- •В.А. Фукин, а.Н. Калита былғары бұйымдарының технологиясы
- •Мазмұны
- •1. Былғары бұйымдар технологиясына кіріспе
- •Былғары бұйымдар жасау технологиясының анықтамасы
- •1.2. Технологиялық үрдістің схемасы
- •Сырттан келiп түсетiн ақпараттар тiзбегi.
- •Жүйеде қалыптасатын ақпараттар тiзбегi:
- •2. Материалдарды пішу кезіндегі бөлшектерді орныластыру, оларды пайдалануды нормаландыру.
- •2.1. Материалдарды пішу кезінде тиімді пайдалануды анықтайтын факторлар.
- •2.2. Сур. Ұлтандардың қимаүлгілерінің тура сызықты-үдемелі жайғастыру схемалары (а,б).
- •2.4. Сур. Пішілінетін материалдар және тіке бұрышты қимаүлгілердің өлшемдерінің еселі еместігінен пайда болатын шеттік қалдықтың схемалары.
- •2.5. Сур. Материалдың ұзындығы ауыспалы, ал ені тұрақты кездегі қимаүлгілер саны n1 және үйлесімдік коэффициенті р арасындағы байланыс диаграммасы.
- •2.8Сур. Материалдарды (б) пішу кезіндегі қимаүлгі аралық көпіршелердің (а) пайда болу схемалары Әртүрлі былғарыларға арналған е3 коэффициенті
- •Материалды пайдалануға жұмысшының мамандылығының тигізетін әсері.
- •2.2. Аяқкиімнің астына және үстіне арналған материалдың ауданын пайдаланылатын пайызын есептеу.
- •Әртүрлі конструкциялы дайындамалардағы үстіңгі бөлшектердің үлестік ауданы,%.
- •2.13. Сур. Матаның ұзындығы және ені бойынша қимаүлгілерді үйлестіруден пайда болатын сызықтық әсерлерді анықтау схемасы.
- •2.3. Негізгі материалдардың қажеттілік мөлшерлерін және шығын нормаларын анықтау.
- •2.4. Материалдарды пішу кезіндегі қимаүлгілерді орналастыру.
- •2.18. Сур. Аяқкиім үстінің бөлшекте-ріне мата негізді жасанды винилдық былғарыны /винилискожо–т/ пішу схемалары.
- •2.19. Сур. Аяқкиім астының бөлшектерін үйлестіру схемалары
- •2.23. Сур. Тура сызықты-бір ізді жүйе бойынша өкше сірілеріне көп бетті аяқ киімдік нитроискожа-т төсемдерін шабу схемалары
- •3. Материалды тiлу, кесіп өңдеу
- •3.1. Былғары бұйымдары бөлшектерiн шабу.
- •3.10. Сур. Пышақтардың кесетін шеттерінің қырын пішіні.
- •3.2 Материалды жылжымайтын пышаққа жiберу арқылы тiлу
- •3.3. Материалды жылжымалы пышаққа жiберiп кесу
- •3.16. Сур. Материалды (1) қозғалмары пышақпен (2) кесу схемалары.
- •3.18. Сур. Жұмыстық бұрыш (а) және кесу күшіне (б) кесу шапшаңдығының арақатысының әсерін сипаттайтын қисық сызықтар.
- •3. 4. Жону
- •3.21. Сур. Фрезерлеу күшінің Рф фрезаның айналу жиілігіне n тәуелдігінің қисық сызығы.
- •3.22. Сур. Фрезаның қырын пішіндерінің схемалары.
- •3.5. Тегiстеу
- •3.23. Сур. Тегістеуге арналған машинаның жұмыстық аспаптарының конструкциялары.
- •3. 6. Тікірейту
- •3.26. Сур. Металл щетка (а) және резеңкеге вулканданған шетканың (б) схемалары.
- •3.7 Материалды тербелмелі пышақпен кесу
- •4. Аяқкиімнің бөлшектері мен үстінің дайындамаларын дымқылдандыру және кептіру.
