Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
F_A_Fukin.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
18 Мб
Скачать
☆

2. Материалдарды пішу кезіндегі бөлшектерді орныластыру, оларды пайдалануды нормаландыру.

Қазіргі кезде шамалы қалдықты және қалдықсыз технологияларды жасау, өндірісте материалдардың қорларды үнемді пайдалану, өнім шығару көлемін ұлғайтудың қосымша көздерін іздестіру және оның өзіндік құнын төмендету қажеттілігі туындап отыр.

Аяқкиімнің өзіндік құндылығы негізгі бөлігін материалдар шығыны құрайды. Қазіргі күні олар 42-87% тең. Егер, аяқкиім үстінің бөлшектерінің әр жұбын пішу кезінде үнемдеу 1% немесе 0,15-0,25 дм2 тең болса, онда 5 млн. жұбына тең қуатты аяқкиім өнеркәсібінде бұл үстінің материалдарының шығынысыз қосымша 50 мың жұп аяқ киім шығаруына тең болады.

Осыған орай, пішу кезіндегі материалдарды үнемдеу өнеркәсіптің материал сиымдылығын төмендетудің ең маңызды жолдарының бірі болып табылады. Яғни, аяқкиім өндірісінде негізгі материалдарды үнемді пайдаланудың маңыздылығы өсіп келеді, әсіресі, олардың кейбіреулерін өңдеуге қажетті қорлардың көлемдерінің шектелуін есепке алса. Бұл, ең алдымен таза былғарыға қажетті, себебі күннен күнге синтетикалық және жасанды материалдарды пайдалануы өскеніне қарамастан, ол аяқ киім өнеркәсібінде негізгі конструк­циондық материал болып қалып келеді. Жоғарыдағыларға байланысты былғарыны жұмсау ақыйқат шығынының нормаларын, оның қасиеттерінің көрсеткіштеріне сүйене отырып ғылыми негіздеу өте маңызды орын алады.

2.1. Материалдарды пішу кезінде тиімді пайдалануды анықтайтын факторлар.

Аяқкиім және былғары-галантериялық бұйымдарды өңдегенде таза және жасанды материалдардың үлкен мөлшерлері пішіледі. Пішу нәтижесіне көбінесе материалдардың қасиеттері әсер етеді. Олардың қатарына материалдардың сапасы, өлшемдері мен пішін үйлесімі, қалыңдығы, тығыздығы жатады. Бұйымдардың бөлшектері де бір-бірінен аудандары, пішін үйлесімі және технологиялық талаптары бойынша айырылады.

Аталған материалдардың қасиеттері және пішілетін бөлшектердің ерешкешеліктері үнемді пішу мақсаттын күрделілігін анықтайды.

Таза былғарыны пішу кезіндегі тиімді пайдалану мақсаты ең күрделі болып табылады. Бұған, себеп болатындыларға қасиеттердің аудан бойынша бірқалыпты тарамауы және геометриялық формаларының қисықтығы жата­ды. Оған қоса, былғарыны тек аудан бойынша пайдалануын арттыруы мен шектемей, оның жекеленген зона­лары бойынша мақсаттық пай­да­лануын қамыту қажет.

Демек, материалдарды аяқ киім және былғары - галантереялық бұйым­дар бөлшектеріне пішу кезінде көбінесе материалды 100% пайдалануы мүмкін емес. Зыбин Ю.П., Шусторович М.Л, Мореходов Г.А және тағы басқалар мен аяқ киім және былғары-галантереялық бұй­ым­дар бөлшектеріне материалдарды пішудің негізгі теоретикалық ере­желерін жасап талдап қорытты. Бөлшектер мен материалдардың фор­ма­ларының ерекшеліктеріне, физикалық-механикалық қасиеттеріне қойылатын талаптарға байланысты материалдардың қалдықтары шарасыз пайда болады. (2.1 сур). Олардың пайда болуына әсер ететін факторларды толық жете зерттеу материалдарды тиімді пайдалануын алдын-ала анықтайды.

Қимаүлгіаралық деп бөлшектердің көрші қимаүлгілерін материалға жайғастыру кезінде, олардың арасында пайда болатын қалдықтарды атайды.

Шеттік деп материал және қимаүлгінің контурларының өлшемдері еселік еместігіне байланысты тура келмеуінен пайда болатын қалдықтарды атайды.

Қимаүлгіаралық көпірлер - қимаүлгілерді бір-біріне тығыз жайғастыру шарасыздығынан бөлшектердің түйіскен жерлерінде пайда болатын қалдықтар.

Материал ауданын А арқылы белгілеп, келесі теңдікті жазуға болады:

(2.1)

мұндағы аі - пішілген бөлшектер (қимаүлгілер) ауданы; S, T және V - қимаүлгіаралық, шеттік және қимаүлгіаралық көпірлер қалдықтарына сәйкес қалдықтар; Q - материал ақауларының ауданы.

