- •В.А. Фукин, а.Н. Калита былғары бұйымдарының технологиясы
- •Мазмұны
- •1. Былғары бұйымдар технологиясына кіріспе
- •Былғары бұйымдар жасау технологиясының анықтамасы
- •1.2. Технологиялық үрдістің схемасы
- •Сырттан келiп түсетiн ақпараттар тiзбегi.
- •Жүйеде қалыптасатын ақпараттар тiзбегi:
- •2. Материалдарды пішу кезіндегі бөлшектерді орныластыру, оларды пайдалануды нормаландыру.
- •2.1. Материалдарды пішу кезінде тиімді пайдалануды анықтайтын факторлар.
- •2.2. Сур. Ұлтандардың қимаүлгілерінің тура сызықты-үдемелі жайғастыру схемалары (а,б).
- •2.4. Сур. Пішілінетін материалдар және тіке бұрышты қимаүлгілердің өлшемдерінің еселі еместігінен пайда болатын шеттік қалдықтың схемалары.
- •2.5. Сур. Материалдың ұзындығы ауыспалы, ал ені тұрақты кездегі қимаүлгілер саны n1 және үйлесімдік коэффициенті р арасындағы байланыс диаграммасы.
- •2.8Сур. Материалдарды (б) пішу кезіндегі қимаүлгі аралық көпіршелердің (а) пайда болу схемалары Әртүрлі былғарыларға арналған е3 коэффициенті
- •Материалды пайдалануға жұмысшының мамандылығының тигізетін әсері.
- •2.2. Аяқкиімнің астына және үстіне арналған материалдың ауданын пайдаланылатын пайызын есептеу.
- •Әртүрлі конструкциялы дайындамалардағы үстіңгі бөлшектердің үлестік ауданы,%.
- •2.13. Сур. Матаның ұзындығы және ені бойынша қимаүлгілерді үйлестіруден пайда болатын сызықтық әсерлерді анықтау схемасы.
- •2.3. Негізгі материалдардың қажеттілік мөлшерлерін және шығын нормаларын анықтау.
- •2.4. Материалдарды пішу кезіндегі қимаүлгілерді орналастыру.
- •2.18. Сур. Аяқкиім үстінің бөлшекте-ріне мата негізді жасанды винилдық былғарыны /винилискожо–т/ пішу схемалары.
- •2.19. Сур. Аяқкиім астының бөлшектерін үйлестіру схемалары
- •2.23. Сур. Тура сызықты-бір ізді жүйе бойынша өкше сірілеріне көп бетті аяқ киімдік нитроискожа-т төсемдерін шабу схемалары
- •3. Материалды тiлу, кесіп өңдеу
- •3.1. Былғары бұйымдары бөлшектерiн шабу.
- •3.10. Сур. Пышақтардың кесетін шеттерінің қырын пішіні.
- •3.2 Материалды жылжымайтын пышаққа жiберу арқылы тiлу
- •3.3. Материалды жылжымалы пышаққа жiберiп кесу
- •3.16. Сур. Материалды (1) қозғалмары пышақпен (2) кесу схемалары.
- •3.18. Сур. Жұмыстық бұрыш (а) және кесу күшіне (б) кесу шапшаңдығының арақатысының әсерін сипаттайтын қисық сызықтар.
- •3. 4. Жону
- •3.21. Сур. Фрезерлеу күшінің Рф фрезаның айналу жиілігіне n тәуелдігінің қисық сызығы.
- •3.22. Сур. Фрезаның қырын пішіндерінің схемалары.
- •3.5. Тегiстеу
- •3.23. Сур. Тегістеуге арналған машинаның жұмыстық аспаптарының конструкциялары.
- •3. 6. Тікірейту
- •3.26. Сур. Металл щетка (а) және резеңкеге вулканданған шетканың (б) схемалары.
- •3.7 Материалды тербелмелі пышақпен кесу
- •4. Аяқкиімнің бөлшектері мен үстінің дайындамаларын дымқылдандыру және кептіру.
- •4.1. Аяқ киімнің үстінің дайындамаларын және бөлшектерін дымқылдандыру
- •4.4. Сур. Капиллярлы сору (а,б) және капиллярлы конденсация (в) механизмдерінің схемалары.
- •4.2. Сур. Былғарының ауданының s абсолюттік ылғалдығына тәуелдігі.
