Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
F_A_Fukin.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
18 Мб
Скачать
☆

Ұлтандарды сыртқы тігіс пен бекіту

Ұлтандарды машинамен сыртқы тігіс пен бекіту өткен ғасырдың басында, доппель машина ойлап шығарылғанда пайда болды. Ұлтанды, ішкі өрілген екі жіпті тігіспен сыртқа қайырылған аяқкиім үстінің дайындамасының керме жиегіне немесе сыздыққа бекітеді.

Екі жіпті тігістің беріктігі бір жіпті тігістің беріктігіне қарағанда жоғары. Екі жіпті тігістің сыртқы үзбесі бір жіпті тігісімен салыстырғанда аз күш астында болып терең керілгендіктен және материалдың ішінде өрілуден жіпті түйреуішінің үзілуге қарсы кедергісі жоғары болады.

Аяқкиім астын бекітудің ең кең тараған әдістері: сыздықты, парко, сандалды және доппельді /жартылай сандалды/.

Басқа әдістер мен салыстырғанда едәуір күрделі, еңбек сиымдылығы жоғары, ұлтан және ұлтарық материалдарының шығыны көп болатынына қарамастын сыздықты әріс (6.8 б сур.) кең қолданылады.

Бұл аяқкиімнің ұтымды конструктивтік шешімімен, үлкен беріктіктің жоғарғы иімділікпен үйлесуі мен, жақсы гигиеналық қасиеттермен, аз жылу өткізгіштікпен, әсем сыртқы түрімен және т.б. түсіндіріледі. Сыздық аяқкиім үстінің дайындамасына және ұлтарақтың ерніне бір мезгілде, бір жіпті тігіспен, сыздық–тігіс машинасында бекітіледі.

Сыздықты тігілмелі әдісі, сыздықтың аяқкиім үстінің дайындамасы мен ұлтараққа бір тігіспен, тігілмелі машинасында тігілуімен, сыздықты әдістен өзгешеленеді.

Сыздықты-топсалы әдіс (6.8,в сур қара) бойынша сыздық дайындама немесе ұлтараққа топсалар арқылы бекітіледі. Топсалар ұлтарақты тесіп өтіп, қалыптың металл пластинкасына соғысып, майысады.

Парко және сыртқы қалыптау тәсілді сыздықты әдістері бойынша сыздық тек қана аяқкиім үстінің дайындамасына тігін машинасында бекітіледі (6.8,д сур. қара).

Ішкі қалыптау тәсілді (ысырмалы қалыппен) сыздықты әдіспен бекіту кезінде сыздықты аяқкиім үстінің дайындамасы және мата ұлтарақ пен бекітеді (6.8,е сур. қара) немесе қалыптаудаң кейін.

Бұл әдістердің сыздықты әдісіне қарағанда артықшылықтарына: ұлтан және сыздықты бекітуге қажетті аяқкиім ізін дайындаудың және ұлтарақты өңдеудің бір қатар операцияларының қажет болмауының нәтижесінде еңбек сиымдылығының төмен болуы, сонымен қатар материал сиымдылығына аз болуы жатады. Бірақ осы әдістермен өңделген аяқкиімдердің пайдаланыстық қажеттері сыздықты әдісті аяқкиімдікінен төмен. Осыған орай, бұл ұстастыру әдістерді аз қолданады.

Сандал бекіту әдісі бойынша ұлтанды аяқкиім үстінің дайындамасының сыртқа қайырылған керме жиегінің контурының бойына бекітеді.

Бекіту беріктігі жоғары болу үшін, керме жиегіне ұлтанды бекіту кезінде бір мезгілде жапсырма сыздықты қойып тігеді.

Доппельді бекіту әдісі, қаптап-керу мен қалыптау кезінде/ 6.8 з сурет/, сыртқа қайырылған керме жиегіне контур бойымен ұлтанды бекітеді, өкше бөлігін есептемегенде. Ал ішкі қалыптаудың доппельді бекіту әдісі бойынша ұлтанды дайындамасынын керме жиегі мен қосұлтанға контур бойымен бекітеді / 6.8 и суретте/.

Сандал әдісіндегідей, бекіту беріктігін жоғарлату үшін, бір мезгілде ұлтанды бекітеді және аяқкиім үстінің дайындамасының керме жиегіне жапсырма сыздықты қойып тігеді.

Сандал және доппельді бекіту әдістерін негізінен балалар және көктем-жаздық жеңіл аяқкиімдерін жасауда қолданады. Мұндай аяқкиімдер жеңіл, иілгіш және жақсы гигиеналық қасиеттерімен басқа жіппен тігу әдістерінің аяқкиімдерінен ерекшеленеді.

