- •В.А. Фукин, а.Н. Калита былғары бұйымдарының технологиясы
- •Мазмұны
- •1. Былғары бұйымдар технологиясына кіріспе
- •Былғары бұйымдар жасау технологиясының анықтамасы
- •1.2. Технологиялық үрдістің схемасы
- •Сырттан келiп түсетiн ақпараттар тiзбегi.
- •Жүйеде қалыптасатын ақпараттар тiзбегi:
- •2. Материалдарды пішу кезіндегі бөлшектерді орныластыру, оларды пайдалануды нормаландыру.
- •2.1. Материалдарды пішу кезінде тиімді пайдалануды анықтайтын факторлар.
- •2.2. Сур. Ұлтандардың қимаүлгілерінің тура сызықты-үдемелі жайғастыру схемалары (а,б).
- •2.4. Сур. Пішілінетін материалдар және тіке бұрышты қимаүлгілердің өлшемдерінің еселі еместігінен пайда болатын шеттік қалдықтың схемалары.
- •2.5. Сур. Материалдың ұзындығы ауыспалы, ал ені тұрақты кездегі қимаүлгілер саны n1 және үйлесімдік коэффициенті р арасындағы байланыс диаграммасы.
- •2.8Сур. Материалдарды (б) пішу кезіндегі қимаүлгі аралық көпіршелердің (а) пайда болу схемалары Әртүрлі былғарыларға арналған е3 коэффициенті
- •Материалды пайдалануға жұмысшының мамандылығының тигізетін әсері.
- •2.2. Аяқкиімнің астына және үстіне арналған материалдың ауданын пайдаланылатын пайызын есептеу.
- •Әртүрлі конструкциялы дайындамалардағы үстіңгі бөлшектердің үлестік ауданы,%.
- •2.13. Сур. Матаның ұзындығы және ені бойынша қимаүлгілерді үйлестіруден пайда болатын сызықтық әсерлерді анықтау схемасы.
- •2.3. Негізгі материалдардың қажеттілік мөлшерлерін және шығын нормаларын анықтау.
- •2.4. Материалдарды пішу кезіндегі қимаүлгілерді орналастыру.
- •2.18. Сур. Аяқкиім үстінің бөлшекте-ріне мата негізді жасанды винилдық былғарыны /винилискожо–т/ пішу схемалары.
- •2.19. Сур. Аяқкиім астының бөлшектерін үйлестіру схемалары
- •2.23. Сур. Тура сызықты-бір ізді жүйе бойынша өкше сірілеріне көп бетті аяқ киімдік нитроискожа-т төсемдерін шабу схемалары
- •3. Материалды тiлу, кесіп өңдеу
- •3.1. Былғары бұйымдары бөлшектерiн шабу.
- •3.10. Сур. Пышақтардың кесетін шеттерінің қырын пішіні.
- •3.2 Материалды жылжымайтын пышаққа жiберу арқылы тiлу
- •3.3. Материалды жылжымалы пышаққа жiберiп кесу
- •3.16. Сур. Материалды (1) қозғалмары пышақпен (2) кесу схемалары.
- •3.18. Сур. Жұмыстық бұрыш (а) және кесу күшіне (б) кесу шапшаңдығының арақатысының әсерін сипаттайтын қисық сызықтар.
- •3. 4. Жону
- •3.21. Сур. Фрезерлеу күшінің Рф фрезаның айналу жиілігіне n тәуелдігінің қисық сызығы.
- •3.22. Сур. Фрезаның қырын пішіндерінің схемалары.
- •3.5. Тегiстеу
- •3.23. Сур. Тегістеуге арналған машинаның жұмыстық аспаптарының конструкциялары.
- •3. 6. Тікірейту
- •3.26. Сур. Металл щетка (а) және резеңкеге вулканданған шетканың (б) схемалары.
- •3.7 Материалды тербелмелі пышақпен кесу
- •4. Аяқкиімнің бөлшектері мен үстінің дайындамаларын дымқылдандыру және кептіру.
- •4.1. Аяқ киімнің үстінің дайындамаларын және бөлшектерін дымқылдандыру
- •4.4. Сур. Капиллярлы сору (а,б) және капиллярлы конденсация (в) механизмдерінің схемалары.
