- •Қысқартылған сөздер тізімі
- •I тарау. Жалпы иммунология
- •1. Иммунология пәні, мақсаты мен міндеттері
- •1.1 Иммунологияның даму тарихы
- •Иммунология - адам организмінің ішкі тұрақтылығының өзгерістерін тексеретін ғылым болып қалыптасты.
- •1.2. Иммунитет туралы ұғым
- •1.3. Табиғи иммунитет жүйесі.
- •Иммундық жүйе
- •2.1. Жасушалық иммунитет жүйесі
- •3. Антигендер мен антиденелер
- •3.1. Антигендер түрлерi, сипаттамалары
- •3.2. Антиденелер - иммуноглобулиндер
- •4. Иммунды қабілетті жасушалар
- •5. Цитокиндер – иммунитет жүйесінің реттеуштері
- •Лимфоциттердің простагландин синтездейтін қабілеті жоқ.
- •6. Иммундық жауап және иммундық торшалардың өзара байланыстары
- •6.1. Иммундық жауап
- •6.2. Иммундық жасушалардың өзара байланыстары
- •Макрофаг
- •6.3. Апоптоз
- •7. Антиидиотиптер, антиидиотиптік торап
- •Комплемент жүйесі
- •Комплемент жүйесінің альтернативтік жолмен белсенуі
- •Комплемент жүйесінің компоненттерінің комплекстері және биологиялық белсенді бөлшектері
- •9. Сілемейлі қабық қорғанысы
- •10. Иммундық комплекстер
- •11. Гистосәйкестік жүйесі
- •12. Иммунологиялық толеранттылық
- •13. Иммундық тапшылықтар
- •13.1. Ілкі және салдарлық иммундық тапшылықтар (ит) жіктелуі
- •V. Зат алмасудағы тұқым қуалайтын аномалия
- •Vі. Комплемент жүйесінің тапшылығы
- •Vіі. Фагоцитоздың тапшылығы
- •Vііі. Жергілікті иммунитет патологиясы
- •13.2. Ілкі иммундық тапшылықтар (іит)
- •13.3. Антиденелер өндірілуінің ақаулары.
- •3. Жалпы вариабельды иммунды тапшылығы (жви).
- •Тимомаға байланысты иммундық дефицит.
- •13.5. Ілкі жасушалық иммундық тапшылықтар
- •Айырша без гипоплазиясы (Ди Джордж аномалиясы)
- •13.6. Өзге ақауларға байланысты иммундық тапшылықтар
- •Комплемент жүйесінің тапшылығы.
- •13.7 Ілкі иммундық тапшылықтың жұқпалы асқынулары
- •14. Салдарлық иммундық тапшылықтар (сит)
- •14.1. Салдарлық иммундық тапшылықтарының даму жағдайлары
- •14.2. Салдарлық иммундық тапшылықтың жіктелуі
- •1. Құрама (комбинированные) сит
- •3. Лимфокиндер мен оның рецепторлары тапшылығының синдромдары.
- •3.2. Пангипогаммаглобулинемия.
- •III. Аралас иммундық тапшылығы
- •I. Комплемент жүйесінің тапшылығы
- •II. Фагоцитоз тапшылығы
- •15. Иммундық тапшылықтар түрлері
- •16. Жұқпалы аурулардағы иммундық тапшылықтар
- •16.1. Аитв-жұқпасы
- •Аитв-жұқпасының клиникалық жіктемесі (в.И. Покровский, 1989)
- •16.2. Өзге жұқпалы ауруларда болатын иммундық өзгерістер
- •1. Бауыр аурулары және иммундық тапшылық.
- •(А.Г. Коломиец және басқалар, 1992)
- •3. Бактериальды инфекциялардың салдарлық иммундық тапшылықтар
- •17. Қатерлі өспелер және иммундық тапшылық жағдайлар
- •17. 1. Ісік иммунологиясы
- •Эмбриондық ісік антигендері
- •18. Зат алмасуы бұзылғандағы салдарлық иммундық тапшылықтар.
- •19. Көз ауруларындағы иммундық тапшылықтар.
- •20. Хирургиялық операциялардан және жарақаттардан кейінгі иммундық бұзылыстар
- •21. Фертильділіктің иммунологиясы
- •21.1. Жүктіліктің иммунопатологиясы.
- •21.2. Иммунологиялық факторлардың бедеулік дамуындағы рөлі.
- •22. Аутоиммунды бұзылыстар
- •Иммундық статусты бағалау
- •1. Инфекциялық синдром
- •2. Аллергиялық синдром
- •3. Аутоиммунды синдром.
