Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
F_A_Fukin.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
18 Мб
Скачать
☆

5.5. Аяқкиім дайындамасын керу және қаптау операцияларын қамтитын қалыптау тәсілдері

Өткен ғасырдың 60-жылдардың ортасынан бастап, дамыған елдердің аяқкиім өнеркәсібінде аяқкиім үстінің дайындамасының тұмсық-шоғыр бөлігін мезгілде қаптау және желімдеп керуді орындайтын қалыптаудың жаңа әдістері кең пайдаланылуда. Қазіргі уақытта қалыптаудың бұл тәсілдері біздің елімізде де, шет елдерде де кеңінен қолданылуда.

Гидравликалық және пневматикалық жетегі бар жаңа жабдық құрастырылды, онда қалыптаушы құрал-машинаның тістеуіктермен қысылған аяқкиім үстінің дайындамасының тұмсық-шоғыр бөлігін созатын қалып болып табылады. Әртүрлі текті машиналардың 5, 6, 7 және 9 тістеуіктері бар.

Аяқкиім өнеркәсібінде «Вперед» зауытының ЗНК-3-0, Чехияның 02160/Р21, «Шен» /ГФР/, БУСМК /Ұлыбритания/. УСМ /АҚШ/ фирмалардың машиналары қолданылады.

ЗНК -3-0 маркалы бір секциялы, қалқитын қысқыштары мен гидравликалық жетегі бар машина ұлтараққа термопластикалық желімді бірыңғай жағып, барлық аяқкиім түрлерінің дайында-масының тұмсық-шоғыр бөлігін қаптау мен керу үшін арналған.

Машина келесі механизмдер мен түйіндер бекітілген негіз түрінде орындалған: басы 5, тұмсық 6, бүйір 7 және шоғыр 11 тістеуіктер механизмдері, ұлтарақ тірегі 8, тұмсық қысқышы 3, өкше тірегі 2, желім ыдысы 1, гидрожабдық 10, электрожабдық 9, тартпалы ауа құбыры 4.

Машинаның жұмыс істеу негізі келесідегідей. Аяқкиім үстінің дайындамасы бар қалыпты ұлтарақ тірегіне 8 ізін төмен қаратып орналастырады, оның тұмсық бөлігін тұмсық тістеуіктерінің ашық еріндеріне кіргізеді. Машина жұмысының толық тұйығы үш ырғақпен орындалады.

Сол жақтағы аяқ басқыны бірінші рет басқанда, тістеуіктер жабылады. Аяқкиім үстінің дайындамасының қалыптағы орналасуын тексергеннен кейін, керме жиегін ашық тұрған төрт бүйір 7 және екі шоғыр 11 тістеуіктердің еріндеріне кіргізіп, аяқ басқыны екінші рет басады. Осы кезде алты тістеуіктердің барлығы да аяқкиім үстінің дайындамасын қыса жабылады, ал біраз уақыттан соң ұлтарақ тірегі 8 аяқкиім үстінің дайындамасын тарта отырып, жоғары көтеріледі. Егер аяқкиім үстінің дайындамасының тарту жеткіліксіз болса, жұмысшы тұтқалармен тістеуіктерді қосымша түсіреді. Аяқкиім үстінің дайындамасының қалыпта қиғаштануын да тұтқамен түзетеді.

Аяқкиім үстінің дайындамасының қалыптағы айтарлықтай қиғаш-тануын түзету үшін, тізе басқыны басу арқылы ұлтарақ тірегін түсіреді. Сол кезде тістеуіктер аяқкиім үстінің дайындамасын әлі ұстап тұрады. Аяқкиім үстінің дайындамасын түзеткеннен кейін, тізе басқынын жібереді. Ұлтарақ тірегі аяқкиім үстінің дайындамасын керіп отырып көтеріледі.

