Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Книга Жуманбаев каз..doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

43. Иммунологиялық терминдердің қысқаша түсіндірме сөзігі

Авидность антител – антиденелердің авидтігі – антиген мен антиденелер арасындағы байланыстың беріктігі .

Агаммаглобулинемия – сарысудағы иммуноглобулиннің ілкі жоқтығы. Селективті агаммаглобулинемия иммуноглобулиндердің бір түрі жетіспейді.

Агранулоцитоз – қанда нейтрофильдердің тым аздығы.

Адаптивный иммунный ответ – арнайы бір антигенге қарсы дамыған иммундық жауап.

Активация – жасушаның белсенуі, функциясының күшеюі.

Антигены – антигендер (Т- және В- жасушаларының арнайы рецепторымен байланысатын заттар).

Антитела – антиденелер, плазмалық жасушалардың антигенге қарсы шығаратын иммуноглобулиндері.

Антигены Т–зависимые/Т–независимые – Т–тәуелді/Т–тәуелсіз антигендер. Т–тәуелді антигендер Т– және В–лимфоциттерімен танылып, иммундық жауап жүреді. Т–тәуелсіз антигендер В–лимфоциттерімен танылып, антиденелер құрылады.

Антителообразующая клетка – антидене құратын, антиденелерді құратын плазмалық жасуша.

Апоптоз – апоптоз, жасушалардың бағдарлама бойынша өлуі. Ол уақытта ДНҚ бөлшектеніп жасуша ыдырап кетеді. Сырттан түскен немесе жасуша ішінен пайда болған өлу бағдарламасы іске асырылады.

Армирование – қарулану. Макрофагтар үстіне антиденелер байланысқанда, оларда арнайылық пайда болады.

Аффинность – аффинділік, антиген детерминантының (эпитоп) антиденемен байланысуының беріктігі (паратоппен).

В–лимфоциты – В–лимфоциттер, сүйек кемігінен шығып, жетілген соң, антиденелер түзетін плазмалық жасушаларға айналады.

Вторичный иммуный ответ – салдарлық иммундық жауап. Антигеннің қайталап әсер етуіне Т– және В–лимфоциттерінің тез және күшті иммундық жауап беруі.

Гаптен – гаптен. Организмде белокпен байланысқаннан кейін, антигендік қасиет пайда болатын химиялық заттар.

Гистосовместимость – тіндік үйлесімдік. Трансплантация жүргізу үшін донор мен реципиенттің тіндік антигендерінің үйлесімділігін анықтайды.

Гиперчувствительность замедленного типа (ГЗТ) – жоғары сезімталдықтың баяу типі. Реакция аллергенге 1–3 тәуліктен кейін дамып, клеткалық иммунитеттің патологиясын береді. Қабыну Т–лимфоциттердің және олардың әсерімен белсенген макрофагтар жиынтығымен қатайған ісікпен жүреді.

Гиперчувствительность немедленного типа (ГНТ) – жоғары сезімталдықтың жедел типі (ЖСЖТ). Реакция аллергенге бірнеше минөттен кейін дамиды. Аллерген үстінде иммуноглобулин Е–сі бар антиденелермен байланысқанда, мес торшалары дегрануляцияға шалдығып, олардан гистамин және басқадай белсенді заттар бөлініп шығады. Реакцияның көріністері: тамырлар кеңейіп, өткізгіштігі күшейіп, нерв талшықтарының тітіркенуімен тері қышып немесе бронхтардың жиырылуы мүмкін.

Гистамин – гистамин. Мес жасушаларының және базофилдердің түйіршіктерінен босап шығатын базоактивті амин, жедел аллергиялық реакцияның медиаторы.

Главный комплекс гистосовместимости (МНС) – тіндік үйлесімділіктің басты комплексі. Бұл генетикалық участке барлық жануарлардың геномынан анықталған. Адамдарда оны HLA деп атайды. Бұған гендердің үш тобының І, ІІ, және ІІІ кластары жатады. МНС гендерінің І және ІІ класс өнімдерінің биологиялық рөлі Т–лимфоциттерге антигеннің пептидтерін ұсыну.

Гранулоциты – гранулоциттер. Нейтрофильдердің, эозинофильдердің, базофилдердің жалпы атауы.