- •4. Иммундық торшалардың көбею синдромы
- •Екі деңгейлі иммунологиялық тексеру
- •23.1. Ілкілік иммундық тапшылықты бағалау.
- •23.2. Гуморальдық иммунитеттің бұзылуын бағалау.
- •23.3 Жасушалық иммунитеттің бұзылуын бағалау.
- •23.4 Туа болған және жүре дамитын комплемент компоненттерінің тапшылығы
- •23.5 Фагоцитоз жүйесінің бұзылуы.
- •24. Иммундық статусты тексеру картасы
- •Нейтрофильді гранулоциттер жүйесі
- •Лимфоциттердің қызметінің белсенділігі
- •25. Иммунитет бұзылыстарын емдеу.
- •Иммунитетті ширату
- •25. 2. Иммунитет белсендіретін препараттардың жіктемесі
- •1. Табиғи қорғаныс факторлары:
- •2. Моноциттер/макрофагтар ширатушылары:
- •25.3. Иммунотропты препараттардың сипаттары
- •26. Цитокиндердің емдік әсерлері
- •27. Иммунитет тежейтін препараттар және цитостатиктер.
- •28. Спецификалық (телімді) иммунотерапия және иммунопрофилактика
- •28.1. Спецификалық (телімді) иммунопрофилактиканы жүргізудің қағидалары
- •29. Аллергия мен иммунитет механизмдерінің бірлестігі
- •29.1. Аллергиялық реакциялардың этиологиясы мен патогенезі
- •29.2. Гиперсезімталдық реакциялары
- •(П. Джеллу және Кумбс 1964)
- •Гиперсезімталдықтың анафилакциялық реакциясының түрі.
- •29.3. Гистамин және антигистаминдік преператтар
- •30. Аллергоздардың диагностикасы
- •31. Аллергиялық ауруларды емдеу қағидалары
- •IV тарау. Аллергоздар
- •32. Поллиноздар
- •33. Тағамдық аллергия
- •34 Микоздық аллергия
- •35. Дәрілік аллергия
- •Дәрі асқынуларының патогенездік жіктелуі (е.С. Белозеров, 1989)
- •Дәрілік аллергия
- •Токсикалық реакциялары:
- •3. Дәрі асқынуларының клиникасы
- •36. ЖӘндіктік аллергия
- •37. Гельминттік аллергия
- •38. Вакциналық және сарысулық аллергиясы
- •39. Аллергиялық риниттер
- •Аллергиялық синуситтер.
- •40. Құлақтың аллергиялық аурулары
- •41. Бронх демікпесі
- •42. Студенттердің білімін тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Жалпы және клиникалық иммунология тақырыптарынан тест тапсырмаларының дұрыс жауаптары
- •Клиникалық аллергология тақырыбынан тест тапсырмалары
- •1. Аллергия – бұл:
- •2. Аллергологиялық кабинеттің негізгі міндеттеріне не кірмейді?
- •3. Атопия-бұл:
- •4. Гаптен - бұл:
- •Клиникалық аллергология тақырыптары бойынша тест тапсырмаларының дұрыс жауаптары
- •43 Тұжырым
- •Айырмашылығы
- •43. Иммунологиялық терминдердің қысқаша түсіндірме сөзігі
- •Әдебиеттер
4. Иммунды қабілетті жасушалар
Негізгі иммунды қабілетті торшаларға лейкоциттер, олардың популяциясы, субпопуляциясы жатады.
Барлық лейкоциттер қан түзетін дің жасушаларынан шығады. Адам қанында 4,5—9,5109/л лейкоцит бар. Бір лейкоцитке орта есеппен 1000 эритроциттен келеді.
Лейкоциттер қозғалау қабілетімен (псевдоподия арқылы) қан -тамырларының эпителий қабырғаларынан өте алады. Лейкоциттердің үстінде көптеген рецепторлар мен антигендері болады. Олардың көбі барлық лейкоциттерде бірдей болғандықтан лейкоциттердің иммундық реакцияларда бірігуіне болады.
Лейкоциттер қанайналымында ешқандай жұмысқа қатыспайды, қанайналым олар үшін тек «көлік», олар тек мүшелер мен ұлпаларға өтіп, қызметке кіріседі. Қанайналымда лейкоциттердің 1—2 % ғана жүреді.
Лимфоциттер – бөтен антигенге өте жоғары спецификалық иммундық жауап бергізетін иммундық қабілетті клеткалар. Қандағы лимфоциттердің саны - 1—4109/л.
