Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
F_A_Fukin.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
18 Мб
Скачать
☆

2.2. Сур. Ұлтандардың қимаүлгілерінің тура сызықты-үдемелі жайғастыру схемалары (а,б).

2.2.сур. көрсетілгендей бұл орналастыру тәсілінде бір-бірімен қиылысатын параллельді сызықтардың екі жүйесі пайда болады да, олардың бойлары мен қимаүлгілер үдемелі ауысып тұрады. Егер, біразы қимаүлгілерді бір контур мен қоршап қойса, қоршап сызылған ауданды пішу кезінде қимаүлгіаралық қалдықтармен қатар шеттік қалдықтар пайда болады. Бұл кезде, материалдың ауданын пайдалану коэффициенті қимаүлгіаралық қалдықтар мөлшері туралы талдауға мүмкіндік бермейтін еді себебі, оған кездейсоқ шеттік қалдықтар әсер етер еді. Неғұрлым,сызылған контур ішіндегі қимаүлгілер саны аз болған сайын, соғұрлым шеттік қалдықтардың пайдалану коэффи­циентке тигізетін әсері үлкен болады. Керсінше жағдайда шеттік қалдықтардың пайдалану коэффициентіне тигізетін әсері төмен болады. Егер, материал ауданы шексіз мөлшерге ұмтылады деп болжау жасасақ қимаүлгілерді орналастыру кезінде шеттік қалдықтар нөлге ұмытылады.

Демек, тура сызықты-үдемелі жүйе бойынша қимаүлгілерді шексіз үлкен ауданда орналастырғанда тек қана қимаүлгіаралық қалдықтар пайда болады. Қимаүлгіаралық қалдықтарды анықтау үшін ауданда элемент бөлінеді. Мұндай, элементті алу үшін қимаүлгілердің ұқсас нүктелері арқылы екі бағытта тура сызықтар жүргізеді.2.2 және 2.3 суреттерде көрсетілгендей, бұл сызықтар қимаүлгілер қатарларының орналасу сызықтары болып барлық ауданды бір-біріне тығыз жанас­қан, параллелограмм формасын қабылдаған тең бөліктерге бөледі. Әр параллелограмға міндетті түрде бір қимаүлгі түседі. Себебі, паралле­лограмның бір жағы қимаүлгінің бір бөлігін қиып өтсе, екіншісі шектес қимаүлгінің дәл сондай бөлігін қияды. Әр параллелограмға қимаүлгілерден басқа, бұл үйлестіру түрінде бір қимаүлгіге келетін қимаүлгіаралық қалдықтардың сол S бөлігі болып табылатын, қай параллелограмм болса да тең болатын қимаүлгіаралық қалдықтар кіреді.

Қима үлгінің «а» ауданының парллелограмның М ауданына қатынасы бұл параллелограмның ауданын пайдалану коэффциентіне тең:

Р ═ a/M. (2.10)

Параллелограмм ауданы M ═ a + S.

Сірә, «а» ауданды қимаүлгіге арналған параллелограмның ауданының пайдалану коэффициенті тек қана қимаүлгіаралық қалдықтардың S ауданына тәуелді болады, себебі

Ρ═ a/(a + S).

Сондықтан, тура сызықты-үдемелі жүйе бойынша бір түрлі қимаүлгілерді әртүрлі үйлестіру варианттарын пайдаланып ауданы үлкен немесе кіші параллелограмдар алуға болады.

Бұл жүйе бойынша, материалда қимаүлгілерді бірнеше вариантпен үйлестіруге болады. Осыған орай, әртүрлі үйлестіру варианттардың қимаүлгілерінің тығыздығын анықтайды да ең кіші параллелограмм ауданын табады. Параллелограмм ауданы ең кіші кезде,оған сәйкес қимаүлгілердің үйлесуі оңтайлы болады, себебі ең минимальды қимаүлгіаралық қалдықтар береді.

Қимаүлгінің «а» ауданының оңтайлы параллелограмның М ауданына пайызбен өрнектелген қатынасын қима үлгінің У үйлесімділігі деп атайды.

У═ ∙100 (2.11)

Жоғарыда қимаүлгілерді орналастырудың бұрылусыз тура сы­зық­ты-үдемелі жүйесі қарастырылған. Қимаүлгілерді бұрылусыз орна­ластыру барлық кезде ең жақсы нәтиже бермейді. Кейбір жағдайларда қима үлгілерді бұрылусыз тығыз орналастыруы олардың екінші қатарын 1800, 900 және 600 бұрышпен сиыстыру кезінде болады (2.3 сур. қара). Кейбір жағдайларда қима үлгілердің оңтайлы бұрылу бұрышы басқа болуы мүмкін. Осыған орай, екінші қатардағы қимаүлгіні белгілі бұрышқа бұрып және осы бұрыш тиімділігін анықтап болған соң келесі шектес қимаүлгілердің осылай сиыстыруын сақтау қажет.