Гормоны тимуса – айырша без гармоны. Айырша бездің эпителий жасушалары шығаратын пептидтер. Оларға –а–1–тимозин, тимопоэтин 1 және ІІ жатады.

Иммунные комплексы – иммундық комплекстер, антиген мен антиденелердің бір–бірімен байланысуынан пайда болатын құрылыс. Антигендердің поливалентілігінен және антиденелердің биваленттігінен, олардың бірнеше молекулалары қосылып комплекс құрады. Белгілі бір көлемге үлкейгенде, комплекс тұнбаға шөгеді. Комплекстің ерімейтін бөлігі фагоцитозға шалдығады, ал ертіндісі – бүйрекпен сүзіліп шығады. Патологиялық жағдайда комплекстер қан тамырларының қабырғасына шөгіп, қабынуды дамытады.

Иммунный надзор – иммундық қадағалау. Иммунитет жүйесі организімнің антигендік құрылымының тұрақтылығын қадағалайды. Антигендік құрылым өзгерсе, иммундық механизмдердің кірісуімен жойылып отырады.

Иммунный ответ – иммундық жауап. Организмге кірген бөтен агентге қарсы жүретін реакция. Бөтен агентті танып, оны организмнен шығарып жіберуге бағытталады.

Иммуногенность – иммуногендік. Антигендер молекуласының иммундық жауап тудыра алатын қасиеті.

Иммуноглобулины – иммуноглобулиндер. Антиденелер функцияларын атқаратын молекулалар, IgM, IgG, IgE және IgD кластары кіреді.

Иммунологическая память – иммунологиялық жады. Бөтен агент организмге қайталап түскенде, оны тез және тиімді түрде шығарып жіберуін қамтамасыз ететін механизм. Оның негізі – ілкі иммундық жауаптан жадысы бар Т– және В–лимфоциттерінің әрекеті. Антиген қайтадан түскенде олар тез көбейіп, жетісіп, салдарлық иммундық жауапты нәтижелі етеді.

Иммунодефициты – иммунитет тапшылықтары. Иммунитет жүйесінің бір бөлігінің бұзылысы. Ілкі (туа болатын) иммундық тапшылық иммунитет жүйесін қадағалайтын гендердің тұқым қуалайтын ақаулығы. Жүре пайда болатын (салдарлық) иммунитет тапшылық эндогендік (кейбір аурулар әсерінен) немесе экзогендік (радиация, химиялық заттар) факторларының иммунитет жүйесінің кейбір жасушаларын зақымдауынан туындайтын кемістік.

Иммунопрепараты – иммундық препараттар. Иммунитет жүйесі белсенділігін күшейтіп немесе бәсеңсітіп өзгертетін дәрілер. Иммунитетті күшейтетіндермен иммундық тапшылықты емдейді, иммундық супрессорлар аутоиммунды ауруларды емдеуге және трансплантация жүргізгенде қолданылады.

Интерлейкины – интерлейкиндер. Цитокиндердің бір түрі. Иммунитет жүйесінің белсенген жасушалары шығарады, әртүрлі клеткалық қарым–қатынасқа жауапты, әсіресе олардың көбеюіне көмектеседі. Жасушаларға олардың мембраналық рецепторлары арқылы әсер етеді.

Интерфероны – интерферондар. Цитокиндердің бір түрі. Антипролиферациялық, жасушаларды жетілдіретін, иммунитетті реттейтін әсерлері бар. Негізгі қасиеті – жасушаларға бейспецификалық әсер етіп, олардың вирусқа тұрақтылығын көтереді.

Клетки иммунологической памяти – иммунологияның естелік клеткалары. Антиген туралы хабар алған, бірақ эффекторлық жасушаларға дейін жетілмеген, ұзақ өмір сүретін Т- және В-лимфоциттері. Сол антиген қайта әсер еткенде, басқа жасушаларға қарағанда олар қорғаныс реакциясына тез түседі.

Клетки Купфера – Купфер клеткалары. Бауырдың қан жүретін синустерінің қабырғаларын құрайтын фагоцитоздық жасушалар.

Клетки Лангерганса – Лангерганс клеткалары. Терінің антиген ұсынатын жасушалары. Олар аймақтық антиген ұсынатын жасушалары. Олар аймақтық лимфа түйіндеріне барып, Т–клеткаларға антиген ұсынатын, белсенген дендриттік жасушаларға айналады.