- •4.4. Сур. Капиллярлы уақ тесікті дененің термоылғалөткізгіштігі (а) мен бу және ауаның салыстырма термодиффузиясының (б) механизмдерінің схемалары.
- •Аяқкиім өндірісінде материалдарды дымқылдандыру.
- •4.5. Сур. Суға үлгіні қысқа мерзімге батырудан кейінгі былғарының қалындығы hk бойынша ылғалдың таралуының қисық сызықтары:
- •Аяқкиім үстінің дайындамаларын дымқылдандыруға арналған роторлы қондырғылардың техникалық сипаттамасы.
- •Аяқкиім үстінің дайындамаларын су тұманымен дымқылдандыруға арналған қондырғылардың техникалық сипаттамасы
- •4.2. Кептіру
- •Арс жартылай автоматының техникалық сипаттамасы
- •Тэрс-0 кептіргішінің техникалық сипаттамасы
- •5. Аяқкиім бөлшектерін және былғары галантерея бұйымдарын қалыптау
- •5.1. Аяқкиім үстінің дайындамасын қалыптау кезінде былғарының құрылымдық өзгерістері.
- •5.2. Иіп қалыптау
- •5.3. Созып қалыптау
- •5. 4. Аяқкиім үстінің дайындамасын қалыптаудың керіп -қаптау әдісі
- •Аяқкиім үстінің дайындамасын керу
- •Аяқкиім үстінің дайындамасын керу.
- •5.5. Аяқкиім дайындамасын керу және қаптау операцияларын қамтитын қалыптау тәсілдері
- •5.6. Аяқкиім үстінің дайындамасын параллель сыртқы. Ішкі және қайыстырылған тәсілдермен қалыптау
- •Сыртқы тәсіл
- •Қайыстырылған тәсіл
- •5.7. Үсті табиғи және синтетикалық былғарыдан жасалған аяқкиімнің қалыптұрақтылығына қалыптау тәртіптерінің әсер етуі
- •6. Бөлшектерді бекітудің механикалық әдістері
- •6.1. Аяқкиім үстінің бөшектерін бекіту
- •6.1. Сур. Екі жіптік ине шаншымын жасаудың схемасы.
- •6.3. Сур. Мест 22249-82 бойынша ұштың негізгі өлшемдерін және оның ұзын науаға қатысты орналасуларының схемасы.
- •6.2. Аяқкиім астының бөлшектерін жіппен бекіту әдістер.
- •Ұлтандарды сыртқы тігіс пен бекіту
- •Ұлтандарды бекітудің штифтті әдістері
- •Бұрандалы әдіс
- •6.4. Өкшелерді Бекіту
- •6.5 Былғары-галантереялық бұйымдарының бөлшектерін бекіту.
- •Қолданылған әдебиеттер
3.10. Сур. Пышақтардың кесетін шеттерінің қырын пішіні.
Аяқкиiмнiң үстінің бөлшектерiн сонымен қатар, биiктiгi мен қалыңдығы әртүрлi жiңiшке қабырғалы шапқылармен де шабады, оларды алдын-ала жылумен өңделген және жонылған жiңiшке болат тiлiмiнен даярлайды \3.10 г-сур\.
Еңбек өнiмдiлiгiн арттыру және материалды үнемдеу мақсатында, бiрiккен (екеу, үшеу), және алшақтатылған шапқылар қолданылады. Алшақтатылған шапқыларды қолдану қимаүлгіаралық көпiршелердi болдырмайды.
Қалдықтарды азайтып, еңбек өнiмдiлiгiн арттыру үшiн, сонымен қатар iрi көлемдi және қиыстырылған шапқылар қолданылады. Мұндай шапқыларды былғары галантерея өнеркәсiбiнде жасанды және тоқыма материалдарын пiшу үшiн қолданады.
Төсем қабаттарының шабу күшiне әсер етуi материалдардың физика-механикалық қасиеттерiмен және шапқы жүзiнiң орналасуымен анықталады. Шапқының көршiлес жүздерiнiң ара қашықтығын кемiткен кезде, қаттылығы жоғары материалдан бөлшектердi шабу күшi артады. Қабаттар санын 8-ден 12-ге арттыру, шабу күшiне елеулi әсер етпейдi \7\.
Төсемдегi материалдың қаттылығы мен қалыңдығына байланысты, шабу күшi 30-дан 75 н/мм-ге деиiн өзгередi.