Аяқ басқыны үшінші рет басқанда, дайындамасы бар қалыпқа тұмсық қысқыш 3 пен өкше тірегі 2 жақындайды да, желім жаққыш сауыт 12 ұлтараққа қарай жылжиды. Сауыт тесігі арқылы ұлтарақ бетіне желім жағылады. Сондан соң дайындамасы бар қалыпқа тұмсық сауыты 13 мен тарту тіліктері 14 жақындайды. Тұмсық сауыты аяқкиім үстінің дайындамасын қалыпқа қысады. Керме тіліктерінің ұлтарақ астына жылжуы кезінде кезек-кезек тұмсық, бүйір және шоғыр тістеуіктері ашылып, желім жаққыш сауыт төмен түседі. Шоғыр тістеуіктер ашылмай тұрып, тік өсін айнала бұрылады, бұл аяқкиім үстінің дайындамасының керме жиегінің ұлтарақтың шоғыр бөлігінде орналасуын жақсартады.

Керме тіліктері жүрісінің соңында ұлтарақ тірегі төмен түседі, ал тұмсық қысқышы керме жиегін тіліктерге қысады. Керме тіліктері қозғалысы кезінде бірыңғай уақыт релесінде бұйрық беріледі. Белгілі бір уақыттан соң, машинаның барлық жұмысшы мүшелері бастапқы күйіне қайта оралады.

Оң жақтағы аяқ басқынын көмегімен жұмысшы мүшелерін циклдың кез-келген мезетінде бастапқы күйіне қайтаруға болады.

Қыздылырған қорытпа желім желім ыдысынан 1 желім жаққыш сауытқа сорғышпен түтік бойынша беріледі. Керме тіліктерінің, желім жаққыш сауыттың, желім ыдысының және түтіктің электр қыздырғыштары бар. Тіліктердің, сауыттың, желім ыдысының және түтіктің берілген температуралары автоматты түрде ұсталынып тұрады.

Дайындаманың тұмсық-шоғыр бөлігін керуге және қаптауға арналған шет ел машиналары да осындай жұмыс істейді. Керме машиналарын өндіретін жетекші фирмалар «Шен» және «Менус» /ГФР/, БУСМК /Ұлыбритния/, «Черим» және «Молина», «Бъянки» /Италия/.

БУСМК фирмасының № А-415 машинасы ерекше. Пневматикалық жетегі бар машинада доппель және сыздық әдісімен бекітілетін аяқкиімді желім-қорытпамен керуге болады. Пневматикалық жетегі бар «Шен» фирмасының 63DHL және 63LG машиналары аяқкиімнің барлық түрлері дайындамасының тұмсық-шоғыр бөлігін сапалы желімдеп керуді қамтамасыз етеді. 63DHLG машинасының аяқкиім үстінің орта бөлігін керуге арналған құралы болады, бұл оны керудің екі машиналы жүйесі үшін қолдануға мүмкіндік береді. Машина сол немесе оң сыңарларды керу үшін, автоматты түрде қайта келтіріледі, машинада желімді маятникті бүршікпен автоматты жағу ойластырылған, «Черим» фирмасының К68 SZP машинасы ауыр текті аяқкиім дайындамасын, оның ішінде металл тұмсық сірісі барын кереді. Машинаның тоғыз сырғанайтын тістеуіктері бар. Аяқкиім үстінің дайындамасының қалыптағы күйін шам сәулесімен тексереді.

