- •Қысқартылған сөздер тізімі
- •I тарау. Жалпы иммунология
- •1. Иммунология пәні, мақсаты мен міндеттері
- •1.1 Иммунологияның даму тарихы
- •Иммунология - адам организмінің ішкі тұрақтылығының өзгерістерін тексеретін ғылым болып қалыптасты.
- •1.2. Иммунитет туралы ұғым
- •1.3. Табиғи иммунитет жүйесі.
- •Иммундық жүйе
- •2.1. Жасушалық иммунитет жүйесі
- •3. Антигендер мен антиденелер
- •3.1. Антигендер түрлерi, сипаттамалары
- •3.2. Антиденелер - иммуноглобулиндер
- •4. Иммунды қабілетті жасушалар
- •5. Цитокиндер – иммунитет жүйесінің реттеуштері
- •Лимфоциттердің простагландин синтездейтін қабілеті жоқ.
- •6. Иммундық жауап және иммундық торшалардың өзара байланыстары
- •6.1. Иммундық жауап
- •6.2. Иммундық жасушалардың өзара байланыстары
- •Макрофаг
- •6.3. Апоптоз
- •7. Антиидиотиптер, антиидиотиптік торап
- •Комплемент жүйесі
- •Комплемент жүйесінің альтернативтік жолмен белсенуі
- •Комплемент жүйесінің компоненттерінің комплекстері және биологиялық белсенді бөлшектері
- •9. Сілемейлі қабық қорғанысы
- •10. Иммундық комплекстер
- •11. Гистосәйкестік жүйесі
- •12. Иммунологиялық толеранттылық
- •13. Иммундық тапшылықтар
- •13.1. Ілкі және салдарлық иммундық тапшылықтар (ит) жіктелуі
- •V. Зат алмасудағы тұқым қуалайтын аномалия
- •Vі. Комплемент жүйесінің тапшылығы
- •Vіі. Фагоцитоздың тапшылығы
- •Vііі. Жергілікті иммунитет патологиясы
- •13.2. Ілкі иммундық тапшылықтар (іит)
- •13.3. Антиденелер өндірілуінің ақаулары.
- •3. Жалпы вариабельды иммунды тапшылығы (жви).
- •Тимомаға байланысты иммундық дефицит.
- •13.5. Ілкі жасушалық иммундық тапшылықтар
- •Айырша без гипоплазиясы (Ди Джордж аномалиясы)
- •13.6. Өзге ақауларға байланысты иммундық тапшылықтар
- •Комплемент жүйесінің тапшылығы.
- •13.7 Ілкі иммундық тапшылықтың жұқпалы асқынулары
- •14. Салдарлық иммундық тапшылықтар (сит)
- •14.1. Салдарлық иммундық тапшылықтарының даму жағдайлары
- •14.2. Салдарлық иммундық тапшылықтың жіктелуі
- •1. Құрама (комбинированные) сит
- •3. Лимфокиндер мен оның рецепторлары тапшылығының синдромдары.
- •3.2. Пангипогаммаглобулинемия.
- •III. Аралас иммундық тапшылығы
- •I. Комплемент жүйесінің тапшылығы
- •II. Фагоцитоз тапшылығы
- •15. Иммундық тапшылықтар түрлері
- •16. Жұқпалы аурулардағы иммундық тапшылықтар
- •16.1. Аитв-жұқпасы
- •Аитв-жұқпасының клиникалық жіктемесі (в.И. Покровский, 1989)
- •16.2. Өзге жұқпалы ауруларда болатын иммундық өзгерістер
- •1. Бауыр аурулары және иммундық тапшылық.
- •(А.Г. Коломиец және басқалар, 1992)
- •3. Бактериальды инфекциялардың салдарлық иммундық тапшылықтар
- •17. Қатерлі өспелер және иммундық тапшылық жағдайлар
- •17. 1. Ісік иммунологиясы
- •Эмбриондық ісік антигендері
- •18. Зат алмасуы бұзылғандағы салдарлық иммундық тапшылықтар.
- •19. Көз ауруларындағы иммундық тапшылықтар.
- •20. Хирургиялық операциялардан және жарақаттардан кейінгі иммундық бұзылыстар
- •21. Фертильділіктің иммунологиясы
- •21.1. Жүктіліктің иммунопатологиясы.
- •21.2. Иммунологиялық факторлардың бедеулік дамуындағы рөлі.