Тәжирібе көрсеткендей, кейбір жағдайларда екі бірдей бөлшектерді пішу тиімділеу болады. Қисынласуға бір материалдан немесе оның үлгілерінен пішуге болатын әртүрлі бөлшектерде кіруі мүмкін. Бұл барлық қисынласуларды бұрылусыз тура сызықты-үдемелі жүйемен орналастырылған бір қимаүлгіге қатысты жоғарыда тұрақталғандарға қарсы болмайды.

Бір элементарлық телеміне кіргізілетін бірдей қимаүлгілерді бір-біріне бұрыш пен немесе әртүрлі қимаүлгілерді бұрып немесе бұрмай сиыстыру кезіндегі қимаүлгілер саны, қабылданған қисынласуға тәуелді. Сондықтан, бұл жағдайларда параллелограмға бір қимаүлгісі емес, олардың қисынласулары енеді. Бұл қисынласуды «ұя» деп атайды. Ұяны шексіз үлкен ауданда бұрылусыз тура сызықты-үдемелі тәсіл мен орналастыру және қанша рет болса да бір тұтас ретінде жатқызуға болатындай етіп қарастырады. Қимаүлгілерді сызықты-үдемелі жүйе мен орналастыруды пайдаланып қисынласудың өте көп түрлерін алуға болады.

Олардың арасынын қимаүлгілерді жеңіл орналастыру және қайта құруға ыңғайлы және ең аз қимаүлгіаралық қалдық беретінін яғни, оңтайлысын таңдап алу қажет. Көбінесе, бір бөлшекті бұрылусыз немесе 1800 бұрып орналастыруда қолданады. Бұрылусыз орна­лас­тырудың үйлесімдігін анықтау үшін үш қимаүлгіні, ал белгілі бұрышқа бұрып орналастыру кезде 5 қимаүлгіні айналдыра сызып алу қажет.

Бір түрлі қимаүлгілерді тура сызықты-үдемелі жүйесі бойынша орналастыру кезде пайда болған қалдықтарды нормальды қи­маүлгіаралық деп атайды.

ОМ.Н ═ 100 – У. (2.12)

Демек, материал қасиеттеріне қатыссыз, оған қоса шеттік қалдықтар және қимаүлгіаралық көпірлер жоқ кезде, қима үлгілерді тура сызықты-үдемелі жүйе бойынша орналастырғанда нормальды қимаүлгіаралық қалдықтар тек қана қимаүлгілердің пішін үйлесімі және оларды сиыстыру вариантына (өзара орналасуға) тәуелді болады.

Материалдарды пішу кезіндегі барлық қалдық түрлерінен ең үлкендері болып нормальды қимаүлгіаралық қалдықтары табылады. Осыған орай, материалдарды тиімді пайдалану үшін бөлшектерінің пішін үйлесімі нормаланған көрсеткіштерден асып кетпейтін жақсы үйлесімдікті қамтитын аяқ киім және былғары-галантереялық бұйымдардың конструкцияларын жобалау маңызды.

Шеттік қалдықтардың пайда болуының негізгі жағдайларын қарастыру, материалдардың барлық ауданы бойынша қасиеттерінің бірдейлігін және басқа қалдықтар жоқтығын жорамалдайды.

Материал және қимаүлгілердің өлшемдерінің еселік емес­ті­гінен пайда болатын шеттік қалдықтар. Шеттік қалдық материал ұзындығы бойынша пайда болатын жағдайды қарастырайық (2.4, а сур.).

Бұл жағдайдағы материал ауданын пайдалану коэффициентін былай көрсетуге болады:

Ρ ═ ln1/L ═ ln1/(ln1 + lК).

lК →l кезде

ℓim p ═ . (2.13)

мұндағы l- қимаүлгі ұзындығы; n1 - бір қатарда ұзындығы бойынша орналастырылған қимаүлгілер саны; L - пішілетін материал ұзындығы; lК - шеттік қалдық ені.

Егер, шеттік қалдықтар ұзындығы ені (2,4, б сур) бойынша (2.13) теңдік мынандай түрді қабылдайды.

ℓim p ═ , (2.14)

мұндағы m1 - бір қатарда ені бойынша орналастырылатын қимаүлгілер саны.

Теңдік (2.14) шеттік қалдықтар екі бағыттағы бөлшектердің саны көбейген сайын кішірейетінін көрсетеді

Ұзындығы белгілі қимаүлгіні алып материал төсемін (мысалы, матаның) ұзындығы үлкейтіп, P ең қолайлысыз жайғастыру, яғни lк, l жақын жағдайға есептейік.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]