- •В.А. Фукин, а.Н. Калита былғары бұйымдарының технологиясы
- •Мазмұны
- •1. Былғары бұйымдар технологиясына кіріспе
- •Былғары бұйымдар жасау технологиясының анықтамасы
- •1.2. Технологиялық үрдістің схемасы
- •Сырттан келiп түсетiн ақпараттар тiзбегi.
- •Жүйеде қалыптасатын ақпараттар тiзбегi:
- •2. Материалдарды пішу кезіндегі бөлшектерді орныластыру, оларды пайдалануды нормаландыру.
- •2.1. Материалдарды пішу кезінде тиімді пайдалануды анықтайтын факторлар.
- •2.2. Сур. Ұлтандардың қимаүлгілерінің тура сызықты-үдемелі жайғастыру схемалары (а,б).
- •2.4. Сур. Пішілінетін материалдар және тіке бұрышты қимаүлгілердің өлшемдерінің еселі еместігінен пайда болатын шеттік қалдықтың схемалары.
- •2.5. Сур. Материалдың ұзындығы ауыспалы, ал ені тұрақты кездегі қимаүлгілер саны n1 және үйлесімдік коэффициенті р арасындағы байланыс диаграммасы.
- •2.8Сур. Материалдарды (б) пішу кезіндегі қимаүлгі аралық көпіршелердің (а) пайда болу схемалары Әртүрлі былғарыларға арналған е3 коэффициенті
- •Материалды пайдалануға жұмысшының мамандылығының тигізетін әсері.
- •2.2. Аяқкиімнің астына және үстіне арналған материалдың ауданын пайдаланылатын пайызын есептеу.
- •Әртүрлі конструкциялы дайындамалардағы үстіңгі бөлшектердің үлестік ауданы,%.
- •2.13. Сур. Матаның ұзындығы және ені бойынша қимаүлгілерді үйлестіруден пайда болатын сызықтық әсерлерді анықтау схемасы.
- •2.3. Негізгі материалдардың қажеттілік мөлшерлерін және шығын нормаларын анықтау.
- •2.4. Материалдарды пішу кезіндегі қимаүлгілерді орналастыру.
- •2.18. Сур. Аяқкиім үстінің бөлшекте-ріне мата негізді жасанды винилдық былғарыны /винилискожо–т/ пішу схемалары.
- •2.19. Сур. Аяқкиім астының бөлшектерін үйлестіру схемалары
- •2.23. Сур. Тура сызықты-бір ізді жүйе бойынша өкше сірілеріне көп бетті аяқ киімдік нитроискожа-т төсемдерін шабу схемалары
- •3. Материалды тiлу, кесіп өңдеу
- •3.1. Былғары бұйымдары бөлшектерiн шабу.
- •3.10. Сур. Пышақтардың кесетін шеттерінің қырын пішіні.
- •3.2 Материалды жылжымайтын пышаққа жiберу арқылы тiлу
- •3.3. Материалды жылжымалы пышаққа жiберiп кесу
- •3.16. Сур. Материалды (1) қозғалмары пышақпен (2) кесу схемалары.
- •3.18. Сур. Жұмыстық бұрыш (а) және кесу күшіне (б) кесу шапшаңдығының арақатысының әсерін сипаттайтын қисық сызықтар.
- •3. 4. Жону
- •3.21. Сур. Фрезерлеу күшінің Рф фрезаның айналу жиілігіне n тәуелдігінің қисық сызығы.
- •3.22. Сур. Фрезаның қырын пішіндерінің схемалары.
- •3.5. Тегiстеу
- •3.23. Сур. Тегістеуге арналған машинаның жұмыстық аспаптарының конструкциялары.
- •3. 6. Тікірейту
- •3.26. Сур. Металл щетка (а) және резеңкеге вулканданған шетканың (б) схемалары.
