Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор гр.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

20. Түркі тілдеріндегі еріндік дауыстылардың сәйкестігі

1. u ≈ o сәйкестiгi: ur ≈ or «белгiлi бiр iс-әрекеттi iстей бiлу»;

u≈о сәйкестiгi.uz ≈os, Е. uz «мастер, умелец» (ДТД, 75) ~ башқ. os(ta) «мастер»; ul ≈ol, Орх. ul(a) «жалғасу, соңынан еру» (Айд. I, 221) ~ тат. ol(γas), башқ. ol(as);jut ≈ jot, qul ≈ qol, Орх. qul «құл» (Айд. I, 214) ~ тат., башқ. qol; tul ≈ tol, Орх., Е., Тал. tul «вдова, сирота» (ДТС, 585) ~ тат., башқ. tol.Ескерткiштер тiлi мен қазiргi қыпшақ тiлдерi арасындағы u≈о сәйкестiгi негiзiнен қыпшақ-бұлғар топшасындағы тiлдерге тән. Қыпшақ-ноғай топшасында көне түркiлiк и дыбысы о фонемасына ауысуы өте сирек. Мысалы: қазақ тiлiнде bod(an) «тәуелдi халық» сөзiнiң көне тұлғасы *bud(un) «жалпы халық, қарапайым халық». Қазақ тiлiнде и, о дыбыстары сәйкестiгiнiң сөз мағынасына ықпалын көрсететiн бiрнеше түбiрлес жұптарды атауға болады: шоқ(ы) (құстың шоқуы ≈шұқ(ы) (саусақпен шұқу); бұр(қырау)/бұр(қасын) ≈ боран;

2. Ü ≈ ö сәйкестiгi: *ül ≈ *öl → üles ≈ ölöč «үлес»;

ü ≈ ö сәйкестiгi: *ül ≈ *öl → üles ≈ öläč, ölöš, ескерткiштер тiлiнде ül(e) «үлестiру», ül(es) «үлес» ~ ноғ. öl(ejs), тат. öl(äš), башқ. öl(öš); üz ≈ öz, Орх., Е. üz «үз» ~ тат. öz(ü), башқ. öž(örgä); ün ≈ öņ, Е. ün «үн» (ДТД, 78) ~ тат. ön, башқ. ön; üč ≈ öč, ös «үш»; Орх. üč ~ тат. öč, башқ. ös; Орх., Е. kün ~ тат., башқ. kön, т.б.

3. Ö ≈ ü сәйкестiгi: ög ≈ üg → ügej «шеше, ана», «өгей»;

ö ≈ ü сәйкестiгi.ög ≈ üg(äj): ескерткiштер тiлiнде ög «шеше» ~ башқ. üg(äj) «неродной» (БРРБУС, 75). Көне түркi тiлiнде «ана», «шеше», «мал төлiнiң енесi» мәнiн берген ög моносиллабы қазiргi қыпшақ тiлдерiнде -ej/-äj жұрнағын қабылдап, есiм мәнiмен бiрге сын есiмдiк сипатқа ие болған. Iшкi мазмұнында «қандық туыстығы жоқ, тумаған» семасы басымдық алған: өгей ұл, өгей қыз, өгей әке т.б. Öz моносиллабы мазмұнының оппозициялық шегiн öz(ge) «бөтен, басқа, жат» (ДТС, 395) сөзi таңбалайды, қар. öz(ge), диалектiлерiнде ez(ge),ež(ge) (ЭСТЯ, I, 508), құм., қ.балқ., ноғ., қырғ., ққалп. öz(ge), тат. üz(gä).

4. Ö ≈ o сәйкестiгi: ög ≈ oj «ой»;

ö≈o сәйкестiгi.ö → ög ≈ oj «ой»: ~ қаз., ноғ., құм. oj. Қазақ тiлiнде ө тұлғасы да қолданыста: өк → өкiнiш.

5. Ö ≈ э сәйкестiгi: öl ≈ эl «өл»;

ö ≈е/э сәйкестiгi:öl ≈ эl «өл» (ДТС, 78). Орх., Е., Тал. Öl~ қарайым диалектiсiнде эl «умирать» (СФ, 155).

Көне түркi тiлiндегi о, ö, ü дыбыстары қазақ тiлiнде көп өзгерiске түспегенiн байқаймыз. Ескерткiштер тiлiнде варианттас моносиллабтар құрамындағы u ≈ о, о ≈ ö, u ≈ ü, о ≈ ü, ö ≈ ü корреляттары қазақ тiлiнiң өз iшiнде жергiлiктi ерекшелiктерде де, әдеби тiлде де кездеседі: сұр(а) ≈ сор(а), қош ≈ құш, сұл(ы) ≈ сүл(i), өг(ей) ≈ үг(ей), ұм(а) ≈ өм(е), бұй(ымтай) ≈ бүй(iмтай),түр ≈ *тұр ≈ сұр ≈ *сүр: түр «бет-әлпет, ажар-көрiк, өң-түс» ~ тұр(пат) «кескiн, келбет, пiшiн» (ҚТТС IХ, 287, 337) ~ сұр «сиық, түр, түс», сүр(екет) «ұсқын, сиық, пiшiн»

6. o ≈ ö сәйкестiгi: qop ≈ köp «көп».

