- •В.А. Фукин, а.Н. Калита былғары бұйымдарының технологиясы
- •Мазмұны
- •1. Былғары бұйымдар технологиясына кіріспе
- •Былғары бұйымдар жасау технологиясының анықтамасы
- •1.2. Технологиялық үрдістің схемасы
- •Сырттан келiп түсетiн ақпараттар тiзбегi.
- •Жүйеде қалыптасатын ақпараттар тiзбегi:
- •2. Материалдарды пішу кезіндегі бөлшектерді орныластыру, оларды пайдалануды нормаландыру.
- •2.1. Материалдарды пішу кезінде тиімді пайдалануды анықтайтын факторлар.
- •2.2. Сур. Ұлтандардың қимаүлгілерінің тура сызықты-үдемелі жайғастыру схемалары (а,б).
- •2.4. Сур. Пішілінетін материалдар және тіке бұрышты қимаүлгілердің өлшемдерінің еселі еместігінен пайда болатын шеттік қалдықтың схемалары.
- •2.5. Сур. Материалдың ұзындығы ауыспалы, ал ені тұрақты кездегі қимаүлгілер саны n1 және үйлесімдік коэффициенті р арасындағы байланыс диаграммасы.
- •2.8Сур. Материалдарды (б) пішу кезіндегі қимаүлгі аралық көпіршелердің (а) пайда болу схемалары Әртүрлі былғарыларға арналған е3 коэффициенті
- •Материалды пайдалануға жұмысшының мамандылығының тигізетін әсері.
- •2.2. Аяқкиімнің астына және үстіне арналған материалдың ауданын пайдаланылатын пайызын есептеу.
- •Әртүрлі конструкциялы дайындамалардағы үстіңгі бөлшектердің үлестік ауданы,%.
- •2.13. Сур. Матаның ұзындығы және ені бойынша қимаүлгілерді үйлестіруден пайда болатын сызықтық әсерлерді анықтау схемасы.
- •2.3. Негізгі материалдардың қажеттілік мөлшерлерін және шығын нормаларын анықтау.
- •2.4. Материалдарды пішу кезіндегі қимаүлгілерді орналастыру.
- •2.18. Сур. Аяқкиім үстінің бөлшекте-ріне мата негізді жасанды винилдық былғарыны /винилискожо–т/ пішу схемалары.
- •2.19. Сур. Аяқкиім астының бөлшектерін үйлестіру схемалары
- •2.23. Сур. Тура сызықты-бір ізді жүйе бойынша өкше сірілеріне көп бетті аяқ киімдік нитроискожа-т төсемдерін шабу схемалары
- •3. Материалды тiлу, кесіп өңдеу
- •3.1. Былғары бұйымдары бөлшектерiн шабу.
- •3.10. Сур. Пышақтардың кесетін шеттерінің қырын пішіні.
- •3.2 Материалды жылжымайтын пышаққа жiберу арқылы тiлу
- •3.3. Материалды жылжымалы пышаққа жiберiп кесу
- •3.16. Сур. Материалды (1) қозғалмары пышақпен (2) кесу схемалары.
- •3.18. Сур. Жұмыстық бұрыш (а) және кесу күшіне (б) кесу шапшаңдығының арақатысының әсерін сипаттайтын қисық сызықтар.
- •3. 4. Жону
- •3.21. Сур. Фрезерлеу күшінің Рф фрезаның айналу жиілігіне n тәуелдігінің қисық сызығы.
- •3.22. Сур. Фрезаның қырын пішіндерінің схемалары.
- •3.5. Тегiстеу
- •3.23. Сур. Тегістеуге арналған машинаның жұмыстық аспаптарының конструкциялары.
- •3. 6. Тікірейту
- •3.26. Сур. Металл щетка (а) және резеңкеге вулканданған шетканың (б) схемалары.
