Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
F_A_Fukin.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
18 Мб
Скачать
☆

2.8Сур. Материалдарды (б) пішу кезіндегі қимаүлгі аралық көпіршелердің (а) пайда болу схемалары Әртүрлі былғарыларға арналған е3 коэффициенті

Аяқкиім үстіне арналған былғары 45 Аяқкиім астына арналған былғары ұлтандық және ұлтарақтық жонарқалар 5 мойындар 35 етектер 45 Барлық ақаулардың жалпы ауданын мына теңдік бойынша анықтайды.

∑Q ═ ∑Q1 + ∑Q2. (2.23)

мұндағы ∑Q1- аудан бойынша өлшенетін ақаулар, дм2; ∑Q2 – сызықтық ақаулар,дм2

∑Q2 ═ 0.03L,

мұндағы 0,03 ұзындықты, см ауданға, дм2 аударатын коэффициент; L - сызықтық ақаулардың ұзындағы, см,

немесе

∑Q═( )+Qн,

мұндағы Qн - аудан бойынша өлшенбейтін ақауларды бағалау, %.

Төмен сортты былғарыларды аудандары кіші бөлшектерге пайдалану тиімділеу, себебі бұл жағдайда ақауларды айналып өту жеңілдеу болады, сондықтан былғарының ауданын пайдалану көрсеткіші жақсарады. Тоқыма материалдардың сорттығына байланысты қимаүлгіаралық қосымша қалдықтарды мына теңдік бойынша есептейді.

Ом.д.с. ═ Е4b (2.24)

мұндағы Е - пропорционалдық коэффициент; b – материал сортын сипаттайтын балдардың орташа саны, а – бөлшек ауданы, дм2. Тоқыма материалдарға арналған пропорционалдық коэффициент Е4═1/9.

Қимаүлгіаралық көпірлерге қатысты қалдықтар. Материалдардың көбісін пішу кезінде қимаүлгілердің түйіспейтін жерлерінде шамалы саңылаулар қалдыру қажет, сол себепті қимаүлгіаралық көпір деп аталатын қосымша қалдық пайда болады. (2.8 а сур.)

Қимаүлгіаралық көпірлердің ені ( ) енді қалдықты тік бұрышты бөлшектерге пішілетін материалға қимаүлгіаралық көпірлердің тигізетін әсерін қарастырайық.

Шеттік және қимаүлгіаралық қалдықтар жоқ жағдайды елестейік (2.8.б. сур). Бұл жағдайда материалды пайдалану коэффициентін былай көрсетуге болады:

Ρ═ .

мұндағы L - материал ұзындығы; H - материал ені; n1, m1 - ұзындығы және ені бойынша бір қатарда орналастырылған қимаүлгілер саны.

Бұл формуланы келесі түрде көрсетуге болады :

.

Қимаүлгіаралық көпірге қатысты пайызбен өрнектелген қалдық.

Ом.м.═ (2.25)

Демек, қимаүлгіаралық көпіріне қатысты қалдық көпірдің еніне , материалдың ені және ұзындығы бойынша орналастырылған қимаүлгілер санына тәуелді.

Қимаүлгіаралық көпір ені материал қалыңдығына,ал маталарды пішу кезінде-бет санына тәуелді. Мысалы, аяқ киім астына арналған былғарыны шапқанда қимаүлгіаралық көпірдің ені 0,3-1,7 мм, ал маталарды пішу кезінде-1,5-2,5 мм тең. Неғұрлым материал қалың болған сайын, соғұрлым қимаүлгіаралық көпірдің ені үлкен болады. Бірақ, бұл байланыстық тік пропорционалды емес. Аяқ – киім үстіне арналған қалыңдығы 0,6-1,6 мм былғарыларды пішу кезінде қимаүлгіаралық көпірлерге қатысты қалдықтарға олардың мөлшері аз болғандықтан көңіл бөлмейді. Бұдан басқа,қимаүлгіаралық көпірлер еніне шапқыштың қайрау бұрышы да әсер етеді. Неғұрлым шапқыштың қайрау бұрышының мұқалту мөлшері, шапқыш тығырықтың тозуы үлкен болған сайын, соғұрлым қимаүлгіаралық қалдықтар еңділеу болады.

Қимаүлгіаралық қалдықтардың мөлшерін пішу әдістері және техникасын жетілдіру арқылы азайтуға болады. Мысалы, бірнеше бөлшектерді бір мезгілде шабуға мүмкіндік беретін біріктірілген шапқыштарды қолдану,олардың жапсарласу жерлерінің қимаүлгіаралық қалдықтарын жояды. Судың құюы, лазер сәулесі көмегімен іске асатын пішудің жаңа әдістерін пайдалану қимаүлгіаралық қалдықтарды жояды,себебі олар материалға минимальды қысым жасайды. Орта есеппен,ұлтандық және ұлтарақтық былғарылардың көпір енін 1 мм тең деп қабылдайды. Қимаүлгіаралық көпірдің әсері ауданы кіші бөлшектерді пішу кезінде едәуір мәнді болады. Мысалы, әйелдер аяқ киімінің нәлдерін шапқанда қимаүлгіаралық көпірінің қалдығы нәл ауданының 5 %, ал ұлтарақ шапқанда - 1,8-1,9 % құрайды. Ұлтандарды шапқанда бұл қалдықтар одан да төмен болады.

Аяқкиімнің әртүрлі асты бөлшектеріне былғарыларды комплектісіз шабу кезінде қимаүлгіаралық көпірлердің орташа қалдығын Ом.м-1,5 % тең деп қабылдау ұсынылады. Бұл мөлшерде материал ауданын пайдалану пайзын анықтағанда есепке алу қажет.

Көп бетті тоқыма материалдарды ленталық пышақ пен пішу кезінде қимаүлгіаралық көпірдің ені ленталық пышақ ені және бөлшек контурына тәуелді. Бұл жағдайда Ом.м есептеу үшін көпір енін 2,5 мм тең деп қабылдау ұсынылады.

Бөлшектерді маталардан пресстерде пішу кезінде қимаүлгіаралық көпір енін 2 мм тең деп қабылдайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]