Лимфоциттердің 3 түрлі популяциясы белгілі: В-лимфоциттер – антидене шығаратын жасушаларға айналып, антиденелер шығарады; Т-лимфоциттер – бөтен антигенді таниды, В - жасушалардың антиденелерді шығаруына көмектеседі, бөтен жасушаларды танып өлтіреді (киллинг), макрофагтарды, лимфокиндер шығарумен басқа жасушаларды да белсендіреді, иммунды реакциялардың жүруін (күшін, ұзақтығын) бақылайды.
NK- жасушалар (табиғи киллерлер) – иммундық реакциясыз-ақ вирустарды, қауіпті дін жасушаларын танып айырып, өлтіреді (ісікке және вирусқа қарсы бірінші қорғаныс).
Т- және В- лимфоциттерінің рецепторларды және антигенді тануы әртүрлi.
Иммундық жауапқа қатысатын жасушалардың әртүрлі популяциясы генетикалық және функциялық ерекшелігімен сипатталады. Олардың үстіңгi айырмашы липопротеинді маркерлеріне қарай, жiктелуі (cluster differentiation, СД) қолданылады.
Сүйек миының негізгі функциясы дін жасушаларынан иммунды қабілетті жасушалар шығару. Барлық лимфоидты жасушалардың үстінде липопротеинді антигені (жіктелу кластері – СД) бар.
Лимфоидты және миелоидты жасушалардың анасы – дің жасушаларының маркері – СД34+.
Сүйек миында антиденелердің өнімін белсендіретін миелопептид бар. Сондай әсері бар препарат сүйек миынан алынып, «миелопид» атанды. Барлық жасушалардың 6-8%-ы ғана сүйек миындағы лимфоидты жасушалар. Уланғанда, агранулоцитоз және радиациядан кейін сәулелі аурулардың дамуы, олардың сүйек миына әсер етуіне байланысты.
1- кесте. Иммундық жауапқа қатысатын клеткалардың негізгі жіктелу маркерлері (С.А.Кетлинский, Н.М.Калинина, 1988)
СД маркері |
Маркерлі клетканың түрі |
Функциясы |
СД 1 |
Т-лимфоцит |
Антигенді ұсынуға қатысады |
СД 2 |
Т-лимфоцит |
Нысанаға цитотоксикалық Т-лимфоциттердiң адгезиясын, эндотелийге Т-лимфоциттердiң адгезиясын, эпителиалды жасушаларға тимоциттердiң адгезиясын жүргізеді |
СД 3 |
Т-лимфоцит |
Т-жасушаларға белсендіру сигналы, барлық жетілген Т-лимфоциттердiң маркері |
СД 4 |
Т-лимфоцит Хелперлер |
Т-хелперлердің маркері, ТКР-ның және ГКС-нің антигенінің корецепторы |
СД 8 |
Т-лимфоцит
|
Цитотоксикалық Т-лимфоциттердің маркері, ГКС-1 антигенімен жаншылған лимфоциттердің тимуста жетіліп, оң селекцияға өткендері |
СД 25 |
Т-В-NK-клеткалары, тимоциттер, макрофагтар |
Т-В-лимфоциттерді, табиғи киллерлерді (NK), тимоциттерді және макрофагтарды а-субъединица рецептерімен ИЛ-2 арқылы белсендіріп көбейту үшін ынталандырады |
СД 28 |
Т-лимфоцит |
ТКР-ға бағынышсыз КО-белсендіретін сигнал молекуласы |
СД 30 |
Т-лимфоцит |
Т-лимфоциттердiң апоптоз шығаруына сигнал береді |
СД 5 |
Т- және В-лимфоциттер |
Аутоиммунды ауруларда көбейеді. Т-лимфоциттер мен тимоциттердi Ко-белсендіретін сигнал |
СД 9 |
В-лимфоцит |
Пре-В-лимфоциттерді, тромбоциттердiң белсенуіне және агрегациясына жауапты |
СД 19, 20, 21 |
В-лимфоцит |
В-лимфоциттердің белсенуі мен көбеюін реттеуі |
СД 22 |
В-лимфоцит |
Эритроциттермен, Т-жасушалармен В-лимфоциттермен, моноциттермен, нейтрофилдермен адгезия үшін жауапты |
СД 40 |
В-лимфоцит |
В-жасушалардың белсенуіне, көбеюіне және жетілуіне қатысады |
СД 16 |
Табиғи киллер |
Антиген тәуелді комплементке қатысты цитотоксикалық және цитокиндік өнімдердің белсенуі |
СД 56 |
Табиғи киллер |
Цитотоксикалықты және цитокиндер өнімдерін белсендіру. |
СД 94 |
Табиғи киллер |
Табиғи киллерлердің цитотоксикалығын белсендіруі – ингибициясы |
СД 11а СД 18 |
Моноциттер Гранулоциттер |
Лейкоциттердің эндотелийге адгезиясы (жабысуы), лейкоциттің лейкоциттерге адгезиясы |
СД 11в СД 18 |
Моноциттер гранулоциттер |
Қан тамырлары эндотелиіне моноцит пен нейтрофилдердің адгезиясы, комплементке байланысқан бөлшектердің опсонизациясы |
СД 11с СД 18тов. |
Моноциттер гранулоциттер |
Фагоцитарлық рецептор. Қабыну кезінде моноциттер мен гранулоциттердiң эндотелийге адгезиясы |
СД 45 |
Гранулоциттер |
Тирозинфосфатаза рецепторы |
СД 64 |
Макрофагтар |
Макрофагтардың белсенуі |
СД 34 |
Дін торшалары, колония құратын комитерленген аналық жасушалар |
L-селектин лимфоциттердің қан тамыр эндотелийлеріне байланысуы, сүйек кемігі стромасына дін жасушаларының байланысуы |
Ескерту: ТКР – Т – жасушалық рецептор: ГКС – басты гистосәйкестіктің комплексі.
