, кесіп өңдеу
- •3.1. Былғары бұйымдары бөлшектерiн шабу.
- •3.10. Сур. Пышақтардың кесетін шеттерінің қырын пішіні.
- •3.2 Материалды жылжымайтын пышаққа жiберу арқылы тiлу
- •3.3. Материалды жылжымалы пышаққа жiберiп кесу
- •3.16. Сур. Материалды (1) қозғалмары пышақпен (2) кесу схемалары.
- •3.18. Сур. Жұмыстық бұрыш (а) және кесу күшіне (б) кесу шапшаңдығының арақатысының әсерін сипаттайтын қисық сызықтар.
- •3. 4. Жону
- •3.21. Сур. Фрезерлеу күшінің Рф фрезаның айналу жиілігіне n тәуелдігінің қисық сызығы.
- •3.22. Сур. Фрезаның қырын пішіндерінің схемалары.
- •3.5. Тегiстеу
- •3.23. Сур. Тегістеуге арналған машинаның жұмыстық аспаптарының конструкциялары.
- •3. 6. Тікірейту
- •3.26. Сур. Металл щетка (а) және резеңкеге вулканданған шетканың (б) схемалары.
- •3.7 Материалды тербелмелі пышақпен кесу
- •4. Аяқкиімнің бөлшектері мен үстінің дайындамаларын дымқылдандыру және кептіру.
- •4.1. Аяқ киімнің үстінің дайындамаларын және бөлшектерін дымқылдандыру
- •4.4. Сур. Капиллярлы сору (а,б) және капиллярлы конденсация (в) механизмдерінің схемалары.
- •4.2. Сур. Былғарының ауданының s абсолюттік ылғалдығына тәуелдігі.
- •4.4. Сур. Капиллярлы уақ тесікті дененің термоылғалөткізгіштігі (а) мен бу және ауаның салыстырма термодиффузиясының (б) механизмдерінің схемалары.
- •Аяқкиім өндірісінде материалдарды дымқылдандыру.
- •4.5. Сур. Суға үлгіні қысқа мерзімге батырудан кейінгі былғарының қалындығы hk бойынша ылғалдың таралуының қисық сызықтары:
- •Аяқкиім үстінің дайындамаларын дымқылдандыруға арналған роторлы қондырғылардың техникалық сипаттамасы.
- •Аяқкиім үстінің дайындамаларын су тұманымен дымқылдандыруға арналған қондырғылардың техникалық сипаттамасы
- •4.2. Кептіру
- •Арс жартылай автоматының техникалық сипаттамасы
- •Тэрс-0 кептіргішінің техникалық сипаттамасы
- •5. Аяқкиім бөлшектерін және былғары галантерея бұйымдарын қалыптау
- •5.1. Аяқкиім үстінің дайындамасын қалыптау кезінде былғарының құрылымдық өзгерістері.
- •5.2. Иіп қалыптау
- •5.3. Созып қалыптау
- •5. 4. Аяқкиім үстінің дайындамасын қалыптаудың керіп -қаптау әдісі
- •Аяқкиім үстінің дайындамасын керу
- •Аяқкиім үстінің дайындамасын керу.
- •5.5. Аяқкиім дайындамасын керу және қаптау операцияларын қамтитын қалыптау тәсілдері
- •5.6. Аяқкиім үстінің дайындамасын параллель сыртқы. Ішкі және қайыстырылған тәсілдермен қалыптау
- •Сыртқы тәсіл
- •Қайыстырылған тәсіл
- •5.7. Үсті табиғи және синтетикалық былғарыдан жасалған аяқкиімнің қалыптұрақтылығына қалыптау тәртіптерінің әсер етуі
- •6. Бөлшектерді бекітудің механикалық әдістері
- •6.1. Аяқкиім үстінің бөшектерін бекіту
- •6.1. Сур. Екі жіптік ине шаншымын жасаудың схемасы.
- •6.3. Сур. Мест 22249-82 бойынша ұштың негізгі өлшемдерін және оның ұзын науаға қатысты орналасуларының схемасы.
- •6.2. Аяқкиім астының бөлшектерін жіппен бекіту әдістер.
- •Ұлтандарды сыртқы тігіс пен бекіту
- •Ұлтандарды бекітудің штифтті әдістері
- •Бұрандалы әдіс
- •6.4. Өкшелерді Бекіту
- •6.5 Былғары-галантереялық бұйымдарының бөлшектерін бекіту.
