- •Қысқартылған сөздер тізімі
- •I тарау. Жалпы иммунология
- •1. Иммунология пәні, мақсаты мен міндеттері
- •1.1 Иммунологияның даму тарихы
- •Иммунология - адам организмінің ішкі тұрақтылығының өзгерістерін тексеретін ғылым болып қалыптасты.
- •1.2. Иммунитет туралы ұғым
- •1.3. Табиғи иммунитет жүйесі.
- •Иммундық жүйе
- •2.1. Жасушалық иммунитет жүйесі
- •3. Антигендер мен антиденелер
- •3.1. Антигендер түрлерi, сипаттамалары
- •3.2. Антиденелер - иммуноглобулиндер
- •4. Иммунды қабілетті жасушалар
- •5. Цитокиндер – иммунитет жүйесінің реттеуштері
- •Лимфоциттердің простагландин синтездейтін қабілеті жоқ.
- •6. Иммундық жауап және иммундық торшалардың өзара байланыстары
- •6.1. Иммундық жауап
- •6.2. Иммундық жасушалардың өзара байланыстары
- •Макрофаг
- •6.3. Апоптоз
- •7. Антиидиотиптер, антиидиотиптік торап
- •Комплемент жүйесі
- •Комплемент жүйесінің альтернативтік жолмен белсенуі
- •Комплемент жүйесінің компоненттерінің комплекстері және биологиялық белсенді бөлшектері
- •9. Сілемейлі қабық қорғанысы
- •10. Иммундық комплекстер
- •11. Гистосәйкестік жүйесі
- •12. Иммунологиялық толеранттылық
- •13. Иммундық тапшылықтар
- •13.1. Ілкі және салдарлық иммундық тапшылықтар (ит) жіктелуі
- •V. Зат алмасудағы тұқым қуалайтын аномалия
- •Vі. Комплемент жүйесінің тапшылығы
- •Vіі. Фагоцитоздың тапшылығы
- •Vііі. Жергілікті иммунитет патологиясы
- •13.2. Ілкі иммундық тапшылықтар (іит)
- •13.3. Антиденелер өндірілуінің ақаулары.
- •3. Жалпы вариабельды иммунды тапшылығы (жви).
- •Тимомаға байланысты иммундық дефицит.
- •13.5. Ілкі жасушалық иммундық тапшылықтар
- •Айырша без гипоплазиясы (Ди Джордж аномалиясы)
- •13.6. Өзге ақауларға байланысты иммундық тапшылықтар
- •Комплемент жүйесінің тапшылығы.
- •13.7 Ілкі иммундық тапшылықтың жұқпалы асқынулары
- •14. Салдарлық иммундық тапшылықтар (сит)
- •14.1. Салдарлық иммундық тапшылықтарының даму жағдайлары
- •14.2. Салдарлық иммундық тапшылықтың жіктелуі
- •1. Құрама (комбинированные) сит
- •3. Лимфокиндер мен оның рецепторлары тапшылығының синдромдары.
- •3.2. Пангипогаммаглобулинемия.
- •III. Аралас иммундық тапшылығы
- •I. Комплемент жүйесінің тапшылығы
- •II. Фагоцитоз тапшылығы
- •15. Иммундық тапшылықтар түрлері
- •16. Жұқпалы аурулардағы иммундық тапшылықтар
- •16.1. Аитв-жұқпасы
- •Аитв-жұқпасының клиникалық жіктемесі (в.И. Покровский, 1989)
- •16.2. Өзге жұқпалы ауруларда болатын иммундық өзгерістер
- •1. Бауыр аурулары және иммундық тапшылық.
- •(А.Г. Коломиец және басқалар, 1992)
- •3. Бактериальды инфекциялардың салдарлық иммундық тапшылықтар
- •17. Қатерлі өспелер және иммундық тапшылық жағдайлар
- •17. 1. Ісік иммунологиясы
- •Эмбриондық ісік антигендері
- •18. Зат алмасуы бұзылғандағы салдарлық иммундық тапшылықтар.
- •19. Көз ауруларындағы иммундық тапшылықтар.
