- •Қысқартылған сөздер тізімі
- •I тарау. Жалпы иммунология
- •1. Иммунология пәні, мақсаты мен міндеттері
- •1.1 Иммунологияның даму тарихы
- •Иммунология - адам организмінің ішкі тұрақтылығының өзгерістерін тексеретін ғылым болып қалыптасты.
- •1.2. Иммунитет туралы ұғым
- •1.3. Табиғи иммунитет жүйесі.
- •Иммундық жүйе
- •2.1. Жасушалық иммунитет жүйесі
- •3. Антигендер мен антиденелер
- •3.1. Антигендер түрлерi, сипаттамалары
- •3.2. Антиденелер - иммуноглобулиндер
- •4. Иммунды қабілетті жасушалар
- •5. Цитокиндер – иммунитет жүйесінің реттеуштері
- •Лимфоциттердің простагландин синтездейтін қабілеті жоқ.
- •6. Иммундық жауап және иммундық торшалардың өзара байланыстары
- •6.1. Иммундық жауап
- •6.2. Иммундық жасушалардың өзара байланыстары
- •Макрофаг
- •6.3. Апоптоз
- •7. Антиидиотиптер, антиидиотиптік торап
- •Комплемент жүйесі
- •Комплемент жүйесінің альтернативтік жолмен белсенуі
- •Комплемент жүйесінің компоненттерінің комплекстері және биологиялық белсенді бөлшектері
- •9. Сілемейлі қабық қорғанысы
- •10. Иммундық комплекстер
- •11. Гистосәйкестік жүйесі
- •12. Иммунологиялық толеранттылық
- •13. Иммундық тапшылықтар
- •13.1. Ілкі және салдарлық иммундық тапшылықтар (ит) жіктелуі
- •V. Зат алмасудағы тұқым қуалайтын аномалия
- •Vі. Комплемент жүйесінің тапшылығы
- •Vіі. Фагоцитоздың тапшылығы
- •Vііі. Жергілікті иммунитет патологиясы
- •13.2. Ілкі иммундық тапшылықтар (іит)
- •13.3. Антиденелер өндірілуінің ақаулары.
- •3. Жалпы вариабельды иммунды тапшылығы (жви).
- •Тимомаға байланысты иммундық дефицит.
- •13.5. Ілкі жасушалық иммундық тапшылықтар
- •Айырша без гипоплазиясы (Ди Джордж аномалиясы)
- •13.6. Өзге ақауларға байланысты иммундық тапшылықтар
- •Комплемент жүйесінің тапшылығы.
- •13.7 Ілкі иммундық тапшылықтың жұқпалы асқынулары
- •14. Салдарлық иммундық тапшылықтар (сит)
- •14.1. Салдарлық иммундық тапшылықтарының даму жағдайлары
- •14.2. Салдарлық иммундық тапшылықтың жіктелуі
- •1. Құрама (комбинированные) сит
- •3. Лимфокиндер мен оның рецепторлары тапшылығының синдромдары.
- •3.2. Пангипогаммаглобулинемия.
- •III. Аралас иммундық тапшылығы
- •I. Комплемент жүйесінің тапшылығы
- •II. Фагоцитоз тапшылығы
- •15. Иммундық тапшылықтар түрлері
- •16. Жұқпалы аурулардағы иммундық тапшылықтар
- •16.1. Аитв-жұқпасы
- •Аитв-жұқпасының клиникалық жіктемесі (в.И. Покровский, 1989)
- •16.2. Өзге жұқпалы ауруларда болатын иммундық өзгерістер
- •1. Бауыр аурулары және иммундық тапшылық.
- •(А.Г. Коломиец және басқалар, 1992)
- •3. Бактериальды инфекциялардың салдарлық иммундық тапшылықтар
- •17. Қатерлі өспелер және иммундық тапшылық жағдайлар
- •17. 1. Ісік иммунологиясы
- •Эмбриондық ісік антигендері
- •18. Зат алмасуы бұзылғандағы салдарлық иммундық тапшылықтар.
- •19. Көз ауруларындағы иммундық тапшылықтар.
- •20. Хирургиялық операциялардан және жарақаттардан кейінгі иммундық бұзылыстар
- •21. Фертильділіктің иммунологиясы
- •21.1. Жүктіліктің иммунопатологиясы.
- •21.2. Иммунологиялық факторлардың бедеулік дамуындағы рөлі.
- •22. Аутоиммунды бұзылыстар
- •Иммундық статусты бағалау
- •1. Инфекциялық синдром
- •2. Аллергиялық синдром
- •3. Аутоиммунды синдром.
- •4. Иммундық торшалардың көбею синдромы
- •Екі деңгейлі иммунологиялық тексеру
- •23.1. Ілкілік иммундық тапшылықты бағалау.