Практикада иммундық жауапқа қатысатын жасушалардың үстіңгі маркерлерін айыру үшін арнайы моноклональды антиденелер қолданылады.
Барлық лимфоциттер Т және В- жасушаларына, О- (нөлдік) – жасушаларына бөлінеді.
В-лимфоциттер – сүйек миында құрылады. Дің жасушаларынан шығатын В-лимфоциттер 4—5 тәулік ішінде сүйек миында жетіледі де, шеткі лимфоидты мүше мен ұлпаларға орналасады. Көкбауырда, лимфа бездерінде антигеннің әсерімен, Т-лимфоциттердің және макрофагтардың көмегімен жетілген В-лимфоциттер рецепторлары арқылы белсеніп лимфобластқа айналады да, 4 рет бөлінгенде жетілген плазмалық жасушаларға айналады. Екінші бөлінуден бастап, арнайы антигенге қарсы иммуноглобулиндер шығара бастайды. Жетілген бір В-лимфоциттен 400-ден артық антиденелер шығаратын жасушалар пайда болады. Әрбір буын 4—5 күн сайын жасушалар шығарады. Антигеннің бірінші түсуіне қарай антиденелер 3 тәуліктен кейін, ал қайталап түскенде – бірінші тәуліктің аяғында шыға бастайды (7 сурет).
Антигеннің әсерімен В-лимфоциттер лимфобластқа айналып, одан үлкен және кіші лимфоциттер пайда болады. Кіші лимфоциттер антигенде арнайы еске сақтаушы лимфоциттер болып есептеліп, көп өмір сүреді, қанайналыммен шеткі лимфойдты мүшелерге орналасады. Осы жасушалар сол антигенмен қайта кездескенде тез белсеніп, жылдам екіншілік иммундық жауап береді.
Иммуноглобулин М және G кластарын шығаратын жасушалар лимфа бездерінде, көкбауырда, ал иммуноглобулин А және Е шығаратындар пейер табақшасында және басқадай шырышты қабатта орналасқан лимфа бездерінде жиі кездеседі.
Антиденелердің әсерлік механизмі: антидененің жасушамен қосылған комплексі белсенген комплементпен лизиске ұшырайды.
Егерде антиденелер шамадан тыс көп шықса (антигеннің белсенді орталығы түгел жабылғаннан кейін), аллергиялық патология дамиды.
В-лимфоциттердің бір бөлігі Т-хелперлердің және цитотоксикалық Т-жасушаларына супрессиялық әсер етіп, олар арқылы В-лимфоциттердiң көбеюін және жетілуін басады.
В-лимфоциттердің басқа бір бөлігі, керісінше, осы субпопуляцияларын белсендіреді.
В-лимфоциттердің үстіндегі рецепторлары:
1) Антиген спецификалық рецепторлар немесе жасуша үстіндегі иммуноглобулиндер (s1g), мономерлер түріндегі 1gM және IgG-ден құрылған. Антигендердің В-жасушасының антиген спецификалық рецепторларымен байланысуы В-лимфоциттердiң өзгеруін, антидене шығаратын жасушалардың көбеюімен бірге, В-лимфоциттердiң антигенді есте сақтайтын иммунологиялық естелік жасушаларын тудырады.