Шабу үрдісінiң шамаларын есептеу әдiстемесi төсемдегi қабаттардың ең шеткi санын, престiң өнiмдiлiгiн немесе бөлшектiң бiр бумасын шабуға кететiн уақытты, қиыстырылған шапқының ең жоғарғы периметрiн анықтауды қарастырады.
Шамаларды мынадай тәртiппен есептейдi:
1) қиыстырылған шапқының максимальды периметрi
мұндағы: N-престiң ең жоғарғы күшi, Р - шабу күшi /тәжiрбелi түрде анықтайды немесе анықтамалықтан алады, жасанды былғары үшiн Р=30-70 кН/м/; К1 - шапқылардың өтпестенуін және олардың тiреу төсiне кiруiн ескеретiн коэффицент /К1=1,1-1,3/; К2 - шапқы пышақтарының бөлiгiндегi шабуға қосымша кедергiнi ескеретiн коэффицент /К3=1,1-1,35/.
2) Тиелетiн материалдың төсемiндегi қабаттардың максимал саны
мұндағы
h
-
шапқының пайдалы \жұмысшы\ биiктiгi ,
- шапқының төске ену тереңдiгi \
=0,5-1,5
мм, бұл төстiң сапасына, шапқының
өткiрлiгiне, престiң жұмыс iстеуiне
байланысты\;
- пiшiлетiн материалдың бiр бетінің
қалыңдығы; Кс - төсемнiң сығылу коэффициентi
\материалдың қаттылығына байланысты
Кс=1,1…1,3\.
3) престiң өнiмдiлiгi, бiр сменада бөлшектер бумасының шабылған саны ол бөлшектер бумалығына, пiшу технологиясына және еңбектi ұйымдастыруға байланысты:
а) бiр шапқымен бiр тектi өлшемдi бөлшектердi шабу кезiнде
П=ТсмZ/(tц.в + t ш.п +tвнц )
мұндағы: Тсм - смена ұзақтығы; tц.в,t ш.п, tвнц - тиiсiнше цикл уақыты, материалды адымдап жiберу уақыты және циклдан тыс шығындарға кететiн уақыт.
б) бiр тектi өлшемдi бөлшектердi топтастырылған шапқымен шабу кезiнде
П=ТсмZnp/(tц.в +tвнц )
мұндағы: nр - топастырылған шапқыдағы бөлшектер саны; tц.в - материалды адымдап жiберудi ескергендей шабу циклының уақыты.
tц.в= tу.р + t с.р +tс.к
мұндағы: tу.р, t с.р ,tс.к - тиiсiнше шапқыларды преске орнату және одан түсiру, пiшiмдердi
жинақтауға кететiн уақыт шығындары, оларды хронометраж әдiсiмен анықтайды.
мұндағы:
- тиiсiнше жiберiп тұру адымы, шапқының
енi, жiберiп тұру жылдамдығы және материал
енi.
tц.в= tп +tу.р + tв + t с.р +tс.к
мұндағы:
- материалды адымдап жiберуге кететiн
уақыт шығыны; tв
- шабу уақыты \машиналық уақыт\, ол престiң
паспортынан алынады.
в) материалдың бүкiл енiн алып тұратын қиыстырылған немесе өтпестелінген шапқымен бiр цикл iшiнде бөлшектердiң толық бумасын шабу кезiнде.
П=ТсмZ/(tц.в +tвнц )
г) жинақталмаған шапқылармен бөлшектердiң толық бумасын бiрнеше цикл iшiнде шабу кезiнде
П=ТсмZ/(tц.н nц+ tвнц )
мұндағы: tц.н - материалды жiберiп тұру уақытын ескере отырып, жинақталмаған шапқылармен шабу циклының уақыты, nц - жинақталмаған бөлшектердi толық шабуға қажет циклдар саны.
Егер де қиыстырылған шапқының Sp.c орталандырылған ауданы мен бөлшектер бумасының ауданы Sк.д белгiлi болса, онда келесi формуланы пайдалануға болады:
П=ТсмZSp.c/(tц.в +tвнц ) Sк.д
Егер орналастыру бөлшектердiң бiрнеше жинақтан тұрса, онда
П=ТсмZnк.д/(tц.н nц.p+ tвнц )
мұндағы: nк.д - орналастырылған бөлшектер жинағының саны; nц.p - бөлшектердiң бiр орналастырмасын пiшуге қажет циклдер саны.
