- •Қысқартылған сөздер тізімі
- •I тарау. Жалпы иммунология
- •1. Иммунология пәні, мақсаты мен міндеттері
- •1.1 Иммунологияның даму тарихы
- •Иммунология - адам организмінің ішкі тұрақтылығының өзгерістерін тексеретін ғылым болып қалыптасты.
- •1.2. Иммунитет туралы ұғым
- •1.3. Табиғи иммунитет жүйесі.
- •Иммундық жүйе
- •2.1. Жасушалық иммунитет жүйесі
- •3. Антигендер мен антиденелер
- •3.1. Антигендер түрлерi, сипаттамалары
- •3.2. Антиденелер - иммуноглобулиндер
- •4. Иммунды қабілетті жасушалар
- •5. Цитокиндер – иммунитет жүйесінің реттеуштері
- •Лимфоциттердің простагландин синтездейтін қабілеті жоқ.
- •6. Иммундық жауап және иммундық торшалардың өзара байланыстары
- •6.1. Иммундық жауап
- •6.2. Иммундық жасушалардың өзара байланыстары
- •Макрофаг
- •6.3. Апоптоз
- •7. Антиидиотиптер, антиидиотиптік торап
- •Комплемент жүйесі
- •Комплемент жүйесінің альтернативтік жолмен белсенуі
- •Комплемент жүйесінің компоненттерінің комплекстері және биологиялық белсенді бөлшектері
- •9. Сілемейлі қабық қорғанысы
- •10. Иммундық комплекстер
- •11. Гистосәйкестік жүйесі
- •12. Иммунологиялық толеранттылық
- •13. Иммундық тапшылықтар
- •13.1. Ілкі және салдарлық иммундық тапшылықтар (ит) жіктелуі
- •V. Зат алмасудағы тұқым қуалайтын аномалия
- •Vі. Комплемент жүйесінің тапшылығы
- •Vіі. Фагоцитоздың тапшылығы
- •Vііі. Жергілікті иммунитет патологиясы
- •13.2. Ілкі иммундық тапшылықтар (іит)
- •13.3. Антиденелер өндірілуінің ақаулары.
- •3. Жалпы вариабельды иммунды тапшылығы (жви).
- •Тимомаға байланысты иммундық дефицит.
- •13.5. Ілкі жасушалық иммундық тапшылықтар
- •Айырша без гипоплазиясы (Ди Джордж аномалиясы)
- •13.6. Өзге ақауларға байланысты иммундық тапшылықтар
- •Комплемент жүйесінің тапшылығы.
- •13.7 Ілкі иммундық тапшылықтың жұқпалы асқынулары
- •14. Салдарлық иммундық тапшылықтар (сит)
- •14.1. Салдарлық иммундық тапшылықтарының даму жағдайлары
- •14.2. Салдарлық иммундық тапшылықтың жіктелуі
- •1. Құрама (комбинированные) сит
- •3. Лимфокиндер мен оның рецепторлары тапшылығының синдромдары.
- •3.2. Пангипогаммаглобулинемия.
- •III. Аралас иммундық тапшылығы
- •I. Комплемент жүйесінің тапшылығы
- •II. Фагоцитоз тапшылығы
- •15. Иммундық тапшылықтар түрлері
- •16. Жұқпалы аурулардағы иммундық тапшылықтар
- •16.1. Аитв-жұқпасы
- •Аитв-жұқпасының клиникалық жіктемесі (в.И. Покровский, 1989)
- •16.2. Өзге жұқпалы ауруларда болатын иммундық өзгерістер
- •1. Бауыр аурулары және иммундық тапшылық.
- •(А.Г. Коломиец және басқалар, 1992)
- •3. Бактериальды инфекциялардың салдарлық иммундық тапшылықтар
- •17. Қатерлі өспелер және иммундық тапшылық жағдайлар
- •17. 1. Ісік иммунологиясы
- •Эмбриондық ісік антигендері
- •18. Зат алмасуы бұзылғандағы салдарлық иммундық тапшылықтар.
- •19. Көз ауруларындағы иммундық тапшылықтар.
- •20. Хирургиялық операциялардан және жарақаттардан кейінгі иммундық бұзылыстар
- •21. Фертильділіктің иммунологиясы
- •21.1. Жүктіліктің иммунопатологиясы.
- •21.2. Иммунологиялық факторлардың бедеулік дамуындағы рөлі.
- •22. Аутоиммунды бұзылыстар
- •Иммундық статусты бағалау
- •1. Инфекциялық синдром
- •2. Аллергиялық синдром
- •3. Аутоиммунды синдром.