2) В-лимфоциттерiнде өсу және жетілу рецепторлары: В-жасушалардың бөлініп көбеюін, иммуноглобулиндердің секрециясын (шығуын) шақырады.
3) FC-рецепторы арнайы детерминаттарды танитын, иммуноглобулиннің FC фрагментінде орналасқан, иммуноглобулинді байланыстырады. FC-рецепторлары иммунды жауапты реттеуде маңызды рөл атқарады.
4) Комплементті байланыстыратын рецептор (С3). Ол В-жасушаларының белсенуінде, толеранттылықтың дамуында, жасуша бірігуінің күшеюінде, жасушааралық байланысты жеңілдетеді.
Т-лимфоциттері жетілуі күрделі және көпсатылы жүреді. Оның антигенбағынышты және антиген бағынышсыз екі фазасы белгілі.
Антигенбағынышсыз фазасы сүйек миында және айырша безде жүреді. Дін жасушаларынан шыққан алғашқы Т-жасушалардың бәріне тән антигені бар пре-Т-жасушалары пайда болады. Пре-Т-жасушалары айырша безге кіріп, жетілген Т-жасушалар шығады. Айырша безге Т-лимфоциттері екі субпопуляцияға бөлініп, Т-хелперлер және Т-супрессорлар, цитотоксикалық Т-жасушалары құрылады. Олардың әр қайсысының өзіне тән антигендік беткей маркерлері және әсерлеу функциялары бар. Осымен антигентәуелсіз фазасы бітеді.
Жетілген Т-лимфоциттер айырша безден шығып, қанайналыммен екіншілік лимфойдты мүшелерге орналасады. Онда антигентәуелді жетілу фазасы жүреді: жетілуі, белсенуі және антигендер кірген, рецепторы бар Т-лимфоциттер көбейеді. Бөлінудің нәтижесінде үлкен, орташа және кіші лимфоциттер – эффекторлар пайда болады, бұлар қысқа (24 сағ.) өмір сүретіндер. Солармен бірге, морфологиялық құрылысында ерекшілігі жоқ, ұзақ жылдар өмір сүретін кіші лимфоциттер, естелік торшалар да түзіледі.
Барлық лимфоциттердің 60%-ы Т-лимфоциттер: хелпер және супрессор жасушалары – иммунитет реттеушілер, ал киллерлер және ГЗТ (баяу жүретін гиперсезімталдық) әсерленгіштер.
Т-киллерлер ісік жасушаларын және жұқпауға ұшыраған жасушаларды жояды. Табиғи киллердің (NK) – үлкен гранулярлы жасушаларының грануласында перфорин белок бар. Бұл белок мишень жасушаларына кіріп, мембрана бұзатын, комплекс құрып, осмотикалық жарылыспен клетканың ыдырауына әкеледі.
Т-лимфоциттерінің төрт популяциясы бар: Т-хелперлері, Т-супрессорлары, Т-киллерлер, Т-эффекторлары (әсерленгіштері). Бұлардың бәрінің қойдың эритроциттеріне, иммуноглобулиндерге (FC), комплементтің белоктарына (тек СЗв-ға жоқ), интерлейкиндерге, антигендерге рецепторлары бар. Т-хелперлер Т-хелперлері-1 және Т-хелперлері-2 болып бөлінеді. Хелпер-1 жасушалық, ал хелпер-2 гуморальды иммунитетті белсендіреді. Т-лимфоциттер вирусқа, басқаларға қарсы жасушалық иммунитетті, ГЗТ қамтамасыз етеді.
Сөйтіп, айырша безде Т-хелперлер, Т-супрессорлары, цитотоксикалық Т-жасушалары құрылса, ал шеткілік лимфатикалық органдарда (көк бауыр, лимфа түйіндері, мүшелердегі лимфа ұлпаларында) кіші лимфоциттер (эффекторлар) құрылады. Олардың 80%-ы бір тәулік өмір сүреді, ал 20%-ы ұзақ өмір сүрушілерге жатады.
Т-хелперлер иммунитет жауабының басында нысана жасушаларының мембранасына орналасқан HLA-DR антигенімен (гистосәйкестіктің II-класс антигенімен) бірге патогенді таниды. Хелперлер интерлейкин-2 шығарып, В-лимфоциттердің көбеюін, жетілуін (сондай фактор) белсендіріп, гуморальды иммунитетті көтереді.
Белсенген супрессорлар Т-хелперлерді тежеп гуморальды иммунитет жауабын басады. Супрессорлар табиғи және антиген ықпалмен пайда болған иммунологиялық толеранттылықтың құрылуына қатысады. Т-супрессорлардың функциясының бұзылуы аутоаллергиялық ауруларға әкеледі.
