- •В.А. Фукин, а.Н. Калита былғары бұйымдарының технологиясы
- •Мазмұны
- •1. Былғары бұйымдар технологиясына кіріспе
- •Былғары бұйымдар жасау технологиясының анықтамасы
- •1.2. Технологиялық үрдістің схемасы
- •Сырттан келiп түсетiн ақпараттар тiзбегi.
- •Жүйеде қалыптасатын ақпараттар тiзбегi:
- •2. Материалдарды пішу кезіндегі бөлшектерді орныластыру, оларды пайдалануды нормаландыру.
- •2.1. Материалдарды пішу кезінде тиімді пайдалануды анықтайтын факторлар.
- •2.2. Сур. Ұлтандардың қимаүлгілерінің тура сызықты-үдемелі жайғастыру схемалары (а,б).
- •2.4. Сур. Пішілінетін материалдар және тіке бұрышты қимаүлгілердің өлшемдерінің еселі еместігінен пайда болатын шеттік қалдықтың схемалары.
- •2.5. Сур. Материалдың ұзындығы ауыспалы, ал ені тұрақты кездегі қимаүлгілер саны n1 және үйлесімдік коэффициенті р арасындағы байланыс диаграммасы.
- •2.8Сур. Материалдарды (б) пішу кезіндегі қимаүлгі аралық көпіршелердің (а) пайда болу схемалары Әртүрлі былғарыларға арналған е3 коэффициенті
- •Материалды пайдалануға жұмысшының мамандылығының тигізетін әсері.
- •2.2. Аяқкиімнің астына және үстіне арналған материалдың ауданын пайдаланылатын пайызын есептеу.
- •Әртүрлі конструкциялы дайындамалардағы үстіңгі бөлшектердің үлестік ауданы,%.
- •2.13. Сур. Матаның ұзындығы және ені бойынша қимаүлгілерді үйлестіруден пайда болатын сызықтық әсерлерді анықтау схемасы.
- •2.3. Негізгі материалдардың қажеттілік мөлшерлерін және шығын нормаларын анықтау.
- •2.4. Материалдарды пішу кезіндегі қимаүлгілерді орналастыру.
- •2.18. Сур. Аяқкиім үстінің бөлшекте-ріне мата негізді жасанды винилдық былғарыны /винилискожо–т/ пішу схемалары.
- •2.19. Сур. Аяқкиім астының бөлшектерін үйлестіру схемалары
- •2.23. Сур. Тура сызықты-бір ізді жүйе бойынша өкше сірілеріне көп бетті аяқ киімдік нитроискожа-т төсемдерін шабу схемалары
- •3. Материалды тiлу, кесіп өңдеу
- •3.1. Былғары бұйымдары бөлшектерiн шабу.
- •3.10. Сур. Пышақтардың кесетін шеттерінің қырын пішіні.
- •3.2 Материалды жылжымайтын пышаққа жiберу арқылы тiлу
- •3.3. Материалды жылжымалы пышаққа жiберiп кесу
- •3.16. Сур. Материалды (1) қозғалмары пышақпен (2) кесу схемалары.
- •3.18. Сур. Жұмыстық бұрыш (а) және кесу күшіне (б) кесу шапшаңдығының арақатысының әсерін сипаттайтын қисық сызықтар.
- •3. 4. Жону
- •3.21. Сур. Фрезерлеу күшінің Рф фрезаның айналу жиілігіне n тәуелдігінің қисық сызығы.
- •3.22. Сур. Фрезаның қырын пішіндерінің схемалары.
- •3.5. Тегiстеу
- •3.23. Сур. Тегістеуге арналған машинаның жұмыстық аспаптарының конструкциялары.
- •3. 6. Тікірейту
- •3.26. Сур. Металл щетка (а) және резеңкеге вулканданған шетканың (б) схемалары.
- •3.7 Материалды тербелмелі пышақпен кесу
- •4. Аяқкиімнің бөлшектері мен үстінің дайындамаларын дымқылдандыру және кептіру.
- •4.1. Аяқ киімнің үстінің дайындамаларын және бөлшектерін дымқылдандыру
- •4.4. Сур. Капиллярлы сору (а,б) және капиллярлы конденсация (в) механизмдерінің схемалары.
- •4.2. Сур. Былғарының ауданының s абсолюттік ылғалдығына тәуелдігі.