- •4. Иммундық торшалардың көбею синдромы
- •Екі деңгейлі иммунологиялық тексеру
- •23.1. Ілкілік иммундық тапшылықты бағалау.
- •23.2. Гуморальдық иммунитеттің бұзылуын бағалау.
- •23.3 Жасушалық иммунитеттің бұзылуын бағалау.
- •23.4 Туа болған және жүре дамитын комплемент компоненттерінің тапшылығы
- •23.5 Фагоцитоз жүйесінің бұзылуы.
- •24. Иммундық статусты тексеру картасы
- •Нейтрофильді гранулоциттер жүйесі
- •Лимфоциттердің қызметінің белсенділігі
- •25. Иммунитет бұзылыстарын емдеу.
- •Иммунитетті ширату
- •25. 2. Иммунитет белсендіретін препараттардың жіктемесі
- •1. Табиғи қорғаныс факторлары:
- •2. Моноциттер/макрофагтар ширатушылары:
- •25.3. Иммунотропты препараттардың сипаттары
- •26. Цитокиндердің емдік әсерлері
- •27. Иммунитет тежейтін препараттар және цитостатиктер.
- •28. Спецификалық (телімді) иммунотерапия және иммунопрофилактика
- •28.1. Спецификалық (телімді) иммунопрофилактиканы жүргізудің қағидалары
- •29. Аллергия мен иммунитет механизмдерінің бірлестігі
- •29.1. Аллергиялық реакциялардың этиологиясы мен патогенезі
- •29.2. Гиперсезімталдық реакциялары
- •(П. Джеллу және Кумбс 1964)
- •Гиперсезімталдықтың анафилакциялық реакциясының түрі.
- •29.3. Гистамин және антигистаминдік преператтар
- •30. Аллергоздардың диагностикасы
- •31. Аллергиялық ауруларды емдеу қағидалары
- •IV тарау. Аллергоздар
- •32. Поллиноздар
- •33. Тағамдық аллергия
- •34 Микоздық аллергия
- •35. Дәрілік аллергия
- •Дәрі асқынуларының патогенездік жіктелуі (е.С. Белозеров, 1989)
- •Дәрілік аллергия
- •Токсикалық реакциялары:
- •3. Дәрі асқынуларының клиникасы
- •36. ЖӘндіктік аллергия
- •37. Гельминттік аллергия
- •38. Вакциналық және сарысулық аллергиясы
- •39. Аллергиялық риниттер
- •Аллергиялық синуситтер.
- •40. Құлақтың аллергиялық аурулары
- •41. Бронх демікпесі
- •42. Студенттердің білімін тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Жалпы және клиникалық иммунология тақырыптарынан тест тапсырмаларының дұрыс жауаптары
- •Клиникалық аллергология тақырыбынан тест тапсырмалары
- •1. Аллергия – бұл:
- •2. Аллергологиялық кабинеттің негізгі міндеттеріне не кірмейді?
- •3. Атопия-бұл:
- •4. Гаптен - бұл:
- •Клиникалық аллергология тақырыптары бойынша тест тапсырмаларының дұрыс жауаптары
- •43 Тұжырым
- •Айырмашылығы
- •43. Иммунологиялық терминдердің қысқаша түсіндірме сөзігі
- •Әдебиеттер
25. 2. Иммунитет белсендіретін препараттардың жіктемесі
(Ширинский В.С. және басқалар. 2000)
1. Табиғи қорғаныс факторлары:
Г-КСФ (нейлоген, граноцит)
L-1 (беталейкин)
пиримидин тұқымдастары (метилурацил, пентоксил)
калий оротаты
2. Моноциттер/макрофагтар ширатушылары:
М-КСФ, Г-М-КСФ (лейкомакс)
вакциналар (БЦЖ, К. Парвум)
мурамилдипептид және оның аналогтары (ликопид)
гликандар:
а) синтетикалық (лентинан, крестин, леван)
б) өсімдіктік (эсберитокс, иммунал)
бактериалдық липополисахаридтер (продигиозан, пирогенал, биостим, липид А)
бактериальдық қосынды препараттар (бронхомунол, рибомунил, паспат)
ретиноидтар
нуклеинат натрий
уақ молекулярлы иммунокорректорлар (амастатин, бестатин)
полиоксидонит
табиғи рекомбинантты интерферондар (альфа-интерферон, роферон А, интрон А. вэлферон, бетаферон, иммунерон, лейкинферон және басқалар)
интерферогендер (ридостин, арбидол, ларифан, амиксин, полудан және басқалар).