Керіп-қаптау операцияларын орындауға арналған қазіргі уақыттағы жабдықтарға келесі талаптар қойылады:

айтарлықтай қайта жөндеусіз түрлі фасонды және өлшемді әртүрлі мақсатқа арналған аяқкиімді өңдеу, аяқкиімнің оң және сол сыңарын өкше тірегін жылжыту және тістеуіктер механизмін бұру арқылы машинаны автоматты түрде қайта қосу жолымен өңдеу;

беріктілігінің жоғары болуы және максимал өінм шығару;

аяқкиім үстінің дайындамасы материалының қажетті деформация-сын, оның қасиеттеріне, конструкциясына, қалып фасонына байла-нысты тістеуік механизмінің керу күшін келтіруді қамтамасыз ету;

керу үрдісінде дайындаманың өкше бөлігіндегі керме жиегінің артығын кеісп алып тастау;

аяқкиім астын желімдеп, сыздық, доппель әдістерімен бекітуі аяқкиім үстінің дайындамасының шоғыр-орта бөліктерін желім-қорытпамен керуді және қаптауды орындау;

тістеуіктерді алмастыру, тістеуіктермен тарту жылдамдығын тез реттеу және керме жиегін тіліктермен үтіктеудің аяқкиім үстінің жылдамдығыны мүмкіндігінің болуы;

қалыпқа қатысты дайындаманың орналасуын орталықтандыратын жабдығының, электрогидраликалық жетегінің /ауыр текті аяқкиімдер-ді және күзгі-көктемгі ассортиментінің аяқкиімдерін өдеу үшін/ және пневматикалық жетегінің /аса көрікті аяқкиім түрін өңдеу үшін/, сонымен қатар еңбек жағдайын жеңілдетуді /түзілген газдарды сору және т.с.с./ қамтамасыз ететін механизмдер мен құралдардың бар болуы.

Керме алаңын кеңейту үшін, тістеуіктер саны 9-11 болуы қажет.

Қаптап және желімдеп керу үшін, машиналарда қалыптаған кезде көлденең бағытта деформацияны арттыру және біркелкі тарату үшін, аяқкиім үстінің дайындамасының сірісі бар өкше бөлігін алдын-ала қалыптап, кептіреді.

Термопластикалық желім жағылған былғары картон өкше сірісі бар аяқкиім үстінің дайындамасының өкше бөлігін әдетте машинаның ыстық пуансондарымен, ал термопластикалық өкше сірісі бар дайындаманы – көбінесе қыздырылмаған пуансондармен қалыптайды.

Алдын-ала қалыптау аяқкиім үстінің дайындамасының қалыптанған өкше бөлігінің анық нұсқасын жасауға мүмкіндік береді, бұл оны дұрыс керуге және өкшені бекітуге ықпал жасайды, тұмсық-шоғыр бөлігін керуді және қаптауды қарапайым етеді.

Чехияның 02201/Р1 машинасы аяқкиім үстінің дайындамасының өкше бөлігін шегелеу әдісімен керіп және сандал аяқкиімінің өкше бөлігін қалыптайды.

БУСМК фирмасының №2 машинасы аяқкиім үстінің дайындамасының өкше бөлігін ұлтараққа керуді және қалыптауды қамтамасыз етеді. Бұл екі термоактиватор бар ппенвматикалық әрекетті машина. Керме түйіні біреу ғана – оң және сол сыңарды өңдеу үшін арналған. Аяқкиім үстінің дайындамасын қалыпта керуге арналған тістеуіктері бар.

Машинада түйір немесе шыбық түріндегі термопластикалық желім қолданылады. Желім сығылған ауа арқылы беріледі, әрі аяқкиім үстінің дайындамасына, әрі ұлтараққа бірдей жағылады.

«Ральфс» фирмасының №522 машинасы әртүрлі өкше сірісі бар аяқкиім үстінің дайындамасының өкше бөлігін алдын-ала қалыптауды, қалыпқа бекітілген ұлтараққа керуді және қалыптауды, керме жиегін ұлтараққа жапсырып, қалыптауды қамтамасыз етеді. Машина бір жағдайлы, пневматикалық жетегі бар.

Аяқкиім үстінің дайындамасының өкше бөлігін машиналарды қолданып алдын ала қалыптағанда /өкше бөлігінен бастап керу/, ұлтарақты бекіту операциясын орындамауға, металл пуансондарды қолданбауға болады, өйткені керме қалыпты орындалады, сонымен қатар тек қана термопластикалық желімді пайдалану қажет. Бұл машиналар аяқкиім үстінің дайындамасы өкше бөлігінің қалыпта дұрыс орналасуын қамтамасыз етеді.