4) бөлшектердi шабудың жоспарланған бағдарламасын орындау үшiн уақытқа қарай престi қосу \жүргiзу\
Т = ПкТсм/П
мұндағы: Пк - бөлшектер жинағының жоспарланған саны.
5) күшi Ку, траверсаның жұмысшы алаңы; Кп және жұмыс iстеу қарқыны Кт бойынша престi қосудың коэффицентi.
Ку=Nв/Nп; Кп=Ғр/Ғт; Кт=tм / tц.в
мұндағы: Nв - бiр цикл iшiнде бөлшектердi шабудың орташа күшi; Nп - престiң максималды күшi; Ғр - бiр цикл iшiнде бөлшектердi шабуда шапқылармен толық жайылап тұратын материалдың орталандырылған ауданы; Ғт – пресс траверсасының жұмысшы ауданы; tм- машиналық уақыт; tц.в - бөлшектердi шабу циклының уақыты.
Престi максимал қосқанда Ку және Кп коэффициенттерi теңеседi немесе бiрге жақын болады. Ерекше жағдайда әрқайсысы бiрге тең болады. Іс жүзiнде престi максимал қосу бiр, кейде екi көрсеткiш бойынша жүзеге асырылады. Кт коэффицентi әрқашанда кiшi, өйткенi негiзгi \шабу\ және қосалқы операцияларды уақытпен бiрлестiру мүмкiн емес.
Көп жағдайда шапқының арнайы қондырғысы немесе сайманы болады. Мысалы бөлшектердi бiрыңғай шауып, тесу үшiн шапқыларға тескiш орнатады. Аяқкиiм үстінің бөлшектерiн және былғары галантерея бұйымдарын дәл жинап, қарапайым ету үшiн, шапқылардың сызғаштары болады, олар шабу кезiнде бөлшектерде бақылау белгiлерiн, тiгiс сызықтарын және сән әрлеуiн қалдырады. Осы мақсатпен шапқыларға гофр жасайды, яғни белгiлi бiр жерлерi қайырылады, олар бөлшектердiң өлшемiнiң белгiсiн көрсетедi \3.11 сур\.
3.11. сур. Түйреуішті пышақтың схемасы. |
3.12. сур. Серпінді резеңке төлкелі пышақтар. |
Биiктiгi 98 мм болатын шапқылардың қорғаушы қалпақтары болуы керек, ол жұмысшының саусақтары шапқының желкесi мен пресс соқпасы мен арасында қалып қоймауын ескередi. Қалпақтарды қалыңдығы 16-20 мм болатын болат тiлiмiнен даярлайды. Оларды орналастырғанда қалпақтың төменгi шапқының кесу жиегiнен 90 мм биiктікте болуы керек.
Аяқкиiм астының бөлшектерiн металл төсте шабуға арналған шапқылардың электр оқшауланған жабыны \қабы\ және жанама серiппелерi болады. Қалыңдығы 5 мм-ден төмен болмайтын полиэтиленнен жасалған жабынды шапқының сыртқы бүйiр жағына қалпаққа дейiн толық жағады. Шапқының төменгi бөлiгi \15 мм биiктiкке дейiн\ жабынсыз болуы керек.
Аяқкиiм астының бөлшектерiн шабуда суық ию әдiсiмен өңделген У7 маркалы болат тiлiгiнен жасалған шапқыларды қолдану ыңғайлы. Шапқы тiлiмiнiң пiшiмiн жеңiлдету және оны күдiрiлген күйiнде өндiрiске жiберiп тұру, шапқыларды қол операцияларымен даярлауды механикаландыруға, еңбек өнiмдiлiгiн арттыруға жұмыс жағдайын жақсартуға мүмкiндiк бередi, өйткенi шапқылардың салмағы 30-40 пайызға кемiген.
Былғарының беткi бетіне зақым келтiрмеу үшiн және бөлшектердi итерiп шығару үшiн, шапқының резеңке төлкесі болады \3.12 сур\.
