Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
F_A_Fukin.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
18 Мб
Скачать
☆

4.5. Сур. Суға үлгіні қысқа мерзімге батырудан кейінгі былғарының қалындығы hk бойынша ылғалдың таралуының қисық сызықтары:

1- батырын жаткызүға дейін;

2- батырын жатқызуға кейін.

Аяқкиім асты бөлшектерін бекіту алдында, қысым түсіріп және вакуумде дымқылдандырады. Қысыммен дымқылдандыру кезінде, поршеньмен қысылып тұрған су былғары капиллярларындағы ауаны сығады, оларды біршама тереңдікке толтырып, капиллярлардың үлкен бетімен адсорбцияланады. Сыртқы қысым алынып тасталғаннан кейін, сығылған ауа кеңейіп, судың артық мөлшерін шашып тастайды. Дымқылдандырылған бөлшектерде балласттық су болмайды.

Былғары бөлшектер қысыммен қалыңдығы және ауданы бойынша біркелкі дымқылданады. Бірақ бұл тәсіл кезінде таннидтер және тұздар шайылып кетеді.

Былғары бөлшектерін вакуум ішіндегі дымқылдандыру арқылы, ылғалданған бөлшектердің массасына шаққандағы олардың ылғалдылығын 30-45 пайызға арттыруға болады. Бөлшектерді вакуумде ұстаған кезде, былғарының капиллярындағы қысым атмосфералық қысымнан кіші болады. Бөлшектерді суға салған кезде, капиллярлар тез суға толады да, беттері оны адсорбциялайды.

Тиімсіздігі – былғарының ірі саңылауларында балласттық судың көп қалып қоюы, бұл кебуге көп уақыттың кетуіне әкеліп соғады. Аяқкиім бөлшектерін сулап және малып, кейін жатқызып қою арқылы дымқылдандыру аса қиынға түспейді. Ылғал көп болмаған жағдайда және суға ерігіш заттардың ыдырауы елеулі зиян етпеген кезде, сулап дымқылдандыру тиімдірек. Бұл тәсіл аяқкиім астының бөлшектерін және юфть дайындамаларын дымқылдандыру кезінде қолданылады.

Ауадан ылғалды сіңіріп материалды дымқылдандыру сұйық ортада дымқылдандырудан түбегейлі ерекшеленеді. Ауадан ылғалды сорбциялау үрдісінің алғашқы сәтінде, будың көп мөлшерін былғарының үстіңгі беті сіңіреді. Жоғарыда айтып өткендей, буды ауадан сорбциялау кезінде жылу бөлінеді, сондықтан үстіңгі беттің температурасы көтеріледі. Үстіңгі беттер суланған кезде, температуралық максимумды көтеруге себепші болып, максимум сіңіру ортасына қарай жылжиды, оған жоғары температураға байланысты үстіңгі беттің қарқынды жылу бөлгіштігі ықпал етеді. Адсорбцияланған беттің қалыңдығы 10-5 см болғанда, бумен қатар дымқылданған материалдың қалыңдығына сұйық диффузиясын және дымқыл градиентін туғыза отырып, адсорбцияланған бу былғарының үстіңгі бетінің капиллярларында конденсацияланады. Демек, ауадан ылғалды сіңіру кезінде, оның конденсациясының диаметрі 10-5 см-ден аспайтын ұсақ капиллярларда басталады, яғни ылғалы былғарының созылу кезіндегі деформациялану қабілетін өзгертетін саңылаулар суланады. Ылғалды сорбциялау үрдісіне былғарының макроструктурасы әсер етпейтіндіктен, сорбциялап дымқылдандыру кезінде, былғарының топографиясы айтарлықтай маңызды емес. Бұл тәсілдің тағы бір артықшылығы сұйық ортада дымқылдандыруға қарағанда, суда ерігіш заттардың еру мен ыдырау үрдістері жүрмейді.