- •22. Аутоиммунды бұзылыстар
- •Иммундық статусты бағалау
- •1. Инфекциялық синдром
- •2. Аллергиялық синдром
- •3. Аутоиммунды синдром.
- •4. Иммундық торшалардың көбею синдромы
- •Екі деңгейлі иммунологиялық тексеру
- •23.1. Ілкілік иммундық тапшылықты бағалау.
- •23.2. Гуморальдық иммунитеттің бұзылуын бағалау.
- •23.3 Жасушалық иммунитеттің бұзылуын бағалау.
- •23.4 Туа болған және жүре дамитын комплемент компоненттерінің тапшылығы
- •23.5 Фагоцитоз жүйесінің бұзылуы.
- •24. Иммундық статусты тексеру картасы
- •Нейтрофильді гранулоциттер жүйесі
- •Лимфоциттердің қызметінің белсенділігі
- •25. Иммунитет бұзылыстарын емдеу.
- •Иммунитетті ширату
- •25. 2. Иммунитет белсендіретін препараттардың жіктемесі
- •1. Табиғи қорғаныс факторлары:
- •2. Моноциттер/макрофагтар ширатушылары:
- •25.3. Иммунотропты препараттардың сипаттары
- •26. Цитокиндердің емдік әсерлері
- •27. Иммунитет тежейтін препараттар және цитостатиктер.
- •28. Спецификалық (телімді) иммунотерапия және иммунопрофилактика
- •28.1. Спецификалық (телімді) иммунопрофилактиканы жүргізудің қағидалары
- •29. Аллергия мен иммунитет механизмдерінің бірлестігі
- •29.1. Аллергиялық реакциялардың этиологиясы мен патогенезі
- •29.2. Гиперсезімталдық реакциялары
- •(П. Джеллу және Кумбс 1964)
- •Гиперсезімталдықтың анафилакциялық реакциясының түрі.
- •29.3. Гистамин және антигистаминдік преператтар
- •30. Аллергоздардың диагностикасы
- •31. Аллергиялық ауруларды емдеу қағидалары
- •IV тарау. Аллергоздар
- •32. Поллиноздар
- •33. Тағамдық аллергия
- •34 Микоздық аллергия
- •35. Дәрілік аллергия
- •Дәрі асқынуларының патогенездік жіктелуі (е.С. Белозеров, 1989)
- •Дәрілік аллергия
- •Токсикалық реакциялары:
- •3. Дәрі асқынуларының клиникасы
- •36. ЖӘндіктік аллергия
- •37. Гельминттік аллергия
- •38. Вакциналық және сарысулық аллергиясы
- •39. Аллергиялық риниттер
- •Аллергиялық синуситтер.
- •40. Құлақтың аллергиялық аурулары
- •41. Бронх демікпесі
- •42. Студенттердің білімін тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Жалпы және клиникалық иммунология тақырыптарынан тест тапсырмаларының дұрыс жауаптары
- •Клиникалық аллергология тақырыбынан тест тапсырмалары
- •1. Аллергия – бұл:
- •2. Аллергологиялық кабинеттің негізгі міндеттеріне не кірмейді?
- •3. Атопия-бұл:
- •4. Гаптен - бұл:
- •Клиникалық аллергология тақырыптары бойынша тест тапсырмаларының дұрыс жауаптары
- •43 Тұжырым
- •Айырмашылығы
- •43. Иммунологиялық терминдердің қысқаша түсіндірме сөзігі
- •Әдебиеттер
29.1. Аллергиялық реакциялардың этиологиясы мен патогенезі
Аллергиялық аурулардың пайда болу себебі – аллергиялық реакция дамытатын аллерген. Аллерген мен антигеннің айырмашылығы: егер организмге енген зат аллергиялық реакция берсе, ол - аллерген, ал тек иммундық реакция дамытса - антиген. Аллергендер антигенге ұқсас (белок, организмге бөтен зат).
Сонымен бірге аллергиялық реакцияны антигендік қасиеті жоқ заттар да шақыра алады. Олар – микромолекулалы қосындылар, мысалы – дәрілер, химиялық қарапайым заттар (бром, йод, хром, никель т.б.), кейбір белок емес күрделі заттар (микроб өнімдері, полисахаридтер т.б.). Оларды гаптен деп атайды. Олар организмнің белоктарымен байланысқанда антигендік (аллергендік) қасиетке ие болады. Бұл күрделі, қосынды аллергендер организмге түскенде сенсибилизация дамытады. Ал гаптен қайталап түскенде белокқа байланыспай-ақ антиденелермен немесе сенсиблизациясы бар лимфоциттермен байланысады да, аллергиялық реакция жүреді.