- •3.7 Материалды тербелмелі пышақпен кесу
- •4. Аяқкиімнің бөлшектері мен үстінің дайындамаларын дымқылдандыру және кептіру.
- •4.1. Аяқ киімнің үстінің дайындамаларын және бөлшектерін дымқылдандыру
- •4.4. Сур. Капиллярлы сору (а,б) және капиллярлы конденсация (в) механизмдерінің схемалары.
- •4.2. Сур. Былғарының ауданының s абсолюттік ылғалдығына тәуелдігі.
- •4.4. Сур. Капиллярлы уақ тесікті дененің термоылғалөткізгіштігі (а) мен бу және ауаның салыстырма термодиффузиясының (б) механизмдерінің схемалары.
- •Аяқкиім өндірісінде материалдарды дымқылдандыру.
- •4.5. Сур. Суға үлгіні қысқа мерзімге батырудан кейінгі былғарының қалындығы hk бойынша ылғалдың таралуының қисық сызықтары:
- •Аяқкиім үстінің дайындамаларын дымқылдандыруға арналған роторлы қондырғылардың техникалық сипаттамасы.
- •Аяқкиім үстінің дайындамаларын су тұманымен дымқылдандыруға арналған қондырғылардың техникалық сипаттамасы
- •4.2. Кептіру
- •Арс жартылай автоматының техникалық сипаттамасы
- •Тэрс-0 кептіргішінің техникалық сипаттамасы
- •5. Аяқкиім бөлшектерін және былғары галантерея бұйымдарын қалыптау
- •5.1. Аяқкиім үстінің дайындамасын қалыптау кезінде былғарының құрылымдық өзгерістері.
- •5.2. Иіп қалыптау
- •5.3. Созып қалыптау
- •5. 4. Аяқкиім үстінің дайындамасын қалыптаудың керіп -қаптау әдісі
- •Аяқкиім үстінің дайындамасын керу
- •Аяқкиім үстінің дайындамасын керу.
- •5.5. Аяқкиім дайындамасын керу және қаптау операцияларын қамтитын қалыптау тәсілдері
- •5.6. Аяқкиім үстінің дайындамасын параллель сыртқы. Ішкі және қайыстырылған тәсілдермен қалыптау
- •Сыртқы тәсіл
- •Қайыстырылған тәсіл
- •5.7. Үсті табиғи және синтетикалық былғарыдан жасалған аяқкиімнің қалыптұрақтылығына қалыптау тәртіптерінің әсер етуі
- •6. Бөлшектерді бекітудің механикалық әдістері
- •6.1. Аяқкиім үстінің бөшектерін бекіту
- •6.1. Сур. Екі жіптік ине шаншымын жасаудың схемасы.
- •6.3. Сур. Мест 22249-82 бойынша ұштың негізгі өлшемдерін және оның ұзын науаға қатысты орналасуларының схемасы.
- •6.2. Аяқкиім астының бөлшектерін жіппен бекіту әдістер.
- •Ұлтандарды сыртқы тігіс пен бекіту
- •Ұлтандарды бекітудің штифтті әдістері
- •Бұрандалы әдіс
- •6.4. Өкшелерді Бекіту
- •6.5 Былғары-галантереялық бұйымдарының бөлшектерін бекіту.
- •Қолданылған әдебиеттер
5. 4. Аяқкиім үстінің дайындамасын қалыптаудың керіп -қаптау әдісі
Аяқкиім үстінің дайындамасын керіп-қаптау әдісімен қалыптау үрдісі келесі операциялар тобынан тұрады: дайындау, созып қалыптау және форманы бекіту.
Аяқкиім үстінің дайындамасын созып қалыптау керу мен созудан тұрады.
Аяқкиім дайындамасын керуге және созуға арналған жабдықтарды даярлап шығарумен көп елдер айналысады. Қазіргі уақытта аяқ киімнің алуан түрінін, үстін қалыптау үрдісін жүргізуге мумкіндік беретін агрегаттар, жартылай автоматтардың және машиналардың ассортименттері бар. Жабдықтық атқарушы құралдары жағынан әсер етуі және түсуі бойынша әртүрлі деформациялар орын алады, оларды аяқкиім үстінің дайындамасын құрастыруда ескеру қажет.
