Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Книга Жуманбаев каз..doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆
  1. Иммундық статусты бағалау

Қайталамалы бактериалды, вирусты, микозды инфекциялар, аллергиялық және жүйелі аурулардың пайда болуы иммундық жүйенің бұзылыстарын көрсетеді. Иммундық жүйенің патологиялары үш топқа бөлінеді (Б.В. Пинегин, 1977):

  1. Иммун жүйесінің бір звеносының жетімсіздігі иммунитет тапшылығы жағдайына әкеледі;

  2. Иммундық жүйенің антигенді танымауы аутоиммунды процес дамытады;

  3. Гиперсезімталдық немесе «өзгерген» иммундық жауап аллергиялық аурулардың дамуына байланысты.

12-кесте. Адам иммундық статусының өзгеру варианттары

(Е.С. Белозеров, 1992)

Иммундық статустың түрлері

Т-звеносы

В-звеносы

Қалыпты

N

N

Бірдей белсенген

Бірдей басылған

Гуморальдық звено белсенген

N

Гуморальдық звено белсеніп

Т–звеносы басылған

Гуморальдық звено басылған

N

Торшалық звено белсенген

N

Ескерту:  -белсену,  -басылған, N–қалыпты.

Иммунологиялық тапшылық бейспецификалық қорғаныс факторларына да байланысты.

Ресей Иммунология институтының «Иммундық тапшылықтың диагностикалық картасы» бойынша иммунитет тапшылығының клиникалық көріністері 4 түрлі синдромдарға бөлінген:

1. Инфекциялық синдром

Адам организміне кірген микробтар бір мүшенің торшаларында, субклеткалық деңгейде, жалпы денеге әсері бар инфекциялық процесс дамытады. Физиологиялық қорғаныс реакцияларымен бірге иммунологиялық өзгерістер пайда болады. Иммунитет дерті қоздырушы-микробтың ерекшелігіне байланысты жүреді. Вирустар, грибтер, кейбір бактериялар (бруцеллез, туберкулез, лепра) және қарапайымдылар (малярия, лейшманиоз), торша ішінде паразитттік өмір өткізеді.

Шартты патогенді микробтардың торша ішіндегі паразиттік өмірі ұзаққа созылады.

Үшінші топтың патогендігі жоғары микробтардың торша сыртындағы паразиттік өміріне байланысты.

Қоздырғыштың түріне, микробтардың аз-көбіне және организмнің қорғаныс күшіне байланысты инфекциялық процесстің мынандай түрлері белгілі:

1. Микроб сақтаушылық (тасымалдаушылық): жедел, созылмалы түрлері; 2. Инфекцияның манифестті түрлері: жедел, жеделдеу, созылмалы, баяу ағымды, аралас (бактерия + бактерия, вирус + вирус, вирус + бактерия) түрлері.

Жұқпалы ауру дамығанда иммундық жауап көп компонентті иммунитет мүшелерінің қатысуымен бір звено арқылы жүреді. Клетка ішіндегі паразиттерден қорғаныс торшалық иммунитетпен (Т-әсерленгіші, К-және ЕК-клеткалармен) жүреді. Патогендігі жоғары торша сыртындағы микробтардан қорғану гуморальдық иммунитетпен, антиденелер мен комплементпен жүреді. Макрофагтар мен нейтрофилдер патогендігі төмен қоздырушылардан қорғайды.

Инфекциялық процестің ерекшелігі кісінің жасына да байланысты иммундық жүйенің өзгерістерімен де сипатталады.

Жас балалар, иммундық жүйе мүшелері жетілмегендіктен, респираторлы вирусты және бактериальды аурулармен жиі ауырады.

Қарт адамдарда айырша бездің атрофиясына байланысты торшалық иммунитет төмендеп, гуморальдық иммунитет звеносы қалыпты сақталады. Қарттар іріңді инфекцияларға төзімді. Бірақ вирусты (респираторлы) инфекциялармен, грибті аурулармен жиі ауырады. Қарт адамдарда, жастарға қарағанда, онкологиялық процестердің даму қауіпі көбейеді.