Қазіргі машиналарда керіп қаптау операцияларын орындаған кезде, дайындаманың өкше бөлігінің көлденең созылуы және бекітілуі салдарынан, материалдың деформациясы және аяқкиімнің қалыптұ-рақтылығы артады, материал шығыны кемиді. Бірақ мұндай технологиялық үрдіс кезінде, қосымша операция және тиісті жабдықтың қажеттілігі пайда болады, бұл әрине тиімсіз. Сондықтан дайындаманың өкше бөлігін желімдеп керу алдында алдын-ала қалыптау ақырғы қалыптаумен және керме жиегін ұдтараққа бір мезгілде бекіту арқылы кептірумен ығыстырылып тасталынады.

Жаңа әдістер мен жаңа материалдар керу операцияларын орындаудың кері бір ізділігіне алып келеді: алдымен дайындаманың өкше бөлігі керіледі, содан соң қалған бөліктер керіліп, қапталады.

Аяқкиім үстінің дайындамасының өкше бөлігін желімдеп және қалыптау үшін, «Вперед» зауытының ЗПК-4-0 машинасы, орта-өкше бөлігін желімдеп керу және қалыптау үшін – Чехияның 02184/Р1, 02184/Р2, «Ральфс» фирмасының №506. АҚШ-тың УСМ фирмасының №6 машиналары қолданылады. Германияның «Шен» фирмасының 64Т машинасы дайындаманың өкше бөлігін шегемен, орта бөлігін желім көмегімен керіледі.

ЗПК-4-0 маркалы машина термопластикалық желіммен қалыпта аяқкиімнің өкше бөлігін қалыптауға және керуге арналған. Машинада былғары картоннан, былғары матадан, термопластикалық жабыны бар тоқылмаған материалдан және матадан жасалған қалыптанбаған және жартылай қалыптанған өкше сірілері бар әртүрлі былғарыдан /юфтті де қосқанда/ тоқыма және жасанды материалдардан жасалған аяқкиімдер өңделеді. Машинада мектеп оқушыларының, ерлердің және өкше биіктігі 50 мм болатын әйелдер аяқкиімі керіледі.

Машина – жеке гидрожетегі бар бір секциялы жартылай автомат. Үш түрлі болып шығарылады.

ЗПК-4-0 қалыпқа киілген және алдыңғы операцияда тұмсық-шоғыр бөлігі керілген аяқкиім үстінің дайындамасының өкше бөлігін термопластикалық желімен керуге және қалыптауға арналған.

ЗПК-4-0-02-қосымша тістеуіктер механизмі бар бұл тартылмаған тұмсық бөлігі бар аяқкиім үстінің дайындамасының өкше бөлігін керуге мүмкіндік береді.

ЗПК-4-0-04 аяқкиім үстінің дайындамасының өкше бөлігін алдын-ала қалыптауға, термопластикалық және сірісін желімдеп жапсыруға және аяқкиім үстінің дайындамасын керу алдында активациялауға арналған тістеуік механизмі мен термоактиваторлары бар машина.

Тістеуіктер механизмі жоқ машинада жұмыс келесі түрде орындалады. Аяқкиім үстінің дайындамасының тұмсық бөлігі керіл-ген қалыпты бағаның штуцеріне кигізеді де, аяқ басқыны басады. Бағана машинаның жұмыс аймығаны жіберіледі, қалып керу тіліктері деңгейіне дейін орнатылады, өкшелік қысқыш пішін қалыптағы аяқкиім үстінің дайындамасын қапсыра ұстайды. Керме жиегінің астына желім беріледі де, керме тіліктері керме жиегін ұлтараққа қысып, бүгеді де, жапсырады. Желім қабығын ұстауды және іздің қырын қалыптауды қамтамасыз ететін, керме жиегін нығыздау орындалады. Машина оң және сол сыңарды кез-келген бір ізділікпен орындайды.

