- •В.А. Фукин, а.Н. Калита былғары бұйымдарының технологиясы
- •Мазмұны
- •1. Былғары бұйымдар технологиясына кіріспе
- •Былғары бұйымдар жасау технологиясының анықтамасы
- •1.2. Технологиялық үрдістің схемасы
- •Сырттан келiп түсетiн ақпараттар тiзбегi.
- •Жүйеде қалыптасатын ақпараттар тiзбегi:
- •2. Материалдарды пішу кезіндегі бөлшектерді орныластыру, оларды пайдалануды нормаландыру.
- •2.1. Материалдарды пішу кезінде тиімді пайдалануды анықтайтын факторлар.
- •2.2. Сур. Ұлтандардың қимаүлгілерінің тура сызықты-үдемелі жайғастыру схемалары (а,б).
- •2.4. Сур. Пішілінетін материалдар және тіке бұрышты қимаүлгілердің өлшемдерінің еселі еместігінен пайда болатын шеттік қалдықтың схемалары.
- •2.5. Сур. Материалдың ұзындығы ауыспалы, ал ені тұрақты кездегі қимаүлгілер саны n1 және үйлесімдік коэффициенті р арасындағы байланыс диаграммасы.
- •2.8Сур. Материалдарды (б) пішу кезіндегі қимаүлгі аралық көпіршелердің (а) пайда болу схемалары Әртүрлі былғарыларға арналған е3 коэффициенті
- •Материалды пайдалануға жұмысшының мамандылығының тигізетін әсері.
- •2.2. Аяқкиімнің астына және үстіне арналған материалдың ауданын пайдаланылатын пайызын есептеу.
- •Әртүрлі конструкциялы дайындамалардағы үстіңгі бөлшектердің үлестік ауданы,%.
- •2.13. Сур. Матаның ұзындығы және ені бойынша қимаүлгілерді үйлестіруден пайда болатын сызықтық әсерлерді анықтау схемасы.
- •2.3. Негізгі материалдардың қажеттілік мөлшерлерін және шығын нормаларын анықтау.
- •2.4. Материалдарды пішу кезіндегі қимаүлгілерді орналастыру.
- •2.18. Сур. Аяқкиім үстінің бөлшекте-ріне мата негізді жасанды винилдық былғарыны /винилискожо–т/ пішу схемалары.
- •2.19. Сур. Аяқкиім астының бөлшектерін үйлестіру схемалары
- •2.23. Сур. Тура сызықты-бір ізді жүйе бойынша өкше сірілеріне көп бетті аяқ киімдік нитроискожа-т төсемдерін шабу схемалары
- •3. Материалды тiлу, кесіп өңдеу
- •3.1. Былғары бұйымдары бөлшектерiн шабу.
- •3.10. Сур. Пышақтардың кесетін шеттерінің қырын пішіні.
- •3.2 Материалды жылжымайтын пышаққа жiберу арқылы тiлу
- •3.3. Материалды жылжымалы пышаққа жiберiп кесу
- •3.16. Сур. Материалды (1) қозғалмары пышақпен (2) кесу схемалары.
- •3.18. Сур. Жұмыстық бұрыш (а) және кесу күшіне (б) кесу шапшаңдығының арақатысының әсерін сипаттайтын қисық сызықтар.
- •3. 4. Жону
- •3.21. Сур. Фрезерлеу күшінің Рф фрезаның айналу жиілігіне n тәуелдігінің қисық сызығы.
- •3.22. Сур. Фрезаның қырын пішіндерінің схемалары.
- •3.5. Тегiстеу
- •3.23. Сур. Тегістеуге арналған машинаның жұмыстық аспаптарының конструкциялары.
- •3. 6. Тікірейту
- •3.26. Сур. Металл щетка (а) және резеңкеге вулканданған шетканың (б) схемалары.
- •3.7 Материалды тербелмелі пышақпен кесу
- •4. Аяқкиімнің бөлшектері мен үстінің дайындамаларын дымқылдандыру және кептіру.
- •4.1. Аяқ киімнің үстінің дайындамаларын және бөлшектерін дымқылдандыру
- •4.4. Сур. Капиллярлы сору (а,б) және капиллярлы конденсация (в) механизмдерінің схемалары.
- •4.2. Сур. Былғарының ауданының s абсолюттік ылғалдығына тәуелдігі.
- •4.4. Сур. Капиллярлы уақ тесікті дененің термоылғалөткізгіштігі (а) мен бу және ауаның салыстырма термодиффузиясының (б) механизмдерінің схемалары.
