- •Қысқартылған сөздер тізімі
- •I тарау. Жалпы иммунология
- •1. Иммунология пәні, мақсаты мен міндеттері
- •1.1 Иммунологияның даму тарихы
- •Иммунология - адам организмінің ішкі тұрақтылығының өзгерістерін тексеретін ғылым болып қалыптасты.
- •1.2. Иммунитет туралы ұғым
- •1.3. Табиғи иммунитет жүйесі.
- •Иммундық жүйе
- •2.1. Жасушалық иммунитет жүйесі
- •3. Антигендер мен антиденелер
- •3.1. Антигендер түрлерi, сипаттамалары
- •3.2. Антиденелер - иммуноглобулиндер
- •4. Иммунды қабілетті жасушалар
- •5. Цитокиндер – иммунитет жүйесінің реттеуштері
- •Лимфоциттердің простагландин синтездейтін қабілеті жоқ.
- •6. Иммундық жауап және иммундық торшалардың өзара байланыстары
- •6.1. Иммундық жауап
- •6.2. Иммундық жасушалардың өзара байланыстары
- •Макрофаг
- •6.3. Апоптоз
- •7. Антиидиотиптер, антиидиотиптік торап
- •Комплемент жүйесі
- •Комплемент жүйесінің альтернативтік жолмен белсенуі
- •Комплемент жүйесінің компоненттерінің комплекстері және биологиялық белсенді бөлшектері
- •9. Сілемейлі қабық қорғанысы
- •10. Иммундық комплекстер
- •11. Гистосәйкестік жүйесі
- •12. Иммунологиялық толеранттылық
- •13. Иммундық тапшылықтар
- •13.1. Ілкі және салдарлық иммундық тапшылықтар (ит) жіктелуі
- •V. Зат алмасудағы тұқым қуалайтын аномалия
- •Vі. Комплемент жүйесінің тапшылығы
- •Vіі. Фагоцитоздың тапшылығы
- •Vііі. Жергілікті иммунитет патологиясы
- •13.2. Ілкі иммундық тапшылықтар (іит)
- •13.3. Антиденелер өндірілуінің ақаулары.
- •3. Жалпы вариабельды иммунды тапшылығы (жви).
- •Тимомаға байланысты иммундық дефицит.
- •13.5. Ілкі жасушалық иммундық тапшылықтар
- •Айырша без гипоплазиясы (Ди Джордж аномалиясы)
- •13.6. Өзге ақауларға байланысты иммундық тапшылықтар
- •Комплемент жүйесінің тапшылығы.
- •13.7 Ілкі иммундық тапшылықтың жұқпалы асқынулары
- •14. Салдарлық иммундық тапшылықтар (сит)
- •14.1. Салдарлық иммундық тапшылықтарының даму жағдайлары
- •14.2. Салдарлық иммундық тапшылықтың жіктелуі
- •1. Құрама (комбинированные) сит
- •3. Лимфокиндер мен оның рецепторлары тапшылығының синдромдары.
- •3.2. Пангипогаммаглобулинемия.
- •III. Аралас иммундық тапшылығы
- •I. Комплемент жүйесінің тапшылығы
- •II. Фагоцитоз тапшылығы
- •15. Иммундық тапшылықтар түрлері
- •16. Жұқпалы аурулардағы иммундық тапшылықтар
- •16.1. Аитв-жұқпасы
- •Аитв-жұқпасының клиникалық жіктемесі (в.И. Покровский, 1989)
- •16.2. Өзге жұқпалы ауруларда болатын иммундық өзгерістер
- •1. Бауыр аурулары және иммундық тапшылық.
- •(А.Г. Коломиец және басқалар, 1992)
- •3. Бактериальды инфекциялардың салдарлық иммундық тапшылықтар
- •17. Қатерлі өспелер және иммундық тапшылық жағдайлар
- •17. 1. Ісік иммунологиясы
- •Эмбриондық ісік антигендері
- •18. Зат алмасуы бұзылғандағы салдарлық иммундық тапшылықтар.
- •19. Көз ауруларындағы иммундық тапшылықтар.
- •20. Хирургиялық операциялардан және жарақаттардан кейінгі иммундық бұзылыстар
- •21. Фертильділіктің иммунологиясы
- •21.1. Жүктіліктің иммунопатологиясы.
- •21.2. Иммунологиялық факторлардың бедеулік дамуындағы рөлі.