Демек, мынадай қорытынды жасауға болады, аяқкиім үстінің былғары дайындамалары үшін, әсіресе түрлі түсті дайындамалар үшін, ауадан ылғалды сорбциялап дымқылдандыру тәсілі тиімдірек.

Ылғалды ауадан сорбциялау арқылы дымқылдандыру үрдісін құрастыру үшін, бірнеше талаптарды орындау қажет. Ең бастысының бірі дымқылданатын ауаның жоғары қаныққандығы /97 пайыздан кем емес/, кері жағдайда жаппай капиллярлық конденсациясы болмайды. Дымқыл-камерасында ауаның ылғалмен мұндай үлкен қанығуын қамтамасыз ету үшін, камера саңылаусыз, ауа кірмейтіндей болу керек. Мұны қамтамасыз ету қиын, өйткені дымқылданатын бөлшектерді үзбей тиеп және шығарып тұру қажет. Тапсырманың тиімді шешімдерінің бірі камераның қаңқасын "Г" әрпі тәрізді етіп орындау, мұнда тиеу тесігі тік тіс жағында, ал жұмыс аймағы көлденең жағында орналасады. Сонда жылытылған ауа /ол атмосфералық ауадан жеңіл/ тиеу тесігіне түспейді, соның салдарынан жүмыс аймағына ауа кірмейді.

Дымқылдандыру үрдісін үдете түсу үшін, камерада бу мен ауа қоспасының қозғалысын туғызу қажет. Ауаның қозғалысы былғары бетіне жанап тұратын шекаралық бет арқылы, бу молекулаларының диффузиясына ықпал жасайды.

Ауадан ылғалды сорбциялау қарқындылығы ауаның жылу жылдамдығын 0-ден 0,5 м/с-ке арттырғанда өседі, одан ары көтере түскенде бұл фактордың әсері әлсірейді. Мұндай құбылыс, сорбциялау жылдамдығын көтеру былғарының температурасының және одан ауаға бөлінетін жылудың артуына байланысты болуымен түсіндіріледі, әрі диффузия коэффициенті жылу беру коэффициентіне қарағанда баяу өседі. Ауа 0,5 м/с жылдамдықпен жылжыған кезде, былғары температурасының өсуі баяулай түседі, бұл сорбциялау жылдамдығын баяулатады. Камерадағы үлкен кедергіні ескере отырып, бу мен ауа қоспасының жұмыс зонасындағы жылжу жылдамдығын 1-2 м/с етіп алу қажет.

Ауа дайын бу араласқан ылғалмен емес, шашыратылған ылғалдың булануымен қанығуы тиіс. Дымқылданатын заттардың бетінде конденсациялана отырып, ауа бумен қаныққанда, онық артығы сорғалап, түр-түсті өзгертеді. Ауаны шашыраған сумен дымқылдандырғанда конденсация жүрмейді. Суды кез келген жүйелі форсункамен шашыратуға болады. Ылғалдың булануы үшін, жылу қажет, оны 80-90ºС дейін қыздырылған буланатын сумен қамтамасыз етуге болады.

Ауадан ылғалды сору үрдісін дайын бу мен су қоспасын қыздыру арқылы үдетуге болады. Бірақ қоспасының температурасын көп мөлшерде көтеру, ауаның бумен толық қанығуын қиындатады, себебі температура артқан сайын, оның салыстырмалы ылғалдылығы кемиді. Сонымен қатар, дымқыл ауаны 60-65ºС температураға дейін қыздыру, сорбциялаудың басында былғары бетінің температурасының дымқылдандырғыш ауа температурасынан 15-17ºС жоғары болуына әкеліп соғады, бұл былғарының сапасына зиян келтіреді. Дымқылдандырғыш ауаның осындай температурасында дымқылданудың аяғына қарай, былғары температурасы 60ºС-ке жақын болады. Жоғары бөлшектері немесе дайындамалары дымқыл-дандырғыш камерадан алынып, сыртқы ауаның атмосферасына орна-ластырылған кезде температураның үлкен ауытқуына байланысты, ылғал ішкі беттерден материал бетіне термодиффузиямен жылдам орын ауыстырып, тез буланады.