- •23.2. Гуморальдық иммунитеттің бұзылуын бағалау.
- •23.3 Жасушалық иммунитеттің бұзылуын бағалау.
- •23.4 Туа болған және жүре дамитын комплемент компоненттерінің тапшылығы
- •23.5 Фагоцитоз жүйесінің бұзылуы.
- •24. Иммундық статусты тексеру картасы
- •Нейтрофильді гранулоциттер жүйесі
- •Лимфоциттердің қызметінің белсенділігі
- •25. Иммунитет бұзылыстарын емдеу.
- •Иммунитетті ширату
- •25. 2. Иммунитет белсендіретін препараттардың жіктемесі
- •1. Табиғи қорғаныс факторлары:
- •2. Моноциттер/макрофагтар ширатушылары:
- •25.3. Иммунотропты препараттардың сипаттары
- •26. Цитокиндердің емдік әсерлері
- •27. Иммунитет тежейтін препараттар және цитостатиктер.
- •28. Спецификалық (телімді) иммунотерапия және иммунопрофилактика
- •28.1. Спецификалық (телімді) иммунопрофилактиканы жүргізудің қағидалары
- •29. Аллергия мен иммунитет механизмдерінің бірлестігі
- •29.1. Аллергиялық реакциялардың этиологиясы мен патогенезі
- •29.2. Гиперсезімталдық реакциялары
- •(П. Джеллу және Кумбс 1964)
- •Гиперсезімталдықтың анафилакциялық реакциясының түрі.
- •29.3. Гистамин және антигистаминдік преператтар
- •30. Аллергоздардың диагностикасы
- •31. Аллергиялық ауруларды емдеу қағидалары
- •IV тарау. Аллергоздар
- •32. Поллиноздар
- •33. Тағамдық аллергия
- •34 Микоздық аллергия
- •35. Дәрілік аллергия
- •Дәрі асқынуларының патогенездік жіктелуі (е.С. Белозеров, 1989)
- •Дәрілік аллергия
- •Токсикалық реакциялары:
- •3. Дәрі асқынуларының клиникасы
- •36. ЖӘндіктік аллергия
- •37. Гельминттік аллергия
- •38. Вакциналық және сарысулық аллергиясы
- •39. Аллергиялық риниттер
- •Аллергиялық синуситтер.
- •40. Құлақтың аллергиялық аурулары
- •41. Бронх демікпесі
- •42. Студенттердің білімін тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Жалпы және клиникалық иммунология тақырыптарынан тест тапсырмаларының дұрыс жауаптары
- •Клиникалық аллергология тақырыбынан тест тапсырмалары
- •1. Аллергия – бұл:
- •2. Аллергологиялық кабинеттің негізгі міндеттеріне не кірмейді?
- •3. Атопия-бұл:
- •4. Гаптен - бұл:
- •Клиникалық аллергология тақырыптары бойынша тест тапсырмаларының дұрыс жауаптары
- •43 Тұжырым
- •Айырмашылығы
- •43. Иммунологиялық терминдердің қысқаша түсіндірме сөзігі
- •Әдебиеттер
16.2. Өзге жұқпалы ауруларда болатын иммундық өзгерістер
Қандай инфекция болмасын иммундық жүйенің жұмысын бұзады. Олардың ішінде иммундық жүйеге өте әсер ететін вирустар. Қызылша, грипп, қызамық, паротит, гепатиттердің жедел кезінде Т-лимфоциттердің белсенділігі төмендейді, баяу жүретін аллергиялық реакциялары теріс, митогенге бласттрансформация жауабы басылған, қызылша мен гриппте нейтрофилдердің функциялары бұзылады.
Респираторлық аурулармен жиі ауыратындарда Т-жасушалардың (оның ішінде белсенді Т-лимфоциттердің); Т-хелперлердің саны азаяды, секреторлы ІgA деңгейі және мұрын секретіндегі лизоцимнің белсенділігі төмендейді, лейкоциттердің интерферон шығару қабілеті де нашарлайды.
Вирусты инфекциялардың иммунитетке әсер ететін себептері:
а) вирустардың иммун жүйесіне тікелей келтіретін әсері, оның ішінде ЕВ-вирусының әсері жоғары;
б) вирустар Т-супрессорларды белсендіріп, иммунологиялық реакцияларды жаппай басып тастайды;
в) вирустар лимфоциттердің мембранасын өзгертіп, олардың функцияларын бұзады.
1. Бауыр аурулары және иммундық тапшылық.