- •22. Аутоиммунды бұзылыстар
- •Иммундық статусты бағалау
- •1. Инфекциялық синдром
- •2. Аллергиялық синдром
- •3. Аутоиммунды синдром.
- •4. Иммундық торшалардың көбею синдромы
- •Екі деңгейлі иммунологиялық тексеру
- •23.1. Ілкілік иммундық тапшылықты бағалау.
- •23.2. Гуморальдық иммунитеттің бұзылуын бағалау.
- •23.3 Жасушалық иммунитеттің бұзылуын бағалау.
- •23.4 Туа болған және жүре дамитын комплемент компоненттерінің тапшылығы
- •23.5 Фагоцитоз жүйесінің бұзылуы.
- •24. Иммундық статусты тексеру картасы
- •Нейтрофильді гранулоциттер жүйесі
- •Лимфоциттердің қызметінің белсенділігі
- •25. Иммунитет бұзылыстарын емдеу.
- •Иммунитетті ширату
- •25. 2. Иммунитет белсендіретін препараттардың жіктемесі
- •1. Табиғи қорғаныс факторлары:
- •2. Моноциттер/макрофагтар ширатушылары:
- •25.3. Иммунотропты препараттардың сипаттары
- •26. Цитокиндердің емдік әсерлері
- •27. Иммунитет тежейтін препараттар және цитостатиктер.
- •28. Спецификалық (телімді) иммунотерапия және иммунопрофилактика
- •28.1. Спецификалық (телімді) иммунопрофилактиканы жүргізудің қағидалары
- •29. Аллергия мен иммунитет механизмдерінің бірлестігі
- •29.1. Аллергиялық реакциялардың этиологиясы мен патогенезі
- •29.2. Гиперсезімталдық реакциялары
- •(П. Джеллу және Кумбс 1964)
- •Гиперсезімталдықтың анафилакциялық реакциясының түрі.
- •29.3. Гистамин және антигистаминдік преператтар
- •30. Аллергоздардың диагностикасы
- •31. Аллергиялық ауруларды емдеу қағидалары
- •IV тарау. Аллергоздар
- •32. Поллиноздар
- •33. Тағамдық аллергия
- •34 Микоздық аллергия
- •35. Дәрілік аллергия
- •Дәрі асқынуларының патогенездік жіктелуі (е.С. Белозеров, 1989)
- •Дәрілік аллергия
- •Токсикалық реакциялары:
- •3. Дәрі асқынуларының клиникасы
- •36. ЖӘндіктік аллергия
- •37. Гельминттік аллергия
- •38. Вакциналық және сарысулық аллергиясы
- •39. Аллергиялық риниттер
- •Аллергиялық синуситтер.
- •40. Құлақтың аллергиялық аурулары
- •41. Бронх демікпесі
- •42. Студенттердің білімін тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Жалпы және клиникалық иммунология тақырыптарынан тест тапсырмаларының дұрыс жауаптары
- •Клиникалық аллергология тақырыбынан тест тапсырмалары
- •1. Аллергия – бұл:
- •2. Аллергологиялық кабинеттің негізгі міндеттеріне не кірмейді?
- •3. Атопия-бұл:
- •4. Гаптен - бұл:
- •Клиникалық аллергология тақырыптары бойынша тест тапсырмаларының дұрыс жауаптары
- •43 Тұжырым
- •Айырмашылығы
- •43. Иммунологиялық терминдердің қысқаша түсіндірме сөзігі
- •Әдебиеттер
40. Құлақтың аллергиялық аурулары
Сыртқы құлақ аурулары. Сыртқы құлақта атопиялық дерматит жиі кездеседі. Дененің басқа жерлерінің зақымдануымен жүруі мүмкін. Көбінесе бір жасқа дейінгі балалар ауырады. Есту жолы қышиды.
Үлкендерде сыртқы құлақта және есту жолында аллергиялық дерматит дамиды. Оның себептері – металдан сырға тағу, косметикалық крем, антибиотиктерді құлаққа тамызу, кейде көзілдірік киюге де байланысты.
Аллергиялық дерматит – тері ісініп, эритема және папулалар пайда болуымен білінеді. Емі – жанасулық және атопиялық дерматиттерді емдеу әдістері.
Аллергиялық жедел ортаңғы отит – балаларда өте жиі кездеседі. Оны мукозды отит, тубоотит, катаральды ортаңғы отит дейді. Орталық құлақта қан сарысуының экссудаты, серозды сұйық жиналады.
