Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
F_A_Fukin.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
18 Мб
Скачать
☆

5. Аяқкиім бөлшектерін және былғары галантерея бұйымдарын қалыптау

Материалдарды қалыптау операциялары аяқкиім және былғары галантерея өндірісі технологиясының негізгі үрдістеріне жатады.

Өңдеу тәсілі - бойынша қалыптауды параллельді, бір ізді және параллельді – бір ізді деп бөлуге болады.

Қазіргі уақытта негізінен жоғары өнімді параллельді және параллельді-бірізді тәсілді қалыптау қолданылады.

Бөлшектердің деформациялану түріне қарай қалыптау операцияларын иіп, созып және сығып (қысып) орындауға болады. Әдетте аяқкиім бөлшектерін қалыптау кезінде, үш түрлі деформация байқалады, бірақ соның бірі ғана түрі басым болады.

Өз қасиеттерін сақтап аяқкиім материалдарының елеулі шамада өз қасиеттерін жоғалтып деформациялану жағдайы оның торлы құрылысымен түсіндіріледі. Қалыптау үрдісінің технологиясын дұрыс жүргізу, оңтайлы деформацияларды анықтау үшін, былғаралардың беріктік қасиеттерін бірден төмендететін, олардың қайталмайтын құрылымдық өзгерулері мүмкін екенін ескеру қажет.

5.1. Аяқкиім үстінің дайындамасын қалыптау кезінде былғарының құрылымдық өзгерістері.

Қалыптау кезінде былғарының құрылымы созу және ию деформацияларының салдарынан айтарлықтай өзгеріске ұшырайды.

Созу кезіндегі былғарының құрылымын зерттеумен көптеген зерттеушілер айналысқан. Былғары талшықтарының шоғырлары созғыш күштер әсерімен бейімделуге және серпімді иілуге қабілетті. Талшықтар шоғыры күшімен түскен күш пен шоғырлар бағыттарының арасындағы бұрыштар арасында математикалық тәуелділік орнатылған, ол синусоида түрінде көрсетіледі.

Соңғы жылдары созылу кезіндегі былғары құрылымының өзгеруі микроскопия, сынап порометрия өлшеу, түйістірмелі микро рентгенография әдістерімен зерттелген /3/.

Микроскопия әдісімен былғарының құрылымын зерттеу үшін алдымен былғары кесіктерін даярлайды да, кесіктің кескінінің бүірін сәулесін түсіріп микросуретке түсіруді орындайды.

Микроскопия әдісі 20 пайыздан асатын хроммен иленген бұзау былғарысының екі өсті орташа деформациясы торлы және сут бездері бетерінің ажыралуына алып келетінін дәлелдеді . Бұл аяқкиімнің қалып тұрақтылығын және тозуға төзімділігін кемітуге себепші болады. Үлгілердің созылу шектерін анықтау үшін, аса сезімтал әдіс - олардың құрылымдарының сынап-порометрия әдісі қолданылған, өйткені микросопия әдісі ажырау жүретін, созылу деформациясының шекарасын анықтауға мүмкіндік бермейді.

Түйістірмелі микрорентгенографиясы екі өсті созылу кезіндегі былғары құрылымын зерттегенде, фотосезімтал қабыққа объектінің нақты шамадағы рентген суреттерін түсіреді де, оны проекциялап ұлғайтады.

Микрорентгенді суреттер екі өсті симметриялы 0-20 пайызға созылу кезіндегі былғарыда болып жататын құрылымдың өзгерістерді бағалауға мүмкіндік береді. Екі өсті симметриялы созылу кезіндегі құрылымдық элементтер 12-16 пайызға созылу кезіндегі аса қарқынды жылжитыны анықталған. Барлық бағыттардағы созғыш күштердің симметриялылығына қарамастан, былғарының құрылымдық элементтері оның ең созылғыш бөліктеріне, яғни ең борпас құрылымына қарай жылжиды.

Былғарының әр тектілігі неғұрлым айтарлықтай болса, орын ауыстыру соғұрлым үлкен болады. 16 пайыздан аса созылу кезінде, былғарының кейбір қысқаруы байқалады /орнығу/, бұл талшықтардың ең шиеленіскен шоғырларының басталып келе жатқан үзілуімен түсіндіріледі, яғни былғары үлгісі аққандай болады.

Демек, екі өсті созылу кезіндегі былғары құрылымының өзгерісін талдау нәтижесінде оның қалыптау кезіндегі ең жоғарғы деформациясы 20 пайыздан аспау керектігі анықталды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]