Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Книга Жуманбаев каз..doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Аитв-жұқпасының клиникалық жіктемесі (в.И. Покровский, 1989)

І. Жасырын кезеңі.

ІІ. Біріншілік көріністер стадиясы.

А. Жедел қызба фазасы;

Б. Симптомсыз фазасы;

В. Тұрақты денеге жайылған лимфаденопатия.

ІІІ. Екіншілік аурулар стадиясы.

А. Дене салмағы 10%-ға азайған тері мен шырышты қабықтың беткейлі микозды, бактериалды немесе вирусты зақымдануы (белдемелі лишай, қайталамалы фарингит, синуситтер);

Б. Дене салмағының 10%-дан көп үдемелі азаюы, 1 айдан артық себепсіз диарея немесе қызба, шашты лейкоплакия мен өкпе туберкулезінің болуы, қайталанған немесе бактериямен, микозбен, вируспен және қарапайымдылармен ішкі органдардың тұрақты зақымдануы (диссеминациясы) немесе тері мен шырышты қабықтың астыңғы қабаттарының зақымдануы, белдемелі лишай, шектелген Капоши саркомасы кіреді.

В. Генерализацияланған бактериалды, вирусты, грибті, қарапайымды аурулар, пневмоцисты пневмония, өңеш кандидозы, атипті микобактериоз, өкпеден тыс туберкулез, кахексия, денеге жайылған Капоши саркомасы, орталық нерв жүйесінің әр түрлі этиологиялы зақымдануы жатады.

ІV. Терминалдық стадиясы.

Диагностикасы. АИТВ - жұқпасының негізгі зертханалық диагностикасы - вирусқа қарсы түзілген антиденелерді иммундық фермент әдісі арқылы анықтау. Науқастарды АИТВ - жұқпасында тексеру мына жағдайларда жүргізіледі: 1 айдан ұзаққа созылған қызба, 1 ай бойы болған диарея, еш себепсіз дене салмағының 10%-ға және оданда көп төмендеуі, 1 ай бойы жөтелу, созылған, қайталанған ем қонбаған пневмония; созылмалы қайталанған вирусты, бактериалды, паразитарлы жұқпалар; 1 айдан асқан 2 және одан көп лимфа түйіндері тобының үлкеюі, жеделдеу энцефалит, бұрын сау болған адамның деменциясы және ЖИТС индикаторлы аурулардың да деменциясы.

АИТВ-қа қарсы антиденелер науқастардың 90-95%-ында ауру жұққаннан кейін 3 ай ішінде, 5-9%-ында 6 айдан кейін, ал 0,5-1%-ында одан кейін пайда болады.

ИФА-ның нәтижесі оң болғанда оның арнайылығын иммундық блотинг әдісімен вирус белоктарына қарсы антиденелерді анықтап дәлелдейді.

АИТВ – жұқпасының ауыр-жеңілін болжап, «вирус жүктемесін» анықтау үшін, плазмадағы АИТВ РНҚ-ның копиясын полимеразды тізбекті реакциямен (ПЦР) тексереді. Белок-24 - плазмадағы, жасушадағы АИТВ-виремиясы және басқадай жұқпа маркерлерін анықтайды. Иммунологиялық әдістер жұқпаның стадияларын анықтауға көмектеседі. Ол үшін лимфоциттердің, Т-хелперлердің (СД4), Т-супрессорлардың (СД8) жалпы санын, СД4/СД8 салыстырмалы қатынасын тексереді. СД4/СД8 дені сау адамдарда 1,8-2,2, ал оның 1-ге дейінгі төмендеуі ЖИТС стадиясында болады. СД4 клеткаларының 1 мкл-де 500-ге дейін азаюы, дамыған иммуносупрессияны көрсетеді. АИТВ-жұқпасының диагнозы эпидемиологиялық, клиникалық, зертханалық тексерулердің нәтижесіде, оның стадиясы мен екіншілік ауруларды көрсету арқылы қойылады.

Емдеуі. Қазіргі уақытта ауырғанды толық емдеп жазатын дәрі жоқ. Дегенмен аурудың дамуын тоқтататын емдеу схемалары бар.