- •20. Хирургиялық операциялардан және жарақаттардан кейінгі иммундық бұзылыстар
- •21. Фертильділіктің иммунологиясы
- •21.1. Жүктіліктің иммунопатологиясы.
- •21.2. Иммунологиялық факторлардың бедеулік дамуындағы рөлі.
- •22. Аутоиммунды бұзылыстар
- •Иммундық статусты бағалау
- •1. Инфекциялық синдром
- •2. Аллергиялық синдром
- •3. Аутоиммунды синдром.
- •4. Иммундық торшалардың көбею синдромы
- •Екі деңгейлі иммунологиялық тексеру
- •23.1. Ілкілік иммундық тапшылықты бағалау.
- •23.2. Гуморальдық иммунитеттің бұзылуын бағалау.
- •23.3 Жасушалық иммунитеттің бұзылуын бағалау.
- •23.4 Туа болған және жүре дамитын комплемент компоненттерінің тапшылығы
- •23.5 Фагоцитоз жүйесінің бұзылуы.
- •24. Иммундық статусты тексеру картасы
- •Нейтрофильді гранулоциттер жүйесі
- •Лимфоциттердің қызметінің белсенділігі
- •25. Иммунитет бұзылыстарын емдеу.
- •Иммунитетті ширату
- •25. 2. Иммунитет белсендіретін препараттардың жіктемесі
- •1. Табиғи қорғаныс факторлары:
- •2. Моноциттер/макрофагтар ширатушылары:
- •25.3. Иммунотропты препараттардың сипаттары
- •26. Цитокиндердің емдік әсерлері
- •27. Иммунитет тежейтін препараттар және цитостатиктер.
- •28. Спецификалық (телімді) иммунотерапия және иммунопрофилактика
- •28.1. Спецификалық (телімді) иммунопрофилактиканы жүргізудің қағидалары
- •29. Аллергия мен иммунитет механизмдерінің бірлестігі
- •29.1. Аллергиялық реакциялардың этиологиясы мен патогенезі
- •29.2. Гиперсезімталдық реакциялары
- •(П. Джеллу және Кумбс 1964)
- •Гиперсезімталдықтың анафилакциялық реакциясының түрі.
- •29.3. Гистамин және антигистаминдік преператтар
- •30. Аллергоздардың диагностикасы
- •31. Аллергиялық ауруларды емдеу қағидалары
- •IV тарау. Аллергоздар
- •32. Поллиноздар
- •33. Тағамдық аллергия
- •34 Микоздық аллергия
- •35. Дәрілік аллергия
- •Дәрі асқынуларының патогенездік жіктелуі (е.С. Белозеров, 1989)
- •Дәрілік аллергия
- •Токсикалық реакциялары:
- •3. Дәрі асқынуларының клиникасы
- •36. ЖӘндіктік аллергия
- •37. Гельминттік аллергия
- •38. Вакциналық және сарысулық аллергиясы
- •39. Аллергиялық риниттер
- •Аллергиялық синуситтер.
- •40. Құлақтың аллергиялық аурулары
- •41. Бронх демікпесі
- •42. Студенттердің білімін тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Жалпы және клиникалық иммунология тақырыптарынан тест тапсырмаларының дұрыс жауаптары
- •Клиникалық аллергология тақырыбынан тест тапсырмалары
- •1. Аллергия – бұл:
- •2. Аллергологиялық кабинеттің негізгі міндеттеріне не кірмейді?
- •3. Атопия-бұл:
- •4. Гаптен - бұл:
- •Клиникалық аллергология тақырыптары бойынша тест тапсырмаларының дұрыс жауаптары
- •43 Тұжырым
- •Айырмашылығы
- •43. Иммунологиялық терминдердің қысқаша түсіндірме сөзігі
- •Әдебиеттер
20. Хирургиялық операциялардан және жарақаттардан кейінгі иммундық бұзылыстар
Хирургиялық операциялардан кейін организмде иммундық тапшылық болатын жағдайлар пайда болады: олар іріңді патологияларға операция жүргізгенде, оның асқынуларына байланысты; операция-психиялық және физикалық стресс ретінде иммунитет тежейді; ауыр операциялар кісі өміріне өте маңызды мүшелерге жүргізіліп, иммунитет басатын дәрілер көптеп қолданылады; наркоз да иммун жүйесіне кері әсер етеді.
