- •В.А. Фукин, а.Н. Калита былғары бұйымдарының технологиясы
- •Мазмұны
- •1. Былғары бұйымдар технологиясына кіріспе
- •Былғары бұйымдар жасау технологиясының анықтамасы
- •1.2. Технологиялық үрдістің схемасы
- •Сырттан келiп түсетiн ақпараттар тiзбегi.
- •Жүйеде қалыптасатын ақпараттар тiзбегi:
- •2. Материалдарды пішу кезіндегі бөлшектерді орныластыру, оларды пайдалануды нормаландыру.
- •2.1. Материалдарды пішу кезінде тиімді пайдалануды анықтайтын факторлар.
- •2.2. Сур. Ұлтандардың қимаүлгілерінің тура сызықты-үдемелі жайғастыру схемалары (а,б).
- •2.4. Сур. Пішілінетін материалдар және тіке бұрышты қимаүлгілердің өлшемдерінің еселі еместігінен пайда болатын шеттік қалдықтың схемалары.
- •2.5. Сур. Материалдың ұзындығы ауыспалы, ал ені тұрақты кездегі қимаүлгілер саны n1 және үйлесімдік коэффициенті р арасындағы байланыс диаграммасы.
- •2.8Сур. Материалдарды (б) пішу кезіндегі қимаүлгі аралық көпіршелердің (а) пайда болу схемалары Әртүрлі былғарыларға арналған е3 коэффициенті
- •Материалды пайдалануға жұмысшының мамандылығының тигізетін әсері.
- •2.2. Аяқкиімнің астына және үстіне арналған материалдың ауданын пайдаланылатын пайызын есептеу.
- •Әртүрлі конструкциялы дайындамалардағы үстіңгі бөлшектердің үлестік ауданы,%.
- •2.13. Сур. Матаның ұзындығы және ені бойынша қимаүлгілерді үйлестіруден пайда болатын сызықтық әсерлерді анықтау схемасы.
- •2.3. Негізгі материалдардың қажеттілік мөлшерлерін және шығын нормаларын анықтау.
- •2.4. Материалдарды пішу кезіндегі қимаүлгілерді орналастыру.
- •2.18. Сур. Аяқкиім үстінің бөлшекте-ріне мата негізді жасанды винилдық былғарыны /винилискожо–т/ пішу схемалары.
- •2.19. Сур. Аяқкиім астының бөлшектерін үйлестіру схемалары
- •2.23. Сур. Тура сызықты-бір ізді жүйе бойынша өкше сірілеріне көп бетті аяқ киімдік нитроискожа-т төсемдерін шабу схемалары
- •3. Материалды тiлу, кесіп өңдеу
- •3.1. Былғары бұйымдары бөлшектерiн шабу.
- •3.10. Сур. Пышақтардың кесетін шеттерінің қырын пішіні.
- •3.2 Материалды жылжымайтын пышаққа жiберу арқылы тiлу
- •3.3. Материалды жылжымалы пышаққа жiберiп кесу
- •3.16. Сур. Материалды (1) қозғалмары пышақпен (2) кесу схемалары.
- •3.18. Сур. Жұмыстық бұрыш (а) және кесу күшіне (б) кесу шапшаңдығының арақатысының әсерін сипаттайтын қисық сызықтар.
- •3. 4. Жону
- •3.21. Сур. Фрезерлеу күшінің Рф фрезаның айналу жиілігіне n тәуелдігінің қисық сызығы.
- •3.22. Сур. Фрезаның қырын пішіндерінің схемалары.
- •3.5. Тегiстеу
- •3.23. Сур. Тегістеуге арналған машинаның жұмыстық аспаптарының конструкциялары.
- •3. 6. Тікірейту
- •3.26. Сур. Металл щетка (а) және резеңкеге вулканданған шетканың (б) схемалары.
- •3.7 Материалды тербелмелі пышақпен кесу
- •4. Аяқкиімнің бөлшектері мен үстінің дайындамаларын дымқылдандыру және кептіру.