Тістеуіктер механизмі және термоактиваторы бар машинада жұмыс істеудің маңызы мынада: термоактиваторда алдын-ала қыздырылған аяқкиім үстінің дайындамасын бағананың штуцеріне орнатылған қалыпқа кигізеді. Аяқ басқыны алғаш басқанда, тістеуіктер аяқкиім үстінің дайындамасының тұмсық бөлігін іліп алады да, өн бойы және тік бағыттарында кереді. Аяқ басқыны екінші рет басқанда да машина осылайша жұмыс істейді.

Аяқкиім үстінің дайындамасының өкше және орта бөліктерін қалыптауға және керуге арналған 02184/Р1 және 01284/Р2 машиналары бір секциялы. Термопластикалық және былғары картон өкше сірісі бар балаларға, әйелдерге /өкше биіктігі 80 мм-ге дейін/ және ерлерге арналған аяқкиімдердің үстінің дайындамасын өңдейді. Түйір немесе шыбық түріндегі желім дайындаманың орта бөлігіне қимаүлгі бойынша жылжитын екі соплалар арқылы беріледі. Дайындаманың өкше бөлігін тіліктермен, орта бөлігін – күшейтілген металл элементтермен кереді. Термопластикалық өкше сірілері үшін, машина активаторлармен жабдықталған.

«Ральфс» фирмасының №506 машинасында /бір секциялы/ аяқкиім үстінің дайындамасының өкше бөлігін тіліктермен, орта бөлігін қалып екі жағында орналасқан эластомерден жасалған қыспақ пішіндермен кереді.

Әртүрлі өлшемді аяқкиім үстінің дайындамасын өңдеу үшін тығырықты реттеудің қажеті жоқ. Олардың күйі оң немесе сол сыңар бойынша автоматты түрде теңестіріледі. Биіктігі әртүрлі өкшелері бар балаларға, ерлерге және әйелдерге арналған аяқкиімдерді өңдейді.

Аяқкиім үстінің дайындамасының өкше және орта бөліктерін тіліктер-мен қалыптауға және қаптауға арналған УСМ фирмасының №6 машинасы бір секциялы, пневма-тикалық жетегі бар. Керудің екі машиналы жүйесінің негізгі болып табылады. Машинада керу аяқкиім үстінің дайындамасының тұмсық-шоғыр бөлігін қалыптау және керуден соң орындалады. Полиамид негізін-дегі термопластикалық желім үздіксіз беріледі, бұл оның өкше бөлігінен шоғыр бөлігіне дейін оның біркелкі жайылуың қамтамасыз етеді. Өкше-сінің биіктігі 50 мм-ге дейін болатын балалар, ерлер және әйелдер аяқкиімің өңдейді.

«Шен» фирмасының 64ТG машинасы тұмсық-шоғыр бөлігі 63DHLG текті машинасында керіліп қойылған аяқкиімнің үстінің дайын-дамасын керуге арналған. Бір жұмыс үрдісінде аяқкиім үстінің дайында-масының өкше және орта бөліктері керіледі.

Өкше бөлігін керу аяқкиім өлшеміне қарай 15-23 шегелермен орындалады. Дайындаманың орта бө-лігі төрт тілік арқылы термопласти-калық желіммен керіледі. Машинада күнделікті киетін аяқкиімнің барлық түрлерінен басқа, арнайы аяқкиімнің үстінің дайындамасын қалыптауға және керуге болады.