- •4.1. Аяқ киімнің үстінің дайындамаларын және бөлшектерін дымқылдандыру
- •4.4. Сур. Капиллярлы сору (а,б) және капиллярлы конденсация (в) механизмдерінің схемалары.
- •4.2. Сур. Былғарының ауданының s абсолюттік ылғалдығына тәуелдігі.
- •4.4. Сур. Капиллярлы уақ тесікті дененің термоылғалөткізгіштігі (а) мен бу және ауаның салыстырма термодиффузиясының (б) механизмдерінің схемалары.
- •Аяқкиім өндірісінде материалдарды дымқылдандыру.
- •4.5. Сур. Суға үлгіні қысқа мерзімге батырудан кейінгі былғарының қалындығы hk бойынша ылғалдың таралуының қисық сызықтары:
- •Аяқкиім үстінің дайындамаларын дымқылдандыруға арналған роторлы қондырғылардың техникалық сипаттамасы.
- •Аяқкиім үстінің дайындамаларын су тұманымен дымқылдандыруға арналған қондырғылардың техникалық сипаттамасы
- •4.2. Кептіру
- •Арс жартылай автоматының техникалық сипаттамасы
- •Тэрс-0 кептіргішінің техникалық сипаттамасы
- •5. Аяқкиім бөлшектерін және былғары галантерея бұйымдарын қалыптау
- •5.1. Аяқкиім үстінің дайындамасын қалыптау кезінде былғарының құрылымдық өзгерістері.
- •5.2. Иіп қалыптау
- •5.3. Созып қалыптау
- •5. 4. Аяқкиім үстінің дайындамасын қалыптаудың керіп -қаптау әдісі
- •Аяқкиім үстінің дайындамасын керу
- •Аяқкиім үстінің дайындамасын керу.
- •5.5. Аяқкиім дайындамасын керу және қаптау операцияларын қамтитын қалыптау тәсілдері
- •5.6. Аяқкиім үстінің дайындамасын параллель сыртқы. Ішкі және қайыстырылған тәсілдермен қалыптау
- •Сыртқы тәсіл
- •Қайыстырылған тәсіл
- •5.7. Үсті табиғи және синтетикалық былғарыдан жасалған аяқкиімнің қалыптұрақтылығына қалыптау тәртіптерінің әсер етуі
- •6. Бөлшектерді бекітудің механикалық әдістері
- •6.1. Аяқкиім үстінің бөшектерін бекіту
- •6.1. Сур. Екі жіптік ине шаншымын жасаудың схемасы.
- •6.3. Сур. Мест 22249-82 бойынша ұштың негізгі өлшемдерін және оның ұзын науаға қатысты орналасуларының схемасы.
- •6.2. Аяқкиім астының бөлшектерін жіппен бекіту әдістер.
- •Ұлтандарды сыртқы тігіс пен бекіту
- •Ұлтандарды бекітудің штифтті әдістері
- •Бұрандалы әдіс
- •6.4. Өкшелерді Бекіту
- •6.5 Былғары-галантереялық бұйымдарының бөлшектерін бекіту.
- •Қолданылған әдебиеттер
5.6. Аяқкиім үстінің дайындамасын параллель сыртқы. Ішкі және қайыстырылған тәсілдермен қалыптау
Аяқкиім үстінің дайындамасын керіп қаптау тәсілімен қалыптау-дың елеулі кемшілігі – көп еңбекті талап етеді және үрдістің буын-буынға бөлінуі, керме жиегіне әдіптің көп кетуі, демек көп материал шығыны болады.
Параллель сыртқы және ішкі тәсілдермен қалыптау кезінде, қалыптаушы құрал ретінде ысырмалы қалыптар, тіліктер, қапсырмалар және т.б. қолданылады. Керіп-қаптау тәсілдерімен қалыптау кезінде бөлшектер деформациясы негізінен материалдардың қасиетіне, машинаның жұмысшы мүшелерінен түсетін күшке байланысты болады.