Операциядан кейін шеткі қанда Т-лимфоциттердің функциясы басылып, саны азаяды. Антиденелер синтезі, баяу аллергияның тері сынамасы, ИЛ-2 өнімі төмендеп, нейтропения пайда болады. Операциядан кейін Т-лимфоциттер белсеніп қанға ИЛ-2-нің ертінді рецептор-тежегіштерін көп шығарады. Операция өтісімен макрофагтар мен нейтрофильдердің функциялық белсенділігі бұзылады; қан моноциттерінде HLA-DR және HLA-DQ антигендерінің экспрессиясы әлсірейді. Барлық иммуноглобулиндер, әсіресе ІgG, Т-супрессорлар, ИЛ-4, ИЛ-10, ТФР, АГЕ синтезі көбейеді. Т-хелперлер азайып, табиғи киллерлердің функциясы тежеледі. Бұл уақытта Тх2 лимфоциттері белсеніп, ал Тх1-белсенділігі төмендейді.
Шеткері лимфа жүйесі мүшесін алып тастау иммун жүйесінің жұмысын бұзады. Тонзилэктомиядан кейін тимус атрофияға шалдығады: мұрынның созылмалы аурулары үш есе, сырты қосалқы қуыстардың аурулары 8 есе, жедел респираторлы аурулар 10 есе, фарингиттер 12 есе жиіленеді. Ревакцинацияға (вирусты вакциналар, стафилококк, анатоксин) иммундық жауап нашарлайды.
Аппендэктомиядан кейін ішек жұқпалы аурулары жиіленіп, ауыр ағыммен жүреді, дисбактериоз даму қауіпі көбейеді.
Спленоэктомиядан кейін пациенттердің ІgM деңгейі азаяды, комплементтің белсену механизмі бұзылады, иммунды глобулиндер де азайып әртүрлі класты антиденелер секрециясы төмендейді, табиғи киллерлер белсенділігі және митогендерге лимфоциттер реакциясы нашарлайды. Опсонизация беретін сарысу компоненттері және комплемент функциясы бұзылады.
Жарақаттану иммундық жүйе жұмысына тежелу береді. Ол стресс жағдайында шығатын гормондардың (кортикостероидтер т.б.) әсеріне байланысты. Ауыр жарақатта Т- және В-иммунитет жүйесі, нейтрофильдер қызметі басылған. Қорыта келгенде операцияның алды-артында иммунитет түзейтін дәрілерді пайдалану керек: айырша бездің препараттары, диуцифон, дапсон, натрий нуклеинат, миелопид, полисахаридты препараттар, витаминтер.
21. Фертильділіктің иммунологиясы
Фертильділік – ұрықтылық. Тірі организмдердің жыныс мүшелерінің ұрықтанып, ұрпақ бере алу қабілеті.
Баласыз ерлі-зайыптылардың саны 7-12 пайыз. Бірінші дүние жүзілік симпозиумда (1967ж.) бекітілген бағдарлама бойынша әйелдер мен еркектердің бедеуліктерінің себептері анықталып, ұрықтың генетикалық бөтен организмде өмір сүруі (иммунологиялық парадокс) зертеліп, жүктіліктен қорғайтын вакцина жасалды.
Румке және Вильсон (1954ж.) бедеу еркектердің қанынан сперматозоидтарға қарсы антиденелерді тапты. Сол антиденелер сперматозоидтардың агглютинациясын берген. Барлық сперматозоидтар агглютинацияға ұшырағанда еркек бедеу болады. Қалыпты жағдайда ұрық жаңғырту мүшелерімен қанның арасында тосқауыл бар. Егер бір себеппен осы тосқауыл бұзылса иммундық жүйенің торшалары сперматозоидтарды бөтен деп санап, оларды бүлдіріп, жояды. Гемотестикулярлық тосқауылды, көбінесе вирусты инфекциялар бұзады. Мысалы, паротиттік орхит және жыныстық жетілуден кейін болған жарақат. Жақсы көмектесетін ем әлі табылған жоқ.