Егер, материалдан ауданы «а» тең бір бөлшекті немесе бір бөлшектің орта өлшемді ауданы «а» тең « » ауданды бөлшектер жинағы пішілсе, онда

(2.2)

мұндағы n - пішілген бөлшектер саны; n - бөлшектер жинақтарының саны.

Егер, бір бөлшекке (жинаққа) қажетті материал шығынын N арқылы белгілесе , онда

N ═ A/n ═ a + (S + T + V)/ ═ a + s + t + + q; (2.3)

N = A/ = ak + (S + T + V)/ = ak + s/ + t/ + / + q/, (2.4)

мұндағы s, t, және q - бір бөлшекке сәйкесті қалдықтар; s/, t/, / және q/-бөлшектер жинағына сәйкесті қалдықтар.

Пішу кезіндегі материалды пайдалану үнемдіктегі пайызбен өрнектелген Р көрсеткіші, немесе «Р» коэффициенті мен сипатталады. Келтірілген анықтамаларды негізінде былай жазуға болады:

(2.5)

(2.6)

Пайызбен өрнектелген пайдалану көрсеткішіне кері шама таза ауданның бірлігіне жұмсалатын материал шығының сипаттайды да нормаланған коэффициент деп аталады:

R═100/P. (2.7)

(2.3) (2.6) теңдіктер негізінде былай жазуға болады.

N ═ ∙100. (2.8)

Демек, материал шығыны N белгілі бір бұйымның түріне арналған бөлшектің немесе бөлшектер жинағының таза ауданына және пішілетін материалдар ауданының пайдалану көрсеткішіне (пайызбен сипатталған) тәуелді.

(2.5) теңдікті келесі бейнеге қайта жасауға болады.(2.1) теңдіктен мынау белгілі

═A – S – T – V – Q.

Бұл мәнді (2.5) теңдікке еңгізіп мынаны аламыз.

Ρ═ ∙100 .

Ρ═ 100 – ОМ – ОК – Ом.м – ОМ.Д.С (2.9)

мұндағы ОМ═ ∙100 - салыстырмалы қимаүлгіаралық қалдық, %; ОК═ ∙100 - салыстырмалы қимаүлгіаралық қалдық, %; ОММ═ ∙100 - салыстырмалы қимаүлгіаралық көпірлер қалдығы, %; ОМ.Д,С═ ∙100 - материал сорттығына байланысты салыстырмалы қалдық. Қалдықтар мөлшеріне әсер ететін факторларды қарастырайық.

Қимаүлгіаралық қалдықтар. Қимаүлгіаралық қалдықтарға материалдың қатысысыз қимаүлгілердің жайғастыру жүйесі және пішін үйлесімі әсер етеді. Материалдарды пішуге пайдаланатын бөлшектердің қимаүлгілерінің пішін үйлесімі әртүрлі. Егер, қимаүлгілердің тіке немесе қисық сызықты контурлары толық үйлескенде қимаүлгіаралық қалдықтар болмайды. Көбінесе бөлшектердің қимаүлгілері күрделі контурлы болуы да, оларды қалдықсыз үйлестіру шарасыз.

Қимаүлгіаралық қалдықтарды тек қана шеттік қалдықтар мен қимаүлгіаралық көпірлерді толық шығару шарты орындалған кезде қарастыруға болады. Бұл, бөлшектер пішілетін материал ауданы жеткілікті үлкен ауданы болған кезде мүмкін. Оған қоса, барлық бөлшектерді түйісетін жерлерде саңылаусыз пішіледі, салыстырмалы шеттік қалдықтар ОК нөлге жақын, ал салыстырмалы қимаүлгіаралық көпірлер ОМ.М нөлге тең деп болжау қажет.Осы кезде тек қана қимаүлгіаралық қалдықтар пайда болады.

Қимаүлгілерді жайғастыру жүйесі келесі талаптарды қанағаттандыруы қажет:

- жаңадан өндіруі женіл болуы тиіс, қарсы жағдайда оның қолдануы шектеледі;

- бұл жүйе бойынша беттесу түрлерінің үнемділігін зертханалық бағалауға мүмкіндік беруі (жаппай пішулерді жүргізбей-ақ);

- қимаүлгіаралық қалдықтарды минимумға дейін төмендетуі.

Бұл талаптарды Зыбин.Ю.П. ұсынған тура сызықты-үдемелі жүйе бойынша қимаүлгілерді жайғастыру кезінде орындауға болады. Қатарлардың дәлме-дәл параллельдігі және әр қатардағы қимаүлгілердің үдемелі ауыспалылығы бұл жүйенің негізі болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]