Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
F_A_Fukin.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
18 Мб
Скачать
☆

Материалды пайдалануға жұмысшының мамандылығының тигізетін әсері.

Былғарыны пішудің қиыншылықтары бөлшектердің әртүрлілігі және күрделі пішін үйлесімі мен, былғарыны телімінің қасиеттері бірқалыпты еместігінен ақаулардың орналасулары және санының белгісіздігі мен түсіндіріледі. Жұмысшы көрсетілген факторларды ескере отырып, пішу жоспарын жасауы және оны мүмкінше жылдам орындауы қажет. Бұл жұмысты жақсы орындау үшін пішуші жоғары мамандылықты болуы тиіс. Пішушінің мамандылықтылығы жоғарлаған сайын материалды пайдалану коэффициенті үлкейеді, еңбектің өнімділігі өседі және пішілген бөлшектердің сапасы жақсарады.

Пішушінің мамандылықтылығы 2.16-2.24 теңдіктерде қалай бейнеленеді? Жоғарыда көрсетілгендей, барлық эмпиризмдік теңдіктерде өзара функционалдық байланысты білдірмейтін және дәлме-дәлдік аналитикалық бейнелеуге бағынбайтын пішу факторларының әсерін ескеретін коэффициенттер бар. Коэффициенттердің мөлшерлері бөлшектер және материалдардың пішін үйлесіміне, материалдар қасиеттеріне, оған қоса жұмысшының мамандылықтығына тәуелді. Неғұрлым коэффициент төмен болған сайын, соғұрлым жұмысшының мамандылықтылығы жоғары болады, сондықтан материалды пайдалану коэффициенті биік болады.

Аяқкиім астына арналған былғарыларды шабуға арналған зерттеулер жұмысшының материалды аудан бойынша пайдалану дәрежесіне тигізетін әсері нормальды таралу заңына бағынады екенін көрсетті. Бұл шабушының мамандықтылығын былғарыны орта пайдалану пайызы және орта шаршы ауытқу мен бағалауға мүмкіндік берді. Шабушының мамандылықтығын басқа көрсеткіштер: шеттік қалдық, қимаүлгіаралық көпірлерге қатысты қалдықтар мөлшерлері мен, жүйелі пішу кезіндегі қабылданған бөлшектердің өстерінің бағыттарының қабылданғандан бұрыштың ауытқулары арқылы бағалауға болады.

2.2. Аяқкиімнің астына және үстіне арналған материалдың ауданын пайдаланылатын пайызын есептеу.

Жоғарыда айтылғандар негізінде материалдың ауданын пайдалану пайызын анықтауға арналған келесі жалпы байланыстыққа келеміз.

P ═ 100 - Oм.н. - Ом.д – Ок - Ом.д.с - Ом.м (2.26)

(2.12) теңдіктен мына шығады.

═ 100 - Ом.м

Формулаға қалдықтардың мәндерін еңгізіп материалдың ауданының пайдалану пайызын есептеуге арналған теңдікті аламыз:

P ═ - (Оn + Ом.д) - Ом.д.с - Ом.м

Аяқкиім үстіне арналған былғарының ауданын пайдалану көрсеткішін есептеуге арналған келесі теңдік алынған:

Р═ - (2.27)

Бөлшектер жинағаның арналған аудан факторын жинақтың бір бөлшегінің орта өлшемді ауданына сүйене отырып мына формула бойынша анықтайды:

═ ак/n1

мұндағы ак – жинақ бөлшектерінің таза ауданы; n - жинақтағы бөлшектер саны.

Аяқкиім үсті және астарына арналған былғарылардың ауданын пайдалану көрсеткішін анықтауға Э.М. Титова және Г. А Мороходов {2} жаңа теңдікті ұсынды.

Р═УЭ - Ок (2.28)

мұндағы Уэ - аяқкиім үстінің екі жинақ бөлшектерінің эксперименталдық үйлесімдігі, %; Ок- шеттік қалдықтар ,%

Эксперименталдық үйлесімдікті анықтау үшін аяқ киім үстінің бөлшектерінің екі біріктірілген жинағының эксперименталдық модельдік шкаласын салады. Эксперименталдық модельдік шкала шеткі бөлшектер контурлары мен шектеседі. Аяқкиім үстінің бөлшектерінің екі жинағының эксперименталдық үйлесімділігін мына теңдік бойынша анықтайды.

