Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
F_A_Fukin.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
18 Мб
Скачать
☆

Арс жартылай автоматының техникалық сипаттамасы

Өнімділігі - сағатына 88 жұп аяқкиім .

Кептіру уақыты 10-12 мин

Ауқымды өлшемі 1740х1240х1700 мм.

Барабан текті АРКС-0 керамикалық сәуле шығарғышы бар радиациялы-конвективті кептіргіш өзін жақсы жағынан танытты /16/.

Аяқкиім материалының керме жиегіне жағылған желім қабықшасын және аяқкиімді негізгі кептіруге арналған ПРКС-0 радиациялы-конвективті қондырғы сериялы түрде шығарылады. Онда күңгірт /КЭҚ/ және ақшыл /КИ-220-100 ТР/ сәуле шығарғыштар қолданылады.

РКСО-152 және ТЭРС-0 терморадиациялық кептіргіштер кең қолданылады. Соңғысының құбыр тәрізді рефлекторлы сәуле шығарғышы бар, онда аяқкиім үздікті жүретін конвейрмен жылжиды.

Тэрс-0 кептіргішінің техникалық сипаттамасы

Ауаның температурасы 70-800С

Кептіру уақыты 30 мин

Сиымдылығы 96 жұп дайындамасы

Кептіруді қарқындату үшін /ұзақтығы 40 мин/ ПРКС-0-М радиациялы-конвективті қондырғыда күңгірт /КЭҚ/ және ақшыл /КИ-200-100 ТР/ сәуле шығарғыштардың қисындарын қолданады. Қондырғы негізгі кептіруді орындау үшін және аяқкиім үстінің керме жиегіне жағылған желімнің қабығындағы еріткіштерді жою үшін қолданылады.

Материалдың жарықталған бөлігі жы­луды сәуле энергиясынан конвективті тәсілмен алады. ЖЖТ кептіргішінің схемасы 4.20 суретте көрсетілген.

Электр желісінен 1 айнымалы тоқ жоғары жиілікті тоқтың 3 генераторы арқылы өтеді де, конденсатордың тілімдеріне 3 беріледі, олардың арасындағы стол үстінде кептірілген материал 4 орналасқан. Қондырғы сорғыш желдеткіші бар камерада 5 орналасқан. ЖЖТ кептіргішін енгізуге кедергі болатын кемшілігі – ылғалды жоюға электр энергиясының көп кетуі, қондырғы конструкциясының күрделілігі, оған қоса металл бөлшектері бар және әртекті материалдардан жасалған аяқкиімдерді кептірудің бір режимін таңдаудың қиындығы.

Материалды сублимациялық тәсілмен кептіру төмен температурада және вакуум ішінде орындалады. Мұздатылған ылғал бұл жағдайда сұйық күйге түспей, буланады. Бұл тәсілге үш саты тән:

1) кептіру камерасында төмен қысыммен алдын-ала мұздату – 20 пайызға дейін ылғал жойылады;

2) сублимация – тұрақты /төмен/ температурада тағы да 60 пайызға дейін ылғал жойылады. Бұл жағдайда вакуум ішінде мұздатылған материалға бір белгілі тәсілдің (түйістіру, ЖЖТ, радияциялық) біреумен жылу беріледі. Жылу мұздың булануына кетеді, бұл кезде материал қыздылмайды.

3) вакуум ішіндегі қалған ылғалды жою – 20 пайызға дейін. Сублимация үрдісі баяулайды, кәдімгі вакуумдық кептіру жүреді, материал жоғары тураға дейін қыздырылады.

Сублимациялық тәсілдің кемшілігі – энергияның көп кетуі, қондырғының күрделілігі, материалдардың кейбір гигиеналық қасиеттерінің /ылғал өткізгіштік, ылғал сиымдылық және т.б./ нашарлауы.

Дымқылдандыруға, кептіруге, ылғалды-жылумен және жылумен өңдеуге арналған сериялы өнеркәсіптік қондырғылар Ресейдің жеңіл өнеркәсібінің министрлігінің орталық жобалау-құрастыру және технологиялық бюросы және былғары аяқкиім машиналарының арнайы құрастыру бюросымен /БАМ АҚБ/ даярланады. Мысалы, УУЗ-0 аяқкиім үстінің материалын дамқылдандыруға арналған роторлы қондырғы, керілген аяқкиімді ылғалды-жылумен өңдеуге арналған ВВТО-0 қондырғысы және аяқкиім формасын терме тұрақтататын УТФ-1-0 қондырғысы.

Аяқкиімді ылғалды жылумен өңдеу. Соңғы жылдары аяқкиім үстінің дайындамаларын ылғалды жылумен және жылумен өңдеу кең қолданылуда. Операцияның мақсаты – қалып тұрақтылығын арттыру үшін, аяқкиім қалпын бекіту, керу кезіндегі деформацияланған бөлшектердегі ішкі күштер деңгейін азайту.