3. Т-лимфоциттерді ширатушылар:
айырша без гормондары және олардың синтетикалық аналогтары (Т-активин, тимазин, тимоптин, тимактид, тимостимулин, тимоген, вилозен, иммунофан)
диуцифон
имидазол қосындылары (левамизол, дибазол, иммутиол)
инозин-пранобекс
цинк препараттары (окись, лактат, цинктерал)
спленин
ІL-2 (ронколейкин)
ІL-1 (беталейкин)
4. В-лимфоциттерінің ширатушылары:
миелопид
олигопептидтер (ригин, даларгин)
5. НК, ЛАК-клеткаларының ширатушылары:
табиғи және рекомбинантты интерферондар
интерферогендер
ІL-2 (ронколейкин)
25.3. Иммунотропты препараттардың сипаттары
Емдік және профилактикалық сарысу препараттары. Арнайы емге, шұғыл профилактикаға және кейбір иммунологиялық ақауларды қалыптастыру үшін сарысу немесе иммуноглобулиндер қолданылады. Иммуноглобулиндер арнайы бір антигенге қарсы аз мөлшерде енгізіледі. Сарысуды, немесе иммуноглобулинді көк тамырға енгізсе сол мегзілде ауруға берілмеушілік пайда болады. Бұлшық етке, тері астына еккенде антиденелер қанда 12-24 сағат өткен соң пайда болады.
Емдік және профилактикалық сарысулар антитоксикалық, антибактериальдық және антивирустық болып бөлінеді. Антитоксикалық сарысулар хайуандарды антитоксинмен иммунизациялау арқылы дайындалады.
Антибактериальды, антивирусті препараттар өлі вакциналармен жылқыда гипериммунизация өткізумен алынады.
Гомологиялық иммуноглобулиндер адам қанынан алынады. Иммуноглобулиндер 3-4 аптаға дейін пассивті иммунитет құрады. Бірақ сарысу препараттарының көптеген кері әсерлері бар: инемен инфекция жұғуы, аллергия дамуы, бала кезінде сарысу алған әйелдерде түсік түсуі және басқалар болуы мүмкін.
Сарысуды қайталап беру, берілген белоктарға антиденелер құрылуымен аллергияға әкеледі.
Сондықтан сарысу препараттарын аурудың жедел кезінде жеткілікті дозасымен көп қайталамай берген дұрыс.
Сарысу препараттарына жаңа мұздатылған плазма да жатады. Плазмада көптеген әр түрлі антиденелер, комплементтің компоненттері, ферменттер бар. Бұл антиденелердің ыдырау уақыты үлкендерде 14 күн, балаларда – 20 күн. Жаңа мұздатылған плазма М және G-иммуноглобулиндердің, комплементтің компоненттерінің жетіспеушілігінде, этиотропты ем қонбаған созылмалы және рецидивті ауруларда жақсы нәтиже береді. Кері реакцияларының алдын-алу үшін екі сағаттан кейін глюкокортикостероид, Е және Р витаминдерін тағайындайды.
Айырша бездің препараттары:
Айырша без пептидтері антиген әсерінен байланыссыз үнемі шығып тұрады. Айырша без факторлары өз алдына иммунитет жүйесі сияқты:
Т-лимфоциттерін жетілдіреді;
Т- лимфоциттерінің деңгейі төмендесе көтереді, белсендіреді;
Айырша без тәуелді антигендерді айыруды күшейтеді; хелперлер мен киллерлерді белсендіреді; антиденелердің өнімін көбейтеді; кейбір антигенге қарсы пайда болған толеранттылықты жояды; альфа-және гамма-интерферондардың, айырша бездің гормондарының шығуын көбейтіп, олардың рецепторларының лимфоциттермен экспрессиясын күшейтеді;
Т– лимфоциттерінің зақымданған ДНК-сын қалпына келтіреді; нейтрофилдер мен макрофагтардың фагоцитозын, табиғи киллерлерді, бейспецификалық табиғи антиинфекциялық қорғанысты, тіндердің регенерациясын белсендіреді;
торшалық апоптоздың антагонистері.
Айырша бездің препараттары - тактивин, тималин, тимоптин, тимактид, тимоген, вилозен, тимулин, тимостимулин, тимозин, а-1 (Мега-реатим), тимопептин, иммунофан, тимунокс. Кейінгі үшеуі синтетикалық жолмен алынған, белсенділігі табиғи препараттарындай.