Параллель ішкі және сыртқы тәсілдермен қалыптаудың керіп қаптау әдісінен айырмашылығы деформацияның тұрақтылығы болып табылады, өйткені қалыптаушы құралдар белгілі бір соңғы күйге дейін жетеді. Демек, аяқкиім үстінің дайындамасының деформациясы негізінен жобалау кезіндегі бөлшектердің ауданның өзгеруіне байланысты. Аяқкиім үстінің дайндамасының беткі беті қалыптың беткі бетімен салыстырғанда неғұрлым кіші болса, қалыптау кезінде ол соғұрлым көп деформацияланады.
Егер қалыптау үрдісі кезінде былғары жеткілікті дәрежеде деформацияланса, онда киіп жүру кезінде, аяқкиім үсті деформацияланбайды, өйткені ол серпімді материал тәрізді жұмыс істейді. Демек, параллель сыртқы және ішкі тәсілмен қалыптау және керіп қаптау әдісі кезінде аяқкиім форманы мыжылмайтындай әжімсіз ету үшін және де оны қию кезінде сақтау үшін, аяқкиім үстінің дайындамасының материалын керу керек. Аяқкиім үстінің кеңістік дайындамасын қалыптау үшін, материалды 2-4 пайызға дейін керу керек. Бұл қалыпты дайындаманы нық қаптап тұруға жеткілікті, бірақ қалыптұрақты аяқкиім алу үшін жеткіліксіз. Қалыптұрақты аяқкиім үстін алу үшін, былғарыны 10-15 пайызға дейін керу керек. Бірақ бөлшектердің сызықтық өлшемдерін белгілі бір шамаға дейін кішірейту керек, яғни 7-10 пайызға дейін, одан ары кішірейту – тігістердің үзілуіне алып келеді.
Аяқкиім үстінің дайындамасын параллель сыртқы және ішкі тәсілдермен қалыптаудың керіп-қаптау әдісіне қарағанда бірнеше артықшылығы болады:
күрделі керіп қаптау машиналары қажет емес, қалыптау үрдісі өте қарапайым;
дайындау және жинау операцияларының еңбек сиымдылығы және аяқкиім үстіне арналған былғары шығыны керме жиегінің кемуіне байланысты 3-10 пайызға кемиді;
операциялар санын қысқартуға байланысты, өндіріс ауданының 1м2-нен аяқкиімді түсіру артады.
Бұл тәсілдердің сонымен бірге кемшіліктері де бар: аяқкиім үстінің дайындамасын өте дәл жинау керек, керме жиегінің енінің аздығынан, аяқкиім жөндеу мүмкін емес; былғарының 15-19 пайызға созылмалы болу керек, ал партия бойынша былғарының ең орташа созылуы 15-35 пайыз және максимал созылу мемлекеттік стандартқа сай 50 пайыз болуы қажет. Сондықтан қалыптау кезінде былғарыда созылымдық қасиеттер сақталады, бұл аяқкиім үстінің кеңейтілуіне және форманың бұзылуына әкеледі.
Сыртқы тәсіл
Сыртқы қалыптау кезінде аяқкиім үстінің дайындамасының тігілген сыздығы немесе бауы бар кеңістік пішіні болуы тиіс. Қалып саптама сыналы /кесілген сынасы бар/ немесе буындасқан болуы керек.
Аяқкиім үстінің дайындамасының кеңістік пішіні жұлықтың немесе алдынғы бөліктің бөлшектерге жіктелуінің арқасында құрылады. Дайндаманың кеңістік пішіні сонымен қатар жазық жұлықты немесе алдыңғы арнайы машинаның пуансонымен алдын-ала қалыптау жолымен түзіледі.
Аяқкиім үстінің дайындамасын сыртқы қалыптау тәсілінің мысалы Парко-1 ұстастыру әдісі болып табылады. Қалыпқа кигізілген аяқкиім үстінің дайындамасының тұмсық бөлігін уақытша аяқкиімнің қол шегесімен бекітеді. Содан соң металл тіліктер аяқкиім үстінің дайындамасының бүкіл нұсқасы бойынша қысады да, дайындама мен сыздық арасына кіреді. Тіліктер біріге келіп, тігілген сыздығы бар керме жиегін қалыптау ізіне жылжытады. Содан кейін керме шегелерін алып тастайды /5.24 сурет/.