- •4.1. Аяқ киімнің үстінің дайындамаларын және бөлшектерін дымқылдандыру
- •4.4. Сур. Капиллярлы сору (а,б) және капиллярлы конденсация (в) механизмдерінің схемалары.
- •4.2. Сур. Былғарының ауданының s абсолюттік ылғалдығына тәуелдігі.
- •4.4. Сур. Капиллярлы уақ тесікті дененің термоылғалөткізгіштігі (а) мен бу және ауаның салыстырма термодиффузиясының (б) механизмдерінің схемалары.
- •Аяқкиім өндірісінде материалдарды дымқылдандыру.
- •4.5. Сур. Суға үлгіні қысқа мерзімге батырудан кейінгі былғарының қалындығы hk бойынша ылғалдың таралуының қисық сызықтары:
- •Аяқкиім үстінің дайындамаларын дымқылдандыруға арналған роторлы қондырғылардың техникалық сипаттамасы.
- •Аяқкиім үстінің дайындамаларын су тұманымен дымқылдандыруға арналған қондырғылардың техникалық сипаттамасы
- •4.2. Кептіру
- •Арс жартылай автоматының техникалық сипаттамасы
- •Тэрс-0 кептіргішінің техникалық сипаттамасы
- •5. Аяқкиім бөлшектерін және былғары галантерея бұйымдарын қалыптау
- •5.1. Аяқкиім үстінің дайындамасын қалыптау кезінде былғарының құрылымдық өзгерістері.
- •5.2. Иіп қалыптау
- •5.3. Созып қалыптау
- •5. 4. Аяқкиім үстінің дайындамасын қалыптаудың керіп -қаптау әдісі
- •Аяқкиім үстінің дайындамасын керу
- •Аяқкиім үстінің дайындамасын керу.
- •5.5. Аяқкиім дайындамасын керу және қаптау операцияларын қамтитын қалыптау тәсілдері
- •5.6. Аяқкиім үстінің дайындамасын параллель сыртқы. Ішкі және қайыстырылған тәсілдермен қалыптау
- •Сыртқы тәсіл
- •Қайыстырылған тәсіл
- •5.7. Үсті табиғи және синтетикалық былғарыдан жасалған аяқкиімнің қалыптұрақтылығына қалыптау тәртіптерінің әсер етуі
- •6. Бөлшектерді бекітудің механикалық әдістері
- •6.1. Аяқкиім үстінің бөшектерін бекіту
- •6.1. Сур. Екі жіптік ине шаншымын жасаудың схемасы.
- •6.3. Сур. Мест 22249-82 бойынша ұштың негізгі өлшемдерін және оның ұзын науаға қатысты орналасуларының схемасы.
- •6.2. Аяқкиім астының бөлшектерін жіппен бекіту әдістер.
- •Ұлтандарды сыртқы тігіс пен бекіту
- •Ұлтандарды бекітудің штифтті әдістері
- •Бұрандалы әдіс
- •6.4. Өкшелерді Бекіту
- •6.5 Былғары-галантереялық бұйымдарының бөлшектерін бекіту.
- •Қолданылған әдебиеттер
3. 4. Жону
Ұлтандарды жинағымен немесе бiр - бiрлеп және өкшелердi жону - оларға тиiстi пiшiн және тегiстеу үшiн орындалады. Операция фрезамен арнайы машиналарда орындалады. Ұлтандарды бiр өлшем, сұлба, түсi бойынша бiр жинаққа жинайды. Ұлтанның орталықтандырылған жинағын ФКП-О қырларды жонуға арналған машинаға орналастырады. Жинақтағы ұлтанның саны фрезаның биiктiгiне, ұлтанның қалыңдығына байланысты. Оның құрамы 18 жұп болуы мүмкiн. Ұлтанның қырын жонығанда, ұлтанның қимасын айналып тұрған фрезаға қарай жылжыта отырып жониды. Қырлары тiк болып келетiн ұлтандарды осылайша жониды. Қырлары жарты шеңбер, фигуралы болып келетiн ұлтандарды, өкшесiнiң биiктiгi 30-ге дейiнгi ұлтандарды жұбымен, ал өкшесiнiң биiктiгi 30 мм-ден асатын ұлтандарды бiр- бiрден жониды.