- •4.4. Сур. Капиллярлы уақ тесікті дененің термоылғалөткізгіштігі (а) мен бу және ауаның салыстырма термодиффузиясының (б) механизмдерінің схемалары.
- •Аяқкиім өндірісінде материалдарды дымқылдандыру.
- •4.5. Сур. Суға үлгіні қысқа мерзімге батырудан кейінгі былғарының қалындығы hk бойынша ылғалдың таралуының қисық сызықтары:
- •Аяқкиім үстінің дайындамаларын дымқылдандыруға арналған роторлы қондырғылардың техникалық сипаттамасы.
- •Аяқкиім үстінің дайындамаларын су тұманымен дымқылдандыруға арналған қондырғылардың техникалық сипаттамасы
- •4.2. Кептіру
- •Арс жартылай автоматының техникалық сипаттамасы
- •Тэрс-0 кептіргішінің техникалық сипаттамасы
- •5. Аяқкиім бөлшектерін және былғары галантерея бұйымдарын қалыптау
- •5.1. Аяқкиім үстінің дайындамасын қалыптау кезінде былғарының құрылымдық өзгерістері.
- •5.2. Иіп қалыптау
- •5.3. Созып қалыптау
- •5. 4. Аяқкиім үстінің дайындамасын қалыптаудың керіп -қаптау әдісі
- •Аяқкиім үстінің дайындамасын керу
- •Аяқкиім үстінің дайындамасын керу.
- •5.5. Аяқкиім дайындамасын керу және қаптау операцияларын қамтитын қалыптау тәсілдері
- •5.6. Аяқкиім үстінің дайындамасын параллель сыртқы. Ішкі және қайыстырылған тәсілдермен қалыптау
- •Сыртқы тәсіл
- •Қайыстырылған тәсіл
- •5.7. Үсті табиғи және синтетикалық былғарыдан жасалған аяқкиімнің қалыптұрақтылығына қалыптау тәртіптерінің әсер етуі
- •6. Бөлшектерді бекітудің механикалық әдістері
- •6.1. Аяқкиім үстінің бөшектерін бекіту
- •6.1. Сур. Екі жіптік ине шаншымын жасаудың схемасы.
- •6.3. Сур. Мест 22249-82 бойынша ұштың негізгі өлшемдерін және оның ұзын науаға қатысты орналасуларының схемасы.
- •6.2. Аяқкиім астының бөлшектерін жіппен бекіту әдістер.
- •Ұлтандарды сыртқы тігіс пен бекіту
- •Ұлтандарды бекітудің штифтті әдістері
- •Бұрандалы әдіс
- •6.4. Өкшелерді Бекіту
- •6.5 Былғары-галантереялық бұйымдарының бөлшектерін бекіту.
- •Қолданылған әдебиеттер
6.2. Аяқкиім астының бөлшектерін жіппен бекіту әдістер.
Жіппен бекіту әдістерін ұлтандары былғарыдан және резенкеден болатын күнделікті, өндірістік және спорттық аяқкиімдерді тігу үшін қолданады. Ұлтанды аяқкиім үстіне сыртқы өрілудің /6.7а сурет/ бір жіпті тігісімен немесе ішкі өрілудің екі жіпті тігісімен машиналарда бекітеді /6.7б сурет/.
Ішкі бекіту әдісіне жататын тігілмелі әдісімен бекітілген аяқкиімде керме жиегі ұлтан мен ұлтарақ арасына орналасады. Сыздық, сандал, доппель және Парко әдістерімен бекітілген аяқкиімде тігіс сыртында орналасады. Ұлтанды аяқкиім үстінің дайындамасына тігілген сыздықпен немесе ұлтараққа және аяқкиім үстінің дайындамасына тігілген сыздықпен немесе керме жиегі сыртқа қайырылған аяқкиім үстінің дайындамасымен бекітеді /6.8 сурет/. Әрі мұндағы сыздық және керме жиегі бойынша жүргізілген тігіс аяқкиімге сән беріп тұрады.
Жіпппен бекіту әдісі металл бекіткіштер санын және аяқкиім массасын кемітуге, иілгішті арттыруға мүмкіндік береді. Ұлтанды жоғары аяқкиім үстініне жіппен бекіту үшін, зығыр және капрон жіптерін қолданады, олардың физика-механикалық қасиеттерінің көрсеткіштері 6.3 кестесінде келтірілген.
