Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
F_A_Fukin.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
18 Мб
Скачать
☆

3.3. Материалды жылжымалы пышаққа жiберiп кесу

Салыстырмалы аса қатаң емес материалдарды (табиғи және жасанды былғарыларды, аяқкиiм үсті үшiн маталарды, т.б.) тiлу жылжымалы пышағы бар машиналардың көмегiмен атқарылады. Бұларға пышақтары таспа (3.16 а-сур), тiлiм (3.16 б-сур) және дөңгелек (3.16 в-сур) тәрiздес пiшу машиналары жатады.

3.16. Сур. Материалды (1) қозғалмары пышақпен (2) кесу схемалары.

Бөлшектердi тiлуге арналған пышақтары таспа тәрiздес машиналарды жылжымайтындай етiп орналастырылады. Ал пышақтары тiлiм және дөңгелек болып келетiн машиналар жылжымалы болып келедi және олар төсемдердi тiлу, сонымен қатар бiрнеше қосалқы операцияларды орындау үшiн қолданылады.

Материалды 1 жылжымалы пышақпен 2 кесу аралап кесуге жатады, бұл материалды жоғары жылдамдықпен пышаққа жiберу кезiнде, таза кесiк алуға мүмкiндiк бередi. Бұл кесудiң жұмыс бұрышы пышақ жүзiнiң конструктивтi бұрышынан кем болуымен түсiндiрiледi.

жылдамдықпен материалды пышаққа жiберу кезiнде және уақыт iшiнде жылдамдықпен пышақтың жылжуы кезiнде мате­риалдың А нүктесi пышақпен салыстырғанда, В1 нүктесiне ауысады /3.17 сур/.

3.17. сур. Жұмыстық кесу бұрышын « » анықтау схемасы.

Бұл кезде және , яғни бұйымды жiберу жылдамдығы және пышақтың жылдамдығы тұрақты кезiнде, бұрышы өскен сайын, кесу бұрышы кеми түседi.

деп белгiлесек, онда болады.

Бұл өрнектен, материалды жiберу жылдамдығымен салыстырғанда пышақтың жылдамдығы артқан сайын, кесу бұрышы кемидi. K<20 кезiнде, кесу бұрышының көп өзгергенiн байқаймыз /3.18 а- сур/.

3.18. Сур. Жұмыстық бұрыш (а) және кесу күшіне (б) кесу шапшаң­дығының арақа­тысының әсерін сипаттайтын қисық сызықтар.

Қолайлы бұрышын материалдың таза кесiлуiне байланысты таңдайды. Егер пыщақтың жылдамдығын арттырсақ, онда өңдеу­дiң сапасын нашарлатпай, материалды пышаққа жiберу жылдамдығын арттыруға болады, бұл машинаның өнiмдiлiгiн арттырады.

Кесудiң қорытынды Рр күшi кесу жылдамдығының бағытымен сай келедi, және К өскен кезде, ол күш кемидi, өйткенi кесу бұрышы кемидi.

Кесудiң қорытынды күшiнiң құрамалары ; мәнiн қойып, мынаны аламыз:

К ұлғайған сайын, Р1 күшi -ның кемуiнен де қарқынды кемидi, ал Р2 күшi алғаш артады да, кейiн кемидi.

Демек, материалды жылжымалы пышаққа жiберу арқылы кесудегi кесу күшi, материалды жылжымайтын пышаққа жiберу арқылы кесудегi кесу күшiмен салыстырғанда кемидi және бағытын өзгертедi; ол бағыт материалды жiберу бағытына перпендикуляр орналасады, сол себептi материалды жiберу кезiндегi иiлу күштерi жоғалады. Кесу күшi кесiлетiн материалдың пышақ жүзiмен түйiсетiн кiшкене бөлiгiне әсер етедi. Үлкен жылдамдықпен түскен салмақтан, аталған материалдың бөлiгi серпiмдi дене тәрiздi жұмыс iстейдi, бұл жоғары полимерлi материалға тән қасиет.

Кейде тамаша өткiрленген пышақтардың жүзi тегiс болмай, қабыршақты болып келедi, сондықтан материалды кескен кезде, араның тiстерi тәрiздi әсер етедi де, кейбiр талшықтарын айырып жiбередi. Сондықтан жылжымалы пышаққа кесу машиналармен тек қана аса қатаң емес материалды кесу қажет. РЛ-1 таспалы машинаның столы бар, соның үстiне материалды орналастырып, қолмен таспалы пышаққа жылжытады. Шексiз таспалы пышақты қалыңдығы 0.5 мм енi 10 мм У8А маркалы болаттың тiлiмiнен ұштарын пiсiру арқылы дайындайды. Пышақтың жүзiнiң бұрышы 200, ал жылдамдығы .

Олай болса, кезiнде, болады.

Юфть пен хром былғарыларының бөлшектерiн екiге тiлуге арналған машиналардың шексiз таспалы пышағының қалыңдығы 0.8 мм және ені 60 мм, ал пышағының жүзiнiң бұрышы 140, жылдамдығы

Жiберу жылдамдығы 0.12-0.14 м/с болғанда, болады. Бөлшектердiң шеттерiн сындыруға арналған 04211/Р6, 01146/Р5 машиналарының пышағы тостаған тәрiздi. Жеңiл тектi машиналардың пышағының айналма жылдамдығы =6...8 м/с. Жiберу жылдамдығы =1 м/с кезiнде, м/с болады.

Жылжымалы пышағы бар машинада жұмыс iстеу қауiпсiз болу үшiн, жұмыс уақытында қалқандар мен қозғалтқыш белдiктердi алып тастауға, машинаны тазалауға, жөндеуге, реттеуге тиым салынады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]