Т-киллерлер нысана - жасушаларды антиденелер мен комплементтің қатысуынсыз-ақ жояды. Т-жасушалардың арнайы рецепторы антигенмен байланысып, өзінен қышқылды ферменттерді шығарып, нысана-жасушаларды бұзады.
Т-лимфоциттердің реттеу функциялары олардан шығатын арнайы биологиялық белсенді заттарға байланысты: хемотаксис, нейтрофилдер мен макрофагтардың миграциясын тежейтін, апару, армирлі факторлар және басқалар.
Т-лимфоциттердің антиденелер синтезіне қатысуына байланысты антигендер «тимус тәуелді» немесе «тимус тәуелсіз» болып бөлінеді. Бірінші түрінде антиденегенездің жолы: антиген → Т-хелпер → В-лимфоцит → плазмалық клеткалар → антиденегенез. Сол сияқты антигендерге ертінді полисахаридтер және бактериальдық липополисахаридтер жатады.
Сонымен, Т-лимфоциттер организмде екі түрлі функция атқарады: әсерленгіш және реттеушілік.
Т-лимфоциттерінің негізгі функциясы бөгде жасушаларға арнайы цитотоксикалық әсері, әсіресе ол трансплантаттың некрозында, ісікте, аутоиммундық процестерде және вирусты ауруларда анық көрінеді. Цитотоксикалық әсер бөгде жасушалардың антигеніне арнайы рецепторы бар цитотоксикалық Т-лимфоциттерге тән.
Т-лимфоциттердің реттеу функциясына олардың әр түрлі биологиялық белсенді заттарды шығаруы жатады. Олар – хемотаксис, нейтрофилдердің миграциясын тежеу, көшіру және армирлық факторлар.
Т-лимфоциттер – хелперлер иммундық жауапты белсендіреді. Т-лимфоциттер – супрессорлар иммунды жауапты басады. Т-супрессорлардың белсенуі әртүрлі кезеңмен сатылы жүреді, соның біріне Т-хелперлер де қатысады. Мұндай белсенулер бөтен антигенмен байланысты (спецификалық) немесе байланысы жоқ (бейспецификалық) болуы мүмкін. Белсендірілген Т-супрессорлар Т-хелперлердің белсенділігін басады.
Т-лимфоциттерінің үстінде антигендерді танитын, спецификалық (FС, FСМ, Е) рецепторлар бар. Рецептор – вариабельді, және тұрақты бөліктері бар полипептидтік тізбектен тұратын гетеродиллер. Вариабельді бөлім бөгде антигендермен және гистосәйкестіктің антигенімен байланысады.
Шеткі лейкоциттердің 5-10% нөлді жасушалар (О-клеткалар, В-емес Т-емес лимфоциттер). Функциялары бойынша олардың ішінен табиғи киллерлер (NK-клеткалары), антиденелермен байланысты жасушалы цитотоксикалық (К-клеткалары) болып бөлінеді. Олармен бірге ескірген немесе уақытша рецепторларын жоғалтқан Т- және В-лимфоциттері де болады. О- жасушалардың көбеюі Т- лимфоциттердің азаюымен жүреді.
К- және НК- жасушалары генетикалық бөгде жасушаларды, мутанттарды (ісік жасушаларын), вирусы бар жасушаларды, трансплантат клеткаларын жойып, генетикалық гомеостазды сақтайды.
К - жасушалары тек арнайы цитотоксикалық әсер етеді. К - жасушалар арнайылығы антигенге байланысты өзгергеннен кейін пайда болып, цитотоксикалық әсерін антиденемен (IgG) жабылған жасуша-нысанаға тигізеді. Антиденелер К- жасушалар мен нысана-жасушаларының арасында көпіршенің рөлін атқарады.
NK-жасушалары генетикалық бөтен жасушаларды бірінші жанасуда жояды. NK-жасушалардың цитоплазмасында цитотоксикалық табиғи киллер-фактор (перфорин) бар. NK - жасушалары сүйек миында пре-Т-лимфоииттерден құрылады. NK - жасушалары 1-2-интерлейкиндерді, интерферонды, В- лимфоциттерінің өсу факторларын шығарады.
Фибробластар және эпителиальды жасушалар лимфоидтық мүшелердің айналасында орналасып, микробтарды және қабынуды шектейтін гранулемалар құрады да, фибробластар интерферон шығарады.