- •3.7 Материалды тербелмелі пышақпен кесу
- •4. Аяқкиімнің бөлшектері мен үстінің дайындамаларын дымқылдандыру және кептіру.
- •4.1. Аяқ киімнің үстінің дайындамаларын және бөлшектерін дымқылдандыру
- •4.4. Сур. Капиллярлы сору (а,б) және капиллярлы конденсация (в) механизмдерінің схемалары.
- •4.2. Сур. Былғарының ауданының s абсолюттік ылғалдығына тәуелдігі.
- •4.4. Сур. Капиллярлы уақ тесікті дененің термоылғалөткізгіштігі (а) мен бу және ауаның салыстырма термодиффузиясының (б) механизмдерінің схемалары.
- •Аяқкиім өндірісінде материалдарды дымқылдандыру.
- •4.5. Сур. Суға үлгіні қысқа мерзімге батырудан кейінгі былғарының қалындығы hk бойынша ылғалдың таралуының қисық сызықтары:
- •Аяқкиім үстінің дайындамаларын дымқылдандыруға арналған роторлы қондырғылардың техникалық сипаттамасы.
- •Аяқкиім үстінің дайындамаларын су тұманымен дымқылдандыруға арналған қондырғылардың техникалық сипаттамасы
- •4.2. Кептіру
- •Арс жартылай автоматының техникалық сипаттамасы
- •Тэрс-0 кептіргішінің техникалық сипаттамасы
- •5. Аяқкиім бөлшектерін және былғары галантерея бұйымдарын қалыптау
- •5.1. Аяқкиім үстінің дайындамасын қалыптау кезінде былғарының құрылымдық өзгерістері.
- •5.2. Иіп қалыптау
- •5.3. Созып қалыптау
- •5. 4. Аяқкиім үстінің дайындамасын қалыптаудың керіп -қаптау әдісі
- •Аяқкиім үстінің дайындамасын керу
- •Аяқкиім үстінің дайындамасын керу.
- •5.5. Аяқкиім дайындамасын керу және қаптау операцияларын қамтитын қалыптау тәсілдері
- •5.6. Аяқкиім үстінің дайындамасын параллель сыртқы. Ішкі және қайыстырылған тәсілдермен қалыптау
- •Сыртқы тәсіл
- •Қайыстырылған тәсіл
- •5.7. Үсті табиғи және синтетикалық былғарыдан жасалған аяқкиімнің қалыптұрақтылығына қалыптау тәртіптерінің әсер етуі
- •6. Бөлшектерді бекітудің механикалық әдістері
- •6.1. Аяқкиім үстінің бөшектерін бекіту
- •6.1. Сур. Екі жіптік ине шаншымын жасаудың схемасы.
- •6.3. Сур. Мест 22249-82 бойынша ұштың негізгі өлшемдерін және оның ұзын науаға қатысты орналасуларының схемасы.
- •6.2. Аяқкиім астының бөлшектерін жіппен бекіту әдістер.
- •Ұлтандарды сыртқы тігіс пен бекіту
- •Ұлтандарды бекітудің штифтті әдістері
- •Бұрандалы әдіс
- •6.4. Өкшелерді Бекіту
- •6.5 Былғары-галантереялық бұйымдарының бөлшектерін бекіту.
- •Қолданылған әдебиеттер
4.2. Сур. Былғарының ауданының s абсолюттік ылғалдығына тәуелдігі.
Хроммен иленген былғарының көлемі таннидпен иленген былғарысының көлемінен, дымқылдануға байланысты біршама өзгеріске ұшырайды.
Созылу кезінде былғарының деформациялық қасиеттеріне ауаның салыстырмалы ылғалдылығының әсер етуін зерттеген Б.Поляк мынадай тұжырымға келді: ауадан ылғалды сорбциялап дымқылдандыру кезінде хроммен иленген былғарының қалдық және серпімді деформациясы олардың ылғалдылығы серпімділігі 97 пайыз болатын бу ылғалдылығымен тепе-тең болғанда ғана максимал өзгереді, яғни капиллярлардағы ылғалдың жаппай конденсациялануы басталуы кезеңінде.