- •Қолданылған әдебиеттер
Аяқкиім үстінің дайындамаларын дымқылдандыруға арналған роторлы қондырғылардың техникалық сипаттамасы.
Ярустарды орналасқан дайындамалардағы ылғалдың өсуі, пайыз
бірінші яруста 10
басқаларда 4-6
Хроммен иленген былғарыдан жасалған дайындамаларды дымқылдандыру
уақыты, сағат 1,5
сиымдылығы, жұп дайындамалар 288-320
диаметрі, м 1,5
биіктігі, м 3,3
Жұмыс кеңістігіне форсункамен бүркіген су тұман құрайтын қондырғыларды аяқкиім үстінің материалын дымқылдандыруға қолданады, бірақ сонымен қатар аяқкиім асты бөлшектерін қалыптау алдында дымқылдандыру үшін де қолдануға болады /4.11 сурет/.
4.11. сур. Аяқкиім үстінің дайында-асын сулы тұман мен ылғалдауға арналған қондырғы- ның схемасы.
Қондырғының қаңқасы цилиндр 1 пішінді болып орындалған. Қаңқаның ішінде орталық айналмалы металл құбыры 2 бар, оған әр қатарында алтыдан тіреуіші 3 бар төрт қатар бекітілген. Қаңқаның төменгі бөлігінде тұғырық 4 орналасқан, оған 18-20ºС температураға дейін қыздырылған су құйылады /тұғырық 7 қақпағынан 2-3 см төмен/.
Қондырғының астында ауаны құбырға 2 айдап тұратын компрессор 5 ілінген. Су тұғырықтан құбырдың төменгі бөлігінде орналасқан форсунка 8 арқылы сығылған ауамен шашыратылады. Шашыратылған су аяқкиім үстінің дайындамасына төбеге ілінген және күмбез пішінді сорғышпен 6 беріледі. Судың ірі тамшылары құбырмен тұғырыққа ағады да, шашыратуға қайта жіберіледі. Судың шашырау дәрежесі сығылған ауаның қысымымен реттеледі.
Казеин жабыны бар хроммен иленген былғарыларының дайындамаларын бұл қондырғыларда дымқылдандырмаған дұрыс.
Аяқкиім үстінің дайындамаларын су тұманымен дымқылдандыруға арналған қондырғылардың техникалық сипаттамасы
Ылғалдың өсуі, пайыз 5-7
Хроммен иленген былғарыдан жасалған аяқкиім
Аяқкиім үстінің дайындамаларын дымқылдандыру уақыты, сағ 1,5
Сиымдылығы, дайындамалар жұбы
Қысқа қонышты бәтеңкелер мен туфли 240
Бәтеңкелер мен қысқы қонышты етіктер 120
Аяқкиім үстінің дайындамасының материалын дымқылдандыру үрдісін үдете түсу үшін, оларды алдын-ала вакуумдейді, соның нәтижесінде ылғалдың енуіне кедергі болатын былғарының саңылауларынан ауа ұшып кетеді.
Аяқкиім үстінің материалдың дайындамасының материалын вакуум ішінде дымқылдандыру үрдісін қарқындылау әдісі схемасы 4.12 суретте көрсетілген қондырғыда жасалынған.
Қондырғының екі вакуумды 1 және 15 камералары, тиеу-түсіру 20 бөліктері, пневмоцилиндрден 17 жетегі бар қақпағы 18, вакуумды сорғышы 7, бу генераторы 4, вакуумдалған қуыстары 10, төмен температуралы қоздырғыштары 21 және автоматтық басқару жүйелері 14 бар. Автоматтық басқару жүйесі вакуумды сорғыштан 7 жоғарғы вакуумдық камераның 1 бөлік қақпағынан 5, вакуумды сорғыштан 7 төменгі вакуумдық камераның 15 бөлік қақпағынан 9, ауа жіберу 2 және 13 қақпақтарынан, бу генераторына 4 су жіберуді мөлшерлегіш қақпағынан 6, бу генераторын 4 вакуум камераларымен 1 және 15 жалғайтын қосқышынан 11 вакуумдалған қуыстардан 10 4.12. сур. Аяқкиім үстінің дайындамасын вакуумда ылғалдауға арналған қондырғының схемасы, төменгі вакуумдық камераның 15 бөлік қақпағынан 12, вакуумды сорғыштан 7 вакуумдалған қуыстың 10 бөлік қақпағынан 8 тұрады.
