Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Книга Жуманбаев каз..doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

22. Аутоиммунды бұзылыстар

Дені сау адамдарда аутоантиденелер болатыны анықталған. Олар ескірген эритроциттерге қарсы, оларды организмнен тазартуға бағытталған. Қалыпты жағдайда антиидиотиптік антиденелер болатыны белгілі. Олар антиденелер құратын лимфоциттерге қарсы, егерде антиденелер мөлшерден көп шығып жатса, соны тоқтатуға бағытталған, иммундық реакцияны реттейтін фактор, оның патогендік әсері жоқ.

Сонымен бірге патогенезі аутоагрессияға байланысты ревматоидты артрит, тиреоидит Хашимото, склеродермия, жүйелі қызыл жегі сияқты аурулар бар.

Аутоагрессиялы аурулар экспериментте жануарларда да болады. Сөйтіп, аутоагрессиялы, аутоиммунды ауруларда біздің өз клеткаларымызға қарсы антиденелер пайда болып, қай мүшенің клеткаларына қарсы антиденелер құрылса, сол мүшені зақымдайды.

Аутоантиденелер организм тосқаулы сыртындағы мүшелердің торшаларына қарсы құрылатыны бірінші зерттелді. Егер бас және жұлын миының, шыны дене, сперматозоидтар, омыртқа аралық дискі, қалқанша бездің кейбір жерлері қабынуға шалдығып, оған лимфоциттер барып, түйісу болса, сол органдардың торшаларына қарсы аутоагрессия дамиды. Оған қан мен ми арасындағы кедергінің бұзылуы, көздің симпатикалық қабынуы дәлел.

Сол сияқты сперматозоидтарға қарсы антиденелер құрылса, еркектің бедеулігі қалыптасады.

10-кесте. Негізгі аутоиммунды аурулар

Мүшелердің зақымдануы арнайы

Мүшелердің зақымдануы арнайы емес

- Хашимото тиреоидиті (торша–лардың микросомдарына қарсы)

-Шегрен синдромы (кератоконъюнк–тивит, полиартрит, АД түкірік және көз жасы бездеріне қарсы)

-Вазедов ауруы (АД тирео–белсендіретін гормондарының рецепторларына қарсы)

-Гудпасчер синдромы (АД өкпе және бүйректің базальдық мембраналарына қарсы)

-Біріншілік микседема (АД тирео–глобулиндерге және ацинарлы торшалардың микросомдарына қарсы)

-Идиопатикалық тромбоцитопениялық пурпура (АД тромбоциттерге қарсы)

-Пернициозды анемия (АД асқазанның ішкі факторларына және париетальды торшалары–ның микросомдарына қарсы)

- Аутоиммундық гемолиздік анемия (АД эритроциттерге қарсы)

- Аддисон ауруы (АД бүйрек үсті бездерінің қыртысты торшалары–на қарсы)

-Ауыр миастения (АД АХ рецепторына қарсы)

- Инсулин диабеті (АД ұйқы бездерінің аралдарына қарсы)

- Жүйелі қызыл жегі (АД ядроларға қарсы)

- Еркектің бедеулігі (АД сперматозоидтарға қарсы)

- Біріншілік билиарлы бауыр циррозы (АД митохондрияларға қарсы)

-Склеродермия (антиядерлік антиденелер, ревмофактор және т.б.)

-Вульгарлық күлбірек (АД сквамозды эпителийге қарсы)

- Ревмоартрит (ревмофактор, антиядерлік антиденелер)

- Жаралы колит (АД ішек эпителийлеріне қарсы)

- Идиопатиялық нейтропения (АД лейкоциттерге қарсы)

- Агрессиялы созылмалы гепатит (АД актинге қарсы)

Ескерту: АД – антиденелер, АХ - ацетилхолин

Аутоагрессияның дамуы кейбір мүшенің белоктарының сол мүшені жиі зақымдайтын микробтардың антигеніне ұқсастығында байқалады. Трипасом және стрептококктардың антигені жүрек бұлшық еттерінің антигеніне ұқсас. Сондықтан стрептококктарға қарсы пайда болған антиденелер (ангинада) жүректі зақымдайды.

2. Антирабиялық вакцина (құтыруға) мидың тіннің зақымдайтын әсері болады, өйткені вакцина жануарлардың миынан дайындалған.

3. Кейбір дәрілер қабынған мүшенің торшаларының белоктарының құрылысын өзгертіп жіберіп – аутоагрессия пайда болады.

4. Дәрі – гаптен мүшенің белоктарымен қосылып, толық антиген бола алады. Сол белоктың құрылысы өзгеріп кетсе, оған қарсы аутоантиденелер құрылады.

Аутоиммунды реакциялар - супрессорлардың саны азайып В –лимфоциттері мөлшерден көп антиденелерді шығара берсе (Т-лимфоцитке байланыссыз белсену болса), солармен бірге аутоантиденелерде пайда болады.

Гистосәйкестік антигендерінің үстіне бір жағдайда организм торшалары орналасса, лимфоциттер оларды бөтен деп танып, оған қарсы аутоантиденелер шығарады.

