Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
F_A_Fukin.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
18 Мб
Скачать
☆

3.23. Сур. Тегістеуге арналған машинаның жұмыстық аспаптарының конструкциялары.

Тегiстеу терiсiнiң сапасы матаның берiктiлiгiне, түрпiлi түйiршiктер мен желiмнiң сапасына байланысты. Мата неғұрлым берiк болса, соғұрлым терiнiң пайдалану мерзiмi ұзақ болады. Түйiрлер үгiтiлгендiктен және олардың майлануынан тегiстеу терiсi тез iстен шығады. Сондықтан матаны терi түрпiлi түйiршiктерiн көп мөлшерде жоғалтқанда тозатындай етiп таңдайды.

Желiм бетінің маңызы да зор. Түрпiлi бет матамен шел сүйек желiммен берiк желiмденуi керек. Желiмнiң матаға және түйiр­шiктерге адгезиясы жоғары болса, терiнiң сапасы да жақсы болады.

Көп жағдайларда беткi бетті екi-үш мәрте тегiстейдi. Бiрiншi дөрекi тегiстеу кезiнде, түйiршiктер 125- 32 болатын тегiстеу терiлермен материалдың үлкен бетын алып тастайды, екiншi рет тегiстегенде - түйiршiктерi 32-10 болатын терiлермен, ал үшiншi рет тегiстегенде (теп-тегiс бет алу үшiн) - түйiршiктерi 10 болатын терiлермен тегiстейдi.

Тегiстеу терiсi 1 (3.23 сур) бiлiкке, тығырыққа немесе қалпаққа кигiзiледi. Бiлiктiң жұмысшы беті қалыңдығы 18-20 мм болатын техникалық киiзбен қапталады. Бұл қалыңдық тығырықтың немесе бiлiктiң өз өсiмен айналғанда, кiшiгiрiм болса да ауытқуларын болдырмас үшiн қажет. Киiз астар қысымды таратушы болып табылады, оның болмауы бөлшектерде тырналған сызықтардың түзiлуiне алып келедi.

Аяқкиiм материалдарын алмаз құралдармен тегiстеу үрдісін зерттеу - тегiстеу кезiнде алынып тасталатын материал қалыңдығына тегiстеу жылдамдығының, жiберiп тұру жылдамдығының әсер етуiн орнатуға мүмкiндiк бердi.

Тегiстелген материал қалыңдығына тегiстеу жылдамдығының әсерiн зерттеу кезiнде, түйiршiгi 400/315 және 250/200, диаметрi 125 мм болатын алмаз құралмен тегiстегенде, тегiстеу жылдамдығы 19, 626- 40, 745 м/с етiп қабылданады. Б маркалы уақ тесікті қара резеңкенi 400/315 алмаз құралымен тегiстеу кезiнде, алынатын бет қалыңдығының тегiстеу жылдам­ды­ғына тәуелдiлiгi 3.24 суретте көр­сетiлген.

Алынатын бет t қалыңдығы мен тегiстеу жылдамдығы арасында сызықтық түрлі тәуелдiлiк бар.

3.24. Б маркалі уақ тесікті резеңкені тегістеу кезінді алынған беттің қалың-дығының t тегістеу шапшан­дығына м/с тәуелдігі: 1 - 0,167; 2 - 0,324; 3 - 0,417; 4 - 0,5; 5 - 0,583;

6 - 0,667.

Мұндай тәуелдiлiк алу туралы мәлiметтер 3.3 кестесiнде берiлген.

м/с

t, мм

( )2

( )

( )

19,626

24,532

31,729

40,745

116,632

0,26

0,44

0,67

0,99

2,36

-9,532

-4,626

2,571

11,586

90,899024

21,399876

6,610041

134,23539

253,0432

-0,33

-0,15

0,08

0,4

3,14556

0,6939

0,20568

4,6344

8,67954

Берiлген жағдай үшiн мына өрнек бар:

= =116,632/4=29,158

= =2,36/4=0,59

а=8,67954/253,10432= 0,034

бұдан t-0,59=0.034/ -29,158/,немесе t=0,034 -0,41

Қар2.19. сур. Аяқкиім астының бөлшектерін үйлестіру схемалары а былғары волонын тегiстеу кезiнде алынатын бет қалыңдығының жiберу жылдамдығы 0.447 м/с кезiндегi тегiстеу жылдамдығына математикалық тәуелдiлiгiн алу жөнiндегi мәлiметтер 3.4 кестесiнде берiлген.