Негізгі емдеу қағидалары: психологиялық режимді сақтау, дер кезінде басталатын вирусқа қарсы ем, екіншілік аурулардың диагнозының ерте қойылуы мен емі.

Вирусқа қарсы ем де бірнеше бағытта жүргізіледі: сау жасушаларға вирустарды кіргізбеу, ішіне кірген вирустарды өлтіру немесе оның көбеюін тоқтату. Қазіргі уақытта вирустың көбеюін тоқтататын антиретровирусты препараттар қолданылады. Бұл препараттарда екі топтан тұрады: кері транскриптаза ингибиторы, протеаза ингибиторы. Кері транскриптаза ингибиторы провирустық ДНК-ның синтезін тоқтатады. Бұған жататын дәрілер: азидотимидин (син. АЗТ, зидовудин, Ресей препараты-тимозид), эпивир (син. ЗТС, ламивудин) және хивид (зальцитабин). Кері транскриптаза ингиборы АИТВ-жұқпасының дамуын баяулатады, иммундық жүйенің функциясын жақсартады. Бірақ, бұл препараттарға вирус тез төзімді (резистентті) болып бейімделіп алады. Протеазаның ингибиторлары: саквинавир (инвираза), индинавир (криксиван), ритонавир, нельфинавир. Бұлар жаңа вирустың пайда болуын тоқтатады. Үш және одан да көп препараттарды қосып емдегенде жақсы нәтиже береді. Клиникада «тритерапия» кең қолданылады, қалыпты жағдайда екі кері транскриптаза ингибиторы (ретовир және эпивир) және бір протеаза ингибиторы (криксиван) тағайындалады. Мысалы, АЗТ 200 мл 3 рет тәулігіне, ЗТС 150 мг 2 рет тәулігіне, криксиван 600 мг 4 рет тәулігіне. Сонымен бірге пациенттерге иммунитет көтеретін, иммунокоррекция беретін дәрілер де беріледі.

АИВ-инфекциясын емдеуге, вирустардың нысана-торшаға жабысуын (адсорбциясын) бөгеу үшін гепарин, декстрансульфат, троволол, СД4–ге қарсы антиденелер пайдаланылады. Вирус белоктарына қарсы антиденелер қолдану қолайлы. Екіншілік аурулардың алдын алып емдеудің маңызы зор. Пневмоцисты пневмонияның алдын алу үшін, СД4 бір мкл-да 200-ден азайса, бисептол, септрин (көтере алмаса-дапсон) тағайындалады. Грибтік зақымдауда кетоконазол, флюконазол пайдалы. Герпес вирусты инфекцияларда алдын–алуға және емдеуге ацикловир, ганцикловир, фоскарнет тағайындалады. Манту оң болғанда изониазид химиопрофилактикасы жүргізіледі. Дамыған туберкулезді стрептомицин, рифампицин, изониазид, этамбутолдардың әр түрлі қосынды препараттарымен емдейді. СД4 – 100/мкл болғанда, атиптік микобактериоз даму қауіпі болғанда рифампицин тағайындайды. Бактериалды инфекциялардың еміне кешенді антибиотиктерді (хинолондар) қолданады. Капоши саркомасын проспидинмен емдейді. ЖИТС кезеңін емдеу күрделі жүргізіледі: гемосорбция, иммуносупрессорлар, интерферон, интерлейкиндер, айырша без препараттары, донорлардың лимфоидты клеткаларын егу, имутпол және амплиген, аурудың денесін 42°С-қа қыздыру, сойған малдың ұйқы безінің препараттары (вирустың репликациясын басады), өт қышқылдары, мембранотропты липидтер (12-метокси-ли-деканоат, амфитерицин В), антиоксиданттар (дитиокарб, бутилды гидрокси-анизол), шайқурай және басқалар.

Бұл емдер ауруды толық сауықтырмайды, емдегендердің ЖИТС кезіндегі ремиссиясы екі жылға дейін созылады (емделмегендер - алты айда өледі).