- •4.2. Сур. Былғарының ауданының s абсолюттік ылғалдығына тәуелдігі.
- •4.4. Сур. Капиллярлы уақ тесікті дененің термоылғалөткізгіштігі (а) мен бу және ауаның салыстырма термодиффузиясының (б) механизмдерінің схемалары.
- •Аяқкиім өндірісінде материалдарды дымқылдандыру.
- •4.5. Сур. Суға үлгіні қысқа мерзімге батырудан кейінгі былғарының қалындығы hk бойынша ылғалдың таралуының қисық сызықтары:
- •Аяқкиім үстінің дайындамаларын дымқылдандыруға арналған роторлы қондырғылардың техникалық сипаттамасы.
- •Аяқкиім үстінің дайындамаларын су тұманымен дымқылдандыруға арналған қондырғылардың техникалық сипаттамасы
- •4.2. Кептіру
- •Арс жартылай автоматының техникалық сипаттамасы
- •Тэрс-0 кептіргішінің техникалық сипаттамасы
- •5. Аяқкиім бөлшектерін және былғары галантерея бұйымдарын қалыптау
- •5.1. Аяқкиім үстінің дайындамасын қалыптау кезінде былғарының құрылымдық өзгерістері.
- •5.2. Иіп қалыптау
- •5.3. Созып қалыптау
- •5. 4. Аяқкиім үстінің дайындамасын қалыптаудың керіп -қаптау әдісі
- •Аяқкиім үстінің дайындамасын керу
- •Аяқкиім үстінің дайындамасын керу.
- •5.5. Аяқкиім дайындамасын керу және қаптау операцияларын қамтитын қалыптау тәсілдері
- •5.6. Аяқкиім үстінің дайындамасын параллель сыртқы. Ішкі және қайыстырылған тәсілдермен қалыптау
- •Сыртқы тәсіл
- •Қайыстырылған тәсіл
- •5.7. Үсті табиғи және синтетикалық былғарыдан жасалған аяқкиімнің қалыптұрақтылығына қалыптау тәртіптерінің әсер етуі
- •6. Бөлшектерді бекітудің механикалық әдістері
- •6.1. Аяқкиім үстінің бөшектерін бекіту
- •6.1. Сур. Екі жіптік ине шаншымын жасаудың схемасы.
- •6.3. Сур. Мест 22249-82 бойынша ұштың негізгі өлшемдерін және оның ұзын науаға қатысты орналасуларының схемасы.
- •6.2. Аяқкиім астының бөлшектерін жіппен бекіту әдістер.
- •Ұлтандарды сыртқы тігіс пен бекіту
- •Ұлтандарды бекітудің штифтті әдістері
- •Бұрандалы әдіс
- •6.4. Өкшелерді Бекіту
- •6.5 Былғары-галантереялық бұйымдарының бөлшектерін бекіту.
- •Қолданылған әдебиеттер
2.3. Негізгі материалдардың қажеттілік мөлшерлерін және шығын нормаларын анықтау.
Негізгі
материалдардың шығын нормасы
,
м2
жинақ бөлшектердің орта өлшемдері
аудандарының āк
(аяқ
киім үсті және астарына арналған) немесе
бөлшектердің ā
(аяқ киім астына арналған негізгі және
көмекші бөлшектері) 100 көбейтілген
материалдың орта өлшемді пайдалану
ауданына қатынасы болып табылады.
немесе
.