2-кесте. Адам Т- және В-лимфоциттерінің негізгі сипаттары
Сипаттары |
Т-лимфоциттер |
В-лимфоциттер |
Шығатын әсері |
Тимус, дін клеткаларынан келген |
Сүйек миы, асқазан-ішек лимфойдты ағзаларынан шығуы мүмкін |
Көкбауырда және лимфа бездерінде орналасуы |
Милы қабатта жұмсақ тізбек, ақ пульпа, артериолдар айналасы (тимус бағынышты аймақта) |
Қыртысты қабатта, лимфойдты фолликулаларда, көбею орталығы (тимус бағынышсыз аймақта) |
Негізгі функциялары |
Клеткалық иммунитет. Т-киллерлер, Т-көмекшілер (индукторлар), Т-супрессорлары |
Гуморальдық иммунитет |
Негізгі рецепторлары |
Антигенспецификалық FC, FCM, Е |
Антигенспецификалық FC, 1g, C3 |
Эритроциттері кенеттен розетка түзуі |
Қойдың |
Тышқанның |
Шыны мақтасына бейспецификалық адсорбциясы |
Жоқ |
Күшті |
Арнайы антигенге полиферациясы, митогендері |
Бар, ФГА, КОНА т.б. |
Бар ЛПС т.б, Т-бағынышсыз митогендер |
АЛС-ға сезімталдығы |
Жоғары |
Нашар |
Организмдегі рециркуляциясы |
Жедел |
Баяу |
Өмір сүруі |
Ұзақ (айлап, жылдап) |
Қысқа (күн, апта) |
Лимфокиндер өнімдері |
ИЛ-2, -интерферон ЛИФ, МИФ және басқа |
Өнімдері шамалы (нашар) |
Моноциттер – моноцитарлы-фагоцитоз жүйесінің негізгі жасушалары. Шеткі қанда қалыпты жағдайда 0,2—0,8109/л моноциттер болады. Моноциттер сүйек миындағы дін жасушаларынан шығатын моноциттарлы нейтрофилдер қатарынан түзіледі. Моноциттердiң негізгі функциялары:
Иммунды қабілетті клеткалардың құрылуын реттейтін биологиялық белсенді заттарды шығарады.
Киллинг және фагоцитоз арқылы организмді бөгде микроорганизмдерден қорғау.
Өзгерген, ақаулы, ескірген торшаларды, өз жасушаларын зақымдайтын, метаболизмға түспейтін органикалық заттарды жояды, сондықтан моноциттерді «қоқысшы» (мусорщик) деп атаған (И.И.Мечников).
Егерде өз жасушаларының үстінде генетикалық бөгде ақпарат болса, олар киллинг және фагоцитозға ұшырайды.
Моноциттер бөгде антигендерді ұсынады және лимфоциттермен екі жақтық реттеу қарым – қатынасына қатысады.
Макрофагтарға - перитонеальдық, купфер, бүйректің мезангиалы, Лангерганс жасушалары, остеокластар, микроглия жасушалары жатады. Олардың функциялары көп, фагоцитоз реакциясы, гуморальдық иммунитеттің жүруіне қатысады және антигендерді ұсынады. Макрофагтар 40-тан артық ферменттер, монокиндер шығарады. Макрофагтарда антигендерге арналған FC және СЗв-рецепторлары, гистосәйкестіктің антигендері (HLA–II) бар. Иммунитет жауабының басында макрофагтар антигенді ұсынады. Фагоцитозға ұшыраған антиген ыдырап, оның эпитопы HLA II белогымен сыртқы мембранаға шығарылады. Ақырында макрофагтарды лимфокиндер белсендіреді (8-сурет).
Нейтрофилдер – көп түрлі ядролы лейкоциттер, қандағы лейкоциттердің ең көбі, 3—6109/л, қалыпты жағдайда жетілген нейтрофилдер қан айналымында жүреді. Нейтрофилдер де дін жасушаларынан шығады. Жетілу фазасы бөлінусіз үш кезеңнен тұрады: метамиелоцит, таяқша, сегментядролы түрлері. Қанайналымында жүрген нейтрофилдердің саны әртүрлі физиологиялық процестерге байланысты өзгеріп отырады. Мысалы: тамақ ішкенде, физикалық жұмыстан кейін, тәуліктік ритмге байланысты. Нейтрофилдер қанайналымында 5–6 сағат болып, ұлпаға кетеді, 3—5 күндей өмір сүріп, өзінің әсерленгіш функциясын атқарады. Нейтрофилдердің негізгі функциясы–фагоцитоз. Нейтрофилдер бөтен жасушаларға киллинг және фагоцитоз жүргізеді, ал антигендер нейтрофилдердің қабыршағына тиседе өледі.