Айырша бездің препараттары қатерлі ісікті емдеуге (тимозин, а-1), уремияда жақсы нәтиже береді. Олар вирусты ауруларда, аллергиялық аутоиммундық, нейроэндокриндік, созылмалы бейспецификалық өкпе, іріңді-созылмалы жұмсақ ұлпа аурулары, аяқтың артериясының облитерациясын, холецистит, ішектің бітеліп қалуында, сепсисте, хирургияда қолданылады. Тимозинді, а-1 және а-интерферонды азидотимидинмен қосып ЖИТС-ты (СПИД) емдегенде, оң нәтиже берген. Тимозин, а-1 және а-интерферон созылмалы В-гепатитін емдегенде аурулардың 40–%-і антигенді жоғалтқан. Гепатит С-да бір тимозиннің өзі де жақсы нәтиже береді.
Бұл препараттар 15-17 жастағы жастарға, 70-тен асқан қарттарға қолданғанда белсенділігін көрсетті. Бұл препараттар түстен кейін (18-22 сағат арасында) қолдану керек, бұл мезгілде а-тимозиннің концентрациясы қанда жоғары.
Спленин - ірі қара малдың көкбауырынан алынған препарат, құрамында көміртегі, фосфор, кальций, магний бары анықталған. Спленин белоктың түзілуін, бауырдың уланған функциясын қалпына келтіреді, өттің секрециясын көбейтеді, капиллярлардың және торша мембранасын тұрақтайды, қабынуды басып, репарациялық процесті белсендіреді, май және азоттық зат алмасуын қалыпқа келтіреді, бүйрек үсті безінің жұмысында ынталайды.
Вакцинациядан кейін еккенде иммунитет жоғарылайды. Спленин антиген-спецификалық супрессорларды белсендіріп, аутоиммунды реакцияларды басады, айырша без гормондарының шығуын көбейтеді, лимфоциттердің глюкокортикоидтарға сезімталдығын көтереді.
Спленин аллергиялық реакцияның нысанасына задитен сияқты әсер етеді, мес клеткаларының гистамин шығаруын және иммундық комплекстердің құрылуын тежейді. В- және Т-жүйесі иммунитетін қалыптайды. Өте бір маңызды жағдай спленинде ешқандай улық қасиеттің жоқтығы. Дәрілердің улық және аллергиялық кері әсерлерін басады (Г.К. Жұманбаева, 2000). Спленин жүктіліктің токсикозын, гепатит, пиелонефрит, токсоплазмоз, тілме, бруцеллез, бейспецификалық жаралы колит ауруларын емдеуде жақсы нәтиже Берген (Г.К. Жұманбаева).
Трансфер фактор - лимфоциттердің термостабильді экстракті. Оны құйғанда Т-жүйесі иммунитеттің саны да, сапасы да, күшейеді, хемотаксис, интерферон белсенеді. Емдік эффект бірнеше сағаттан кейін пайда болады. Жұқпалы ауруларды, бронх демікпесін емдегенде науқастардың 50 пайызында жақсы нәтиже байқалған.
Пиримидин туындылары - пентоксил, метилурацил. Биологиялық белсенділігі нуклейнат натрийға ұқсас, бірақ өте баяу әсер береді. Бұлар лейкоцитозды, фагоцитозды күшейтеді, лизоцимді, комплементті, пропердин жүйесін көбейтеді; интерферон мен антиденелердің шығуын және поствакцинальдық иммунитетті белсендіреді; анаболизмдік эффект беріп, белок алмасуын, ұлпа регенерациясын жылдамдатады. Қан шығуын ынталандырып, антибактериалдық емді нәтижелейді. Препараттар клетка метаболизміне айқын әсер етеді. Бұл препараттар бронх-өкпе ауруларын, пародонтоз, миокард инфарктінде, әртүрлі инфекцияларды (грипп, гепатит) емдеуде, профилактикалық шараларда (поствакцинальдық иммунитетті белсендіруде, грипке қарсы интерферонмен бірге) қолданылған.
Нуклеин қышқылының препараттары - бұларға натрий нуклеинат препараттары, пиримидин туындылары, синтетикалық полинуклеотидтер, инозин препараттары жатады.