6.3. кесте.Жіптердің физика-механикалық қасиеттерінің көрсеткіштері.
Жіптердің нөмірі |
Жіптердің метрлік нөмірі |
Жіптердің орташа диаметрі, мм |
Үзілу күші, Н
|
Зығыр жіптері |
|||
9,5/5 7,5/4 9,5/6 7,5/5 9,5/7 7,5/6 9,5/8 7,5/7 |
2,00
1,65
1,43 - 1,25 - |
1,05
1,15
1,24 1,28 1,32 1,38 |
130
155
180 188 205 220 |
Капрон жіптері |
|||
34/5,3 34/6,3 34/6,4 |
2,0 1,8 1,3 |
0,87 1,04 1,07 |
200 240 320 |
* Жіптің нөмірі немесе құрылысы деп аталатын атау бастапқы иірілімінің метрлік нөмірінен /1 цифр/, өрілген жіптер санынан /екінші цифр / және келесі өрілу жіптері санынан /үшінші цифр / тұрады капрон жіптері үшін. Метрлік нөмірмен 1 грамдағы жіптердің метрлер санын көрсетеді. |
|||
Келтірілген мәліметтерден диаметрлері бірдей болғанымен капрон жіптері зығыр жіптерінен екі есе мықтырақ екені көрінеді. Мұның маңызы зор, өйткені аяқ киімді тұтынудың бірінші сатысында /ине шаншып үзбелері бұзылмай тұрып/ былғары ұлтан жіптердің сөгілуінен ғана жұлынады. Капрон жіптер көп дүркін механикалық әрекеттерге /иілуге, созылуға, қажалуға/, ылғал, қышқыл, сілтілер, майлар мен микроорганизмдердің әсерлеріне төзімді, аязға, ыстыққа /-70…+160 0С температурада/ төзімді, тігістің жақсы орнығуын қамтамасыз етеді. Қатаңдығы Шор бойынша 90-95 болатын монолитті ұлтанды жіппен бекіту беріктігі былғары ұлтанды бекіту, беріктігінен төмен. Әрі бұл кезде бекіту қирауы жіптерінің үзілуінен емес, ұлтанды жіппен тесіп бұзып өтуінен орын алады. Резенке ұлтаннан жіп түйреуішінің (шпилькасының) яғни бұзылған ине жұлынуға шаншымның кедергісі бұзылмаған ине шаншымының жұлынуға кедергісімен салыстырғанда кемиді. Жіп түйреуішінің жұлынуға кедергісі төмен әсіресе тығыздығы аз саңылаулы ұлтандарда /6.4 кесте/.
6.4. кесте.Түрлі сіңірмесі бар жіп түйреуішінің тығыздығы әртүрлі резеңкеден жұлынуға кедергісі, Н/мм.
-
№
Сіңірме құрамы
Резеңке тығыздығы, г/см
1,2
0,9
0,6
1
Канифоль майы
11
6
5
-
2
Полистирольдың 10 пайыздық канифольмен қоспасы
13
8
7
3
Поливинилацетатаның 10 пайыздық канифольмен қоспасы
13
8
7
6.4 кестеден жіп түйреуішінің жұлуға кедергісіне жіп сіңірмесі әсер ететінін байқаймыз. Былғары ұлтаннан жұлу кедергісіне жіпті түрлі шайырлармен және түрлі тәсілдермен сіңірудің әсері зерттеліп, жіпті канифоль және машина майынан тұратын шайырмен сіңіру әдісі шығарылған.
Маймен жақсы сіңірілген жіп түйреуішінің былғары ұлтаннан жылуға кедергісі маймен сіңірілмеген жіп түйреуішінің жұлуға кедергісі мен салыстырғанда 2-3 есе артады.
Капрон жіптерін сіңіру үшін, АК60/40 3 пайызды полиамид ерітіндісін қолданған жөн. Резеңке ұлтандарын бекіткен жіпті осылай сіңіру жақсы нәтиже бермейді. Бұл жағдайда, жіпті резеңкемен жақсы желімдеуді қамтамасыз ететін заттар қолданады, бұл да қатаңдағы аз резеңкеден жіпті жұлудың кедергісін арттырмайды.