Аяқкиім үстінің дайындамасын керу
Операцияның мәні үстінің дайындамасымен қалыпты қаптап, оны ұлтараққа тұмсық бөлігінің үш жерінде аяқкиім шегесімен бекітуде. Керу машинасының тістеуіктерімен үстінің дайындамасын бойлық және көлденең бағыттарында негізгі созу орындалады.
Аяқкиім үстінің дайындамасын керу ОМ - 4М, ОМ-5, ОМ-6 маркалы көлденең текті керу машиналарында орындалады. Аяқкиім үстінің дайындамасы бар қалыпты машинаның /5.10 а-сурет / төменгі тірекке 3 орналастырады. Машинаны бірінші рет және екінші рет қосқанда, аяқкиім үстінің дайындамасының материалы кезекпен ортаңғы 4 содан соң ортаңғы және бүйір жақында орналасқан 2 тістеүіктерімен созылады. Үшінші мәрте қосқанда, аяқкиім үстінің дайындамасының керме жиегі қалып ізіне тістеуікпен бүгіп тартылады, ал тұмсық тірегі 5 қалыпты төменгі тірекке 3 қысады, осыдан кейін аяқкиім үстінің дайындамасы ұлтараққа балғамен 1 бес шегемен қағылады.
Ортаңғы тістеуіктермен керген кезде, деформация аяқкиім үстінің дайынамасының бүкіл ауданы бойынша емес, тек қана АВС үшбұрышының аралығында таралады /5.10 б-сурет/ оның төбесі тұмсық, ал табаны артқы тігісі болып табылады. Ең үлкен деформациялану сызығы АВС үшбұрышының ортасынан қалыптың тұмсық бөлігіне және қырының жанамасына 15-20 градус бұрып жасап өтеді. Деформация тұмсық бөліктен өкше бөлігіне қарай азаяды
.
Бүйір жағында орналасқан тістеуіктермен керген кезде, көлденең созылуымен қатар, аяқкиім үстінің дайындамасы АДС үшбұрышымен /5.10 в-сурет / бойлық бағытында қосымша деформацияланады. Бірақ, бұл деформация шамасы бойынша да, ауданы бойынша да, ортаңғы тістеуіктермен әсер еткендегі деформациямен салыстырғанда әсіресе дайындаманың өкше бөлігінде айтарлықтай кіші дәрежеде айқындалады. Орта көлденең және бойлық деформациялар кезінде, аяқкиім үстінің дайындамасының 5-9 пайыз бөліктері түрліше деформацияланады. Мысалға, аяқкиім үстінің дайындамасының өкше бөлігі 3-6 пайызға созылады, жұлық 5-12 пайызға, тұмсық бөлігі 10-30 пайызға созылады. Аяқкиім үстінің дайындамасының керме жиегінің деформациясы тұмсық бөлігінің деформациясына қарағанда үлкен болады.
Аяқкиім үстінің дайындамасына кіретін материалдардың бірін алмастыру арқылы, қалыптау қасиеттерін де өзгертуге болады. Қалыптау үрдісін қамтамсыз ету үшін және аяқкиім үстінің дайындамасына қажетті форма беру үшін, материалдардың созылғыштығы болу керек. Аяқкиім үстінің дайындамасының бойлық бағытында салыстырмалы Е ұзаруы мен ортаңғы тістеуіктермен керу Р күші арасында тәуелділік бар.
мұндағы Ад - аяқкиім үстінің дайындамасының ұзару коэффициенті.
Ад - ұзару коэффициенті, ол материалдың механикалық қасиеттеріне, дайындаманың түріне және конструкциясына байланысты.