- •Аяқкиім өндірісінде материалдарды дымқылдандыру.
- •4.5. Сур. Суға үлгіні қысқа мерзімге батырудан кейінгі былғарының қалындығы hk бойынша ылғалдың таралуының қисық сызықтары:
- •Аяқкиім үстінің дайындамаларын дымқылдандыруға арналған роторлы қондырғылардың техникалық сипаттамасы.
- •Аяқкиім үстінің дайындамаларын су тұманымен дымқылдандыруға арналған қондырғылардың техникалық сипаттамасы
- •4.2. Кептіру
- •Арс жартылай автоматының техникалық сипаттамасы
- •Тэрс-0 кептіргішінің техникалық сипаттамасы
- •5. Аяқкиім бөлшектерін және былғары галантерея бұйымдарын қалыптау
- •5.1. Аяқкиім үстінің дайындамасын қалыптау кезінде былғарының құрылымдық өзгерістері.
- •5.2. Иіп қалыптау
- •5.3. Созып қалыптау
- •5. 4. Аяқкиім үстінің дайындамасын қалыптаудың керіп -қаптау әдісі
- •Аяқкиім үстінің дайындамасын керу
- •Аяқкиім үстінің дайындамасын керу.
- •5.5. Аяқкиім дайындамасын керу және қаптау операцияларын қамтитын қалыптау тәсілдері
- •5.6. Аяқкиім үстінің дайындамасын параллель сыртқы. Ішкі және қайыстырылған тәсілдермен қалыптау
- •Сыртқы тәсіл
- •Қайыстырылған тәсіл
- •5.7. Үсті табиғи және синтетикалық былғарыдан жасалған аяқкиімнің қалыптұрақтылығына қалыптау тәртіптерінің әсер етуі
- •6. Бөлшектерді бекітудің механикалық әдістері
- •6.1. Аяқкиім үстінің бөшектерін бекіту
- •6.1. Сур. Екі жіптік ине шаншымын жасаудың схемасы.
- •6.3. Сур. Мест 22249-82 бойынша ұштың негізгі өлшемдерін және оның ұзын науаға қатысты орналасуларының схемасы.
- •6.2. Аяқкиім астының бөлшектерін жіппен бекіту әдістер.
- •Ұлтандарды сыртқы тігіс пен бекіту
- •Ұлтандарды бекітудің штифтті әдістері
- •Бұрандалы әдіс
- •6.4. Өкшелерді Бекіту
- •6.5 Былғары-галантереялық бұйымдарының бөлшектерін бекіту.
- •Қолданылған әдебиеттер
6.4. Өкшелерді Бекіту
Өкшелерді аяқкиімге әртүрлі тәсілдермен бекітеді, олар бекіткіш түріне қарай штифтті, желімді және қайыстырылған болып түрленеді.
Штифтті тәсіл кезінде, бекіткіш ретінде шегелер, бұрандалар, төлкелер қолданады; желімдеп бекітуде – НТ немесе ЛНТ наирит негізіндегі желімдер, ал қайыстырыған тәсіл кезінде бекіткіш ретінде штифтілермен перхлорвинилді, нитроцеллюлозды және метиллолполиамидты желімдер қолданылады.
Қайсібір тәсілді таңдау аяқкиімнің конструкциясымен, өкше биіктігімен және материалмен, ұлтанды бекіту әдісімен анықталады. Өкшелерді бекіту беріктігі 21463-76 мемлекеттік стандарт орнатқан мөлшерлерден кем болмауы керек.
Бекіту беріктігі бекіткіш түріне, бекіту сипатына және бекітілетін материалдар қасиеттеріне байланысты.
Аяқкиімнің конструкциясына, өкше материалына және бекіту сипатына байланысты әртүрлі өкше шегелерін пайдаланады. Өкше шегелері білік және басының пішінімен, ұшының пішіні және ұзындығымен ерекшеленеді. Өкше шегелерінің біліктері цилиндр, бұрандалы және пирамида формалы болады; бастары жалпақ немесе конус тәрізді келеді; ұштары төрт қырлы қысқа немесе сопақша тәрізді ұзын болып келеді.