Аяқкиімдік негізгі материалдардың фабрикалық шығын нормаларын, мг (дм2), былай анықтайды:
а) бір жұп аяқкіимнің үстіне арналған былғарыларды әртүрлі конструктивтік ерекшелікті дайындамаларды түрі және жас – жыныс тобына қарай жоспарлау үшін дайындаманың орта өлшемді дайындамасының бөлшектерінің аудандарын көрсететін былғары партиясының орта өлшемді сорты бойынша;
б) бір жұп аяқкиімге арналған үсті және астарды құрайтын жеке бөлшектерді түрі, жас-жынысы және конструктивтік ерекшеліктері бойынша жоспарлауға аяқ киім үстінің орта өлшемді дайындама-сының бөлшектерінің ауданын және І-сортты матаның пайдалану пайызымен енін көрсетіп;
в) бір жұп аяқкиімге қажетті жасанды былғарының түрлері, жыныстық тобы, жеке бөлшектерге (қоныштар, өкшелік сірілер, тұмсықтық сірілер, ұлтарақтар, ұлтандар және т.б) жоспарлау үшін орта өлшемді үстіңгі бөлік дайындамасының әр бөлігінің ауданын және 1 сорттық материалдың пайдалану пайызын көрсетіп;
г) бір жұп аяқкиімнің астына арналған былғарыларды жыныс тобы және түрі бойынша негізгі бөлшектерді (ұлтандарды, ұлтарақ-тарды, өкше сірілерін және т.б) бөліп шығарып ұстастыру әдістерін жоспарлау үшін орта өлшемді дайындаманың әр бөлшегінің ауданын көрсетіп. Пайдалану пайызын ірі және майда бөлшектердің шығуына қарай былғарының орта өлшемді сортына байланысты қабылдайды.
Жинақ бөлшектерінің орта өлшемді ауданын екі әдіс бойынша анықтауға болады:
1) өлшемдік ассортиментті есепке алып аяқкиім моделі және фасоны,жыныс тобы, түрі және әр өлшемге тұрақтанған аудандары бойынша;
2) бастапқы және орта өлшемділер арасындағы айырманы ескерге отырып бұл аяқкиім тобының бастапқы (шартты түрде қабылданған) ауданы бойынша.
Бірінші әдіс дәлірек, бірақ екіншісі қарапайымдылау, себебі барлық өлшемдік ассортименттің бөлшектерінің аудандарын білу қажет емес. Екінші әдісті фабрикаға, бірлестікке, республикаға және өндірістің бәріне материал қажеттілігін есептеуге ұсынады.
Бірінші әдіс бойынша өлшемдік ассортиментті есепке алып әйелдердің жазғы туфлиінің үстінің бөлшектерінің орта өлшемді аудандарының есептеу нәтижелері 2.4 кестеде келтірілген.
2.4. кесте. Әйелдердің жазғы туфлилерінің үстінің бөлшектерінің орта өлшемді аудандарының есептеу нәтижелері.
Аяқ киім өлшемі, мм |
Бір жұп аяқ киім бөлшектерінің таза ауданы,дм2 |
Ассортименттегі аяқ киім өлшемдерінің үлестік мәні |
Ассортименттің бөлшектерінің таза ауданы,дм2 |
Аяқ киім өлшемінің үлестік мәніне көбейтіндісі |
215 220 225 230 235 240 245 250 255 260 265 270 275
Барлығы |
8,86 9,15 9,45 9,69 9,98 10,28 10,60 10,85 11,24 11,37 11,62 11,83 12,04 |
0,5 0,5 1 12 15 16 18 24 10 1 1 0,5 0,5
100 |
4,43 4,575 9,450 116,280 149,280 164,700 190,480 260,800 112,400 11,370 11,620 5,915 6,020
1047,44 |
10,75 11 22,5 276 352,5 384 441 600 255 26 26,5 13,5 13,75
2432,5 |
Екінші әдіс бойынша бөлшектердің орта өлшемді ауданын анықтау үшін орта өлшемді мөлшерді анықтайды 2432,5/100 = 24,3 демек, ол 240-245 өлшемдер арасында жатады.
Онда 243 аяқ киімнің бөлшектерінің орта өлшемді ауданы 1047,44 дм2 тең. Дәл осындай нәтижелерді бастапқы өлшемді жинақ бөлшектерінің аудандарын ак.и (мысалы 240) және жинақ бөлшектерінің орта өлшемді мөлшерін біле отырып, Ю.П. Зыбин ұсынған аяқ киімнің шектес өлшемдерінің бөлшектерінің аудандарын байланыстыратын заңдылықты қолданып шабуға болады:
, (2.42)
мұндағы
n
– сериядағы өлшемдер саны, γ,
,
- аяқ киімнің ұзындығы және енінің
салыстырмалы өсіру коэффициенттері
(аяқ киім жыныс-тық тобына тәуелді, 2.5
кесте).
2.5 кесте. Аяқкиімнің бастапқы өлшемдерін /МСТ 26165-84/ есептеуге арналған салыстырмалы өсіру коэффициенттері.