Натрий нуклеинат - кіші молекулалық ашытқы, ДНҚ-ның натрий тұзы. Препарат 10-нан көп оң әсер береді: - антиинфекциондық резистенттілігі препарат бергенде 4 сағаттан кейін пайда болып 3 тәулік сақталады. Интерферон көбейеді, антитоксикалық қорғаныс көтеріледі. Препарат әр түрлі вакциналардың иммуногендігін күшейтеді. Аллергиялық реакцияларды қалыпты жүруге икемдейді. Препараттың аз дозасы В-жүйені, ал үлкен дозасы Т-жүйені белсендіреді. Иммундық тапшылығы, аутоиммунды және аллергиялық ауруларды емдеуге қолданылады. Радиопротектор, қан торшаларының шығуын, тіндердің регенерациясын күшейтіп, метаболизм бұзылыстарын қалпына әкеледі. Елуден аса ауруларды емдеуге қолданылған: психиялық, жүрек, диабет, глаукома, қарттардың психозын, парадонтоз т.б.
Натрий нуклеинат иммунитет жүйесінің қай тармағының кемшілігі болса да пайдаланылады: лейко-, нейтро-, лимфопения, ауыр созылмалы аурулар, дистрофиялық бұзылыстар, қартайған шақта т.б.
Ридостин – екі шиыршықты ДНҚ және бір тізбекті РНҚ-ның натрий тұзы. Оны интерфероген және фагоцитозды белсендіретін дәрі ретінде қолданады. Әсіресе, жыныс-зәр жолының ауруларын (герпес, хламидиоз, т.б.) емдегенде жоғары белсенділік көрсетеді.
Синтетикалық полунуклеотидтер - жасанды синтезделген екі тізбекті РНҚ. Препараттар тимустәуелді және тимустәуелсіз антигендерге біріншілік және екіншілік иммундық жауапты, Т-хелперлерді, Т-киллерлерді, интерфероногенезді, сүйек реперациясын, ісікке қарсы иммунитетті белсендіреді. Қазіргі уақытта полудан пайдалануда, ал амплиген клиникалық байқау өтуде. Ол АИВ инфекциясында әжептәуір оң нәтиже берген.
Инозин препараттары. Бұл – инозиплекс, инозин мен қышқылдардың тұзы. Препараттың улылығы жоқ, өте күшті иммундық үдеткіш. Соған ұқсас - проприносин. Т- және В- лимфоциттері, НК-торшаларын, фагоциттерді (макрофагтарды, гранулоциттерді), эозинофилдерді, интерлейкиндердің түзілуін, гуморальдық және торшалық иммунитетті, антиинфекциялық қорғанысты белсендіреді. Ісікке қарсы химио- және радиотерапия алған қарттардың фагоцитозын, НК-торшаларын, Т- және В-торшаларын, баяу жүретін гиперсезімталдығын көтеруге жақсы нәтиже берген. Ревматоидты артритте, АИВ-инфекциясында кешенді клиникалық нәтиже иммунологиялық оң өзгеріспен (Т-торшалары, Т-хелпері, НК-торшалары) жүреді.
Проприносин 80 мемлекетте вирусқа қарсы препарат ретінде қолданылады.
Неовир - өте күшті интерферон демеушісі. Вирустарға, бактерияларға, қабынуға қарсы әсері бар. Қолданатын жағдайлар:
1) Асқынған грипп және ЖРВИ;
2) Жай герпес және V. Zoster, (энцефалит, гениталий герпесі);
3) жедел және созылмалы гепатиттер (В,С);
4) Цитомегаловирус инфекциясы;
5) урогенитальдық хламидиоз;
6) Тері және шырышты қабық кандидозы;
7) интерферон жүйесінің тапшылығы.
Циклоферон (камедон) – интерферон демеушісі, альфа-және бета– интерферондардың түзілуін күшейтеді. Герпес инфекцияларын, созылмалы гепатиттерді (В,С), грипп, ЖРВИ және хламидиозды емдеуге қолданылады. Басқа иммунитет реттеитін дәрілермен, антибиотиктермен бірге тағайындалады.
Микробты, липополисахаридтік және полисахаридтік препараттар.
Рибомунил - диплококтардың, стрептококк, гемофильды бактериялардың, клебсиелдің рибосомалар және клебсиеллалардың протеогликандары. Препарат макрофагтарды, нейтрофильдерді, олардың интерлейкиндер (1,6,8) шығаруын, НК-торшаларын, гуморальдық иммунитетті және В- лимфоциттердің поликлональдық көбеюін белсендіреді, бронх секретінде
а-интерферонның шығуын күшейтеді.
Рибомунил 3-5 жастағы балалардың, жас өспірімдердің респираторлық ауруларында, үлкендердің созылмалы бронхитін емдеуде жақсы нәтиже берген. Рибомунил атопиялық дерматиттін рецидивтерін азайтқан.