Комплемент – комплемент. Қабыну процессін реттейтін фагоцитозды белсендіретін және жасушалар мембранасын ерітіп – ыдырататын сарысу белоктары.

Лейкотриены – лейкотриендер. Аллергиялық реакциялардың негізгі факторлары, Арахидон қышқылының алмасуындағы өнімі. Мес жасушалары белсенгенде 5–20 мин. ішінде бөлініп шығады. Тегіс салалы бұлшықетті жиырады, хемотаксистік әсері бар.

Макрофаг – макрофаг. Тіндерге ауысқан моноцитттерден жетіледі. Фагоцитозды атқарады. Т-хелперлерге пептидтерді ұсындыратын, қабынуды және иммунды жауапты жүргізетін цитокиндерді және басқа да заттарды шығарады.

Монокины – монокиндер. Моноциттер мен макрофагтар шығаратын цитокиндер.

Моноциты – моноциттер. Миелоидты топтарынан шығатын, қан айналымында жүретін, ірі жасушалар, тінге түскенде макрофагтарға және дендриттік жасушаларға айналады.

Нейтрофилы – нейтрофилдер. Өте белсенді, фагоцитоздық және бактерицидтік қызметі жоғары жасушалар. Инфекциялық процесстің басталуы кезіндегі негізгі қорғаныс жасушалары.

НК–клетки – қалыпты табиғи жасушалар (киллерлер). Ішінде вирусы бар және ісік жасушаларын ыдыратады.

Опсонизация – опсонизация. Фагоцитозды жеңілдету үшін антиденелердің, комплемент компоненттерінің және жедел фазалары белоктарының антигеннің (нысана жасушаларының) үстіне байланысуы.

Острофазные белки – жедел фазалы белоктар. Гепатоциттерден шығып, қан сарысуында жүретін, қабыну кезінде көбейетін белоктар. Оларға С-реакциялы белок, фибриноген, манноза байланыстыратын белок, сарысу амилоиды жатады. Олардың кейбіреулері опсониндердің, хемотаксистік факторлардың қызметін атқарады, комплементті альтернативтік және классикалық жолмен белсендіреді.

Пропердин – пропердин. Комплементті альтернативтік жолмен белсендіретін сарысу факторы.

Простагландины – простагландиндер. Арахидон қышқылының алмасуындағы өнімі. Простагландиндер Е2, Ғ2а және 12 қан тамырларын кеңейтеді және хемотаксистік әсер етеді. Жедел аллергиялық реакцияның жүруінде қосымша рөл атқарады. Простагландин Е2 макрофагтардан шығады, иммунитет процесін реттеуге супрессорлық әсері бар.

Патогенный организм (патоген) – патогенді организм, қабыну ауруларының қоздырғыштары – микробтар (бактериялар, вирустар, қарапайымдылар, саңырауқұлақтар), өзгерген атиптік жасушалар.

Первичный иммунный ответ – ілкі иммундық жауап. Антигенмен бірінші жанасудан кейін дамитын (клеткалық немесе гуморальдық) иммундық реакция.

Переключение изотипа (класса) иммуноглобулинов – иммуноглобулиндердің изотипінің (классының) ауысуы, В-лимфоциттердің арнайы антиденелердің басқа классын синтездеуге ауысуы.

Плазматическая клетка – плазмалық жасуша. В-лимфоциттің ақырғы жетілу кезеңінде антидене өндіретін жасуша.

Рецептор – рецептор. Жасушадан тысқары молекуламен арнайы байланыстыратын жасуша мембранасының молекуласы.

Селезенка – көк бауыр. Шеткі лимфоидтық мүше, антигеннің гематогенді жолмен түсуін бақылайды. Лимфалық дренажы жоқ. Құрылымы: ақ ұлпада В- (фолликулада) және Т-лимфоциттері (артерия айналасында) орналасады, участкелердің шеткі аймақтарында плазмалық жасушалар антиденелер түзеді. Иммундық жауап кезінде плазмалық жасушалар қызыл ұлпаға да шоғырланады.