Бауырдың диффузиялы аурулары үш топқа бөлінеді: гепатиттер, фиброздар және цирроздар. Жедел және созылмалы гепатиттердің себептері – вирусты гепатиттер (А,В,С,Д, басқалар), арақ гепатиті, дәрі және басқадай улы заттардың әсері. Иммунитет жүйесінің бұзылуы созылмалы активті гепатитте (ХАГ) айқын білінеді. Бұл жағдайда жалпы Т-лимфоциттердің саны аз, Т-хелперлер көбейіп, Т-супрессорларда азайып, қан сарысуындағы ІgA мен ІgG-қалыптан артық топтасады. Сонымен бірге бауырдың арнайы А антигеніне немесе адам бауырының липопротеидтеріне қарсы антиденелер құрылады, Т-жасушалардың кон-А-демеуші супрессияна төмендеуі, РБТЛ-дің ФГА-да тежелуі, фагоцитоз жүйесінің басылуы байқалады.
Аутоиммундық ХАГ-та қан айналымында Т-супрессорларды тежейтін иммунды комплекстер пайда болады.
Кейде бауыр циррозының инфильтратында табиғи және антидене бағынышты киллерлік жасушалар табылады.
Т-лимфоциттерінің азаюы аурудың ауыр-жеңілін көрсетеді, В-лимфоциттерінің денгейінің көтерілуі - аутоиммунды процесте байқалады. Т-супрессорлар санының көбеюі организмнің қорғанысының төмендегенін көрсетсе, ал азаюы мен Т-хелперлердің көбеюі-аутоаллергияның дамуын білдіреді. Ауру ағымында жасушалық сенсибилизация пайда болады. Белсенген гепатитте, циррозда арнайы бауыр антигендеріне, гепатоциттердің субклеткалық компоненттеріне және вирустар антигендеріне лимфоциттердің сенсибилизациясы 33-67% ауруларда кездеседі. Бауырдың ауыр зақымдануында иммуноглобулиндердің барлық кластары немесе кейбір түрлері көбейеді. Белсенген гепатитте ІgG, кейде ІgМ көп. Ілкі билиарлық циррозда ІgМ, алкогольмен зақымданған бауырда ІgА көбейеді. Бауыр ауруларының иммунологиялық бұзылыстарында қан сарысуындағы нуклеотидтер азайып-диснуклеотидоз дамиды.
Бауыр ауруларында спецификалық иммундық реактивтілігінің өзгерістері бар. Гепатоцеллюлярлы ракта қан сарысуында альфа-фетопротеин пайда болады. Бауырға келген метастаздық ракта және холангиомада альфа-фетопротеин (АФП) болмайды. Жедел және созылмалы гепатитте АФП-ның деңгейі шамалы ғана. Гепатит А-ның антигені нәжісте пайда болады, қандағы оның концентрациясы аз. Ауру басталғаннан кейін 4-аптада қан сарысуында ІgМ-нен тұратын антиденелер табылады. Антиденелер қанда бірнеше ай сақталады.
Вирусты гепатит В-ның үш антигены бар: үстіңгі (НВsАg), ядролық (НВсАg) және инфекциялық (НВеАg). Үстіңгі НВsАg ерте, клиникалық көрінісі басталғанша қанда пайда болып 2-8 апта бойы қан айналымында табылады. НВsАg-ге қарсы антиденелер реконвалесценция кезеңінің аяғында немесе ауру басталғаннан 3-4 ай өткенде ғана пайда болады. Төменгі титрде өмір бойы сақталады. НВсАg қанда табылмайды, оны тек ауру қызған кезінде бауыр тінінен кездестіреді. Бұл антигенге қарсы антиденелер ерте құрылады. Антиденелер ІgМ құрамында табылса, инфекцияның белсенділігін көрсетеді (вирустың өрбу кезі). Егер антиденелер ІgG-құрамында болса, аурудың сауығу кезі немесе бұрын өткен инфекциялық процесс болып саналады. НВеАg мен НВsАg бір мезгілде, ерте жасырын кезеңінде табылады. Сарғаю кезеңі басталғаннан кейін, бірнеше күн өткенде НВеАg жоғалып, оған қарсы қанда антиденелер шығады. Бұл антиденелердің пайда болуы жедел гепатит В-ның қолайлы өтетінін көрсетеді. Аурудың созылмалы түрінде қанда көп уақыт НВеАg және НВсАg-ге қарсы антиденелер табылады. Антиденелер ІgG-құрамында табылса, вирустық көбеюі шамалы екенін көрсетеді. Ал антиденелер ІgМ-құрамында табылса, ол инфекцияның белсенділігін көрсетеді.
Вирусты гепатит С – созылмалы гепатит, цирроз дамытады. Гепатит С-ның антигенінің қандағы мөлшері өте аз. Тек вирус РНК-сын ПТР реакциясымен ғана табуға болады.