Осылайша, қазіргі уақытта дайындаманы керу негізінен тұмсық бөлігінен бастап үш машиналы болып табылады. Әрі сонымен қатар тұмсық-шоғыр бөлігі әрдайым желім-қорытпамен, ал орта бөлігі – аяқкиімнің түріне, тегіне, фасонына қарай түрлі тәсілмен керіледі. Мысалы, биік және аса биік өкшелері бар аса көрікті аяқкиімді қапсырмамен немесе шегемен, ал аласа өкшелі аяқкиімді желім-қорытпамен кереді. Өкше бөлігі желім қорытпамен немесе шегемен керіледі.

Бірақ қазіргі уақытта аяқкиім үстінің дайындамасын қалыптау және керу облысындағы негізгі бағыт үрдісі автоматтандыруға өтпелі саты болып табылатын, керудің екі машиналы жүйесін даярлау болып табылатынын айта кету керек. Жоғарыда айтылған фирмалар аяқкиім үстінің дайындамасының тұмсық-шоғыр өкше және орта бөліктерін қалыптауға және керуге арналған жабдықтарды шыға-руға кірісіп отыр.

Аяқкиім үстінің дайындамасын өкше бөлігіне дейін автоматты түрде керуге арналған керіп қаптау жабдығы шығарылған. Мысалы, БУСМК фирмасы DYUZ-RA маркалы машинаны даярлап шығарады. Кергеннен кейін аяқкиім үстінің дайындамасы бар қалып 900 бұрышқа итеріліп, ізімен жоғары қарай орнатылады. Осы күйде керме жиегінің артық жерлері қимаүлгімен жіберілетін /керме тіліктері материалдың беткі жағынан тірек ретінде пайдаланылады/ тегістеу дөңгелегімен алынып тасталынады.

Артық жерлер кесілгенен соң, орта бөлігіне соплалардан желім жағылады да, доңғалақшалармен керіледі. Содан соң нұсқаны сызу әдісімен /бұл да сопло көмегімен/ тұмсық-шоғыр бөлігіне желім жағылады да, керу орындалады.

Жоғарыда аталған машиналар негізінде аяқкиім үстінің дайында-масын керіп қаптау әдісімен қалыптаудың жаңа технологиясы құрастырылды. Қалыптағы дайындаманы керуді тұмсық-шоғыр, өкше бөліктерінен бастауға болады. Әрі аяқкиім үстінің дайындамасын қалыптаудың варианттары болуы мүмкін /5.22-сурет/. Төменде әр түрлі вариантты қалыптаудың операциялар тізбегі келтірілген:

І вариант: а-тұмсық-шоғыр бөлігін керу және қаптау; б – табан орта бөлігін керу; в - өкше бөлігін керу.

Аяқкиім үстінің дайындамасын керу өкше бөлігін алдын ала қалыптаудан кейін орындалуы мүмкін. Аяқкиім үстінің дайындамасы ұлтараққа бекітілмегендіктен, керу және қаптау кездерінде жұмысшының әрекеті шектелмейді.

ІІ вариант: а - өкше бөлігін алдын ала қалыптау; б – тұмсық-шоғыр бөлігін және жартылай табанорта бөлігін керу және қаптау; в - өкше және орта бөліктерін керу.

Бұл вариант бойынша қалыптау импорт жабдығы бар ағындарда орындалады.

ІІІ вариант: а - өкше бөлігін қалыптау және керу; б – тұмсық-шоғыр бөлігін керу және қаптау; в – табанорта бөлігін керу.

Алдын-ала қалыптау мен аяқкиім үстінің дайындамасының өкше бөлігін керуді қатарынан орындаған кезде ұлтарақты қалыпқа орнату және ұстау мәселелері жойылады /бұл жағдайда ұлтарақ керуге дейін бекіледі/, өкше бөліктің деформациялануына жол берілмейді.

IV вариант: а - өкше бөлікті алдын-ала қалыптау; б - өкше және тұмсық-шоғыр бөліктерді қаптау және керу; в – табанорта бөлігін керу.