Дымқылдандырғыш камераға 35º-45ºС температураға дейін қыздырылған бу мен су қоспасын жіберілу ұйғарылады.

Дымқылдандырудың барлық тәсілдері кезінде, былғарының сіңіру жылдамдығына оның ағынының бағыты үлкен ықпал етеді. Беткі беттен ішкі бетке ылғалдың жылжуы, кері бағытпен салыстырғанда, баяуырақ /4.6 сурет/.

Ылғалды сіңіру жылдамдығы ылғалдың былғарының бүйірінен ортасына қарай жылжуы кезінде өте тез көтеріледі.

4.6.сур. Ылғалдың қөзғалыс бағы­ты­ның оны былғары сініру шап­шан­дығының тигізетін әсерінің қисық сызықтары:

1- қаптал қимадан былгарының ортасына;

2- астардан бетіне қарай;

3- бетінен астарға қарай.

Былғарының ішкі бетінен сыртқы бетіна қарай ылғалдың тез жылжуы екі себеппен түсіндіріледі. Біріншіден, беткі беттің талшықтарының тығыз өрілуі капиллярларды тарылтады. Капилляр қабырғаларын жақсылап сулау, тарылған бөлік жағына қарай ылғалдың қосымша жылжуына себепші болады, яғни беткі бет жағына қарай. Екіншіден, ішкі бет беткі бетке қарағанда көп ісінеді және онда су көп тұрып қалады.

Былғарының қалың бетінің арасынан және оның өн бойынан бүйір арқылы ылғалдың өту жылдамдығының әр түрлілігі, тік бағытқа қарағанда, горизонталь бағыттағы талшықтардың өрілу дәрежесі жоғары болуымен түсіндіріледі. Былғарының өн бойымен ылғалдың жылжуы азды-көпті бірдей кескіні бар капилляр жүйесі бойынша болады. Былғарының қалыңдығы арқылы өтуіне талшықтардың тығыз өрілуі үлкен кедергі жасайды. Жоғарыда аталған тәсілдердің біреуі де былғарыларды, оның бөлшектерін және жоғары дайындамаларын тез және қарапайым дымқылдандыра алмайды.

Термодиффузиялық дымқылдандыру алғашқы екі дымқылдан-дырудан түбегейлі ерекшеленеді. Дымқылдандырудың аталған тәсілдерінде, ылғал негізінен ылғалдың градиенті әсерінен жылжиды және тек қана сорбциялап дымқылдандыру кезінде ғана температура төмендеуінің маңызы болады, ол ылғалдың термодиффузиясына ықпал етеді.

Түйістіру тәсілі кезінде, температура градиентінің мынадай маңызы бар, өйткені ол әртүрлі болады. Сұйық жылу ағынының бағытымен термоылғал өткізгіштіктің барлық үш түрінің әсерімен жылжиды /термодиффузия, капиллярлы термоылғал өткізгіштік және бу мен ауаның салыстырмалы термодиффузиясы/, соның салдарынан дымқылдандыру жылдамдығы артады.

Былғарыларды түйістіру әдісімен дымқылдандыруды С.В. Арбузов пен Н.В. Соловьев ұсынды, аяқкиім үстің дайындамаларын түйістіру әдісімен дымқылдану негізі профессор Ю.П. Зыбиннің басшылық етуімен шығарылды.

Материалды түйістіру әдісімен дымқылдандыру кезінде, дымқылданатын материалды беткі бетімен суық төс (плитаның) бетіне орналастырады. Жоғарғы төс 75-125ºС температураға дейін қыздырылады. Ылғал бөлшектердің ішкі бетіне қарай беріледі.