,

мұндағы – жинақ бөлшектерінің ауданы, Мә - аяқкиім үстінің екі біріктірілген жинағының бөлшектерін қоса алған эксперименталдық модельдік шкаланың ауданы, дм2. Шеттік қалдықтарды мына теңдік бойынша анықтайды.

Ок = 11,8 - 0,105А + 7,4ам.д + 0,7ам - 0,0237А ам.д. - 2,5 ам.д.ам + 0,0004А2 + ам

мұндағы А - былғары ауданы, дм2; ам.д. - жинақтың маңыздылығы төмендеу бір бөлшегінің орта ауданы, дм2; ам - жинақтағы майда бөлшектер ауданы, дм2.

Тәжірибелік пішу кезіндегі былғарыны пайдаланудың есептік және факттік көрсеткіштерінің өзара өте жоғары келісушілігін (2.28) теңдік (2.27) теңдік пен салыстырғанда нақтылау қамтиды.

Аяқкиім үстіне арналған былғары ауданын пайдалану көрсеткішін есептеуге арналған М.Л. Шусторович ұсынған (2.27) теңдік бойынша астарлық былғары аудандарының пайдалану көрсеткішін анықтау фактілік мәліметтердің дәлдігін толық сипаттамайды. Оны Т.Ж. Ревишвили тауып көрсеткен. Астарлық былғары аудандарын пайдалану көрсеткішін есептеуге Ж.Т. Ревишвили келесі теңдікті ұсынды:

мұндағы: - жинақ бөлшектердің жауапты бөлшектерінен орта өлшемді үйлесімдігі, %; ам - жинақтағы майда бөлшектер ауданы, дм2; 0 - жинақтың бір жауапты бөлшегінің орта өлшемді ауданы, дм2; ∑Q - былғары астар бөлшектерінде мүмкіндік берілмейтін барлық ақаулар ауданы, %; К - былғарының бір дм2 ақаулар саны.

Жинақ бөлшектерінің жалпы ауданының ішіндегі майда бөлшектер ауданының үлесін келесі теңдік бойынша есептейді.

mм═∑ам/ ак

Аяқкиім үстіне арналған былғарылардың ауданын пайдалану пайызын жоғарлату үшін оларды екі әртүрлі жинақ бөлшектеріне пішу қажет, БӨҒЗИ мәліметтері бойынша бір модельдің екі өлшем бөлшектерін немесе бір өлшемді екі модельдің бөлшектерін пішуге қарағанда тек қана бір модельдің бір өлшемді бөлшектерін пішу 1-2,5 % кем пайдалы. Негізгі қимаүлгілерге басқа талаптар қойылатын өлшемдері және пішін үйлесімдері басқа бөлшектер қимаүлгілерін қосу қалдықтарды азайтады, былғарылардың ауданын пайдалану пайызын жоғарлатады.

Бір жас-жыныс топ ішіндегі үлкен және кіші өлшемді бөлшектерінің жинақтарын қайыстыру мен қатар екі жас-жыныстық және басқа аяқ киім топтарының ішінде қайыстырған жөн.

Мысалы, ерлердікі мен ересек балалардікін, әйелдер мен мектеп жасындағы балалар және қыздардікін және т.б.

Аяқкиім өндіру және пайдалану үрдісінде үстіңгі бөлшектер әртүрлі әсерлер астына түседі, сондықтан жинақтың жауапты бөлшектерін (тұмсық, жұлық, бастар) былғарының орталық бөлігінен, ал жауаптығы төмендеулері (өкшелік, қоныш және т.б) - шеткі бөліктерден пішіледі. Төменде әртүрлі конструкциялы аяқ киім үстінің дайындамаларындағы жауапты және жауаптығы төмендеу бөлшектерінің үлестік аудандары келтірілген. Бұл мәліметтер бойынша үстіңгі дайындамалардың конструкцияларына және түріне байланысты жинақтың жауапты бөлшектерінің үлестік ауданы 20-85 % құрайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]