Шапқыларға мынадай талаптар қойылады:
- жүзi үшкiр, өткiр болуы керек, кетiк, қабыршықтары, сынған, майысқан жерлерi болмауы керек;
- тексеру төсiнде тексергенде, шапқының кесу үшы мен төстiң арасы 0.1 мм-ден көп болмауы керек;
- металл төсте шапқан кезде, шапқының желке жазықтығы мен жүзi жазықтығының параллельдiгiнiң ауытқуы 0.15 мм және металл емес төстер мен жаңғырықта шапқанда 0.3 мм болуы керек;
- металл емес төстерде шапқанда, жинақтағы шапқылардың биiктiгi бойынша айырмасы 0.5 мм-ден көп болмауы тиiс;
- оқшалау қабығы жоқ металл төстерде былғарыларды шапқанда, шапқы жүзiнiң бүкiл периметр бойынша өтпестенуі 0.2-0.3 мм-дей бiркелкi болуы тиiс;
- шапқының сыртқы бүйiр бетiнде, желкесiнен 2-3 мм қашықтықта аяқкиiмнiң өлшемiн, сұлбасын бiлдiретiн цифрлы және әрiптi таңбалары болуы керек.
Жұмыс алдында биiктiгi бойынша әр шапқының параметрлерiн тексеру қажет. Шапқылардың зақымданудан қорғау қажет, оларды металлдың үстiне қоюға және бiрiнiң үстiне бiрiн қоюға болмайды. Жұмыс алдында шапқының кесу жиегiн жүйелi түрде және мұқият тексерiп тұру қажет, өйткенi оның енi 0.1 мм-ден 0.5 мм-ге артқанда, кесу күшi үш есеге дейiн өседi.
Шапқыларды арнайы қоймаларда сақтайды. Престердi және шабылғы төстердi дұрыс пайдалану- шапқылардың iске асу ұзақтығын арттырады.
Аяқкиiм асты мен үстін металдан, пластмассадан, ағаштан және картоннан жасалған жаңғырықтарда немесе шабылғы төстерде шабады.
Шабылғы діңгектерді ағаштың қатты тұқымдарынан - шамшат, емен және қызыл қайыңнан даярлайды/3.13 сур/.
3.13. сур. Әртүрлі материалдардан жасалған шабу діңгектер.
Ағаштан жасалған діңгектерді /3.13 а-сур/ жарылып кетпеуi үшiн, периметрi бойынша металл тiлiктермен, құрсаулармен тартып қояды.
Ағаш діңгектерінде дұрыс жұмыс iстеудiң негiзгi шарты - соқпаның және діңгектің жұмысшы жазықтарының параллелдiгi, сондықтан діңгектің жұмысшы беті жақсы жатуы тиiс. Бұл беттердің параллель болмауы 500 мм ұзындығының 1 мм-ден аспауы қажет. Жоғары параллель болмаушылық пресс пен шапқылардың iстен шығуына әкелiп соғады.
Діңгек тозбауы үшiн, оның жұмысшы бетін минерал маймен жиi майлап тұру керек, бұл оның талшықтарының созылмалы болуына ықпал жасайды.
Ағаштан жасалған діңгектерді жөндеу үшiн беткi беттерін фрезерлеп, жонып тұру керек және металл тiлiктерiндегi гайкаларды тартып қою қажет.
Картоннан жасалған шабылғы діңгектерін арнайы картонның тiлiмдерiн алдын - ала нығыздап желiмдеп жинайды/ 3.13 б-сур/.
Картонның тiлiмдерiн оймасы бар металл таяқшаларда жинайды. Картоннан жасалған діңгектердің өлшемi ағаштан жасалған діңгектердің өлшемiндей болуы тиiс.
Шабылғы тұғырықтарын пластиктен ТЛК-Э этилцеллюлоза термопластикалық пiшiнге құю арқылы немесе винил шайыры негiзiндегi қоспалардан нығыздау арқылы жасайды.
ПВГ-18-2-0 престерi үшiн шабылғы тұғырықтарын ТЛК-Э қоспаларын құйып жасайды /3.13 в-сур/. ПВГ-8, ПВ-10, ПВ-17, 06004/Р1, 06005/Р3 престерi үшiн көлемi үлкен емес тұғырықтарды винил шайыры негiзiндегi қоспалардан нығыздау арқылы даярлайды /3.13 г-сур/. Тұғырықтардың өлшемдерi 500*350*30 мм.
Бiрақ төстердiң сапаларының нашарлығы, олардың тез тозуына әкелiп соғады, бұл оның қолданылуын шектеп, пайдалану тиiмдiлiгiн кемiтедi, iс жүзiнде төстiң тозуын емес, оның тозуға төзiмдiлiгiн өлшеген ыңғайлы.