Кейде гаптеннің белокпен байланысуы белоктың денатурациясын шақырып, құрылысын өзгертеді. Мұндай жағдай белокпен галогендердің, хромның, нитрит, ацетил қосындыларымен байланысқанда болады да антиденелер өзгерген белокқа қарсы пайда болады. Сөйтіп, аутоаллергиялық реакция дамытады (Адо А.Д., 1963).
Аллергендер екі топқа бөлінеді: экзо- және эндоаллергендер (аутоаллергендер).
А.Д. Адо мен А.А. Польнер (1963) экзогендік аллергендерді пайда болуына байланысты бөлді: 1) инфекциялық емес аллергендер – тұрмыстық, эпидермалдық, шаң-тозаң, тағам, өндірістік; 2) инфекциялық аллергендер – бактериалдық, грибтік, вирустық.
Тұрмыстық аллергендердің негізі - үйдің шаңы. Құрамы күрделі: киімнің, жиһаздың, төсек-орынның ұсақ бөлшектері, грибтер, бактериялар, үй жәндіктерінің бөлшектері. Оның ішінде аллергендік әсері көп-кенелер, аквариум балықтарын қоректендіретін дафниялар. Тұрмыстық аллергендер тыныс алу жолының аллергиялық ауруларын шақырады.
Жәндік аллергендері – шағатын, тістейтін (сілекейі) жәндіктердің аллергендері. Бұлар жалпы және шектелген аллергиялық реакциялар береді. Басқадай сенсибилизациясы бар адамдардың аллергияға бейімділігі жоғары. Эпидермалды аллергендерге жануарлардың жүні, қайызғағы, құстың жүні, балықтың қабыршағы жатады. Оның ішінде жылқының қайызғағы аллергиялық реакцияны жиі шақырады және басқа жануарлар аллергендерімен туыстығы болады. Кәсіби сенсибилизация (малшыларда, виварий және шаштараз, құс ұстаушыларда) ринит, бронх демікпесін, есекжем сияқты аллергиялық ауруларды дамытады.
Дәрі аллергені – гаптен. Егерде адамның бір дәріге аллергиясы болса, молекуласының антигендік ұқсастығы бар басқа дәрілерге де алллергия дамиды. Тозаң аллергендері; жел арқылы ұрықтанатын, тозаңдары 35 мкм-ден үлкен болмайтын өсімдіктер аллергендері. Тозаңның антигендері күрделі, мысалы, амброзия тозаңында 5-10 антиген, атқонақта 7-15 антиген бар. Көптеген өсімдіктер тозаңдарының аллергендерінің туыстығы болуы мүмкін. Сондықтан бір өсімдікке аллергиясы бар адам басқа соған ұқсас аллергені бар өсімдікке аллергия береді. Астық тұқымдастардың (бидай, арпа, атқонас, сұлы, бидайық) бәріне бірдей аллергені бар. Әр географиялық аймақта өзіне тән аллергия беретін өсімдіктері табылған: Алматыда – жусан, тағы кенепшөп; Мәскеуде – шалған шөптің тозаңдары.
Тағам аллергендері. Балық, бидай, бұршақ, қызанақ аллергияны жиі береді. Тағамға қосынды химиялық заттар (бояу, қош иістеу, ашытқы т.б.) аллерген болуы мүмкін.
Өндіріс аллергендері. Үйде, өндірісте химиялық заттармен жанасу көбейді. Өндіріс аллергендері көбінесе-гаптен. Жиі кездесетін өндіріс аллергендеріне скипидар, майлар, никель, хром, мышьяк, деготь, смола, бояулар, танин, пирогалол, детергенттер, хлорбензол, нафталин және шаш, қас бояулары жатады.
Фотоательеде – ментол, бром қосындылары, гидрохинон аллергия береді.
Тұрмыста синтетикалық киімдер (лавсан, нейлон, капрон, дедерон), кір жуатын, ыдыс тазартатын заттар аллерген бола алады.
Инфекциялық аллергендердің пайда болуы әртүрлі микроорганизмдермен және олардың өмір сүруінен шыққан заттармен аллергиялық процестер дамып, сол аурудың патогенезімен байланысады. Патогенезінде аллергия шешуші рөл атқаратын инфекциялы ауруларды инфекциялы-аллергиялық аурулар дейді. Оларға жататындар созылмалы инфекциялар (туберкулез, лепра, бруцеллез, мерез, ревматизм, созылмалы кандидоздар т.б.). Шектелген созылмалы инфекция ошақтары (холецистит, отит, гайморит, тонзиллит, тіс жегі) сенсибилизация беріп бронх демікпесін, квинке ісігін, жаралы колит, ревматизм және басқа ауруларды дамытады.