Созылмалы және баяу жүретін инфекциялар да аутоиммунды процестің дамуына әкеледі (мысалы, созылмалы В-С вирусты гепатиттер, қызылша, қызамық, герпес инфекциялары т.б.)

Аутоиммунды процестер лимфоциттердің поликлональды белсенділігімен де байланысты болуы мүмкін. Бактериалдық полисахаридтер поликлональды Т-лимфоциттердің белсендірушілермен бірге берілсе, В-лимфоциттер аутоиммунды антиденелерді көбейтеді.

Аутоиммунды процестің дамуы иммундық жүйенің реттелу жұмысының бұзылуына да байланысты. Т-хелпер антигенге қарсы Т-цитотоксикалық торшаларды және В-лимфоциттерді көбейтеді. Бұл реакцияны Т-суперессорлар тежеп отырады. Контрсупрессорлар Т-супрессорлардың белсенділігін тежеп тоқтады. Аутоиммунды тиреоидитте, ревмоартритте В-лимфоциттердің супрессиясы нашар.

Контрсупрессорлар өз торшаларымызға төзімді, егер олар осы төзімділігін жоғалтса, аутоиммундық процесс дамиды.

Аутоиммунды процесс дамуында кейбір жағдайлар әлі толық анықталмаған. Мысалы, сыртқы ортаның (сәулелену) организмге әсері. Реттеуші торшалардың ақаулығы туа және жүре пайда болуы мүмкін. Науқастың туыстарында сондай аурулар болса, аутоиммунды аурулар НLА жүйесіне байланысты. В 27 антигені бар адамдар анкилозды спондилитпен (80%) өте жиі ауырады.

11-кесте. HLA антигендірінің кейбір ауруларда кездесуі

(Е.С. Белозоров және басқалар, 1992)

Аурулар

HLA антигенінің байланысы

Салыстырмалы қауіп

Криптогенді фибринозды альвеолит

В 12

9,4

Анкилозды спондилит

В 27

91,1

Иерсиниоз артриты

В27

17,6

Рейтер синдромы

В27

35,9

Жеделдеу тиреоидит

В35

16,8

Стеатория

DW3 (DR3)

73

Герпесті дерматит

DW3 (DR3)

13,5

Аддисон ауруы

DW3 (DR3)

8,8

Ревмоартрит

DW3 (DR4)

3,9

Егерде антиденелер аз шықса (мысалы гипоглобулинемияда) антигендер организмде ұзақ сақталып, иммунитет жетіспеушілігі дамып, ауру созылмалы, рецидивті болып жүреді.

Егер (ЦИК-тер) қан айналымындағы иммундық комплекстер эритроциттер мен тромбоциттерден құрылса, олар бауыр мен көкбауыр макрофагтары арқылы денеден шығып кетеді. Бірақ, бұл жағдайда иммунокмплекстік анемия және тромбоцитопения қалыптасады.

ЦИК түзілгенде антигеннің көзі-бактериялар, вирустар, паразиттер (әсіресе қызылша вирусы, Коксаки, грипп вирустары). Бактериялық инфекциялардан – стрептококк, стафилококк, бруцеллалар, микобактериялар. Паразитарлық инфекциялардан – малярия, трипосома, гельминттер. ЦИК-тер бүйректі, қан тамырларын, буынды, теріні зақымдайды.

Келтірілген мәліметтер бойынша «аутоиммундық процесс» және «аутоиммундық аурулар» деп бөлу керек.

Аутоиммундық процесс – гомеостазды сақтайтын механизмдердің бір түрі, қалыпты және патологиялық жағдайда аутоантигенге берілетін иммундық жауап.

Аутоиммундық аурулардың – патогенезінде маңызды рөл атқаратын аутоантидене немесе торшалық иммундық жауапта болатын патологиялық процесс.

Аутоиммундық аурулардың белгілері (Л. Битевский, 1961):

  1. Сол аурумен қосылған антигенге қарсы аутоантиденелер немесе цитотоксикалық Т – лимфоциттердің табылуы;

  1. Соған қарсы иммунды жауап болған аутоантигенді анықтау;

  2. Қан сарысуымен немесе цитотоксикалық Т – лимфоциттерімен аутоиммундық жауапты басқа адамға көшіру;

  3. Аутоантиген егумен эксперименте сол аурудың патологиялық моделін алу;

Аутоиммундық аурулардың диагностикасы әр қайсысының клиникасымен және мынандай иммунологиялық өзгерістерді анықтаумен қойылады:

  1. Арнайы аутоантиденелер табылады;

  2. Аутоантигенмен қойылатын реакция бласттрансформация реакциясы және лейкоциттердің миграциясын тежейтін тест арнайы торшалық сенбилизациясын көрсетеді;

  3. Гамма-глобулин немесе иммуноглобулин G деңгейі көбейеді;

  4. Т – хелперлер мен Т – супрессорлар санының өзгеруі;

  5. Комплементтің С3 және С4 компоненттерінің деңгейі төмендейді;

  6. Зақымданған ұлпаларға иммунды комплекстердің шөгуі (IgG, IgМ, С3, С4, фибрин) байқалады;

  7. Зақымданған ұлпалардың лимфоидтық – клеткалардың инфильтрациясы;