Сыздықты бекіту. Сыздықты аяқкиімдердің астын бекітудің беріктігі, сыздықты аяқкиім үстінің дайындамасына немесе ұлтараққа бекітудің беріктігіне байланысты болады.

Сыздықты аяқкиім үстінің дайындамасына қалыптаудан кейін /сызықты, сыздықты тігілмелі, сыздық топсалы әдістермен бекітілген аяқкиімдер/ немесе қалыптау алдында /Парко әдісімен бекітілген аяқкиім/ бекітуге болады.

Сыздықты тігу машинасымен бекіткенде, тігіс ұлтарақ бетіне перпендикулярлы орналасады және аяқкиімді қию кезінде үлкен күш астында болады. Сонымен қатар, оған зығыр жіптерінің беріктігін төмендететін, аяқтың табанынан бөлінетін тер әсер етеді. Капрон жіптерін қолдану тігілмелі әдісіндегі тігістің кейбір кемшіліктерін жоюға мүмкіндік береді.

Сыздықтың бекітулуінің беріктігіне, ұлтанды тігілмелі әдісімен бекіту беріктігіне әсер ететін факторлар ықпал етеді.

Аяқкиім үстінің дайындамасы мен сыздықты байланыстыратын тігіс ұлтарақтың бетіне перпендикулярлы орналасады. Бірақ, оған аз мөлшерде күш түседі және ол тердің әсерінен оқшауланған. Сыздықты бекіту үшін мақта-мата және капрон жіптерін пайдаланады. Жіптің нөмірі иненің нөміріне сәйкес болуы керек. Ал сыздықты 201 кл, тігін машинасында бір жіпті тігіспен бекітсе, жіптің нөмірі біздің нөмірі мен сай келуі қажет.

№ 1, 0 және 00 мақта-мата, № 3 және 5 капрон жіптерін 23-А кл және 93 кл. машиналарда, 0756-инелер № 150, 170, 190 және 210 капрон № 2,18,1,3 жіптері 201кл. машиналарда, 0890 инелер №175, 200,224,0897 біздер № 2; 1,8; 1,3 жіптері 201 кл машиналарда , 0890 инелер №175 , 200 және 224, 0897 біздер №190, 210, 240, қолданылады.

Сыздық МВР-1 03030/Р2 машиналарында сыртқы өру бір жіпті тігіспен бекітіледі. Ол тегіс ұлтанның бетіне параллель орналасады: иілгенде соның нәтижесінде аяқкиімге көп күш әсер етпейді. Ине шаншымы ұлтан мен ұлтарақ арасында орналасқандықтан жіпке гигротермиялық әсер онша болмайды, ал тердің тура әсерінен жіп толық оқшауланған. Сыздықпен ұлтарақты байланыстыратын бір жіпті тігіс белгілі бір себептерге байланысты өте сенімді және сирек бұзылады.

Сыздықты ұлтарақтың /ерніне/ бекітетін машина тігін машинасынан өзгешеленеді. Бұл сыздықты қисық сызықты ине арқылы тігуімен түсіндіріледі. Одан басқа, сыздықты тігу кезінде бұйымның белгілі бір орналасу қалпын шабу үшін /аяқкиім ізінің бетімен сәйкес келетін материалды инемен тесуге және жіпті алып шығуға жұмсалатын жазықтықта жататын күштер/ машинаның күрделі тіреу механизмдері бар.

Ине 1 /6.12 сурет/ сыздықты – 2 кішкене науа – 3 арқылы тесіп, еріннің негізінен өтіп және одан шығып тоқтауы тиіс. Тоқтау кезінде жіп лақтырғыш – 4 ине ұшының айналасынан орайды. Сол уақытта ине жіпті ұстау үшін ілгек жіпті тартады. Кері қозғалыс кезінде ине, инеге лақтырылған жіпті тесіктен шығарады. Осындай жолмен пайда болған тұзақ, аяқкиім транспортермен берілгенде және тігін машинасындағыдай, иненің көзі қозғалысы кезінде сыздықты кішкене науасына жатқызылады. Жіптің керілуі роликтер /керішілер/ жүйесі арқылы жүзеге асады. Роликтер жіпті инеге беріп, ине шаншымы пайда болған кезде жіп керіледі. Керілу тежеуіш роликтермен реттеледі. Олар арқылы қайнатпа мен сіңірілген жіп өтеді.

Жіпті сіңірү үшін құрамы тігілмелі әдісіндегідей қайнатпа /вар/ қолданылады.