Аяқкиімнің жас –жыныстық тобы |
Ұзындығы бойынша |
Ені бойынша |
Құрамы бойынша |
|
|
|
|
Ерлердікі Ересек балалардікі Әйелдердікі Бойжеткен қыздардікі Мектеп жасындағылардікі Балалардікі Мектеп жасына дейінгі-лердікі Гусариктер |
0,0160 0,0182 0,0176 0,0188 0,0197 0,0230 0,0264 0,0315 |
0,1025 0,0132 0,0136 0,0140 0,0143 0,0159 0,0175 0,0196 |
0,0250 0,0264 0,0272 0,0280 0,0286 0,0316 0,0350 0,0392 |
Материал түрі және қалыңдық топтары бойынша аудандарының қажеттілігі 2.6. кестеде келтірілген.
2.6. кесте. Материал түрі және қалыңдық топтары бойынша аудандарының қажеттілігі.
Қалыңдық топтары |
Табылған бөлшектің минимальды қалыңдығы |
Материалдың таза ауданының қажеттілігі,нетто |
Материал |
1 2 3
4 5 |
Һ1 Һ2 Һ3
Һ4 Һ5 |
∑а1 ∑а2 ∑а3
∑а4 ∑а5 |
Жонарқа » Жонарқа және мойын Мойын және қол » » » |
Барлығы Ескертпе. Қалыңдық топтарын кішіреюіне қарай орналастырады. |
|||
Аяқкиім үстіне арналған былғарылардың маталардың және жасанды былғарылардың қажеттілігін бір жұп шығын нормасы бойынша есептейді. Шығын нормасын аяқкиім конструктивтік ерекшелігін есепке алып аяқ киімнің әр жас-жыныстық тобына және түріне арналған материалдың ортаөлшемді пайдалану пайызы және ортаөлшемді өлшеміне қарай есептейді, мысалы шеттері күйдіріп өңделген тұтас бөлшекті сыздықты әдісі мен ұстастырылған ерлердің қысқа қонышты бәтеңкелерінің 1000 жұбына қажетті бұзау терісінен істелген былғарының қажеттілігін, аяқкиімнің орта өлшемі мөлшері 265 және ортаөлшемді пайдалану пайызы 70,5 % кезінде бір жұптын шығын нормасы 17,89 дм2∙1000 = 17890 дм2 тең болады.
Аяқкиім астына арналған былғарылардың қажеттілігін есептеу күрделірек болады. Себебі, аяқкиім астының бөлшектерінің шығын нормалары материалдың түрі және категориясына /қалыңдығына/ тәуелді болады. Осыған орай, былғарының белгілі түрінің қалыңдық топтары бойынша бөлшектердің шығуын есепке алып, қажеттілікті олардың орта өлшемді таза аудандарына қарай анықтайды. Тапсырылған ассортимент үшін аяқкиім астының былғары бөлшектерінің таза ауданын анықтайды да, мемлекеттік стандарттар және техникалық жағдайлардың талаптарына сәйкес келетін бөлшек шабылатын материалдар мен үлгілерді көрсетеді. Материалдың түрі және қалыңдығы бойынша қажеттіліктерін қосып, жалпы таза ауданды, яғни неттоны анықтайды /2.6 кесте/.
Ең
жауапты бөлшектер болып, шабудан кейінгі
минимальды қалыңдығы Һ1
тең бірінші топтың бөлшектері табылады.
Олардың қажеттілігі
құрайды. Фабриканы бірінші қалыңдық
тобының бөлшектері мен қамыту үшін ∑а1
және жалпы қажеттілікті ∑аі
ескере отырып А категориялы жонарқаны
жоспарлаймыз. Бірінші қалыңдық тобының
бөлшектерінің шығуына Р1
А категориялы жонарқаның қажеттілігін
былай есептейді.
.
Жонарқалардың осы аудандарынан екінші, үшінші және т.б қалыңдық топтарының бөлшектерін былғары бұйымдардың ассорттиментіне және жоспарланған жонарқа категориясына байланысты алуға болады:
және
т.б.
Егер,
айырмасы оң болса, онда фабрика екінші
қалыңдық тобының бөлшектерімен қамтылады.
Жонарқаның Һ2
қалыңдықты ауданының артық қалған
жерлері Һ3
кішілеу қалыңдықты бөлшектердің
қажеттілігін шабуға пайдаланылады.