Ылғалды жылумен өңдеу кезінде, алдымен қондырғының ылғал аймағындағы /ауаның температурасы 60-700С, өңдеу уақыты 1,5 мин/ аяқкиім үстінің дайындамасының материал бетіне аз мөлшерде (2 пайыз) ылғал енгізіледі. Содан соң, аяқкиім үстінің дайындамалары жылу аймағында /былғары 120-1300С температурада 3,5 минут бойы, ал жасанды және синтетикалық былғарылар 90-1000С температурада 5,5 мин бойы/ қыздырылады. Аяқкиім үстінің дайындамасынан 2 пайыз ылғал жойылады. Ылғалдың қатысуымен қарқынды жылумен әсер ету материалды созылымды етеді, сонымен қатар басқа да құрылымды өзгерістер байқалады. Мысалы, былғарыны жырту кезінде беткі жағына жарық пайда болғанда, механикалық қасиеттер арасындағы айырмашылығы да төмендейді. Егер үрдіс температурасы дұрыс алынса, онда ылғалды-жылумен өңдеу кезіндегі шыны тәрізді күйден жоғары майысқақ күйге өтетін жасанды және синтетикалық материалдан жасалған аяқкиім үстінің дайындамасы да созылымды болады. Бұл кезде аяқкиім үстінің дайындамасын керуге қажет күш азаяды, ал күш релаксациясының жылдамдығы мен бұйымның қалып тұрақтылығын артады.

Аяқкиімде созылғыш және термоиілгіш қалып­танған өкше және тұмсық сірілері, тез кебетін же­лімдер кең пайдаланады. Нәтижеде, негізгі кебудің мақсаты өзгереді, себебі ішкі қабаттарды ылғал мен еріткіштердің мөлшерлері көп емес. Ылғалды-жы­лумен және жылумен өңдеуді кең қолданудың алғы шарты пайда болды. Аяқкиімді кергеннен кейін өңдеудің жүйелігі 4.21 суретте көрсетілген.

Ылғалды-жылумен өңдеу кезінде (1 қисық), бастапқы Н нүктесінен 1І1 нүктесіне дейін аяқкиім үстінің дайындамасын жылы дымқыл ауамен (ЖДА) өңдейді, оның өлшемдерінің ұлғаюына байланысты, материалдағы кернеу кемиді. Содан соң 11 нүктесінен 21 нүктесіне дейін материалды кептіретін ыстық құрғақ ауа (ЫҚА) жібереді. Осы кезде күш біршама өседі. 21 нүктесінен 31 нүктесіне дейінгі аралықта бұйымды суық құрғақ ауамен (СҚА) суытады, күш кемиді, себебі бірсыпыра дымқылдандыру жүреді. Қалыптан алғаннан кейін, аяқкиім өзіне берілген пішінді сақтайды.

Жылумен өңдеу кезінде, аяқкиім үстінің дайындамасын ыстық құрғақ ауамен өңдейді, ал соңғы сатыда оған суық ауа арқылы әсер етеді. Деформацияның күші ауадан ылғалды сорбциялау салдарынан кемиді. Жылу және сұйықпен жүйелі әсер ету бұйымның қалып тұрақтылығын арттыратынын зерттеулер көрсетті.

Аяқкиімді ылғалды-жылумен өңдеудің режимдері.

Вариант

Температура

Ауа

Уақыт, мин, вариантар бойынша

1

2

3

1

2

3

60-70

120-130

90-100

80-90

15-20

Жылы дымқыл

Ыстық құрғақ

- » -

- » -

Суық құрғақ

1,5

3,5

-

-

1

2

-

5,5

-

1,5

3

-

-

7

12

Барлығы 6 9 22

Ылғалды-жылумен өңдеу үшін әртүрлі қондырғылар пайдалынады: ротациялық /әткеншек тәрізді/, өтпелі /үңгінама/, элеваторлы /тік қорабы бар/, камералы.

ВТО-0 ротациялық қондырғыда қуыс мұржа ішінде 12 ұялары бар этажерка айналдырып тұрады, олардың әрқайсысында өңделетін аяқкиім дайындамаларына арналған үш-үштен сөрелері бар. Поливинилхлоридпен қапталған жасады былғарының дайында-маларын 80-900С температурада, полиуретанмен қапталғаны 100-1200С температурада 5-20 минут бойы өңдеу қажет.

Сонымен қатар температурасын 700С-ден 1300-ге дейін реттеп тұратын УТОИК әткеншекті қондырғы қолданылады. Аяқкиімнің керілген дайындамасын 60-700 температурасына дейін қыздырып, одан кейін бөлме температурасына дейін жылытып, терең суыту (минус 300С дейін) аймағында жылумен әңдеу әдісі белгілі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]