Орталық құлақпен есту каналының шырышты қабығының гиперсекрециясында секрет қоюланып, тұтқырлығы жоғары болып бөлінеді. Оның құрамында иммуноглобулиндер және лизосомальды ферменттер көбейеді. Кейде баротравмадан кейін құлақтан қан да шығуы мүмкін. Балаларда катаральды аллергиялық отиттің дамуы есту жолының кеңдігіне және горизонтальды орналасуына байланысты. Катаральды аллергиялық қабынудың дамуына аденоидтар және есту жолының функциясының бұзылуы, инфекция және дұрыс тамақтанбау бейімдейді.
Аурудың көріністері – естудің нашарлауы, құлақ іші толып тұрғандай, есту өзегінің өткізгіштігінің бұзылуы. Құлақтың жарғағы ішіне қарай тартылған, кейде серозды секрет бөлінеді. Құлақ жарғағы әуелі ақ, кейіннен көкшіл – сұр болып қара-қоңыр түске ауысады. Жарық рефлексі өзгерген. Аудиометрияда 20-40 дб жиілігінде дыбыс өткізуі төмендейді.
Аллергиялық созылмалы ортаңғы отитте құлақ жарғағы қалыңдайды. Отоскопияда шырышты қабық өзгерген және шырышты тартылыстар көрінеді. Эпитимпанит пен мезотимпанит кездеседі. Отомикроскопияда барабан қуысының шырышты қабығы ісініп және промонториум мен есту түтігі тесігінің маңы жастық тәрізді қалыңдайды. Шырышты қабық полиптер шығуымен өзгеріп, көгереді немесе көкшіл-қызғылт түсте болады. Клиникалық көріністері әртүрлі, өзгеріп отырады. Көбінесе мукозды немесе шырышты-мукозды, әредік серозды экссудат бөлінеді. Құлақ естуі-дыбыс қабылдауы және өткізуі тым төмендейді. Ортаңғы аллергиялық отиттің симптомдары: құлақтың мүкістігі күннен-күнге күшейе береді. Құлақ жарғағы қалыңдайды, дыбыс түтігінің іші бітіп, созылмалы ауру жылына бірнеше рет қозып отырады. Олардың 70% аллергиялық ринит болады.
Аллергиялық құлақ ауруының емі. Риниті болса, қоса емдейді. Балаларға емізік беруді тоқтатады. Мұрынына тамыр тарылтатын дәрілерді тамызады. Вальсальв тәжірибесін қолдану жақсы. Бұл шаралар есту түтігінің өзегін ашу үшін жүргізіледі. Хирургиялық әдістерде қолданылады. Олар – аденотомия, барабан қуысына жиналған сұйықты ағызып жіберу үшін барабан жарғағының парацентезі және есту түтігіне желдеткіш түтік қою. Болжамы жақсы. Балалар 12 жасқа келгенде есту түтігінің өзгерістері жақсарып, жазылады. Созылмалы аллергиялық отиттің емі әржақты, жергілікті және жалпы шараларды қамтиды. Жергілікті емді микроскоппен ортаңғы құлақты тазалаудан бастайды. Ұсақ полиптерді, грануляцияны, экссудатты алып тастайды. Құлақты жылы антисептикпен жуады. Барабан қуысына бор қышқылының 3% спирт ертіндісімен турундалар қояды. Қозған кезде тубус кварц, ремиссияда УВЧ және ДМВ – терапия тағайындайды.
Эфедрин ертіндісімен жұтқыншақтағы есту түтігінің тесігін анемизациялап үрлейді. Антибиотиктерді, сульфаниламидтерді, В-тобының витаминдерін, аскорбин қышқылын береді.
Құлаққа левамизолдың 0,05% ертіндісін тамызады.
Мынандай эмульсияны құлаққа пайдалануға болады: ампициллин – 100 000 ЕД, левамизол – 0,1г, сусыз ланолин – 0,3, вазелин – 10, гидрокортизон суспензиясы 2% - 2г.
Мынандай балауыз дәрі – оксациллин – 100 000 ЕД, левамизол 0,1г, сусыз ланолин – 0,3, какао майы – 0,3, гидрокортизон суспензиясы 2,5% - 1г.
Балауыз және эмульсияны құлақты тазартып жуғаннан кейін қояды. Құлақ түйінін басып тұрып оларды есту түтігіне кіргізеді. Аэрозольды (0,1% левамизол, антигистаминдік дәрілер, кортикостероидтер) жіберуге болады.