Аяқкиім үстінің дайындамасының деформациясы артқы тігістің формасына /5.11 сурет/ және жұлықтың бүгілу сызығының орналасуына байланысты өзгереді. Туфлилерде III үстіңгі бөліктің өлшемін аз ғана кішірейтеді де, өкшеліктің төменгі бөлігіне әдіп қалдырады. Бұл деформация алау сәулесін кемітеді Созылу кезінде алдымен жоғары оқа, содан кейін дайындаманың өкше бөлігі керіледі. Туфлилердің аяқкиім үстінің дайындамаларындағы алау сәулесі деформацияның өсуімен артады.
Бәтеңлердің I, әсіресе етіктердің I үстінің дайындамасының артқы тігісі қалып жазбасы өкше сызығының жоғарғы бөлігінен біршама ауытқиды, ал қысқа қонышты бәтеңкелердің II артқы тігісі, туфлилер III мен бәтеңкелердің I артқы тігістерінің арасында орналасады.
Жұлықтың орналасуына байланысты, ең үлкен деформация сызығының орналасуы және оның таралу аймағы әртүрлі болады. Ашық туфлилер жұлығының бүгілу III-III сызығы жазбадан кішкене көтеріліп тұрады. Сірә, мұндай конструкция кезінде созғанда жұлықтың орта бөлігі және кіші қоныштың жоғарғы бөлігі, ең көп деформацияланады. Қысқа қонышты бәтеңкенің жұлығының бүгілу II-II сызығы жазбаның тұмсық бөлігінің жоғарғы сызығынан төмен орналасса, онда кіші қоныштардың төменгі бөліктері де өте күшті деформацияланады. Бәтеңкелер мен қысқа қонышты бәтеңкелердің жұлықтарының бүгілу сызықтары жазбаның тұмсық бөлігіндегі дөңеске жанама бойынша жүреді.
Қатты қабықша бойынша жазбаны тұрғызғанда, жұлықтың бүгілу сызығы оның қанаттарын жаюымен, яғни жазбаның бүгілу сызығы қалыптың бүйір бетінің геодезиялық сызықтары арасындағы бұрышпен анықталады.
Деформация шамасына аяқкиім үстінің дайындамасының қалыпқа үйкелуі әсер етеді. Қалып формасының күрделілігіне орай, бір жерлерде үйкеліс күші жоғары, бір жерлерде төмен болады, бұл материалдың деформациялануына әсер етеді. Үйкелу коэффициентінің және қалып бетіне аяқкиім дайындамасының мөлшерлі қысымының артуымен үйкеліс күші артатыны табиғи заңдылық. Мөлшерлі қысым үстінің созылғыштығына және дайындаманың созылуына байланысты. Аяқкиім үстінің дайындамасының созылғыштығы неғұрлым кіші болса, біртекті созылу кезіндегі қалып бетіне түсетін мөлшерлі қысым соғұрлым үлкен болады.
Матаның ағашқа үйкелу коэффициенті былғарының ағашқа үйкелу коэффициентінен айтарлықтай кіші, сондықтан да астары мата болатын жоғары дайындамасының қалыпқа үйкелуі кемиді және қалыптаудың бірінші сатысындағы олардың бөліктерінің ұзаруы былғарының қалыпқа үйкелуімен салыстырғанда, бірқалыпты өседі. Бұл аяқкиім үстінің дайындамасының өкше және шоғыр бөліктері созылулары арасындағы айырмашылықтың артуына ықпал етеді. Қалыптаудың екінші сатысында үйкеліс күші айтарлықтай өседі, өйткені бұл кезде аяқкиім үстінің дайындамасы бойлық және көлденең бағыттарда қосымша созылады.
Аяқкиім үстінің дайындамасының қалыпқа қысымы бірден өседі, ал оның деформациясы кемиді.
Керу машинасының тістеуіктері ұлтарақ бетіне қарасты нормальға жақын бағытта жылжиды /5.12 а-сурет /.