Тігілмелі әдісі. Ұлтанды аяқкиім үстіне бір ине шаншыммен машиналы тәсілмен материал бетінде тұзақ құрып бекіту өнеркәсіпте өткен ғасырдың соңында-ақ кең өріс алды /6.8 суретті қараңыз/.
Тігін машинасының инесі 2 /6.9 сурет/ материалды тесіп мүйіз (рог) 1 тесігіне кіреді, ал жіп лақтырғыш 5 жіпті иненің ілгішіне іледі. Жоғары көтеріле отырып, ине материалдан шығып, өзімен бірге жіпті 6 алып кетеді. Тасымалдыуыш 4 өңделетін аяқкиімді ине шаншым шамасына жылжытады. Құралған тұзақ, жіп лақтырғышпен 3 ұсталып тұрып, материал бетінде жатады. Бірінші тұзақтан өтіп барып, ине материалды екінші рет теседі, жіп лақтырғыш оған жіп лақтырады. Ине қайтадан көтеріліп және материалдан шығып, материалдан және алдыңғы тұзақтан жаңа тұзақ құрайды.
Аяқкиім астының бөлшектерін бекіту үшін зығыр және капрон жіптер қолданылады /6.5 кесте/. Зығыр жібін тер және қоршаған ортаның гигротермиялық әсерінен шіріп кетпеуі үшін және де жіптерді материалдағы тесік бетімен ұстасуын /адгезиясын/ арттыру үшін, оларды машиналық маймен пластификацияланған кристалданбайтын канифольды түріндегі шайырмен сіңіреді. Канифольдің кішігірім сабындалуы үшін, оған натр қосады. Шайырдын балқу температурасы 65-70 С-тен кем болмауы керек.
6.5 кесте.Иненің нөміріне байланысты жіптерді таңдау.
Иненің нөмірі. |
Жіп материалы |
|
Зығыр |
Капрон |
|
240,260 268,284 292,300 |
9,5/5 9,5/7,9,5/8 9,5/8 |
1,8 1,3 - |
Машинаның мүйізімен өтер алдында жіп электр қоздырғышпен балқылатын шайыр арқылы керіледі. Мүйіздің де электр қыздырғыштары бар, олар жіптегі шайыр қатып камас үшін, тұрақты температураны ұстап тұрады.
Шайырмен сіңіру жіптің тігістен жұлыну кедергісін 30-50 пайызға арттырады. Шайыр қызып кетпеуі қажет /қайнап көпіршіктенбеуі керек/, өйткені 70 0С тен аяқкиім үстінің температурада тез ұшқыш заттар жойылып кетеді, бұл оның былғарыға адгезиясын кемітеді, тұтқырлығын арттырып, жіптің жылжуын қиындатады.
Жіпті шайырмен былғары ұлтанды бекіту үшін ғана емес, сонымен қатар резеңкелі ұлтанды бекіту үшін сіңіреді, бірақ сонда да екінші жағдайда сіңіру эффектісі біріншімен салыстырғанда төмен.
Тігін машинасында 4, 0892-20-240 … 0892-20-300 типті инелер қолданылады /6.10 суретте/. Ілгек тұрақты пішінді, бірақ иненің нөміріне байланысты түрлі өлшемдері болады. Жіптің үйкелуін кеміту үшін, иненің көзі жақсы жылтырауы тиіс. Тігін машинасының инесі бекітілетін материалдарды тесу және тесік арқылы жіпті өткізу, оны ине шаншым құру үшін, жіберу кездерінде үлкен кедергілерден өтеді.
Тесуге кедергісін кеміту үшін, иненің ұшының пішіні сопақ келеді және диаметрі үлкен болады. Жіп ілгектің ойығына /6.11а сурет/ орналасуы керек, олай болмаған жағдайда, ілгектің күрекшесімен ажыратылып /6.11б сурет/ әлсіреуі мүмкін, ал ол жіптің үзілуіне әкеліп соғады.
Жіптің диаметрін немесе жуандығын бос күйде және бекітілетін бөлшектерде өлшеу өте қиын. Жіп тесікті толтыра отырып, өзектің дұрыс геометриялық форманы құрмайды, сондықтан бекіту беріктігіне иненің ұшының формасына байланысты болатын тесіктің форманың маңызы зор. Тігісті бұзуға кедергісі 50 пайызға және материалды созу кезіндегі беріктік шегін 50-70 пайызға кемітетін үшкірлігі жалпақ инелерге қарағанда, үшкірлігі конусты инелер жақсы нәтиже көрсетеді.