Сыздықты бекіту сапасынан иненің өлшемі мен үшкірленуі, жіптің сапасы мен сіңіру қайнатпасының құрамы, керу мен ине шаншымның қадамы, бекітілетін материалдардың қасиеттері әсер етеді. Иненің нөмірі оның диаметрі мен ұшындағы ілгектің өлшеміне тәуелді болады. /6.13 сурет/.

Сыздықты тігу үшін зығыр және капрон жіптері қолданылады. Жіптің нөмірін иненің нөмірі мен сәйкестендіріп қабылдайды /6.6. кесте/. Ине шаншымының қадамы 6-7 мм.

6.6 кесте.Ине нөміріне сәйкес жіпті таңда.

Ұлтанды сыздыққа бекітетін басқа машиналарға қарағанда, ұлтанды сыздыққа немесе аяқкиім үстінің дайындамасының керме жиегіне тігу үшін арналған машинада мүйіз-тіреуі болмайды. Аяқкиімді былай орналастырады: сыздықты тіреудің қызметін атқаратын машинаның үстеліне 6 орналастырады /6.14 сурет/. Ұлтан мен сыздық үстелге 6 қысқыш табанмен 4 қысылады. Ұлтан мен сыздық престеліп, бөлшектерді бізбен 8 сыздық жағынан тесуге мүмкіндік туады. Материал, біздің механизмін өзгерткенде, белгілі бір қадамға жылжи алатын бізбен тасымал­данады. Тасымалдау кезінде қысқыш табан 4 көтеріліп, материалды босатады.

Біз ұлтанның тесілген бөлігін ине 5 астына береді. Ол ине біздің қозғалысына /тербелісіне/ қарама-қарсы қозғалады. Біз шыққаннан кейін ине тесілген саңылауға кіреді. Төменгі қалыптағы инеге 5 жіп лақ­тырғыш пен 9 жіп ілінеді. Жіп лақтырғышқа 9 жіпті төменгі ілгекке 7 іледі. Ине жоғарыға қарай қозғалыс жасағанда саңылаудан жіптің тұзағын алып шығып, ол кейін жоғары ілгекпен 1 кеңейтіледі және қайықшаның тұмсығымен ұстап алынады. Қайықша айналып шпулясынан 3 асыра лақтырады. Одан кейін тұзақ ұлтанның саңылауы арқылы керіліп,шпульден жіпті тартып алады.

Иненің нөмірі

Жіп

Зығыр

Капрон

206

224

240

9,5/6; 9,5,7

9,5/7; 9,5/8

9,5/8

-

1,8

1,3

Материалдағы екі жіптің өрілуі айтылған әдіске тиісті.

Ұлтандарды іштей өрілген ине шаншыммен бекітетін машиналарда 7 типті біздер қолданады, модельдері 0898,0899,0900 № 140, 155, 165, 180/100 көбейтілген жағының өлшемі/. 0898,0899 модельді біздердің қисықтың радиусын 34 мм тең, ал 0900 моделінікі – 25,4 мм. Біздің қимасы шаршы тәрізді. Соның нәтижесінде материалды тесу жеңілдікке түседі және ине шаншымның дәл түсуі қамтамасыз етіледі.

0904 және 0905 модельді 8 типті инелер қолданылады. 0904 молдельдікі – иненің қисықтық радиусы 34 мм тең, ал 0905 модельдікі – 25,4 мм: № 164, 175, 200, 210,224.

Ұлтанның бекіту беріктігі біздер мен инелердің нөмірлерінің дұрыс сәйкестілігіне және жіптердің қалыңдығына тәуелді болады. Біздер мен инелердің үлкен нөмірлері байланыстыратын бөлшектерді әлсіз етеді, соның нәтижесінде бекіту беріктігі төмендейді. Жіп тесікті толтырмағандықтан тез үйкеледі. Төменгі нөмерлі біздер мен инерлер жіптердің беріктігін әлсіретеді сондықтан тесіктің қабырғаларына үйкелу көп болып бекіту беріктігі төмендейді. Бізді былай таңдап алады: біздің көлденең қимасының ауданы иненің көлденең қимасының ауданынан сәл кіші болады. Ұсынылатын инелер, біздер және жіптердің нөмірілері 6.7. кестеде көрсетілген.

6.7. кесте.Біздер мен инелердің нөмірлеріне сәйкес былғары ұлтандарды бекітуге арналған жіптерді таңдау.