Тозу төзiмдiлiгi төстiң әбден тозып бiту уақытымен сипатталады, ол кезде шабуды жүргiзу тиiмсiз.
«Поливинилхлоридты пiшу төстер» ТЖ 1205-74 бойынша төстiң сапа көрсеткiшi - ТИР құралымен өлшенген қатаңдық саналады. Зерттеулер қатаңдық кiшi аумақта /90-нан 100-ге дейiнгi бiрлiкте / өзгерiп отыратын және тұрақты шамаға жақын болатын шама екенiн көрсеттi. Бiрақ бұл шығарылатын төстердiң сапасын /төзутөзiмдiлiгiн/ сипаттамайды.
Ұсынылып отырған сапаның белгiсi төс қатаңдығын НВ /Бринель бойынша/ шариктi берiлген күшпен төске батырып анықтауға негiзделген /8,9/. Осы белгiмен әртүрлi сериялы және әртүрлi зауыт-тардың төстерiнiң сапасы анықталады. Нәтижеде сапа мен төстiң iске жарау мерзiмi арасындағы өзара байланыс орнатылған. Бұл төстiң сапасын даярлау кезiнде бағалауға және де төстiң тозуға төзiмдiлiгiн жорамалдауға мүмкiндiк бередi. Төстердiң НВ қатандығын арттыру тозу төзiмдiлiгiн арттыру әкелiп соғады /қатаңдық деп - тұрақты күштi күш түсiргеннен кейiн 8 минут уақыттан кейiн пайда болатын индентар - шариктiң iзiнiң ауданына бөлгеннен кейiн шығатын бөлiндiнi айтады/.
ПВХ- төстерiн зерттеу негiзiнде олардың тозу төзiмдiлiгiн өлшеу әдiсi ұсынылған.
Тозу төзiмдiлiгiн екi жағдайдың әрекеттесуiмен түсiндiруге болады: шапқының төстi соғу санымен және шапқылардың периметрлерiнiң қосындысымен. Төстердiң жарау мерзiмiн, яғни тозу төзiмдiлiгiн цехтың жұмысшы сменаларында өлшеуге болады. Бiрақ бұл белгi нақты тозу төзiмдiлiктi толық көрсетпейдi, өйткенi бiр сменада шабылатын бөлшектер саны жүзден алты мыңға дейiн жетедi. Демек, тозу төзiмдiлiгi жоғары деген төстер сапасыздар тобында және керiсiнше болып қалуы мүмкiн. Тозу төзiмдiлiгiнiң өлшем бiрлiгi ретiнде шартты сменаны алуға болады, яғни орташа периметрлi /0.46 м/шапқымен төс бойынща 3000 соққы ұратын уақыт. Берiлген көрсеткiш төстердiң қолайлы сипаттамасын таңдау мақсатында, тозу төзiмдiлiгiне әртүрлi жағдайлардың әсер етуiн зерттеуге мүмкiндiк бередi /төстердiң физика-механикалық қасиеттерi мен геометриялық сипаттамалары, былғарылардың физика-механикалық қасиеттерi, шапқы жүзiнiң жапырылуы және шапқының төске ену тереңдiгi/.
Металл төстерiн С418-36 маркалы шойыннан құйып жасайды. Мұндай төстердiң жұмысшы бетiнiң төзiмдiлiгiн арттыру үшiн, оларды НР 40-50 /Роквелл бойынша/ қатаңдығына дейiн жылумен өңделген, қалыңдығы 12- 20 мм болат жапсырмаларын қаптайды. ПВГ- 8- 2- 0 престерi үшiн мұндай төстердiң көлемi- 500*3503*60 мм болады.
Жапырылған шапқылармен металл төстерде шабудың металлемес жаңғырықтарда шабудан айырмашылығы - шабылған бөлшектер сапасы жоғары болады, шапқылардың төске тiрелiп қалуы болмайды және биiктiгi әртүрлi шапқыларды пайдалануға болады.
Өндiрiсте оқшаулау қабығы бар АЛ-9 алюминий төстерi де қолданылады. Бетiне латекс жағылған матаны төске жапсырады. Шапқанда өткiр жұқа қабырғалы шапқыларды пайдаланады. Шапқы жүзi материалды шаба отырып, қабықты да шабады, мұнысымен ол бөлшектi бүкiл нұсқасы бойынша шабуды қамтиды.