Былғары беті бойынша температураның үлкен ауытқуы оның ыстық бетінен суық бетіне жылжитын ылғалдың диффузиясын тудырады, бұл біркелкі және тез арада дымқылдануға алып келеді. Сонымен қатар, былғарының үстіңгі бетіндегі судың бір бөлігі бу тәрізді күйге өтуіне байланысты, дымқылдану жылдамдығы артады. Бу сыртқа шығуға тырысып, ылғалдың диффузиясын үдетуі де, капилляр бойымен былғарының ішіне өте отырып, микрокапиллярдың суығырақ бетінде конденсацияланады, бұл дымқылдану үрдісін арттырады және қалыңдық бойынша ылғалды біркелкі таратады.

4.7. суреттен сіңірілген ылғал мөлшері, /жоғарғы төс/ қыздырғыш температурасы және дымқылдандыру уақыты араларында нақты тәуелділік бар екенін көреміз: қыздыру температурасы мен жатқызып қою уақыты неғұрлым жоғары болса, соғүрлым көп ылғал матадан /ылғал тасығыш/ былғарыға өтеді. Бірақ түйістіріп, дымқылдандыру тәртібін абайлап таңдау керек, өйткені жоғары температура мен ылғалдылық кезінде былғарыға жылумен әсер ету, оның сапасын кемітеді. Былғарының физика-механикалық қасиеттерінің бұл кемуі мынаған байланысты: температура әсер еткен кезде, су ақуыздарды гидролитикалық ыдыратады.

4.7. сур. Былғары сіңіретін ылғалдың мөлшерінің ылғалдау уақыты (а) және жоғары тақтаның температурасына t, 0С (б) тәуелділігі: 1-75; 2-100; 3-125.

Жоғары төстің температурасы 1250С кезінде, ағын жылдам­дығының жоғарылығы соншама болғандықтан 10-20 секундтан соң, барлық ылғал дымқылдандырғыш жүйеге өтеді және престе үлгіні одан ары ұстап тұру бүкіл ылғалдылықты арттырмайды, тек қана ылғалды беттер бойынша қайта тарату жүреді.

Жылу тасығыштың температурасы 1250С кезінде 10 секунд бойы қыздырудың өзі, былғарының пісу температурасын 220С кемітеді, 60 сек. қыздырғанда 370С-ке кемітеді, бұл былғарының физика-механикалық қасиетерінің нашарлағанын көрсетеді.

Термотөзімді юфтті түйістіру тәсілімен дымқылдандыру кезінде, ыстық төстің қолайлы температурасы 700С-ден кіші болуы, был­ғарының ылғалды сіңіру үрдісін баяулатады, 900С-ден жоғары болуы, дымқылдандырудан кейін, аяқкиім бөлшектерінің ылғалды қарқынды жоғалтуына алып келеді. Ыстық төстің температурасы неғұрлым жоғары болса, бұл шығындар соғұрлым көп болады. Суық төстің температурасын арттыру – беткі беттің абсолют ылғалдылығын кемітеді. Демек, суық төстің тұрақты температурасы болуы қажет, оны сол мақсатта суытады. Олай болмаған жағдайда, дымқылдандырған кезде беткі бет құрғап, қалыптау кезінде ол отырып қалады.

Аяқкиім үстінің дайындамасын дымқылдандыру дәрежесі мате­риал құрылымының тығыздығына, оның жамылғысына, дымқыл­дандыру кезінде түзілетін температуралардың айырмасына және дымқылдандыру уақытына байланысты. Дымқылдандыру кезінде былғарыға енгізілетін ылғал мөлшері жабын мен былғары бу өткізгіштігінің, дымқылдандырудың температуралар айырмасының және уақытының артуымен, сонымен қатар материал құрылымы тығыздығының кемуімен белгілі бір аралықта өседі

Аяқкиім үстінің дайындамаларын және асты бөлшектерін дымқылдандыруға арналған қондырғылар. Аяқкиім үстінің дайын­дамаларын ауадан ылғалды сорбциялау арқылы дымқыл­дан­дыру үшін, жұмыстары келесі қағидаларға негізделген қондырғылар бар:

бос беттен қыздырылған судың булануы;

буланатын суды форсункамен бүрку;

судың ішімен жұмыс кеңістігіне буды жіберу;

суды форсункамен бүрку және жұмыс камерасында тұман орнату

аяқкиім үстінің дайындамаларын алдын-ала вакуумдеу.

