Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Книга Жуманбаев каз..doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

18. Зат алмасуы бұзылғандағы салдарлық иммундық тапшылықтар.

Ел арасында темір жетіспеушілігінен анемия жиі кездеседі. Олар әр түрлі аурулармен көп ауырады және инфекциялық аурулар асқынуымен жүреді. Иммундық тапшылық – жасушалық иммунитет тапшылығымен білінеді: ФГА-ға лимфоциттер жауабы төмендеп, лимфокиндердің шығуы азаяды. Сол сияқты баяу жүретін гиперсезімталдықтың тері сынамасы да төмендейді. Миелопероксидазаның белсенділігінің жетіспеушілігімен нейтрофильдердің функциясы да нашарлайды. Гуморальдық иммунитет өзгермейді.

Тағамда цинктің жетімсіздігінен немесе оның денеге сіңуінің бұзылуынан (мальабсорбция) энтеропатиялық актодерматит дамиды. Цинктің айырша бездің функциясына ерекше әсері болғандықтан жасушалық иммунитет бұзылады. Ауруларда лимфоидты тіндер атрофияға шалдығып, лимфоциттер митогенге жауап бермейді, тері сынамасы (баяу аллергиялық) төмендейді. СД4-Т-лимфоциттері азаяды, ЕК-жасушаларының белсенуі төмендеп, нейтрофилдер қызметі бұзылады. Бұл өзгерістер қайтымды, цинк жеткілікті тағамдар ішіп-жегенде қалпына келеді.

Кісі арып (гипотрофия), белокты тағамды аз қолданса (квашиоркор) жасушалық иммунитет кемиді. Т-лимфоциттердің жалпы саны азайып, олардың функциясы да нашарлайды (митогенге, тері сынамасына жауабы болмайды). Иммуноглобулиндер көпке дейін өзгермейді. Кейіннен олар да азайып, иммундық жауап нашарлайды. Айырша без атрофияға шалдығып, паракортикальдық зоналарындағы жасушалар жоғалады.

Салдарлық иммундық тапшылықтың дамуының бір себебі қант диабеті. Нейтрофильдердің функциялары бұзылып теріде микроабсцестер пайда болады. Хемотаксиста, киллингта нашарлайды. Инсулинотерапия жүргізгенде де иммундық тапшылық қалыпты жағдайға келмейді. Левамизол қолдану жақсы нәтиже береді.

19. Көз ауруларындағы иммундық тапшылықтар.

Увеопатия ауруларында тін антигендеріне (көздің тор қабығына, бұршағына, тамырлы қабығына) сенсибилизация пайда болады. Көздің алғы камерасына циркуляторлық иммунды комплекстер жиналып, антинуклеарлы антиденелер құрылады. РБТЛ реакциялары митогендерге, антигендерге жылдамдайды.

Созылмалы увеитте Т-лимфоциттердің Т-хелпері мен Т-супрессордың (әсіресе Т-супрессорлардың) саны азаяды. В-лимфоциттердің деңгейі қалыпты, кейде шамалы төмен.

Сөйтіп, созылмалы увеиттегі иммундық тапшылық синдром супрессорлық түрде аутоиммундық компонентпен байланысты дамиды.

Медикаментозды және хирургиялық емдеу иммунитеті бұзылған ауруларға жақсы тұрақты нәтиже бермейді. Еміне Т-лимфоциттердің супрессорлар звеносын көтеретін дәрілер (натрий нуклеинат және басқалар) қолданылады.

Глаукомада - Т-лимфоциттердің жалпы саны азайып, нөлдер деңгейі көбейіп, аутоиммунды процестерді реттейтін Т-супрессорлар көбейген, қан сарысуында ІgA көбейіп, көздің жас ағар аймағында аутоиммунды комплекстер пайда болады. Көз сұйығының секрециясымен патологиялық және аутоиммунды процесті реттеуші ІgA және Т-супрессорлары бар сұйықтың ағып кету қысымы арасында тікелей корреляциялық байланыс табылған. (И.А. Захарова, 1990). Бұған нуклеин қышқылының (оның ішінде РНК) белгілі өзгерістері қосылады.

Глаукома иммунитеті өзгерген, табиғи тежеуіш механизмі нашарлаған қарттарда пайда болады. Сондықтан иммунитет түзейтін препараттарды (тималин, тактивин, левамизол, тағы басқаларды) пайдаланған жөн. Емнің оң нәтижесін сақтау үшін иммунотропты препараттармен емдеу курсын жылына екі рет өткізу керек.