Шабу престерiнде жұмыс iстеген кезде, еңбек қауiпсiздiгiн сақтау керек. Шабу пресiнде жұмыс iстегенде, шабылғы төсiне бөгде заттарды қоюға, пiшiнi бұзылған шапқыларды пайдалануға, соқпақты толық орналастырмай престi iске қосуға, дұрыс iстемейтiн белгi беру аппаратурасымен жұмыс iстеуге, су жетегiнiң қоршауынсыз жұмыс iстеуге, дұрыс орнатылмаған төспен жұмыс iстеуге, дұрыс iстемейтiн электр жабдығымен жұмыс істеуге болмайды.
Пресс жұмысындағы ақаулықты байқағанда, дереу оны сөндiрiп, ұстаны шақыру керек. Престер таза болуы тиiс. Машинаны және оның айналасын әр сменаның аяғында тазалап тұру қажет. Жағар майларын престiң айналасына төгуге болмайды. Престi iстеп тұрған электр жетегiмен қараусыз қалдыруға болмайды.
Жеңiл, тоқыма машинасының ғылыми зерттеу институтында бағдарламаны басқару бар ЛУРМ- 1600 қондырғысы даярланған.
Қондырғының орам материалын автоматты түрде жiберiп тұратын және пiшiлген бөлшектердi жинақ столына түсiрiп отыратын пневматикалық түсiргiш құралдары бар.
ЛУРМ-1600 қондырғысының техникалық сипаттамасы.
Өңделетiн материалдардың ең жоғары өлшемдерi, мм 1300*1600
Алып жататын өндiрiс алаңы, м2 50
Қолданылатын қуаты, кВт 10
Кесудiң сызықты жылдамдығы, м/с 0.4
Координата бойынша қадамы, мм 0.1
СББ құрылғысының түрi Н-22-IМ/Н-33/
Жiберiп тұру жетегiнiң түрi Э-32-Г-18-23
Бағдарлама жасау коды 1 және 0
Интерполяция түрi сызықтық- шеңберлi
Пiшiлген материалдардың дәлдiгi, мм 1
Лазер саулесi толқынының ұзындығы, мкм 10.6
Оратылған қуаты 35.5
Технологиялық бұйрықтар саны 20-ға жуық
Кiрiс ақпаратын енгiзу. Байланыс каналымен немесе 8 жолды перфолентамен/тесiк таспамен/
Айналмалы тоқтың үш фазалы желiсiнен
қоректену кернеуi, В 380
көлемi 1120*5400*1800
салмағы, кг 4500
ЛУРМ-1600 қондырғысында жеңiл өнеркәсiбiнде қолданылатын барлық материалдардың түрлерiн пiшуге болады. Синтетикалық материалдар бөлшектерiнiң шеттерi балқиды. Пiшiлген бөлшектердiң анық нұсқалары бұйымдарды автоматты түрде жинауға мүмкiндiк бередi. Қондырғыны оңай деформацияланатын материалдарды пiшудi пайдаланған тиiмдi.
АҚШ-тың «Хьюдж Эйркрафт» фирмасы материалдарды пiшетiн, бағдарламалы басқару бар лазер қондырғыларын шығарады. Олардың кесу жылдамдығы және дәл кесу өте жоғары.
АҚШ-тың «Камско», «Гербер» және «Лектра» фирмалары жүйелер дайындаған. Олардың бағдарламалы қамтамасыз ету көмегiмен, бөлшектердiң негiзгi қимаүлгілерін жаппай көбейтеді де, сосын бәрып қатты қағаздан жасалған қимаүлгілерді қуаты 50 Вт болатын лазермен ояды. Алғашында бұл жүйелер тiгiн өнерекәсiбiне ұсынылған.
Аяқкиiм өнеркәсiбiнде қимаүлгілерді даярлау үшiн, «Лектра» фирмасы алғаш қуаты 160 Вт болатын лазерлердi қолданса, қазiр олардың қуаты 400 Вт дейiн жетедi (Е=24 машинасы).
Жазық және орам материалдарын пiшу кезiнде, қимаүлгілерді автоматты түрде орналастыратын, бағдарламалы қамтамасыз етуi бар пiшу машиналарын пайдаланады. Пiшiлетiн материалдың пiшiнi жөнiндегi ақпарат цифр түрiнде енгiзiледi.