Нейтрофилдердің ең басты функциясы басқа иммунды қабілетті жасушалармен қабыну ошағын қалыптастыру.
Нейтрофилдердің негізгі функциясы–бактерияларды киллингке ұшырату.
Егер бактериялар иммуноглобулиндермен (опсонизация) немесе комплементтің C3в-компонентімен жабылған болса, фагоцитоз күшейеді. Опсонизация бактериялардың арнайы иммуноглобулин G-ге немесе нейтрофилдердің үстіндегі комплемент рецепторларына байланысуына әсер етеді. Жұқпа басталған кезде (ІgG-дің кеш пайда болуымен) комплемент белсенуі СЗв компонентінің фагоциттің мембранасына бекуімен, альтернативтік жолмен жүреді.
Нейтрофилдердің FC және С1-рецепторлары бар. Нейтрофилдер иммуноглобулиндерді FC және Faв-қа ыдыратып, В-лимфоциттерге хемотаксистік фактор береді. Нейтрофилдер В-лимфоциттердің бласты трансформациясын белсендіретін митоген шығарады.
Қабыну ошағында фагоциттер, бактериялар, антиденелердің қатысуымен биологиялық активті хемотаксисті заттар (С5а, прекалликреин, простагландиндер, плазмалық белсендіруші) шығарып, нейтрофилдерді жинайды.
Фагоцитоз нейтрофилдердің ішіндегі метаболизмді белсендіреді. Қорыту процессі көптеген вакуольға келген және дегенерацияға ұшыраған нейтрофилдердің гранулаларының босауымен, көптеген ферменттердің шығу әсерімен бітеді.
Эозинофилдер – дені сау адамдардың қанайналымында 0,12—0,3109/л. Дің жасушаларынан шығып, 3—4 тәулікте жетіледі. Жетілгеннен кейін тағы да 3—4 күн сүйек миында қалып, оларда қозғалу қабілеті пайда болады.
Қанда эозинофилдер орта есеппен 10 сағат болып, ұлпаға өтіп кетеді. Ұлпада эозинофилдер диффузды қоныстанады да, 48 сағат өткенде дегрануляцияға шалдығып, өледі. Эозинофилдер қабынудың, қан тамырларының инфильтрациялы фазасын реттейді. Эозинофилдер қабыну ошағында аллергиялық реакцияларын шектейтін ферменттер бөліп шығарады.
Эозинофилдердiң гельминттерге фагоцитоз жүргізетін қабілеті бар.
Қанда барлығы 0,025—0,055109/л. базофилдер бар. Базофилдер эозинофилдермен бірге дің жасушаларынан шығады. Базофилдер шығатын жасушалардан мес жасушалары да түзіледі. Базофилдің жетілуі 1,5—5 тәулік. Жетілген базофилдер қан айналымына түседі. Оның жарты өмірі 6 сағат. Әрі қарай базофил ұлпаға өтіп, 1—2 тәуліктен кейін өледі.
Базофилдер мес жасушалары сияқты гистамин, гепарин, серотонин бөліп, антигеннің айналысында қабыну ошағында экссудация фазасын дамытады.
3-кесте. Ересек адам қанының көрсеткіштері
(К.А. Лебедев, Н.Д. Понякина, 1990)
Қан клеткалары |
Популяциялар % |
||
Елдің 70% |
Елдің 90% |
Елдің 95% |
|
Нейтрофилдер: |
|
|
|
Сегментядролы % |
56-58 |
52-72 |
45-75 |
Таяқядролы % |
1-3 |
1-4 |
1-5 |
Эозинофилдер% |
2-3 |
1-4 |
1-5 |
Базофилдер% |
0,3-0,6 |
0,2-0,8 |
0,1-1,0 |
Лимфоциттер: |
|
|
|
Т-лимфоциттері % (барлық лимфоциттерден) |
60-72 |
55-78 |
50-85 |
Т- хелперлер % |
30-56 |
24-65 |
21-70 |
Т- супрессорлар % |
7-20 |
5-30 |
3-40 |
В-лимфоциттері% (барлық лимфоциттерден) |
8-16 |
5-22 |
3-30 |
О-жасушалары (нольді) % |
8-25 |
4-30 |
1-35 |
Лейкоциттер 109/л |
4-7,5 |
3,5-9,0 |
3,0-9,5 |
NK-жасушалар |
Барлық лимфоциттердің 4-5% |
||
Плазмалық жасушалар |
1000 лейкоцитке 1-2 |
||