Бұл жағдайда аяқкиім үстінің дайындамасының қалыпқа үлкен үйкелісі туады. Егер де, тістеуіктер ұлтарақ бетіна үлкен бұрыш жасай жылжығанда және аяқкиім үстінің дайындамасы қалыптың алдыңғы бөлігіне жанаспағанда онда дайындаманы біркелкі созуға және аз ғана күш беру кезінде қажетті керуді орнатуға болатын еді. /5.12 б-сурет/.
Аяқкиім үстінің дайындамасын керудің сапасын материалдың созылу жылдамдығы елеулі әсер етеді, оның артуымен материал кернеуінің өсу жылдамдығы да артады, себебі релаксация пайда болып үлгермейді. Демек, материалдың созылу жылдамдығын арттыру бірыңғай күш кезіндегі олардың деформациясын кемітеді. Бірақ, бірінші сатыда аяқкиім үстінің дайындамасы негізінен түзелген кезде, тістеуіктерінің жылжуының максимал мүмкін болатын жылдамдығы таңдап алынуы мүмкін.
Аяқкиім үстінің дайындамасының деформациялануына машина тістеуіктерінің механизмін реттеу де әсер етеді. Керу машинасының тістеуіктерінің механизмінің кинематикасын құрай отырып, оны құрастырушылар аяқкиім үстінің дайындамасын қолмен керетін жұмысшылардың қолының қимыл қозғалысына ұқсатуға тырысты.
Керу машинасы тістеуік-терінің механизмі күрделі. Тістеуіктер механизмінің қарапайым схемасын қарастырайық. /5.13 сурет/
Кинематикалық механизмнің барлық көлденең рычагпен АВ және тартқымен (тягамен) ВС алмастырылған. Аяқкиім үстінің дайындамасын керу АД серіппесімен реттеледі. Эксцентрик айнала отырып, АВ рычагын түсіреді. Эксцентриктер тұрақты болғандықтан, АВ рычагы Е нүктесінде бір шамаға ғана түсіп отырады. Сонымен қатар, бұл кезде рычағтың оң жақ ұшы С нүктесінде тістеуіктермен ұсталған аяқкиім үстінің дайындамасының созылғыштығына және серіппенің алдын ала керілу күшіне байланысты шамаға дейін түседі. Егер, серіппенің қатаңдығы жоғары, ал аяқкиім үстінің дайындамасы материалдың созылуға кедергісі салыстырмалы аз болса, рычагтың сол жақ ұшы А қалады да, В ұшы төмен түсіп В орнына келеді. Рычагпен бірге ВВ шамасына тартқы мен С тістеуіктер түседі, яғни аяқкиім үстінің дайындамасы осы шамаға дейін керіледі. Егер де, материал кедергісі жоғары болса, онда аяқкиім үстінің дайындамасының және серіппенің созылу нәтижесінде, эксцентриктің бұрылуы кезінде рычаг төмен түседі. Серіппе АА1 шамасына дейін, ал жоғары дайындамасы – ВВ1 шамасына дейін керіледі. Сірә, эксцентриктің төменгі орналасуы жағдайында, рычагтың оң және сол жақ ұштарындағы күш моменттері бірдей болады.
Демек, тістеуіктердің қозғалу жолын және қалыптау күшін біле отырып, серіппені алдын ала керіп жатқызып, аяқкиім үстінің дайындамасын қажетті шамаға созуға болатындай етіп, машинаны реттеуге болады.
Керу машинасының серіппенің керілуін және тістеуіктердің қозғалу жолын өзгерте алатын реттегіштері болады. Керу машинасының тістеуіктерінің механизмін реттеу өте күрделі іс, сондықтан олар жиі жартылай автоматты емес, жұмысшының білек күшін жұмсауымен жұмыс істейді. Аяқкиім үстінің дайындамасының материалын бұл жағдайда аяқ басқының көмегімен созады.