Аяқкиім үстін ОМ және 3В типті машиналарда әдетті қалыптау кезінде бойлық бағытта дайындама материалының бір өстік созылуы басым болады. Оны мен салыстырғанда аяқкиім үсті дайындамасының тұмсық-шоғыр бөлігін ЗНК типті машиналарда қалыптағанда материал күштің күрделі әсерінің астында болады. Тұмсық-шоғыр бөлігінің керме жиегін үздіксіз бекіту кезіндегі аяқкиім үстінің дайындамасының бұл куйін фотосерпінділік әдісті қолданып зерттегенде қалыптаудың соңғы кезеңінде жұлықтың бетінде материалдың деформацияланған күйінің келесі варианттары байқалады /5.23 сурет/ :

бір текті симметриялы екі өсті созылу /І/, күрделі екі өсті созылу /ІІ/, «қысылған» созылу /ІІІ/, бір өсті созылу /ІV/.

«Қысылған» созылудың ІІІ аймағы /Х>0; У=0/ екі І және ІІ деформацияланған облыстардың шекарасы болып табылады, оны өткенде көлденең деформацияның таңбасы өзгереді. І облыстағы қалыптың көлденең кескінінің максимал қисығының нүктелерін қосатын сызық, бір осьте ІV созылу аймағын күрделі екі осьте ІІ созылу аймағынан бөліп тұрады. Бұл сызық бекіту нүктесіне дейін бара отырып, деформацияланатын облыстағы ІІ соған ұқсас аймақтарды бөліп тұрады.

Деформацияланатын аймақтардың ауданы қоныш материалының қаттылығына немесе өн бойы бағытындағы олардың алдын-ала созылуына, қалыптың геометриялық күштеріне және машиналардың атқару мүшелері жағынан түсетін өн бойы және көлденең бағыттарындағы күштердің қатынасына байланысты.

Аяқкиім үстінің дайындамасының алдыңғы бөлігін жобалау кезінде осы деформацияланған күйді ескеру қажет. Шоғыр облысындағы көлденең бағытта деформацияның таралу сипатының және оның қолайлы шамасын шабудың маңызы ерекше. В.Н. Цветковтың пікірінше дәл осы жағдайлар аяқкиімнің қалыптұрақтылығына және материал үнемділігіне негізгі әсер етеді. /17/.

Көлденең бағытта қалыптанған жұлықта деформацияның таралуының үш жағдайы болуы мүмкін: нұсқа бойынша біркелкі, артқы беттегі үлкен деформациялар, бүйір бетіндеғі үлкен деформациялар. Егер артқы бетіндеғі максимал деформацияны ЕТ, ал бүйір жағындағысын Еб деп белгілесек, онда айтылған күйлерді былай жазуға болады:

ЕТ= Еб; EТ>Eб; EТ<Eб немесе EТ/Eб=I; EТ/Eб>1; EТ/Eб<1.

Осы деформациялардың қатынасы аяқкиім үстінің дайындамасын қалыптаудың сапалық және сандық сипаты болады. Бұл қатынастар белгілі дәрежеде аяқкиім үстінің дайындамасын тұрғызу ерекше-ліктерін аяқкиімнің белгілі бір пайдалану қасиеттерін сипаттайды. Қалыптау үрдісінде деформацияның аяқкиім үстінің дайындама-сының көлденең кескіндері бойынша шоғыр облыстарында таралуының айналмалы сипаты кезінде ЕТ/Еб=1 қатынасы, парабола кезінде ЕТ/Еб>1 қатынасы, ал эллипс кезінде ЕТ/Еб<1 қатынасы сақталады.

Қалыптұрақты аяқкиім эллипс бойынша қалыптануы тиіс екені жұмыста көрсетілген.

Жұлықтың бүйір бөліктерінің керілуінің басым болуы аяқкиімнің сырт жаққа жылжуына кедергі болады да, артқы беттеғі қосалқы деформацияның арқасында аяқкиімнің табанға тез қалыптануына мүмкіндік береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]