Егер, айырма теріс болса, фабрика екінші
қалыңдық топты бөлшектер мен толық
қамтылмайды. Қалған мөлшерді Б категориялы
жонарқадан шабады.
Екінші қалыңдық тобының бөлшектердің шығуы Ρ2 тең кезде Б категориялы жонарқа қажеттілігі мынаны құрайды:
.
Б категориялы жонарқа ауданынан үшінші, төртінші және т.б қалыңдық топтарының бөлшектерін алуға болады. Есептеуді фабрика ең кіші қалыңдықты бөлшектер мен қамытынмағанша жүргізе береді.
Мысал. Фабрика күндізгі бағдарламаны орындау үшін 2.7 кестеде келтірілген аяқ–киім астының бөлшектері қажет деп болжамдайық.
2.7. Кесте. Фабриканың былғары бөлшектердегі қажеттілігі.
Бөлшек |
Табылған бөлшектің минимальды қалыңдығы, мм |
Материалдың таза ауданының қажеттілігі нетто, м2 |
Материал |
1 2 3
4 |
4,2 3,6 2,7
2,1 |
230 400 745
450 |
Жонарқа » Жонарқа және мойын Мойын және қол |
Ең
жауапты бөлшектердің қалыңдығы шабудан
кейін 4.2 мм тең. Бұл қалыңдықты бөлшектерінің
аудан қажеттілігі 230 м2
тең, яғни жалпының 10 % қамтиды. Демек,
жоғары категориялы жонарқаның қажеттілігі
жоқ. Аталған бөлшектерге 4,1-4,5 мм
категориялы жонарқа жарайды. Аяқ киім
астына арналған былғарылардың ортаөлшемді
пайызы II – сортты материалдың пайдалану
пайызына, ал майда бөлшектердің шығуын
- олардың қажеттілігіне тең деп шартты
түрде болжамдайық (майда бөлшектердің
есептерін жүргізбейміз). Қалыңдығы 4,2
мм бөлшектердің шығуы 23% тең. Сондықтан,
фабриканы бөлшектермен қамыту үшін
∙100
═ 1000 м2
жонарқа қажетті.
Бұл ауданнан қалыңдығы екінші және үшінші топтарының бөлшектерін алуға болады.
Екінші
қалыңдық топты бөлшектердің шығуы Р2
═
43 %, ал үшіншісініңкі Р3
═
10%. Бұл 1000
═ 430 м2
және 1000х
═ 100м2
жонарқа алуға мүмкіндік береді. Екінші
қалыңдық тобының бөлшектерінің таза
ауданындағы қажеттілігі 400м2
құрайды, сондықтан оның артықтығын
үшінші топтың бөлшектер аудандарын-дағы
қажеттілікті шабуға жұмсалады.
Үшінші
топтың бөлшектеріне қажетті аудан 745
м2
тең. Онда 745-100-30=615
м2
жетіспейді. Бөлшектерге қалған
қажеттілікті 3,6-4 мм категориялы мойынды
пайдаланып қамытуға болады. Қалыңдығы
3 мм тең бөлшектердің шығуы 41% тең
/ІІ-сортты материалдан /Бұл кезде олардағы
қажеттілік
∙100
═ 1500м2
тең болады. Бұл ауданнан қалыңдығы 2,1
мм төртінші топтың бөлшектерін алуға
болады. Олардың шығуының жалпы ауданы
450 м2
қажеттілік кезінде Р4
═
тең. Қалған қажеттілікті 450-145 ═ 305 м2
қалыңдығы 3,1-3,5 мм категориялы қолдарды
пайдалану арқылы қамытуға болады.
Қалыңдығы 2,1 мм бөлшектердің шығуы 61 %
қамтиды, яғни мойын қалыңдығы төртінші
тобының бөлшектеріне толығы мен
жұмсалады.
Онда, қолдардағы қажеттілік
∙100
═ 500м2
Нәтижесінде аяқ киімнің астына арналған былғарылардың келесі ассортименті қажет болады:
Қажеттілік , м2
Жонарқа 4,1 -4,5 мм 1000
Мойын 3,6-4 мм 1500
Қолдар 3,1 – 3,5 мм 500
Барлығы 3000
