Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Книга Жуманбаев каз..doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

9. Сілемейлі қабық қорғанысы

Организмге экзогендік бактериялар да (тағаммен, су, ауамен) түседі. Оған организімінің шырышты қабықтары тосқауыл болады. Олар: көздің дәнекер қабығы, мұрын қуысының, тыныс алу жолының, асқорыту және зәр - жыныстық жолдарының сілемейлі қабығы. Бірталай механикалық факторлар микроорганизмдерді шырышты (сілемейлі) қабыққа кіргізбей, шығарып жіберіп отырады. Олар – түкірік, асқазан қышқылы, өт, шырыш, ішектің перистальтикасы.

Шырышты қабықтардың ең басты арнайы қорғанысы –IgA-ның секреторлық өнімі. Бұл антиденелер негізінен шырышты қабықтардың үстінде ғана орналасады. Олардың қан сарысуында болуы жоққа тән. Секреторлық IgA-ның өнімін белсендіру үшін өзіне тән, басқа жолмен иммунизация (басқа дозамен) жүргізу керек. Қалыпты жағдайда парентеральды жолмен антиген кіргізгенде, қан сарысуында IgG және IgМ көбейеді, ал секреторлық IgA – көбеймейді.

IgA – комплемент жүйесін белсендірмейді, сондықтан шырышты қабықтың қорғанысы қабынусыз немесе шамалы қабынумен жүреді. Шырышты қабықтардың жалпы көлемі 400 кв.м-ден көп, ал тері – 1,8 кв.м. Шырышты қабықтың иммундық жүйесін шартты көмектесуші және әсерленгіш деп екіге бөлуге болады. Көмектесуші (индукциялық) участкеде антигенді танып, ұсыну жүреді және лимфоидты жасушалардың популяциясы шамалы дамиды. Әсерленуші (эффекторлы) участкеде секреторлық IgA (SIgA) көбейеді, әсерленуші Т – лимфоциттер шоғырланып шырышты қабықты жасушалық жолмен қорғайды.

Антигендер денеге тыныс алу және асқорыту жолымен еніп, лимфоидты ұлпамен бірінші жанасу болады. Антигендік белсену қайда болса да (ішекте немесе бронхта) антигенспецификалық Т – және В- лимфоциттердің диссеминациясы шырышты қабықтардың барлық участкелерінде (ішекте, асқазанда, тыныс алу, зәр-жыныс жолы, секреторлық бездерде) жүреді. Пероральдық иммунизация ғана секреторлық IgA өнімін береді. Антигенді тері ішіне беріп иммунотерапия өткізгенде секреторлық иммуноглобулиннің шығуы да белсенеді. (К.А. Жұманбаев)

Ащы ішекте лимфатикалық фолликулалар жиынтығы (пейер табақшасы) бар. Ондағы лимфоциттердің көбі В-лимфоциттер, ал Т-хелперлер мен Т-супрессорлар шамалы. Арнайы эпителиалды жасушалар антигенді ішек ішінен ұстап, жұтып фолликула ішіне әкеледі. Иммундық жауап жүргенде үстінде IgМ – бар В лимфоциттер IgA-ны синтездеуге көшеді.

Аппендикс те, бадамша бездеріндегі фолликулалардағы В-лимфоциттер де IgA–ны шығарады. Тонзиллоэктомиядан кейін секреторлық IgA–ның деңгейі төмендейді. Ішек ішінде ұсталған антигендерді танығаннан кейін иммундық реакция мезентериалық лимфа түйіндерінде жүреді.

Шырышты қабықтың лимфоциттері эпителий қабатындағы эпителий жасушаларының арасында орналасқан. «Эпителийаралық Т-лимфоциттердің» шеткі қандағы Т-лимфоциттерден айырмашылығы бар. Олардың үстінде адам шырышты қабық лимфоциттерінің 1 антигені бар. Шеткі қан Т-лимфоциттерінде бұл антиген жоқ. Т – лимфоциттердің көбі СД8, ол 75%, тек 6% ғана СД4 белгісіне ие. Эпителийаралық Т – лимфоциттерінің біразы гамма-, дельта Т- лимфоциттерге жатады. (СД4 – СД8 – Т-лимфоциттер).

Шеткі қанда гамма-, дельта Т-лимфоциттерінің саны 10%. Эпителийаралық Т-лимфоциттерінің жай уақытта ешқандай маркері болмайды. Белсенген уақытта немесе Т-хелперге немесе Т-киллерге айналады да, цитокиндерді шығарады. Оның ішінде гамма-ИНФ және альфа-ОНФ болады. Олар антиген тану үшін гистосәйкестіктің антигендерінің орнына жылу шоғының белоктарын пайдаланады. Эпителийаралық гамма-, дельта Т-лимфоциттері эпителий жасушаларын қорғайтын «күзетші» жасушалар. Микробтардағы және өзгерген эпителиальдық жасушаларды танып, жасуша ішіндегілерді тез ыдыратып, жойып отырады. Гамма-, дельта-Т-лимфоциттері эпителий жасушаларын өсіретін цитокиндер шығарып, бұзылған эпителий жасушалардың орнын жауып, жамайды. Гамма-, дельта-Т-лимфоциттері антиген түскенде бірінші болып реакция жүргізеді. Содан кейін шеткі қаннан альфа- бета-Т-лимфоциттері, ал цитокиндердің өнімінен гранулоциттермен, моноциттер де қорғанысқа келеді.

Гамма- дельта-Т-лимфоциттері шырышты қабықтың жедел қабынуында көбейеді, ал созылмалы қабынуда – азаяды.

Шырыш асты қабатында плазмалық жасушалар, Т-лимфоциттері, ЕК – жасушалары, ұлпа базофильдері, макрофагтар бар. Эпителий жасушаларының арасында, антиген ұсынатын (М) эпителиальды жасушалардың жанында В-лимфоциттері орналасқан. Барлық иммунды қабілетті жасушалар өзіне тән қорғаныс жауабына қатысады. Шырышты қабықтың макрофагтары, шеткі қандағы моноциттерге қарағанда, қалыпты жағдайда да белсенді. Табиғи киллерлер (ЕК) вирусқа қарсы қорғанысты жүргізеді.

Секреторлық IgA (SIgA) сарысу IgA-мен салыстырғанда вирустарды, бактериальдық токсиндерді, ферменттерді, бактериялар агглютинациясын өте нәтижелі бейтараптайды.

SІgA протеолиздік ферменттер бар ортада да белсенділік білдіреді.

SіgA – антиденелер шырышты қабықтағы микробтардың (вирус, бактериялар) адгезиясына кедергі жасайды. Бұл қорғаныс арнайы емес.

Сөйтіп, секреторлық IgA ішек ішіндегі антигендерді байланыстырып, эпителиальдық тосқаумен оларды организмге өткізбейді.