Сыртқы тәсілмен қалыптау кезінде, дайындаманың керме жиегіне бау тігілуі мүмкін /зығыр немесе капрон жіп/. Осылайша көбінесе жеңіл аяқкиімнің үстінің дайындамасы қалыптанады. Аяқкиім дайындамасын керу және тарту бауды тарту кезінде бірыңғай орындалады. Шет елде баумен тарту үшін, «Спанг» фирмасының /ГФР/ 400 және «Ториелли» /Италия/ фирмасының №7 машиналары қолданылады.
Ішкі тәсіл
Ішкі қалыптау кезінде үстінің дайындамасына қосарланған матадан, астарға қолданылатын былғарыдан жасалған ұлтарақты тігеді. Ысырмалы қалыпты қалыптаған кезде аяқкиім үстінің дайындамасы біркелкісіз деформацияланады. Деформацияның таралу сипатына аяқкиім үстінің дайындамасының түрі мен конструкциясы, қалыптаушы қалыптың конструкциясы, материалдардың физика-механикалық көрсеткіштері әсер етеді.
Ішкі қалыптау тәсілімен кеңістік формалы аяқкиім үстінің дайындамасын қалыптаған жөн, өйткені бұл кезде деформация біркелкі таралады, демек жобалау кезінде, бөлшектердің өлшемдерін үлкен шамаға кемітуге болады. Жартылай жазық аяқкиім үстінің дайындамаларын қолданған кезде, жұлықтарды арнайы машиналарда алдын-ала қалыптау қажет.
Деформацияның таралу сипатына қалыптаушы қалыптың конструкциясы ерекше ықпал етеді, ол технологиялық және құрастыру талапта-рына сай болуы қажет. Барлық технологиялық талаптар аяқкиім үстінің дайындама материалының біркелкі және жеткілікті созылуын қамтамасыз етуге, ал құрастыру талаптары - өлшемдерінің өзгеруінің жеткілікті шектері, негізгі өлшемдерін сақтай отырып, ұзақ қызмет ету мерзімі бар қалыптың қарапайым конструкциясын құрастыруға келтіріледі.
Қалыптаушы қалыптардың үш ерекше конструкциялары бар:
фигуралы немесе түзу кескіні бар, алдыңғы немесе артқы бөліктері өн бойымен жылжитын қалып /5.25 а-сурет/;
өкше бөлігінен тұмсық бөлігіне қарай айналма кескіні бар, алдыңғы бөлігінің сырғитын доға тәрізді жылжуы кезіндегі артқы бөлігі өн бойымен жылжитын қалып /5.25 б-сурет/.
тұмсық-шоғыр бөлігінен өкше бөлігіне қарай айналма немесе фигуралы кескіні бар, артқы бөлігінің сырғитын қозғалысы кезіндегі алдыңғы бөлігі өн бойымен жылжитын қалып /5.25 в-сурет/.
Қалыптардың ысыру механизмі, буындастыру-механизмі сияқты әртүрлі.
Жұмсақ ұлтарағы бар аяқкиім үстінің көлемді дайындамасын қалыптау үшін, өн бойы бағытында 9 мм-ге ысырылатып механизмі бар бірінші типті қалыптарды қолданады. Қатты ұлтарағы бар аяқкиім үстінің көлемді дайындамасын қалыптау үшін екінші немесе үшінші типті қалыптарды қолданған жөн.
Аяқкиім үстінің дайындамасын ішкі қалыптау үшін, аяқкиім үстінің материалын тығыздығы және ұзаруы бойынша жақсылап таңдау қажет және аяқкиім үстінің бөлшектерін, астарларын және әсіресе жұмсақ ұлтарақты өн бойындағы өсі матаның немесе қосарланған материалдың ең қысқа ұзаруы бағытымен беттесуі керек. Аяқкиім үстінің – ұлтарақ жүйесінде соңғысының созылғыштығы азырақ болуы керек. Тек осы жағдайда ғана қалыптау жақсы орындалады.