Маймен сіңірілген жіптерді былғарыдан жұлуға кедергісі резеңкеден жұлуға кедергісінен шамамен үш есе көп, әрі тұтас ине шаншымда тігісті бұзуға кедергісі ұлтан материалына байланысты.
Ұлтарақ
картонды жіп ине шаншымымен тесіп өтуге
кедергісі Р созылу
кезіндегі материалдың беріктік шегімен
байланысты. Екі көрсеткіш
арасында мынадай тәуелділік бар:
(кореляция коэффициеті r
= 0,9 болғанда).
Тәжірибе көрсеткендей тігілмелі әдісімен бекітілген аяқкиімдерде жіп ұлтан жағынан үзіледі, аяқкиімді киіп жүру кезінде резеңке тігіс сызығы бойымен қопарылады, ине шаншымның жоғарғы жағының қажаулы кезінде тігістің жұлынуға кедергісі кемиді.
Бұл кемшіліктерді ұлтанның қалдығын арттыру арқылы болдырмау әрекеттері, кейбір жақсы нәтиже берді. Бірақ тігілмелі әдісі тек қана жазғы аяқкиім дайындауға қолданылатындықтан, ұлтанның қалыңдығын арттыру үнемсіз, себебі аяқкиім үсті ұлтаннан бұрын тозады.
Тігілмелі әдісінің кемшілігі – аяқкиімді киіп жүрудің екінші кезеңінде, тігістің сыртқы жағы қажалғанда, тігістің жұлыну кедерісі төмендеуімен түсіндіріледі. Бір жіпті сырттай өрілген ине шаншымның тұзағы ұлтанның сыртқы бетінде жатыр. Ол тұзақ шоғыр бөлігінде қайта-қайта иілу кезінде 16 пайызға дейін созылады. Зығыр жіптердің максимал созылуы 3-4 пайыз болғандықтан, олар ұлтанның иілуіне қарсы тұра алады және жоғары жүкті қабылдай алады. Егер жіптердің беріктігі аз болса, олар үзіледі, Ал егер беріктік жеткілікті болса, онда тұзақтар ұлтанға керу және бір тұзақтың басқа бір тұзақты керу нәтижесінде созылады. Жіптер көбінесе ұлтанның жүк көп түсетін шоғыр бөлігінде үзіледі. Жіп пен тесік бетінің ұстасуының әлсіз болуы, ине диаметрінің үлкен болуына және ине шаншымның вертикаль бөлігіндегі жіптердің өрілмеуіне байланысты болады.
Бұл бекіту әдісінде табаннан бөлінетін тердің жіпке тигізетін әсері қатты байқалады. Жіп ұлтарақтың сыртқы беті арқылы өтетіндіктен мұндай әсер жіппен тікелей қабылданады, басқа әдістерде мұндай байқалмайды. Себебі, зығыр жіптерінің терге қарама қарсылығы аз екені бізге белгілі. Ол үшін жіптерді іруге қарсы ерітінділермен сіңіру керек. Ол үшін кәдімгі қайнатпа жеткіліксіз.
Сонымен қатар, бұл әдістің тағы бір кемшілігі: ине шаншымының конструкциясы мен машинаның жұмысына тәуелді болатын әлсіз керу. Қазіргі кезде иненің жүрісін, материалдың қалыңдығының өзгеруіне байланысты тұзақтың шамасын автоматты түрде өзгертуге болады. Бірақ, жіп пен иненің арасындағы үйкелістің көп болуынан, материалдың қысып тартылуын жоғарлатуға болмайды.
Тігістің әлсіз керілуінен, ұлтан мен ұлтарақтың арасында шамалы жылжу болғанның өзін де қайта иілу әсерінен жіптер тез үйкеліп тозады деп табылған. Тігістің жеткілікті мықты керілу кезінде бөлшектердің жылжуы толық жойылады, соның нәтижесінде қайта иілуден тігіс бұзылмайды.
Қазіргі кезде тігілмелі әдісі басқа сенімділеу, тиімді әдістермен алмастырған.