Сонымен қатар, осы жоғарыда аталғандардың қисындасуы болып табылатын қондырғылар бар.

Осы дымқылдандырғыш қондырғылардың барлығы түрлі тәртіппен жұмыс істейді

а) қоршаған ортаның температурасынан айтарлықтай немесе кішігірім өзгешелігі бар ылғал ауаның жоғары температурасында;

б) ауаның еріксіз қозғаласымен (жылдамдығы 0,5-1,5 м/с немесе қондырғының әр жеріндегі ауаның әртүрлі тығыздығына негізделген, өте баяу жылдамдықпен);

в) үздіксіз немесе кезеңді.

Түрлі қондырғылардың әртүрлі режимде жұмыс істеу тәртіптерін қарастырайық.

Бос беттен судың булануы негізінде ылғал ауаның жоғары температурасында жұмыс істейтін қондырғылар конструкциясы жағынан қарапайым және пайдалануға арзан, бірақ бірқатар елеулі кемшіліктері бар.

Камераға салынған аяқкиім үстінің дайындамалары мен ылғалды ауа температураларының айырмашылықтарынан ылғал дайындаманың бетінде, судың жұқа бетін құра конденсацияланады, бұл ылғал ауаның былғары капиллярларына енуіне кедергі болады. Дымқылдандыру бұл жағдайда ылғалдың осы беттен былғары қалыңдығына тек қана баяу диффузия арқылы өтеді. Аяқкиім үстініңнің дайындамалары қолмен ұстағанда, дымқыл болып көрінеді, бірақ былғарының ішкі беттері дымқылданбаған болып қала береді. Аяқкиім үстінің дайындамаларын камерада ұстауды арттыру, ылғалдың өсуіне аз әсер етеді және үш сағат бойы дымқылдандыру кезінде де, ылғалдың өсуі 2 пайыз. Аяқкиім үстінің дайындамасының бетінде конденсацияланатын су оларды ластайды. Ылғалдың конденсациясы тек қана аяқкиім үстінің дайындамасының бетінде ғана емес, сонымен қатар камераның қабырғалары мен төбесінде де байқалады, әсіресе дайындамаларды тиеу және түсіру кездерінде.

Қондырғының бұл түріне Свит кәсі­п-ор­нының мерзімді әрекетті қондырғысы жатады /4.8 сурет/. Жұмыс 1 камерасына 2 сөреге қойылатын аяқкиім үстінің дайындамаларының 20 жұбы сияды.

Ауа 3 электр су қыздырғышымен 70-80С температураға дейін қыздырылатын судың бос бетінен ылғалдың булануы нәтижесінде дымқылдандырылады. Ылғал ауаның температурасы 50С.

Қайнатылатын суы бар 4 бак жұмыс камерасының төменгі бөлігінде орналасады. Бу-ауа қоспасының айналымы – табиғи.

Свит кәсіпорны қондырғысының техникалық сипаттамасы.