Әдетте фрезаның бiр тұтас цилиндр құрайтын бiрнеше пышақтары /тiстерi/ болады, цилиндрдiң ортасында машинаның бiлiгiне кигiзетiндей тесiгi бар /3.19 а- сур/.
3.19. сур. Аяқкиім астының бөлшектерінің қырын өңдеуге арналған фрезаның жалпы түрі (а) және фрезелеу кезіндегі материалдарға әсер ететін күштер (б).
Операцияның мағынасы мынада: үлкен жылдамдықпен айналатын сына тәрiздi өткiр пышағы бар фрезалар өңделетiн бөлшектiң қырларының жұқа жоңқаларын қиiп отырады. Алғашында фрезаның тiсi материалға батады, бiрақ оны бұзбайды. Осы кезде материалдың үстiңгi бетi керiледi, ал бiршама терең орналасқан беті қысылады. Фрезаның одан әрi жылжуы жоғарғы бетті бұзып, материалды кеседi. Материалдың серпiмдiлiк модулі неғұрлым кем болса және фрезаның тiстерi неғұрлым өтпес болса, соғұрлым кесу алдында фреза материалға бата түседi.
Егер материал жұмсақ болса, онда тiстiң материалға батқан кездегi тереңдiгi толық сақталады. Ал егер материал серпiмдi болса, онда сығылу мен созылудан болған деформация толық жойылады. Материал қалып орнына тез келедi, сондықтан жону кезiнде, серпiмдi материал мен тiстiң артқы беті арасында үйкелiс туады.
Серпiмдi тұтқыр денелер үлкен жылдамдықпен түскен салмақ кезiнде, серпiмдi тәрiздi болатыны бiзге мәлiм. Жоңқалардың әрқайсысы тiспен 0,0003-0,0005 сек. iшiнде кесiлетiнiн ескерсек, онда былғары мен резеңке бiрқатар дәрежеде серпiмдi дене тәрiздi екенiн аңғарамыз.
Кесу кезiнде күштiң бiр бөлiгi материалды бұзуға, ал басқа бөлiгi алынатын жоңқалардың иiлуi мен сығылуына кетедi. Кесу үшiн құраушылардың әрқайсысының үлесiн дәл анықтау қиын. Әдетте жону кезiнде, Ү және Н жанама күштерiн анықтайды.
Қорытынды
күш
Кесу күштерiне фреза тiсiнiң геометриясы әсер етедi. Тiстiң кесу жүзi оның алдыңғы және кейiнгi қырларының қиылысуынан түзiледi. Олардың арасында - үшкiрлеу бұрышы (3.20 сур), - алдыңғы және артқы бұрыштар, - кесу бұрышы.
Мүмкiн болса фреза тiстерiнiң кесу бұрышы және үшкiрлеу бұрышы кiшiрек болуы қажет. Осы жағдайда кесу күшi аз болады да, өңделген бет таза болады.
Кесу бұрышы б алдыңғы бұрышына тәуелдi болады: бұрышы неғұрлым үлкен болса, соғұрлым кесу бұрышы кiшi болады. Тiстiң қалыңдығын кiшiрейте отырып, бұрышын үлкейтуге болады, бiрақ бұл оның берiктiгiн кемiтедi. Сондықтан кесу бұрышы б әдетте 78- 800-қа тең.