Демек, былғарының деформациялық қасиеттеріне гидратацияның және микрокапиллярлардың ылғалы айтарлықтай әсер етеді. Бұл капиллярлардың радиусы Томпсон формуласы бойынша 16 мкм.
Микрокапилларлар ылғалының әсер етуімен былғарының созылу кезіндегі басқа да механикалық қасиеттері де өзгереді. Г.Г.Поварнин танидпен иленген шикізат және былғарыны будың серпімділігі 100% жақын болатын ауада дымқылдырғанда? Олардың беріктігі максимальды болады деп тапқан. Бұл жағдайда Н.А.Богданов хром және хром таннидпен иленген былғарысы үшін де дәлелдеді және де осы кезеңде жырту кезінде былғарының созылуының максимум басталатынын атап көрсетті.
Сығылу кезінде былғары өзін басқаша көрсетеді. Сығылу кезінде дымқылдандыру былғарының беріктігін төмендетеді. Мұның себебі, кирау былғарының жұқа құрылымында орындалады, ал гидратациялық сығылуға кедергісін кемітеді. Демек, сығылу кезінде былғарының өзгеруіне гидратациялау ылғал айтарлықтай әсер етеді. Капиллярлы ылғалмен сіңіріліп орнатылған жағдайды сулау ылғалы өзгерте алмайды.
Үсті юфтті аяқкиімнің былғары өкше сірісін ауадан сорбциялау арқылы 11,5 пайызға дейін дымқылдандыру кезінде инемен тесу күші 24 пайызға кемиді, ал сұйық ылғалмен 25 пайызға дымқылдандырғанда 27 пайызға кемиді.
Былғарының тепе-тең ылғалдылығы. Материалдың ылғалдылығы бірқатар шамада өзгеруі мүмкін. Бірақ материал бастапқы ылғалдылығымен ұзақ уақыт берілген метеорологиялық жағдайда болған соң, оның ылғалдылығы белгілі бір шекке ұмтылады да, оған жеткеннен кейін, тұрақты болып қалады. Материалдың осы тұрақты ылғалдылығын тепе-тең ылғалдылық деп атайды.
Тепе-тең ылғалдылық материалдың өзгешелігіне, қоршаған ауаның салыстырмалы ылғалдылығына /ол көп болған сайын, тепе-тең ылғалдылықта жоғары болады/ және ауаның температурасына байланысты /ауаның бірдей салыстырмалы ылғалдылығы кезінде, оның температурасы көтерілгенде, тепе-тең ылғалдылық кемиді/. Салыстырмалы ылғалдылықтың материалдың тепе-тең ылғалдылығына әсерімен салыстырғанда, ауа температурасының материалдың тепе-тең ылғалдылығына әсері айтарлықтай емес, сондықтан бұл әсерді елемейді.
Белгілі температурадағы материалдың ылғалдылық дәрежесінің ауаның салыстырмалы ылғалдылығына /немесе булардың серпімділігіне/ тәуелділігін көрсететін қисықты изотерма немесе тепе-тең ылғалдылығының қисығы деп атаймыз /4.3 сурет/.
4.3. сур. Хром (1) және хромтанидті (2) илеу әдісімен алынған былғарылардың тепе-тең салмақты ылғалдығы.
Егер тепе-тең ылғалдылығының қисығы белгілі болса, онда нақты бір жағдайдағы материалдың ылғалдылығының қалай өзгеретінін, олай болса, дымқылдандыру мен сақтау тәртіптерінің қалай өзгеретінін алдын-ала білуге болады.