Көпшілік әйелдердің қанында аз мөлшерде сперматозоидтарға қарсы антиденелер болады. Олар эволюциялық дамуда ақаулы сперматоидтарды жойып, олармен ұрықтанудан қорғайды. Шәуетпен жанасу жиілегенде антиденелердің титрі көбейіп, барлық сперматозоидтар агглютинацияға ұшырап, бедеулікке әкеледі. Антиспермалық антиденелер қанда және жатырдың мойынында табылады. Мұндай бедеуліктің емі, бірнеше ай бойы жыныстық қатынасқа бармау. Сонда антиденелердің титрі азайып, жүктілік дамуы мүмкін.
Ұрықтану - аналық торшамен сперматозоидтың торша үстіндегі детерминанттары арқылы қосылуы. Бұл антиген-антитело реакциясына ұқсас. Өйткені адам спематозоидтарында басты гистосәйкестіктің HLA-DR антигені бар. Имплантациядан кейін ұрық тез өсіп, оның ұлпалары жетіледі. Маңызды рөл иммунологиялық процестерге жатады. Анасы мен эмбрионның антигендік айырмашылығы және олардың генетикалық гетерогендігі тым алшақ болса, соғұрлым ұлпалардың қарым-қатынасы жоғары болады. Плацента үлкен көлемде құрылады. Шешесі мен ұрық арасында медиаторлардың алмасуы да тым қарқынды жүреді. Осының нәтижесінде ұрық өмірге бейімділігі жоғары болып туады.
Өмірде туыстығы бар әке-шешеден туған бала жұқпалы аурулармен жиі ауырады, жақсы дамымайды, көптеген туа болған ақаулары болады.
«Иммунологиялық парадокс». Ана мен ұрықтың антигендері келісімсіз. Бірақ жүктілік дұрыс дамып, дені сау бала туады. Әкесінен 50 пайыз бөтен антиген алған ұрық шешесінің ішінде қалай тірі қалады?
Бұдан бірнеше жыл бұрын «иммунологиялық парадоксты» ұрық антигендерінің жетілмегендігімен түсіндірген. Кейінгі зерттеулер ұрықтың антигендері алғашқы даму кезінен бастап жетілетіндігін дәлелдейді. Келесі гипотеза «иммунологиялық парадокс» жүктілік кезінде шешесінің иммунологиялық факторлары инерттілік (селсоқтық) береді деп түсіндіреді.
Жүктілік кезінде иммунологиялық реактивтілік сондай көп төмендемейді, өйткені әйелдер жұқпалы аурулармен жиі ауырмайды.
Жүктілік кезінде ұрықтың әр түрлі клеткаларында, шешесінде иммунизация жүреді. Резус-теріс әйелдің ұрықтың резус-оң эритроциттерімен жүрген изоиммунизациясы нәрестенің гемолиздік ауруын дамытады. Лейкоциттердің антигендерінің изоагглютинациясы нейтропенияға, тромбоциттер антигенінің изоагглютинациясы – нәрестелерде изоиммунды тромбоцитопениялық пурпураға әкеледі.
Қазір «иммунологиялық парадоксты» әр түрлі түсіндіреді. Барьер ұлпасының, оның ішінде плацентаның ерекше құрылысы бар. Плацента ұрықтың дамуына барлық жағдайды жасайды: анасы мен ұрпақтың арасында газ және зат алмасуы жүреді, өте маңызды иммунологиялық процестерді атқарады. Плацента екі жаққа бірдей ана мен баланың иммунитет медиаторларын, иммуноглобулиндердің, кейбір антигендердің өтуіне жағдай жасайды. Сүт қоректілердің плацентасында дамитын трофобласт ерекше мукопротеинмен ұрықтың антигенін жабады.