Дымқылдандыру уақыты, мин 30-45

Ылғалдың салмақ қосуы, пайыз 2-3

Электр энергиясына мұқтаждық, кВт

судың бастапқы қызуына 2

судың температурасын ұстап тұруға 1,4

Ауқымды өлшемі, мм 845х745х1270

Ылғал, негізінен, аяқкиім үстінің дайындамасының бетінде болғандықтан, оның бір бөлігі керуге дейін буланып кетеді. Мұндай дымқылдандыру былғарының физика-механикалық қасиеттерін аз өзгертеді, бірақ соған қарамастан, созылу кезінде ұзаруды біршама арттырады, (1-2%) . Бұл қалыптау кезінде беткі беттің жарылмауына және жыртылмауына ықпал етеді. Кемшілігіне аз сыйымдылық, аз технологиялық эффект, тиеу тесігі арқылы цех ішіне көп мөлшерде жылу мен ылғалдың бөлінуі

Төмен температурада ауаның өз еркімен жылжуы арқылы жұмыс істейтін қондырғыларда, су бос беттен буланады және аяқкиім үстінің дайындамасында ылғалдың конденсациялануы болмайды, бірақ ауаның толық қанығуының өзінде дымқылдану баяу жүреді. Бұл төмен температурада сорбциялау үрдісінің жылдамдығы аз болуымен түсіндіріледі. Сонымен қатар, қозғалыссыз ауада дымқылданатын материалдың бетінде ауаның су буымен қаныққан шекаралық беті түзіледі, өйткені оның бір бөлігін материал сіңіріп қойған. Конденсация мен сорбцияның жылуы ауаның шекаралық бетінің салыстырмалы ылғалдылығын қосымша кеміте отырып, оның температурасын көтереді. Мұның бәрі дымқылдандыру үрдісін қиындата түсіреді. Камерада бу-ауа қоспасының жылжуы кезінде, дымқылдандыру біршама тез жүреді. Бірақ ауаның ылғалмен толық қанығуына жетү үшін, буланудың үлкен үсті болу керек, яғни камераның ұлғайған өлшемдері болуы тиіс.

Салыстырмалы төмен температурада форсункамен біріккен су жылжымалы ауаның ағысында буланатын қондырғыларда ауа ылғалмен жақсы қанығады.

Бұл қондырғылардың түрлері үздіксіз немесе мезгілді әрекетті элеваторлы немесе роторлы түрінде құрастырылады. Элеваторлы қондырғының /4.9 сурет/ камерасы 8 жұмыс аймағына 5 және қайта айналу 2 түтікшесіне бөлінген. Камераның ішкі қаңқасы 6 алюминимен қапталған. Аяқкиім үстінің дайындамаларын тасымалдау үшін, бесікшелелері 7 бар элеватор орнатылған. Дайындаманы тиеу немесе түсіру есікпен жабылатын тиеу терезесі бар 4 арқылы жүзеге асырылады.

4.9. сур. Аяқкиім үсті­нің дайындамасын ыл­ғалды ауамен ыл­ғал­дауға арналған элева­торлық қондырғының схемасы.

Ауаның айналуы немесе тарауы желдет­кіш 3 көмегімен жүзе­ге асырылады. Жел­дет­кіш пайдаланып бол­ған бу мен су қоспасын жұмыс айма­ғынан сорып алып, қайта айналу түтікше­сінің ішіне форсун­ка­мен су бүркіледі, ол бу мен су қоспасына қар­сы жүріп келе жатқан ағында буланады.

Су сығылған ауа­мен немесе су құбы­ры­ның қысымымен ша­шы­­ра­тылуы мүмкін.

Ауаның ылғалмен толық қанығуы үшін және белгілі бір температураға дейін қызуы үшін, бу қолданылады. Бу қайта айналу түтікшесіне немесе жұмыс аймағына су толтырылған тұғырық арқылы өтетін тесіктері бар құбыр бойынша беріледі. Ылғал ауаның температурасына байланысты ауа беру автоматты түрде реттеледі.

Дымқылданған ауа жұмыс аймағына ажыратқыш арқылы беріледі, онда ол су тамшыларынан айырылады. Қайта айналу түтікшесінде буланбай қалған және жұмыс аймағын конденсацияланып қалған су тұғырық арқылы канализацияға ағады.