Ішкі тәсілмен қалыптанатын аяқкиім үсті үшін, жартылай былғарыны, бұзау терісінен жасалған былғарыны, ал аяқкиім үстінің дайындамасының ерекше конструкциялары үшін – ешкі терісінен жасалған былғары, велюр, жүннен тоқылған қосарлы және мақтатадан жасалған маталар қолданылады. Астарлар үшін, аяқкиім үстінің материалының қалыңдығын елемей, тик-саржаны, диагональді, астарлы былғарыны және тығыз маталарды /көбінесе корд/ пайдаланады. Жұмсақ тігілмелі ұлтарақты үш-екі бетті кирзадан, қосарланған тик-саржадан, ал ерекше жағдайларда астарлы былғарыдан пішіп шабады. Қосарланған маталар қайма ұлтараққа аяқкиім үстінің беріктілік және өн бойы және көлденең бағыттарында бірдей созылғыштық береді.
Тек қана ысырмалы қалыптармен қалыптағанда, аяқкиім үстінің дайындамасының үлкен деформациялануын алу қиын, сондықтан бұл тәсіл қазіргі уақытта тек үйде киетін аяқкиім жасауда қолданылады.
Аяқкиім үстінің деформацияларының жеткілікті деңгейін арнайы машиналармен алдын-ала қалыптау арқылы алуға болады, оны орындаған соң, дайындаманы ұлтараққа бекітеді. Аяқкиім үстінің көлемді дайындамасына қалыпты сұғады да, ақырғы рет қалыптайды.
Бұрынғы Орталық Ғылыми Институтының мәліметтеріне сай, аяқкиім үстінің дайындамасын жобалағанда, пуансонда алдын-ала қалыптау кезіндегі материал деформациясының екі бағыттардағы белгілі бір үйлесулерін ескеруге болады, олар қолайлы болып табылады және де аяқкиім үстінің пайдаға асыру қасиеттері бар аяқкиімді алуға мүмкіндік береді.
Қалыптаудың бұл тәсілінің керіп-қаптаудан біршама артықшылықтары бар:
аяқкиім үстінің дайындамасының бөлшектерін біршама және біркелкі етіп қаптау және керме жиегіне әдіпті кеміту немесе мүлде қалдырмау нәтижесінде аяқкиімнің материал сиымдылығы 8-12 пайызға кемиді;
қалыптанған аяқкиімді негізгі кептіру операциясы орындалмайды, бұл өндіріс циклының азаюына және керме қалыптарына қажеттіліктің кемуіне алып келеді;
технологиялық операциялардың бірқатарын біріктіру және алып тастау нәтижесінде еңбек өнімділігі 15-20 пайызға артады.
Берілген тәсілдің кемшілігіне қалыптаушы жабдықтардың көптігі жатады, өйткені олар екі немесе аралас өлшемді аяқкиімнің оң /немесе сол/ сыңарын өңдеуге арналған және оларды жаңа сұлбалы қалыптарды конвейерге жіберу кезінде алмастыру материалдық шығындарға алып келеді.
Мокасин типті желім әдісімен бекітілген аяқкиімнің қалыптау технологиясы бойынша, аяқкиім үстінің дайындамасының өкше бөлігін сірісімен бірге пуансонда алдын-ала қалыптайды да, содан кейін барып қалып көмегімен ақырғы рет қалыптайды. Зерттеулер нәтижесінде осындай технология кезінде аяқкиім үстінің дайындамасының өн бойлық деформациясы біркелкі тарайды және де 9-11 пайыз құрайды деп табылған. Аяқкиім үстінің дайындамасының ізі бойынша өн бойлық және көлденең бағыттардағы деформация 3-4 пайызға тең.