1976- 1980 жылдары «Хьюджи Эйркрафт» (АҚШ) және «Бидген» (Франция) фирмалары ЭЕМ көмегiмен таза былғарыны пiшуге арналған жүйелердi ұсынды. Жүйеде мынадай жұмыс кешенi жүргiзiлуi тиiс:
а) негiзгi модель қимаүлгілерінің өлшемдерiн цифр түрiнде жазу;
б) пiшушi пiшiлетiн материалды қарап шығып, ақауларын және пiшуге әсер ететiн басқа да ерекшелiктерiн белгiлейдi;
в) пiшiлетiн материалдың контурлары және ақау бөлiктерi туралы цифрлы ақпарат енгiзiледi;
г) бөлшектердi адамның машинамен диалог және автоматты режимiнде орналастыру.
Диалог режимiнде орталық процессормен байланысқан экранның жоғарғы бөлiгiнде - қимаүлгінің суретi (бейнесi), ал төменгi бөлiгiнде- былғарының контуры мен сипаттамасы көрсетiледi. Оператор қимаүлгілерді орналастырады. Орналастырылатын қимаүлгілер саны (бұл сан бағдарламаланған) экранда белгiленедi. Кез - келген мезетте оператор орналастыруға қанша қимаүлгі қалғанын бiлiп отырады. Егер де материалды пайдаланудың пайдалы пайызды жеткiлiксiз болса, мұны ЭЕМ хабарлап отырады, онда оператор орналастыру жоспарын өзгерте алады. Егер оператор қимаүлгілердің орналасуымен қанағаттанса, пiшудi жүйенiң пiшу столында басқару үшiн, процессор ақпаратты цифрлы ақпаратқа айналдырады. Процессор пiшу столына келiп түсетiн былғарыларды таңдап алады.
д) қуаты 500Вт болатын лазермен пiшу. Сәуленi фокустайтын саңлаудың орын ауыстырылуы процессордың бұйрығымен орындалады, ал ол өз кезегiнде бас процессормен басқарылады. Былғарылар пiшу столына қолмен орналастырылып, пiшiлген бөлшектер қолмен түсiрiледi.
Бiрақ бұл жүйелер кең қолданылмайды, себебi бағдарламалық қамтамасыз етiлуi күрделi, өңделетiн ақпарат көлемi үлкен, есептеуге уақыт көп кетедi және машинаның өнiмдiлiгi жоғары емес.
1983 жылы Парижде «Анвер» (Франция) фирмасы автоматты түрде пiшетiн машинаны көрсеттi. Бұл машина өлшемi 1500*2500 мм болатын столдан («Лимож пресизьон» фирмасы) және қуаттылығы 1000 Вт болатын лазерден («Силаз» фирмасы) тұрады.
Материалды су ағынымен пiшуге арналған қондырғыларда ЭЕМ пайдаланылады. Мысалы, АҚШ-та мұндай жүйенiң екi түрi қолданылады: «Камско» және «Мак Картни» фирмалары шығарған қондырғылар, «Камско» фирмасының жүйесi- пiшiлетiн бөлшек контурын электронды-шырақ индикатор арқылы оптикалық қадағалап отыруға негiзделген. Бiрақ жүйенiң өжiмдiлiгiнiң төмендiлiгi оны кең қолдануға мүмкіндік бермейдi. «Мак Картни» фирмасының жүйесi кең қолдау тапты. Пiшу алдын - ала өңделiнген бағдарлама бойынша жасалынады. Су 210 МПа қысыммен диаметрi 0.25 мм саңлау арқылы, пiшiлетiн материалдан 2 см қашықтықта шашыратылады. Су ағынының орын ауыстыру жылдамдығы 0.5-1 м/с.
Пiшудiң бұл технологиясының тиiмдiлiгiн зерттеу – материалды 5 пайыз үнемдеп, үш жартылай автоматты шабылғы престерiн алмастыруға болатынын көрсеттi.
«Алтон бокс боард Ко» фирмасы (АҚШ) пiшу үшiн, полимер қосылған суды пайдаланды.
«Сатра» (Ұлыбритания) ғылыми-зерттеу ассоциясы үш пiшу құралы бар сумен пiшетiн жүйенi зерттейдi. Бұл жүйенiң өнiмдiлiгi- сағатына 5 мың сыңар бөлшек.
Материалдың плазма (аргон газы), қыздырылған сым көмегiмен, инемен тесу арқылы және электроэрозия көмегiмен пiшу бойынша зерттеу жұмыстары жүргiзiлiп отыр.