Супрессорные клетки – супрессорлық жасушалар. Иммундық жауапты тежейтін жасушалар. Супрессорлар антиген арнайы және бейспецификалық болып бөлінеді. Антигенге қатысы жоқ супрессорға макрофагтар шығаратын простагландин Е жатады. Антиген арнайы супрессорға СД8-лимфоциттері жатады. Супрессорлар функциясын цитокиндер және арнайы ертінді тежегіш факторлары (ТСR немесе олардың полипептидті тізбегі) жүргізеді.

Т-лимфоциты – Т-лимфоциттер. Айырша безде жетілетін лимфоциттер. Бұлар құрамында МНС молекуласы бар антигеннің пептидін таниды, одан кейін екеуінің белсендіруші әсерімен Т-хелперлерге немесе цитотоксикалық Т-лимфоциттерге жетіледі.

Токсины бактериальные – бактериялық токсиндер. Микроорганизмдердің патогенді факторы. Олар клеткамен байланысқан -эндотоксин немесе ертінді түрінде шығады - экзотоксин.

Тучные клетки – мес жасушалары, тіндерде қан тамырларының маңына орналасады. Базофилдер түйіршіктерінде қабыну (гистамин, гепарин, протеаза) медиаторлары бар.

Т-хелперы – Т-хелперлер. Т-лимфоциттердің бір түрі. СД4-тің екі рецепторы МНС-тың антиген тануға қатысқан ІІ класс өнімін байланыстырады. Т-хелперлердің функциясы: 1) цитокиндер шығарып және жанасулық арқылы В-лимфоциттердің әрекетін белсендіреді; 2) ИЛ-2-нің әсерімен цитотоксикалық Т-лимфоциттерді белсендіреді. Хелпер-1 жасушалық иммундық жауабын белсендіруге жауапты, хелпер-2 гуморальды иммундық жауапқа қажет. Бұлардың айырмашылығы, олардан шығатын цитокиндердің әсеріне байланысты.

Толерантность – толеранттылық. Арнайы иммунологиялық ареактивтілік жағдайы.

Фагоцитоз – фагоцитоз. Жасушалар микроорганизмдерді, ішкі өлген жасушаларды, денешіктердің бөлшектерін жұтып, қорыту үрдісі.

Хемокины – хемокиндер. Жасушалардың хемотаксисына жауапты цитокиндер. Макрофагтар, стромальді және басқа жасушалар шығаратын ұсақ молекулалы пептидтер. Қабынуда және иммундық жауапта маңызды рөл атқарады.

Хоминг – хоминг. Рециркуляциялық лимфоциттердің лимфоидтық ағзаларда қайтып келу қабілеті. Ол лимфоидтық ағзалардың биік эндотелий жасушалары рецепторларының «хоминг молекулаларымен» байланысуынан болады.

Цитотоксические Т-лимфоциты - цитотоксикалық Т-лимфоциттер (Т-киллерлер). МНС–ның 1 класс молекуласымен қосылған антиген-пептид кешенін (ішінде вирусы бар жасушаны) ерітіп жіберетін Т-лимфоциттер.

Цитокины – цитокиндер. Лейкоциттер және организмнің басқа жасушалары шығаратын, клеткааралық әрекеттестілікті іске асыратын, молекулалардың жалпы аты.

Чужеродное – бөтен, бөгде. Организмнің генетикалық бағдарламасына сәйкестігі келмегендердің барлығы бөтен.

Эндотелий – эндотелий, жасушалары тегіс салалы эпителийдің бір түрі. Қан мен лимфа тамырларының ішкі қабырғасын құрайды. Лейкоциттер олармен әрекеттесіп тінге өтеді. Бактериалық өнімдердің және цитокиндердің әсерімен эпителий жасушалары биіктеп (куб тәрізді болып) белсенеді, (адгезия) жабысқан молекулаларды қысып, цитокиндер шығарады.

Эндотоксин – эндотоксин. Грам теріс бактериялардың сыртқы мембранасының құрамындағы липополисахарид. Әр түрлі мөлшеріне байланысты В-лимфоциттің және фагоцитоздың функциясын белсендіреді, не басады.

Эозинофилы – эозинофилдер. Миелоидтар тобынан шығатын жасушалар, қанда және тінде кездеседі.

Эпитоп – эпитоп. Антидененің антигенмен байланысатын орталығымен немесе Т-лимфоциттің рецепторымен әрекеттесетін антиген молекуласының бөлігі.