Камера ішінде ауа аяқкиім үстінің дымқылданған дайын­да­маларына жарым-жартылай жылу мен ылғал береді.

Элеваторлы қондырғының техникалық сипаттамасы.

Температура 0С

камераның басындағы судың; 37-38

ауаның 35-36

Жұмыс аймағындағы ауаның салыстырмалы

ылғалдылығы, пайыздан кіші емес 97

Ауаның жылжу жылдамдығы м/с 0,5-1

Аяқкиім үстінің дайындамалар жұбының

сиымдылығы 200-250

Аяқкиім үстінің дайындамаларындағы

ылғалдың салмақ қосуы, пайыз 8-10

Аяқкиім үстінің дайындамаларын

дымқылдандыру уақыты, сағ. ешкі терісінен; 1-1.5

бұзау және өгізше терісінен 1,5-2,5

Мұндай дымқылдандыру былғарының ұзаруын болғанда, 8-12 пайызға арттырады, бұл керуге кететін әдіпті азайтуға мүмкіндік береді және аяқкиім үстінің материалын 2 пайызға үнемдейді. Осында дымқылдандыру әдісі кезінде, аяқкиімнің қалпы мен өлшемі жақсы сақталады.

Бұл дымқылдандыру қондырғыларынының кемшілігі – конструкциясының күрделі және қолайсыз үлкен болуы, дымқылдану үрдісінің ұзақтығы.

Роторлы қондырғыларда аяқкиім үстінің дайындамасын қалыпта қалыптау алдында дымқылдандырады /4.10 сурет/.

Жылытылған қаңқаның 1 ішінде ротор 2 орналасқан. Ол тік бөлгіштермен 3 сегіз бөліктерге бөлінген. Әр бөліктің ішінде аяқкиім үстінін ілу үшін төрт бетпен сегіз қазық бекітілген. Ротор 2 құбырға бекітілген, ол қуыс осьте 8 айналып тұрады. Ауа қоспа камерасында 4 форсункамен бүрку арқылы дымқылдандырылады. Бүркуге су бактан су бөлгіш арқылы сорғышпен беріледі, ол оның ішінде 60 5ºС температураға дейін қыздырылады.

Дымқылданған ауа желдеткішпен 6 ажыратқыш 7, қуыс ось 8, төменгі сақиналы таратқыш камерасы 11 мен ротордың 2 әр бөлігінің түбіндегі тесік арқылы қондырғының жұмыс аймағына жіберіледі де, төбедегі тесік пен жоғарыдағы камера /коллектор/ 9 арқылы сорылады.

Ауаны қосымша дымқылдандыру қоспа 11 және төменгі таратқыш ка­ме­раларында қа­заннан неме­се бу гене­­ра­то­рынан бері­ле­тін бумен жү­зе­ге асырыл­а­ды.

Қондырғы ылғал ауаның толық қайта ай­налу кезінде жұмыс істейді. Конденсацияланған су жоғар­ғы камерадан және жұмыс аймағынан жә­не булан­ба­ған су қоспа каме­расынан бакқа құйылады да, сүзбе арқылы қайталап бүр­куге жібері­ле­ді.

Ротор 1/8 айна­лымынан соң автоматты түрде тоқтай­ды. Тиеу тесігі алдында орна­лас­қан бөлік бү­кіл қондырғыдан жайпақ резеңке қақпағы және сұқпа жапқышы бар бөлгіштермен 10 оқшауланған. Қондырғыдағы дымқылдандыру параметрлері автоматты түрде өзгереді және реттеледі.

"Свит" кәсіпорынның қондырғысы тәрізді бұл қондырғының негізгі кемшіліктері - әртүрлі биіктікте орыналасқан аяқкиім үсті дайындамаларын біркелкі дымқылдандыра алмауы және камера өлшемінің айтарлықтай үлкен болуы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]