Өкше шегелерінің келесі түрлері кең тараған:
білігі цилиндрлі тегіс, басы конус формалы және ұшы қысқа /6.22а сурет/;
білігі цилиндрлі тегіс, жалпақ басты және ұшы ұзын /6.22б сурет/;
білігі цилиндрлі тегіс, жалпақ басты және ұшы қысқа /6.22в сурет/;
білігі бұрандалы цилиндрлі, жалпақ басты және ұшы қысқа немесе ұшы жоқ/6.22г сурет/;
білігі пирамидалы, басы және ұшы жоқ /6.22д сурет/;
Біліктігі төмен өкшелерді шегелермен сыртынан немесе ішінен бекітуге болады. Бірінші тәсіл қеңірек таралған. Бұл тәсіл бойынша ұлтарақ жағынан қайрылған шегелер өкшені жүрістік бетіне 2-3 мм жетпей материалдарды біріктіреді /6.23 а сурет/. Сырттан бекуді өкшенің сыртқы жағынан жасайды, бекітілетін материалдардан өтіп шеге ұшы ұлтараққа 2-3 мм қайырылады /6.23 б сурет/.
Өкше шегелерін бекіту тәсілін /сыртынан немесе ішінен/ ескере отырып бекітілетін материалдардың қалыңдығы бойынша таңдайды.
Ішкі жағынан шегелермен бекіту бекітілетін материал және шеге біліктері араларындағы үйкеліс күштерімен орындалады, сыртынан бекіту – өкше материалын шегенің басымен сығуға кедергісімен және шегенің қайырылған ұшымен ұлтарақ материалын жыртып өтуге кедергісімен немесе шегенің ұшының түзелуіне кедергісімен қамтамасыз етіледі. Сондықтан, резеңкелі өкшелерді ішкі жағынан шегелермен бекіту дұрыс емес, өйткені резеңкенің шегені жұлып алуға кедергісінің аздығы салдарынан қажетті беріктілік қамтамасыз етілмейді.
Шегелер саны аяқкиімнің өлшеміне байланысты. Шегелер өкше бетіне біркелкі орналасуы керек және ұлтарақтың шетінен 4-7 мм қашықтықта қағылуы тиіс.
Пластмасса және ағаш өкшелерді қайыстырылған тәсілмен желім және штифттермен орындайды. Пластмассалы және ағаш өкшелерді алдын-ала отырғызып немесе олсыз да бекітуге болады. Өкше отырғызу бір отырғызғыш шегесімен орындалады, ол сыртқы жақтан қағылады және ол өкшені аяқкиімнің өкше бөлігіне тығыз қысып тұрады. Сондай-ақ отырғызу ішкі жағынан арнайы тесік арқылы бұрандамен орындалады, ол кейін алынбайды /6.24 сурет/. Үлкен бетті нәлі бар ағаш өкшені өтпелі тесік арқылы сырт жағынан алдын-ала 3-5 отырғызғыш шегелермен бекітеді. Отырғызу немесе бекіту алдында аяқкиімнің өкше бөлігіне желім жағады.
Өкшені ішкі жағынан тегіс немесе бұрандалы шегелермен немесе бұрандамен бекітуге болады: аласа өкшені 5-7, орташа және биік өкшелерді 4-5 шегелермен бекітеді. Шегелерді өкшенің ішіне қиғаш етіп қағады, олардың ұштары оның бүйір бетіне шығып кетуі мүмкін. Шегелердің арақашықтығы ұлтарақ шетінен 7-10 мм. Шегелердің басы өкшелікке батуы керек немесе ұлтарақ қабатына тығыз орналасуы қажет /6.24 сурет/.
Төлкені негізінен биік ағаш және армирленбеген пластмассалы өкшелерді бекітуге қолданады. Ұлтарақтан шығып тұрған төлкенің ұшын тойтарады. Металл төлке өкшені бекіту беріктігін арттырып қана қоймай, сонымен қатар оның жұқа бөлігін сынудан қорғайды /6.24 сурет/.
Шегені қағуға арналған күш бекітілетін материалдарының қасиеттеріне және қалыңдығына, сонымен қатар өкше шегелерінің түріне байланысты /6.10 кесте/.
6.10 кесте.Шегені қағуға арналған күш.
Өкше |
Шегенің түрі және нөмірі |
Бір шегеге қажетті күш |
Шегені тойтару күші,мм |
Былғары
Былғары Резеңке
Ағаш |
Пирамидалы №22 №38 №40 №40 Басы конус форманыді, қысқа ұшы бар цилиндрлі №24 №32 №22 №24 |
1300-1390 2920-3300 3490-3680 4010-4040
1160-1190 1060-1290 450-620 500-800 |
- 1 0,5-0,8 2
- - - - |
6.10 кестенің мәметтеріне сай, ең көп күш пирамидалы өкше шегелерін қағуға кетеді. Мұның себебі мұндай шегелердің ұшы үшкір емес.