м/с

t, мм

( )2

( )

( )

19,626

24,532

31,729

40,745

116,632

0,11

0,16

0,20

0,28

0,75

-9,532

-4,626

2,571

11,586

90,859024

21,399876

6,610041

134,23539

253,10432

-0,0775

-0,0275

0,0125

0,0925

0,73873

0,127215

0,0321375

1,071705

1,9697875

Әртүрлi тең жағдайларда түйiршiктердiң азаюымен тегiстеу кезiнде алынатын бет қалыңдығы да кемидi; жылдамдықтың өсуiмен ол да артады және математика жағынан тегiстеу жылдамдығының сызықтық функциясы болып табылады (У=АХ+В) әрi А коэффицентi тегiстелетiн материалдардың және алмаз құралының түйiршiктерiнiң физика-механикалық қасиеттерiне байланысты, бiрақ жiберу жылдамдығына байланысты болмайды. Ал В коэффицентi осы аталған жағдайлардың бәрiне байланысты.

Тегiстеу жылдамдығы тұрақты болғанда (3.25 а-сур), жiберу жылдамдығы кемiгенде, тегiстелген беттің қалыңдығы бiрден өседi, әрi ол тегiстеу жылдамдығын көбейтуге қарай артып отырады.

3.25. сур. Қара былғарылық валонды (а) және стиронипты (б) тегістеу кезінде алынған беттің қалындығының t , тегістеу шапшандығы ( м/с: 1 - 40,745; 2 - 24,532; 4 – 19,625) тең кезде бөлшектің Т қалындығы мен беру шапшандығына тәуелділігі.

Тегiстелген бет қалыңдығы және жiберу жылдамдығы арасында болатын аналитикалық байланысты көрсететiн тәуелдiлiк алынған: t=(A +B)/(C +D)

мұндағы А, Б, С, Д коэффиценттерi тегiстелетiн материалдар физика-механикалық қасиеттерiне және де тегiстеу жылдамдығына байланысты.

Тегiстеу жылдамдығы 24,532 м/с және түйiршiктi 400/315 болғандағы Б маркалы уақ тесікті қара резеңке қара былғары волон үшiн, А, В, С, Д коэффиценттерi мынадай:

А В С Д

Б маркалы ұсақ

саңылаулы қара резеңке - 1,47 518 12 5

Қара былғары волон - 0,45 0,52 3 1

Аяқкиiм асты полимер материалдарын алмаз құралымен тегiстеу кезiнде, алынатын бет қалыңдығына тегiстеу жылдамдығы мен жiберу жылдамдығы әсер етедi, әрi жылдамдықты көбейткенде, алынатын бет қалыңдығы кемидi, бұл тегiстейтiн түйiршiктер санының кемуiмен түсiндiрiледi. Тегiстеу барабаны мен жiберiп тұратын бiлiк арасындағы саңылау тұрақты кезiнде түрлi қалыңдықты материал алуға болады, әрi бұл шама тегiстелетiн материалдың физика-механикалық қасиеттерiне байланысты (3.25 б-сур).

Саңылау мен тегiстеу жылдамдығына аналитикалық тәуелдiлiгi табылған: ол мына формуламен өрнектеледi: t=AT+B

мұндағы Т-үлгiнiң қалыңдығы, мм. А және В коэффиценттерi тегiстелетiн материалдың физика-механикалық қасиетiне, жiберу және кесу жылдамдықтарына байланысты.