Антиденелер ауру басталғаннан 6-8 апта өткен соң табылып, қан айналымында көп уақыт сақталады. Антиденелер созылмалы гепатитте 62-77%, біріншілік билиарлы циррозда-11-12%, аутоиммунды гепатитте-33-66%, себебі белгісіз циррозда - 67% табылады.
Антиденелер ІgМ-құрамында табылса, ол инфекцияның белсенділігін көрсетеді, егер ІgG-құрамында болса – бұрын өтіп кеткен инфекцияны көрсетеді.
Вирусты гепатит Д – басқа гепатиттерге (В және С) қосылып, олардың клиникалық көріністерін ауырлататын гепатит. Вирусты Д-гепатитының қосылғанын білу үшін аурулардан оған қарсы антиденелерді табады. Өйткені антигенді табу өте сирек кездеседі. ІgМ-ді табу - инфекцияны, ал ІgG- табу вирус сақтаушылықты көрсетеді. Ауруларға иммуитеті орнына келтіретін емді қолданатын жағдайлар: созылмалы белсенді бауыр қабынуы (10 апта бойы клиникалық және биохимиялық көрсеткіштері нәтижесіз немесе бауырда цирроз морфологиясы табылған); биохимиялық көріністері белсенген:
а) аланинаминотрансфеза қалыптан 10 есе жоғары;
б) тым жоғары гипергаммаглобулинемия, қалыптан бес есе жоғары (қайталағанда);
в) патологиялық процесте гистологиялық белсенділік белгілері-орташа немесе ауыр некроз;
г) препубертанттық жас;
д) арнайы диета пайдаланбайтын ауруда энцефалопатияның жоғы; бауыр алкоголь ауруының болмауы (Х.М. Вехслер, 1985); Қолданылатын иммундық әсерлі дәрілер: кортикостероидтар, лейкинферон, интерферонның басқадай препараттары, левамизол, миелопид, кварцетин, дибазол, витаминдер (В6,В9,В12,В15,Е,А,С), натрий нуклеинаты, айырша без препараттары, продигиозан, пирогенал, пирацетам, нуклеин алмасуының белсендірушілері (В-топты витаминдері, калий оротаты, метилурацил, пентоксил, рибоксин және басқалар).
2. Герпес вирусты инфекциялар (вирустар әулетінің саны 80-ге жуық), өмір бойы адам денесінде сақталып көптеген әр түрлі ауруларды иммундық тапшылықты жағдайында дамытады.
7-кесте. Адам герпес вирустары инфекцияларының
негізгі клиникалық көріністері
Адам герпес вирустары |
Белгілері |
Герпес вирустарына байланысты аурулар |
Қарапайым герпес вирустарының І –түрі |
ВПГ-1 |
Ерін герпесі Тері және шырышты қабық герпесі, генитальдық герпес Офтальмогерпес Герпесті энцефалиттер Пневмоцистер |
Қарапайым вирусының 2-ші түрі |
ВПГ-2 |
Генитальдық герпес Неонатальдық герпес |
Варицелла-Зостер (белдеуше) вирусы |
ВВЗ (ВОГ) |
Жел шешек Белдеуше герпес |
Эпштеин-Барр вирусы |
ВЭБ |
Жұқпалы мононуклеоз, назофаригеальдық карцинома Беркитт лимфомасы |
Цитомегаловирус |
ЦМВ |
Орталық жүйке жүйесінің туа зақымдануы Ретинопатия Пневмопатиялар Гепатиттер |
Адам герпес вирусының 6-және7-түрі |
ВГЧ-6 ВГЧ-7 |
Лимфотропты вирустар, ВГЧ-6 кенет пайда болатын экзантемаға, ал ВГЧ-7-созылмалы болдыру синдромымен байланысты |
Адам герпесінің 8-түрі |
ВГЧ-8 |
АИВ-пен ауыратын серонегативті кісілердің Капоши саркомасы ЖИТС-стадиясындағы Капоши саркомасы. |
Персистенті вирустар инфекциясы 4 түрлі иммунитет тежеуін береді (Вотяков В.И., Коломиец А.Г., 1992): Вирустардың және оның бөлшектерінің лимфоциттер құрылысына және оның қызметіне тікелей әсері; герпесвирустарының Т-, В-лимфоциттерге, макрофагтарға және ЕК-жасушаларына келтірген әсерінен лимфоциттер функциялары әлсіреп, өздері ыдырауы мүмкін.
Кейбір вирустар барлық лимфоциттерге, кейбіреулері арнайы лимфоциттердің субпопуляцияларына кері әсер етеді.
8–кесте. Лимфоциттерге тіке әсер бар вирустар