Әр түрлі ауруларға қарсы егу (вакцинация) реакцияларымен бірге аллергиялық процестер беруі мүмкін.
Өте жиі кездесетін аллергендер грибтер, олардың 350 түрінде аллергия байқалған. Грибтердің инфекциялық ауру беретін түрлері бар (аспаргиллез, актиномикоз, кокцидиоидоз, гистоплазмоз және басқалар).
Патогенділігі жоқ грибтер организмде сенсибилизация дамытып, аллергиялық аурулар береді (бронх демікпесі). Мұндай грибтер үй тозаңында, кейбір тағамда, ауада, тағам, витамин өндірістерінде кездеседі.
Аллергияның көбею себептері әртүрлі.
Инфекциялық аурулардың түрлерінің өзгеруі.
Жаңа туған нәрестеде Т-лимфоцит-хелпер-2 басым болады. Кейін иммундық жүйенің жетілуімен қалыпты жағдайда Т-лимфоцит-хелпер-1 көбейеді. Вирусты және бактериальды инфекциялар макрофагтарды белсендіріп, олар ИЛ-12 өнімін күшейтеді. ИЛ-12 Т-хелперлер-0 түріне әсер етіп, оның Т-хелпер-1-ге жетілуіне ықпал береді. Т-хелпер -1 гамма-интерферон өндіреді және Т-хелпер-2-нің функциясын басады. Қазіргі заманда вирусқа қарсы иммунитеттің төмендеуі (балалардың егілуінің нәтижесіздігі, шешекке қарсы егудің тоқтатылуы т.б.) Т-хелпер – 2-нің функциясын көтеріп, аллергиялық ауруларға бейімділік береді.
Нәрестелерді жасанды тамақтандырып асырау (емшек сүтінсіз) гипоиммуноглобулинемия – А-ға шалдықтырып, шырышты қабық аурулары дамып, аллергияға әкеледі.
Генетикалық факторлары әртүрлі:
а) генетикалық бақылауда Т – хелпер – 2-нің ИЛ-4 және ИЛ-5 өнімдерін шығару функциясы жоғары;
б) генетикалық бақылауда IgE өнімі көп;
в) генетикалық бақылауда бронхтардың гиперреактивтілігі болады.
Автокөліктердің газдары мен шылымның түтініндегі NO2, SO2, NO Т-хелпер – 2-нің және IgE өнімін көбейтеді. Олар дем алу жолдарының эпителий клеткаларына әсер етіп, қабыну дамытатын цитокиндерді (ИЛ-8, ИЛ-6, альфа - ОНФ) шығарып, аллергиялық қабынулар дамытады.
Нағыз аллергиялық реакцияның даму кезеңдері:
Организмнің иммундық жүйесі аллергермен бірінші жанасуда болуы;
Сенсибилизация даму үшін (реактивтілігінің өзгеруіне) белгілі уақыт өткенде аллергенге қарсы антиденелер құрылады немесе цитотоксикалық жоғарысезімталдықтың Т-лимфоциттері пайда болады;
Арнайы аллергенмен қайтадан болған жанасу (аллерген екінші рет түскенде) аллергиялық реакция дамытады;
Аллергиялық реакцияның дамуы, клиникалық көріністерге, мүшелердің зақымдануына әкеледі.
Аллергиялық реакция үш кезеңнен тұрады:
Иммунологиялық стадия – иммундық жүйенің аллергенмен бірінші жанасуынан сенсибилизация дамығанға дейінгі мезгіл.
Патохимиялық стадия – иммун жүйесінің арнайы аллергенмен қайта жанасқанда биологиялық белсенді заттардың көп шығуына дейін.
Патофизиологиялық стадия – биологиялық белсенді заттардың әсерімен жасушалар мен тіндердің зақымдануы және олардың функцияларының бұзылуы. Патофизиологиялық стадия клиникалық көріністермен аяқталады.
Организмнің иммундық жүйесі (гуморальдық және клеткалық) иммундық жауап жүргізіп қорғаныс реакциясын дамытады, кейде өз ұлпаларын да зақымдайды. Бұл реакцияны аллергиялық немесе гиперсезімталдық реакциясы дейді.