Бронхомунал - тазартылған бактериялардың лизаты, гуморальдық және торшалық иммунитетті белсендіреді: торшалардың, иммуноглобулиндердің деңгейін, фагоцитозды, Т- және В- лимфоциттерді көбейтеді. Препарат тыныс алу жолында және ішекте иммуноглобулиндерді көбейтіп, жергілікті иммунитетті күшейтеді.
Препарат ИРС19 - тыныс алу жолдарында ауру шақыратын (19 штамм) микробтардың антигендік детерминанттары. Аэрозолды немесе интераназальды қолданғанда шырышты қабықта жергілікті иммундық реакцияны күшейтеді. Препарат ИРС-19 тыныс алу жолының жедел және созылмалы инфекцияларына қолданылатын вакцина. Препарат макрофагтарды белсендіріп, эндогендік лизоцим мен интерферондар түзілуін көбейтеді, иммунды қабілетті торшалардың иммуноглобулин А шығаруыда белсенеді.
Продигиозан - жоғары полимерлі липополисахаридті комплекс, лейкоциттер мен фагоциттері белсендіреді. Еккеннен кейін нейтрофилез 2 күнге дейін, фагоцитоздың белсенділігі 3 тәулік, одан да ұзаққа созылады. Препарат антиденелердің шығуын, гуморальдық иммунитеттің бейспецификалық қорғанысын (комплемент, лизоцим, пропердин, қанның бактерицидтілігін), эндогендік интерферонның құрылуын, цитотоксикалық торшаларды, белсендіріп Т- және В-иммунитеттің төмендеген функциясын көтереді. Продигиозанды әртүрлі созылған,рецидивті ауруларда тағайындайды. Продигиозан антибиотиктердің және иммунитет демеуші препараттардың емдік нәтижесін көтереді. Продигиозан 50 мг -1 мл-ден бұлшық етке әрбір үш күнде бір рет егеді. Емдеу курсы 3-6 рет егу.
Продигиозан жүрек және жоғары жүйке жүйесі ауруы бар науқастарға берілмейді.
Пирогенал - бактериялардан дайындалған липополисахарид, нейтрофилдер мен макрофагтардың фагоцитозын, антигендерге иммундық жауапты, интерферондардың түзілуін, торшаның цитотоксикалық функциясын көтеріп, реагиндерді басады. Пирогенал еккенде тимустың эпителиальды торшалары гормондарын көптеп құрады да, сүйек миының торшалар шығаруы көбейеді. Пирогенал жұқпалы аурулардың созылмалы түрлерінде қолданылады. Пирогеналды бұлшық етке 2-3 күнде бір рет егеді. Басталу дозасы 2,5-5 мг, келесі дозасы 2,5-5 мг-ға көбейіп отырады. Емдеу курсы 5-10 егу. Пирогеналды 5 жасқа дейінгі балаларға, қарттарға, жүктілік кезінде, гипертония, диабет, дене ыстығы жоғары болған жағдайда беруге болмайды. Шектелген қабынуларды (моноартрит, аднексит, холецистит, т.б.) пирогеналды электрофорез арқылы беріп емдейді (К.А. Жұманбаев, 1980). Пирогеналдың 5-10 мг-ын физиологиялық ертінді қосып электродтың катод полюсынан күнде береді. Емдеу курсы, 7-10 рет.
Левамизол - синтетикалық күкірті бар препарат, иммуноглобулиндердің өнімін (G және М) көбейтіп, төмендеген Т-торшалық иммунитетті О-лимфоциттерінің жетілуімен қалпына келтіреді. Т-митогеніне (ФГА, КОНА) РБТЛ көтеріліп, Т-популяциялары (хелперлер, супрессорлар, киллерлер, эффекторлар) белсенеді, хемотаксис, фагоцитоз күшейеді. Левамизол клиникада қауіпті өскінділерді, вирусты гепатитті, жаралы ауруларды, лимфолейкозды, аутоиммунды тромбоцитопенияны, атопиялық дерматитті, полиартрит, шашыранды склерозды, бронх демікпесін, созылмалы тонзиллитті, поллиноздың гипосенсибилизациясына, ринитті, коньюнктивитті, тұрмыстық аллергияны емдеуге қолданылады.
Диуцифон - иммунитеттің синтетикалық белсендірушісі. Салдарлық иммундық тапшылық емдегенде 5-7 күн ішінде аурулардың ЕК-торшалары, лимфоциттер, Т-торшалар және олардың саны көбейеді, нөлді лимфоциттер азайып, В-лимфоциттер қалпына келеді. Хелпер мен супрессорлардың қатынасы өзгермейді. Диуцифон ревматоидтық артритте, туберкулезде, іріңді рецидивті ауруларда, холециститте, панкреатитте, хирургиялық аурулардың емінде оң нәтиже еді .