Нөмірі

Жіптің нөмірі

Катушкалы

Шпулькалы

Иненің

Біздің

Капрон

зығыр

капрон

зығыр

175

200

210

140

155

165

5

2

1,8

9,5/5

9,6/6

9,5/7

2

1,8

1,3

9,5/6

9,5/7

9,5/8

Бұзылмаған /киюдің бірінші сатысы/ іштей өрілген екі жіпті тігістің ұлтанның жұлынуына қарсы кедергісі жоғары. Ол негізінен ұлтан мен сыздықтың материалының түрі мен қалыңдығына, біз ине және жіптің сәйкестігіне байланысты, ұлтанның үзілуіне қарсы кедергі ұлтанның материалының қасиеттері үлкен әсерін тигізеді.

Жіптердің өрілу түйіні ұлтанның сыртқы бетінен 2/3 қалыңдықтағы арақашықтықта жатуы керек. Себебі, аяқкиімді кию кезінде олардың екеуінің арасында жылжу болмауы керек. Ол роликпен ине шаншымның пайда болуы кезінде жіптің тартылуынан пайда болады. Сыздықта /жоғары/ орналасқан жіп түссіз, желімденетін затпен сіңіріледі, ал ұлтанда /төменгі/ орналасқан жіп қайнатпамен сіңіріледі. Бұл сыздық жағындағы тігіс жолы сәндік үшін, ал қайнатпамен сіңірілген жіпті ашық түске бояуға болмайтындықтан жасалады. Сонымен қатар, жіптен ағатын қайнатпа ерітіндісі машинаны ластайды. Қайнатпаны ерітінді күйде сақтап тұру үшін машинаны электржылытқышпен жабдықтау қажет. Жоғарғы жіпті 10 пайызды трагантты су ерітіндімен сіңіреді. Трагантты 5 пайызды крахмалдың әкті судағы /рН шамамен Р2/ ерітіндісімен алмастыруға болады.

Тігістің сапасына қайықшаға өткізілген төменгі жіптің, желімденетін және жағылатын материалдар сіңірілуі қатты әсер етеді.Мұндай сіңіру жіпті машинаның механизмінен тартуына жеңіл болады, әсіресе иненің ілгегінен, сонымен қатар жіптің қажалуын және шашақтануын жояды, ине шаншымы пайда болғанда және керілгенде жіп жақсы сырғанайды.

Сіңіру материалдарын тандауда оның машинада қолдану мүмкіншілігін ескеру қажет. Былғары ұлтанды тігу үшін қайнатпаны қолданған қолайлы. Қайнатпаның еру температурасы 65-750 С.

Ерітілген қайнатпаны ацетонда еріген қайнатпамен және басқа да ерігіштерді алмастыру ешқандай нәтиже бермеді. Салқын қайнатпамен сіңірілген жіптің беріктігі ыстық қайнатпамен сіңірілген жіптітін жоғары. Бірақ, жіп тігіс жолын жасамағанша еріткіштің булануын жіберуге болмайды.

Машинаны ұзақтығынан көп немесе аз тоқтата берсе, салқын қайнатпамен сіңірілген жіп қатайып, жұмысқа жарамсыз болып қалады. Машинаны ластаудан тазалау үшін еріткіш немесе жылытқыш, салқын сіңірудің барлық артықшылықтарын жоятын қондырғы керек.

Былғары ұлтандардың беріктігіне олардың ылғалдылығы әсер етеді. Ұлтанның ылғалдылығының 35-400С пайызға дейін жоғарлауы, бұзылған ине шаншымның үзілуге қарсы кедергісін 30 пайызға көбейтеді. Ылғал ұлтанның тесуге қарсы кедергісі ұлтанның талшықтарының иілгіштігінің жоғарлауынан төмендейді; тесілу талшықтардың азғана үзілуімен сипатталады. Бұл ұлтанның келесі ылғалдылығының төмендеуінен, саңылаулардың қабырғалары жіпті тығыз қамтитынын білдіреді. Кебуден кейін ылғал ұлтанның ауданы кішірейеді. Соның нәтижесінде тігіске жіптің үлкен салмақ күші түседі.

Сондықтан, ұлтанның тек қана сыртқы жағын ылғалдау керек. Қайта-қайта ылғалдау мен кептіру аяқкиімді киіп жүру кезінде тігістің беріктігін 20-40 пайызға төмендетеді /әртүрлі зерттеушілердің мәліметтері бойынша/.

Тігістің беріктігіне ине шамшымның қадамы әсер етеді. Былғары ұлтанның тиімді ине шаншым қадамы 3-3,5 мм /1 см тігіс жолына 3 ине шаншымы/.

Резеңке ұлтандары үшін ине шаншым қадамы материалдың тығыздығына байланысты. Тығыздығы 1,2 г/см3, 1,1-1,2 және 0,9-1 г/см3 жоғары болатын материалдың ине шаншым қадамдары сәйкесінше 4 мм және 5 мм болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]