3.5 кестеде Б маркалы ұақ тесікті түрлi-түстi резеңкеден жасалған аяқкиiм асты бөлшектерiн тегiстеу кезiнде алынатын бет қалыңдығының түйiршiктiгi 400/315 алмаз барабаны және жiберiп тұрушы бiлiктiң арасындағы саңылау тұрақты кезiндегi олардың қалыңдығына математикалық тәуелдiлiгiн анықтаудың мәлiметтерi берiлген. Берiлген материал үшiн t=0,16T-0,92

Т, мм

T, мм

( )2

( )

( )

7,06

7,14

7,26

7,35

7,44

7,54

7,65

7,75

7,86

7,95

75

0,21

0,22

0,24

0,26

0,27

0,29

0,3

0,32

0,34

0,35

2,8

-0,44

-0,36

-0,24

-0,15

-0,06

0,04

0,15

0,25

0,36

0,45

0,1936

0,1296

0,0576

0,0225

0,0036

0,0016

0,0225

0,0625

0,1296

0,2025

0,8256

0,07

-0,06

-0,04

-0,02

-0,01

0,01

0,022

0,04

0,06

0,07

0,0308

0,0216

0,0096

0,0030

0,0006

0,0004

0,0030

0,0100

0,0216

0,0315

0,1321

Бұйымды жiберу жылдамдығы 0.1-0.3 м/с болғандықтан, тығырық пен бiлiк көмегiмен тегiстеу жылдамдығы 10- 25 м/с тең.

Ақырғы (жұқа етiп) тегiстеу үшiн, түйiршiктiгi 16-10 болатын тегiстеу терiлерi қолданылады. Бiр қатар себептер, мысалы, тегiстеу терiсiнiң тез тозуы, жиi ауыстырып тұру, бiлiк пен тығырықтың айналу жиiлiгiн арттыру - басқа тектi құралды iздеуге мәжбүр етедi, айталық тегiстеу доңғалақтарына көшуге.

Тегiстеу доңғалақтарын алу үшiн, түйiршiктердегi байланыстырушы материалдармен желiмдеп жапсырады, сондықтан олардың сапасы тек қана түйiршiктердiң қаттылығы мен өлшемiне емес, сонымен қатар байланыстыру тегiне де жетедi. Кең түрде тарағандары: керамикалық, бакелиттiк және вулканиттiк байланыстырғыштар.

Тегiстеу доңғалақтары резеңкенi өңдеудiң ең жақсы құралы екенiн тәжiрибелер көрсеттi. Олар тегiстеу терiсiне қарағанда, кесу қабiлетiн ұзағырақ сақтайды және майланбайды. Тегiстеу терiлерiн өтпестеніп, түйiршiктерi түсiп қалуы салдарынан, 6-8 жұп аяқкиiмнен кейiн алмастырып тұру керек.

Айналма жылдамдықтары үлкен болған кезде, доңғалақтың тозуы және оның майлануы кемиді, ал тегістеу сапасы жақсарады.

Керамикалық байланыстырғыштар доңғалақтармен резеңкені тегістеу кезінде, олардың беті кедір-бұдыр болады. Бакалитты байланыстырғышы бар доңғалақтар жақсы нәтиже береді.

Тегістеу доңғалақтарын уақ тесікті резеңкеден жасалған ұлтан қырларын тегістеу үшін кең қолданылады. Алғашында ұлтанды 8 тісті фрезамен жониды, сосын тегістейді. Алғашқы тегістеуді айналма жылдамдығы 12-15 м/с болатын бакалитты немесе керамикалық байланыстырғышы бар түйіршіктігі 25-20 болатын дооңғалақтармен орындау керек, ал ақырғы тегістеуді жылдамдығы 18-20 м/с болатын бакалитты немесе керамикалық байланыстырғышы бар түйіршіктігі 8-6 болатын дооңғалақтарымен орындалады. Өкшенің периметрі бойынша артық жерлерін /1-1,5 мм-ден жоғары/ 8 тісті фрезамен /айналу жиілігі 133-167 с-1 / жону қажет.

Майланған немесе дірілдейтін доңғалақтарды жұлдыз тәрізді шарошкалармен жониды / түзетеді/.

Ұлтан және нәлдерді өңдегенде /тегістегенде/ түйіршіктігі 25-12 болатын карборунд, кварц, шиша шаңдарының түйіршіктерімен қаныққан жұмсақ резеңкеден жасалған вулканидті доңгалақтарды қолдану жақсы нәтиже береді. Дооңғалақтар диаметрі 100-150 мм, жұмысшы беті ұлтанның шоғыр бөлігінің енінен 2-3 см үлкен болуы тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]