Миелопид - сүт қоректілердің сүйек миын өсіруден алынған, иммунитет белсендіруші, иммундық тапшылық жағдайда Т- және В- иммунитетін қалыпты жағдайға әкеледі, әсіресе антиденелерді көбейтеді. Т4/Т8-ді қалыптайды, иммунды қабілеті торшаларды белсендіреді. Миелопид өткінші және созылмалы иммундық тапшылықты, әсіресе гуморалдық иммунитетті қалпына келтіру үшін емдеуге және алдын-алуға қолданылады. Созылмалы іріңді ауруларда (остеомиелит, жедел пневмония, сепсис), бронх демікпесінде емдік препарат ретінде пайдалы. Миелопид антибактериальдық препараттардың нәтижелігін көтереді. Айырша без препараттарымен (тимоген, тактивин, тималин т.б.) бірге тағайындағанда өте тиімді.
Полиоксидоний - иммунология институтында жасалған иммундық реттеуші (Р.В. Петров, Р.М. Хаитов, А.В.Некрасов, 1989) , әр түрлі тізбекті алифаттық полиамин модификаты. Т – және В- лимфоциттерінің бірлескен қарым-қатынасын, олардың көбеюін, фагоциттердің функциялық белсенділігін, инфекциялық тахифилаксияны күшейтеді. Салдарлық иммундық тапшылықты қалпына келтіреді, ісікке және улануға қарсы белсенділігі бар, бос радикалдарды байланыстырады.
Полиоксидоний хирургиялық клиникада іріңді-септистік асқынуларды емдеуде, алдын алуда жақсы нәтиже көрсетті.
Препарат жедел және созылмалы іріңді-септистік бактериальды, вирусты ауруларда, сәулеленген иммунитет жүйесінің және қан жасалуының регенерациясының басылуында, химиотерапияда, анемияларда, пиелонефритте, токсикозда және хирургиялық операциядан кейінгі асқынулардың алдын алуға қолданылады.
Полиоксидонияның негізінде синтетикалық жолмен гриппке, бруцеллезге қарсы қолданылатын химиялық вакцина жасалып, байқау-сынаудан өтуде.
Лейкинферон – донор лейкоциттері өндіретін антиденелерсіз жүретін иммунитет жауабының біріншілік бейспецификалық фазасындағы цитокиндер-медиаторлар комплексі. Препаратта кең спекторлы иммунитет белсендіретін альфа-интерферон, ИЛ-1, ИЛ-6, ісікке некроз беретін және макрофагтардың миграциясын тежейтін факторлар бар. Лейкинферон радиациядан және цитостатиктерден кейін гемопоэзді көтеріп цитопенияны жояды; моноциттерді, нейтрофилдерді, Т-лимфоциттерді, Т-хелперлерді, НК-және К-клеткаларды (фагоцитоздық және цитолитиздік функцияларын) белсендіреді. Жедел бактериальдық инфекцияларды, іріңді перитонитті, жедел гепатитті В, жедел және созылмалы холециститті, бронхитті, пневмонияны, сальмонеллезді, туберкулезді, легионерлер ауруын, герпес инфекциясын емдеуге қолданылады. Онкологиялық ауруларда (Т-торшалы лимфома, тері рагы, цитостатикалық ем, гемопоэзді белсендіру), атопиялық дерматитте, пиодермияда, лейшманиозда жақсы нәтиже береді.
Лейкомакс - адамның 124 амин қышқылы қалдықтарынан тұратын рекомбинантты гранулоцитарлы-макрофагальды колоние құрушы фактор. Қанның жетілген торшаларын, гранулоциттерді, моноциттерді көбейтіп, фагоцитозды күшейтеді, ісіктің комплексті емінде қолданылады.
Леакадин - НК-торшалардың цитотоксикалығын, моноциттерді белсендіріп, ісіктің өсуін тежейді.
Лизоцим - пневмонияны емдегенде қақырықты шығарып, бронхтың ішін тазартады. Сонымен бірге лизоцим интерферонның, интерлейкиндердің, ФНО, моноциттердің цитотоксикалығын, Т– лимфоциттерінің митогенге көбеюін белсендіреді. Лизоцимді, пероральды қолданғанда да метастазды, ісікті кішірейтетіні белгілі. Лизоцим метаболизмді, репарацияны эритропоэзді тездетіп, инфекцияға және улануға қарсы қорғанысты күшейтеді.