Трофобластардың толерогендік қасиеті аналық иммундық реакцияның дамуына кедергі жасайды. Плацентаның үстіне орналасқан кейбір заттар (планцентаның гормондары, эстроген, прогестерон, кортикостероидтер, трофобластық арнайы антигендер) иммунитет тежейтін әсер етеді. Плацента синтездейтін альбумин, альфа-бета-, гаммаглобулиндер, арнайы антигендер тобы, гистамин, альфа-1- фетопротеин, альфа-2-гликопротеин иммунитет басатын процеске қатысады.
Жүктіліктің 12-аптасынан кейін «шеше-ұрық» жүйесінде иммуноглобулин G ұрыққа өте бастайды. Шешесінің иммунитеті баланы қорғайды. Егерде баланың антигендері шешесінде изоиммунизация дамытса, патологияға әкеледі.
Плацента ұрықты қорғайтын тосқауыл болып есептеледі. Жүктіліктің аяғында шешесінің қан айналымына күн сайын 100000 трофобласт торшалары кетеді. Қанда олар антиген болып ұрыққа қарсы құрылған антиденелерді өздеріне байланыстырып, тазартады.
Егерде жүкті әйелдің организмінде плацентаға қарсы антиденелер құрылса, жүктілік күні жетпей тоқтайды. Түсік түсу қауіпі болғанда әйелдердің 50 пайызында антиденелер анықталады. Сонымен бірге ұрық антигендерімен изосенсибилизация дамығанда ұрық эритроциттеріне, лейкоциттеріне, бауыр, бүйрекке қарсы антиденелер пайда болып, ұрықты зақымдауы мүмкін.
Антиплаценталық антиденелер мүше антигендерінің плацента арқылы өтуін көбейтеді. Экспериментте антипланценталық сарысуды аюандарға құю плацентацияны бұзып жүктілікті тоқтатады.
Шеше лимфоциттерінің ұрық антигендерін тану «ақаулықтары» да «иммунологиялық парадоксты» түсіндіреді. Мұндай бұзылыстар екі түрлі себептерден кейін дамиды: 1) макрофагтардың ұрық антигендерін шеше лимфоциттеріне ұсына алмауы; 2) шешесінде ұрық антигендерімен иммунологиялық қатынасқа жауапты лимфоциттердің болмауы (лимфоциттердің репертуарының ақаулығы). Репертуар ақаулығы антигендердің эпитоптарына рецепторлардың жоқтығы және трансплантатты қабылдамау үшін эпитоптарға қарсы жұмыс атқаратын тобын шығара алмау.
Ұрықтың некрозға ұшырамай дамыуының бір себебі анасының сарысуының тосқауыл беретін факторлары. Жүкті әйелдің сарысуында ұрықтың және баланың әкесінің лимфоциттеріне қарсы торшалық иммундық реакция дамуын бөгейтін факторлар табылған. Жүкті әйелдердің лимфоциттерін өз плазмаларынан жуып тазартса ұрық антигендерімен иммундық реакция жүреді. Ал оған жүкті әйелдің сарысуын немесе плазма қосса реакция тоқтайды. Тосқауыл беретін факторлардың деңгейі жүктіліктің аяғында жоғары, ол бала туғаннан кейін тез арада жоғалады.
Антигендігі бөтен ұрықты шешесінің организмінде сақтауға жүктілікке қатысты иммунодепрессивті гормондар және гормон емес белоктардың да әсері бар. Хориогонадотропин және хориосоматотропин гормондары иммунитет тежейтін әсер етеді. Бұл гормондардың әсері жүктіліктің басталу кезінде маңызды рөл атқарады. Өйткені бұл кезде басқа қорғаныс факторлары әлі жетілмеген. Гормондар жоғарғы дозасында плацентадағы торшалық иммунитетті басады.
Жүктілікке қатысы бар гормон емес заттарға альфа-фетопротеин және альфа-2-глобулин жатады. Бұлардың иммунитет басатын механизмі әлі тексерілмеген.
Жүктілікте шеткі қанда Т-супрессорлардың саны көбейеді. Ұрық денесінде құрылатын лимфоциттердің көбі супрессорлардан тұрады.