Қондырғы былай жұмыс істейді. Тиеу-түсіру бөлігінде 20 орналасқан ілгіштерге 19 аяқкиім үстінің дайындамаларын 16 іледі. Екі қолмен қосқыштарды басады, сол кезде, аяқкиім үстінің дайындамаларымен бірге қақпақ 18 пневмоцилиндрлармен 17 жоғары көтеріледі. Аяқкиім үстінің дайындамалары жоғарғы вакуум камерасына 1 келіп түседі.
Жылжымалы қақпақтың жылжуымен бірге камераларға ауа кірмеуі ету үшін, қосқыш 11 бу генераторын 4 камерамен 1 қосады, ол төменгі вакуум камерасына 15 ауа жібергіш қақпақ 13 жабылады. Жоғарғы вакуум камерасын 1 ауа кірместей еткен соң, оны сорғышпен 7 қосатын қақпақ 5, және камераны 1 вакуумдалған қуыспен 10 қосатын қақпақ 3 ашылады да, вакуумдалған қуысты 10 сорғышпен 7 қосатын қақпақ жабылады. Бұл кезде жоғарғы камераның вакуумдалуы жүреді. Жеткілікті вакуумге жеткен соң, қақпақ 5 жоғарғы камераны 1 сорғыштан 7, қақпақ 3 жоғары камераны 1 вакуумдалған қуыстан 10 айырады, қақпақ 8 вакуумдалған қуысты 10 сорғышпен қосады. Бу генераторына 4 суды жіберуді мөлшерлегіш қақпақ 6 қосылады. Жоғарғы вакуум камерасына бу қабырғалардағы саңылаулар арқылы келіп тұрады. Камерадағы бу қысымы берілген уақыт ішінде нақты бір анықталған деңгейге дейін біртіндеп көтеріліп отырады. Жоғарғы камерада 1 бу берілген қысымға жеткен соң, бу генераторына 4 су жіберуді мөлшерлегіш қақпақ 6 ажыратылады. Дымқылдандырудың орнатылған технологиялық уақыты біткеннен кейін, жоғарғы камераға ауа жібергіш қақпақ 2 қосылады. Жоғарғы камерадағы 1 қысым атмосфералық қысыммен теңестіріледі.
Жоғарғы вакуум камерасында 1 аяқкиім үстінің дайындамалары дымқылданып жатқанда, тиеу-түсіру бөлігі 20 жылжымалы қақпағының 18 екінші жағындағы ілгіштерге 19 басқа дайындамалар ілінеді.
Дымқылдандыру тізбегі толық аяқталған кезде, тағы да қосқыштарды басады, ол кезде камераларды ауа кірместей ететін қақпақ 18 пневмоцилиндрлермен 17 төменгі күйге ауысады.
Бұл жағдайда төменгі вакуум камерасына 15 дымқылдандыру үшін, дайындамалар салынса, жоғарғы вакуум камерасынан 1 тиеу-түсіру бөлігіне дымқылдандырылған дайындамалар шығады.
Қондырғы хроммен иленген былғарыны 5 минут ішінде 26 пайызға дымқылдандыра алады.
Түйістіріп /термодиффузиялық/ дымқылдандыру тәсіліне арналған өнеркәсіптік қондырғыларды екі түрлі етіп, шығарады.
Қондырғының бірінші түрі дымқыл матаның ылғал /4.13 а сурет/ тасымалдаушынан және екі төстен (плитадан) тұрады: біреуі қыздырылады, екіншісі суық, диафрагма пішінді төс, не суытылады, не болмаса температурасын ұстайды. Аяқкиім үстінің дайындамасы тұмсық шоғыр бөлігімен дымқыл мата үстіне қойылады. Суық төс дайындаманы матаға және ыстық төске қысады.
4.13. сур. Аяқкиім үстінің дайындамасын ұласқан тәсілмен ылғалдауға арналған қондырғының схемасы:
1- ыстық тақта; 2- қыздырғаш; 3- суық тақта; 4- былғары; 5- мата; 6- перфорациялық тақта; 7- су.
Қондырғының екінші түрінде бу түріндегі ылғал /4.13 б сурет/ тесігі бар перфоланған төс арқылы аяқкиім үстінің дайындамасының тікелей ішкі жағына беріледі. Қондырғыда бу суды қайнағанша қыздырған кезде құралады немесе сырттан беріледі. Суық төс қатаң қысқыш немесе ыстық төс формасы бойынша аяқкиім үстінің дайындамасын қысып тұратын резеңке диафрагма түрінде орындалады.