Витаминдер Олар биохимиялық процесті реттеп иммундық реакцияларға оң әсер етеді. Витаминдер басқа иммунитет көтеретін дәрілермен бірге қолданылады. Аса белсенді витаминдерге А,Е,С,В15 жатады.
Дибазол - иммунитет реттейтін спазмолитик, Т-торшалық иммунитет төмендесе, көтереді. Сонымен бірге лейкоциттердің фагоцитозын, интерферонның өнімін, бейспецификалық антиинфекциялық қорғанысты, Т-хелперлердің қызметін белсендіреді, Т-супрессорлардың денгейін көтерумен антиаллергиялық әсер береді.
Гепарин - аз мөлшерде тері ішіне екенде лимфоциттер мен нейтрофилдердің деңгейін қалпына келтіріп, иммунитет деңгейін көтереді.
Задитен (кетотифен) - антигистаминдік әсері бар, аллергиялық қабыну медиаторларын бұзып бронхтың ішін кеңейтеді. Бронх демікпесінде, тері аллергозында қолданылады.
Зиксорин - бауырдың микросомальды фракциясының оксидаз фермент жүйесіне демеу береді. Аллергиялық компоненті бар ауруларды емдеуге қолданылады.
Катерген - гепатопротектор, НК-торшалардың функциясын, антибактериальдық және антивирустық қорғанысты белсендіреді.
Кверцетин - вирусқа қарсы тіке әсері бар, Т- және В-торшалардың кооперациясын, антиденелердің құрылыуын күшейтеді. Вирусты және бактериальды ауруларды емдеуге және алдын алуға ұсынылады.
Метиндол (индометацин) - қабынуды, ыстықты және ауырғанды басатын препарат. Ұзақ пайдаланғанда иммунитетті басып, иммундық тапшылық жағдайға әкеледі. Бірақ оның Т-супрессорлары жоғары пациенттерде простагландин түзілуін бұзуы, Т- және В-торшалардың санын көбейтіп Т-хелпердің функциясын, антиденелер шығуын күшейтеді.
Калий орататы және рибоксин - метаболизмнің айқын белсендірушілері, бұларды бірге қолданғанда Т- және В-иммунитетінің, Т-лимфоциттердің субпопуляцияларының бұзылыстары қалыпқа келеді.
Пирацетам (ноотропил) – психотропты препарат, торша метаболизмін қалыптап иммунитеттің Т-звеносының бұзылысын жөндейді.
Тонзилгон - қабынуға және вирусқа қарсы әсері бар, макрофагтар мен нейтрофильдерді белсендіріп, олардың киллерлік функциясын көтереді.
Трихопол (метронидазол) қарапайымдылардың өсіп-көбеюін басады. Сонымен бірге НВЗЛ-де және басқадай патологияларда Т- және В-иммунитет жүйесінің бұзылысын қалыптайды.
Циметидин (тагамет, гистодил) гистаминді байланыстыратын Т-супрессорларының Н2 рецепторының антагонисті. Сондықтан циметидин Т-супрессорлардың функциясын жояды да, иммундық жауап күшейеді. Бұл препарат супрессор функциясы басым жеделдеу және созылмалы инфекцияларда жақсы нәтиже беруі керек.
Өсімдіктер. Элеутерококтың, қытай лимоннигінің, женьшеннің, алоэның, фибстың тұнбалары фагоцитозды, бейспецификалық антиинфекциялық қорғанысты белсендіреді.
Хлорофиллипт - антибактериалдық препарат, парентеральдық жолмен организмге кіргенде Т-звено иммунитетінің бұзылуын түзейді.
Элеутерококк организмге әр түрлі терапевтік әсер етеді. Грипке қарсы қолданғанда бейспецификалық және спецификалық иммунитет тез, жоғары деңгейде құрылады. Лимфоциттердің арнайы бласттрансформациясы, лейкоциттердің фагоцитарлық белсенділігі, гемагглютинин және антинейрамин антиденелері, эндогендік интерферонның түзілуі күшейеді.
Элеутерококкты грипп вакцинасымен бірге қолданғанда, иммунитет ұзақ уақыт (3-5 жыл) сақталады.
Арглабин – ісікке қарсы әсері бар жусаннан алынған препарат. Арглабин ісік клеткаларының өсуін басып, организмнің иммунитетін қалыпқа келтіреді. Сүт безі, бауыр, өкпе, анабез обырларын емдеуге және химио-сәулелі терапиялармен бірге қолданылады. Көк тамырға 5 мг/кг-нан 2%-ды ертіндісін күніне 1 рет, 20 күн егеді.