Хром және хромтаннидпен иленген былғарылардың тепе-теңдік ылғалдығының қисық сызықтарының сипаты бірдей екендігі 4.3 суреттен көрініп тұр? Бірақ бірдей метеорологиялық жағдайлардағы хроммен иленген былғарының тепе-теңдік ылғалдығы хромтаннидпен иленген былғарыныңкінен жоғары болғаны байқалады. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 0 пайыздан 40 пайызға көтерілген кезде, материалдың ылғалдылығы тез өседі, ал 40 пайыздан 70 пайызға көтерілгенде өзгеріссіз қалады. Бұл былғарылардың берілген жағдайлардағы физика-механикалық қасиеттері тұрақты деген сөз. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 70 пайыздан 97-100 пайызға өскен кезде, жаппай капиллярлы конденсацияның басталуына байланысты, материалдың ылғалдылығы бірден артады.
Ауаның ылғалмен толық қанығуы кезіндегі, материалдың тепе-тең ылғалдылығы /салыстырмалы ылғалдылық 100 пайыз кезінде/ гигроскопиялық ылғалдылық деп аталады.
Гигроскопиялық ылғалдылық материалдың үстіңгі бетіндегі булардың серпімділігі қаныққан будың серпімділігіне тең болғандағы шегін сипаттайды. Ылғалдылық аз болған кезде, материалдың үстіңгі бетіндегі будың серпімділігі қаныққан будың серпімділігінен төмен болады және де материалдың ылғкалдылығының кемуімен азая түседі.
Материал сұйықтықпен тікелей жанасқан кезде ғана ол ылғалды максимал гигроскопиялық ылғалды бөлу мөлшерінен асыра сіңіреді.
Колоидті және ұсақ түтікті-капиллярлы денелердегі ылғалдың орын ауыспалылық теориясының негізгі қағидалары. Коллоидті және ұсақ түтікті-капиллярлы денелерде ылғал сұиық немесе бу ретінде ауысып тұрып мумкін. Материалдағы сұйықтың бөлшектері ылғалдың бүкіл материал бойына таралуы кезінде немесе материалдың әртүрлі нүктесінде температураларының тең болуы кезінде, тепе-тең күйде болады.
Осы шарттардың біреүінің бұзылуы ылғалдың материалда азды-көпті қарқынды жылжуына әкеліп соғады. Басқаша айтқанда, ылғалдың материалдағы қозғалуының негізгі факторлары ылғал мен температураның айырмасы /градиент/ болып табылады.
Ылғалдың материал бойына біркелкі таралуының бұзылуы кезінде, яғни, ылғалдың градиентінің бар болуы кезінде, ол үлкен концентрациясы бар жерден кіші концентрациясы бар жерге ауысып отырады.
Коллоидті денелерде әртүрлі нүктедегі температураның тепе-теңдігі бұзылуы кезінде /температуралық градиент бар кезде/ ылғал жоғары температуралы бетке қарай жылжиды. Температураның аз мөлшерде төмендеуі кезінде, ылғал сұйық күйінде жылжиды. Температура көп мөлшерде төмендесе, ылғал бу күйінде жылжиды. Жылу бағытына қарай ылғалдың денедегі осындай орын ауыстыруы термодиффузия деп аталады.
Ұсақ түтікті-капиллярлы денелерде ылғал сұйықтық түрінде жылу ағыны бағытымен тек қана диффузия нәтижесінде ғана жылжып қоймайды.
Екі
дөңес менискілермен шектелген /4.4
а-сурет/ сұйықтың бағанасы бар капиллярды
қарастырайық. Сұйықтықтың температурасының
артуымен,
беттік керілу азаяды, яғни егер t1>t2
онда
.
Капилляр қысымы
беттік керілуге тура пропорционал және
тең болғандықтан, P1
< P2
яғни қыздырылған беттің капилляр
потенциялы кемиді, сұйықтық қатты
қыздырылған жерлерден нашар қыздырылған
жерлерге жылжиды. Тапсырманы қарапайым
ету үшін, менискілер қисығының радиустары
бірдей деп есептейді.