Артқы бұрышы жонылатын материалдың қасиетiне тәуелдi. Жону кезiнде, пышақтың жүзi жүрiп өткеннен кейiн, материалдың қалпы орнына келедi, бұл оның фрезаның арт жағымен беттесуiне әкелiп соғады. Зиян үйкелiс туады, ол тiстiң қызуына, металдың қасиетiнiң өзгеруiне, фрезаның тез өтпестенуіне ықпал жасайды. Майысу бұрышы, яғни материалдың майысу сызығына жанаманың ылди бұрышы резеңкенi жону кезiнде 200-қа жетедi. Былғары ұлтанды жону үшiн, фрезаның үшкiрiнiң артқы бұрышын 100, ал резеңке үшiн 200 етiп қабылдау ұйғарылған. Фрезаның артқы қырына логарифмдiк қисықтың келбетiн беру қажет, бұл кесу бұрышын өткiрлеу кезiнде сақтап қалады.
Материалды кесу кезiнде, металл бөлшектерiнiң тегiстелуiнiң ңәтижесiнде фреза тiстерiнiң жүзi қажалады /тозады/. Тәжiрибелер көрсеткендей фреза тiстерiнiң жүзiнiң тозуы, кесу ұштарының өтпестенуі өткiр құрал жұмысының басында қарқынды жүредi. Жүзiнiң өтпестенуі дәрежесi уақытына және фрезаның өткiр бұрышына байланысты. Фреза жүзiнiң өтпестенуі геометриясынан басқа өңделетiн материалдардың және құрал материалдың қасиеттерiне байланысты.
Кесу күшi мен таза өңделуге тiстердiң және фрезаның айналма жылдамдығы, материалды жiберу жылдамдығы әсер етедi. Егер тiстер санын, айналма жылдамдықты арттырып, жiберу жылдамдығын кемiтсе, беттің таза өңделуi артады.
Резеңке ұлтанды 16 тiстi фрезамен жонығанда, резеңке қатты қызады. Оның жылуы резеңкенiң жоңқасы мен ұнтақтарына берiлiп, оларды өте жабысқақ етедi де, фреза тiстерiнiң арасына тұрып қалуына әкелiп соғады. Одан ары қарай жону мүмкiн болмайды. Сондықтан резеңке ұлтанды 8- тiстi диаметрi де сондай фрезамен жониды, оның тiстерiнiң ара қашықтығы 16- тiстi фрезанiкiнен екi есе көп болуы керек.
Фрезаның диаметрiн кемiткенде, тiстерiнiң өлшемi мен олардың арақашықтығы кемидi, сондықтан былғары ұлтандарды жоныған кездiң өзiнде де 8 - тiстi фрезаны қолданады.
Фрезалардың диаметрi олардың тағайындалуына байланысты. Мысалы, ұлтанның шолақ бөлiгiнiң қырын өңдеу үшiн, диаметрi 45 - 60 мм, табан орта бөлiгiн өңдеу үшiн диаметрi 30 мм болатын, ұлтарақтың өкше бөлiгiн өңдеу үшiн диаметрi 70 - 160 мм болатын фреза қолданылады. Механикалық жiберу арқылы жону кезiндегi материалдың үстiңгi бетінде пайда болатын толқындар 100 есе үлкейтетiн микроскоппен де көрiнбейдi. Қолмен жiберу арқылы жону кезiнде тереңдiгi 1 және ұзындығы 3 - 4 мм болатын толқындар пайда болады. Олар фреза тiстерiнiң өңделетiн бұйым бетіне созылу кезiнде жұмысшы қолының қалтырауынан болуы мүмкiн. Толқындар тiстердiң санының азаюынан, фрезаның айналу жиiлiгiнен және кесудiң тереңдiгiнен көбейiп отырады. Айналу жиiлiгi 110 с-1 және жiберу жылдамдығы 0.1 - 0.2 м/с болатын 4 - тiстi фрезамен жону кезiнде, толқындар өте айқын байқалады.
Жонудың Рф орташа күшi фрезаның айналу жиiлiгiнiң ұлғаюымен, жiберу жылдамдығы өзгерiссiз кезiнде келiп отырады. (3.21 сур), ал жылдамдық артқан сайын, күшi артады.