ö≈u сәйкестiгi.Орх., Е., Тал. ö/ög ≈ uj «ой» ~ тат. uj «мысль, дума» (ТРС, 584), башқ. uj «ой; ойлау».

21-сұрақ. Етістіктің салт, сабақты және болымды, болымсыздық категориялары

Етістіктерді болымды, болымсыз деп бөлу түркітануда дау туғызбайды. Болымдылық мән етістіктің түбір формасы арқылы берілсе, болымсыздық мән –ма, -ме қосымшасы арқылы немесе жоқ, емес сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады.

-ма, -ме қосымшасы көне қосымшалардың бірі болып табылады. Ол орхан-Енисей жазба ескерткіштерінен бастап, соңғы дәуірге дейін жазылған ескерткіштер тілінде кезедеседі. Мысалы: Түрк будун учун удымадым, кунтуз олурмадым.

-ма//-ме этимологиясы жайлы айтылған пікір жоқтың қасы. Оның басты себебі - -ма, -ме қосымшасының көне дәуірден және қазіргі түркі тілдерінде бірізді қолданылуы.

Бұл қосымша осы тұлғасында монғол тілдерінде де қолданылады. Слондықтан кейбір ғалымдар Орал-алтай тіл бірлестігінен бері қолданылып келе жатқан қосымша деп есептейді.

Болымсыздық қазақ тілінде емес, жоқ сөздер арқылы аналитикалық жолмен де жасалады. Емес – о баста ер (эр) толымсыз етістігіне келер шақтық болымсыз есімшенің –мас, -мес қосымшасын қосу арқылы жасалынған. Мысалы: Хато эрмаз эрур хан сузлари чин (Құтб).

Біздің тілімізде әрі салт, әрі сабақты қызметте қолданылатын оқы (кітаптан оқы, кітапты оқы), жаз (қағазды жаз, қағазға жаз), қара (малды қара, малға қара), ұрыс (баланы ұрыс, балаға ұрыс), ойна (рөлді ойна, баламен ойна) т.б. сияқты етістіктер бар. Мұндай етістіктердің салт түрінен сабақтыға немесе сабақтыдан салтқа ауысуы етіс қосымшалары арқылы іске асады және бұл көне құбылыс. Бір ғана етістіктің екі түрлі грамматикалық мағынада қолданылуын көнедегі салт және сабақты мәндердің айқын жіктеліп, сараланбаған кезінің қалдығы деп есептеуге болады: табыс жалғаулы сөздер Ү-ҮІІІ ғасыр ескерткіштері тілінде тек қана тура объектілік мәнде жұмсалмайды, сонымен қатар мекен, мезгіл, мөлшер мәндерін де береді. Мұндай мәндердің болуы табыс жалғаулы сөздердің сабақтылық мән бермейтін етістіктермен тіркесе жұмсалуынан келіп туады. Мысалы: Алтун йысығ аса келтіміз (Алтай тауын аса келдік). Ертіс үгүзүг кече келтіміз (Ертіс өзенін кеше келді).

Көне түркі тілінде йоры (жорыту), йерле (орналасу) тәрізді етістіктер табыс септігімен бір тіркесте қолданылған.

Салт және сабақты етістіктердің қалыптасу, жіктелу жолын былай жобалауға болар еді: ең әуелі бейтарап түбірлердің контекстік ыңғайында салт немесе сабақты ретінде қолданылуы, содан кейін етіс аффикстерінің қалыптасуы, солар арқылы етістіктердің сабақтыға немесе салтқа айналуы.

Салт, сабақтылық мән етіс категорияларында даму барысында жіктеліп жүйеленген. Етіс категориясының арнаулы аффикстермен берілуі түркі тілдері тарихында жаңа құбылыс емес. Қазіргі тіл құрамындағы етіс қосымшаларының барлығы дерлік Ү-ҮІІІ ғасыр ескерткіштерінен бастап қолданылады.

22-сұрақ. Түркілердің этникалық қалыптасу тарихы мен түркі тілдерінің тарихы арасындағы сабақтастық

Ғылыми-көпшілік әдебиеттерде «түркі халықтары», «түркітілдес халықтар» деп әртүрлі аталатынтүркілер – тарихи-мәдени және тілдік байланыстарының тамырларын заманалардың терең қойнауларынан алатын этнотілдік қауымдастық.

Түркілердің географиялық таралу ареалы өте кең. Лена өзенінен Дунайға дейінгі, Таймырдан Парсы шығанағына дейінгі территорияда қоныс теуіп отырған түркі халықтарының саны бүгінде 160- 170 миллионға жетеді. Қазіргі түркі халықтары тарихи сан алуан тарихи жағдайларды басынан өткерсе де, аса ауқымды территорияда ата-бабадан мирастыққа қалдырылған ортақ тіл мен ортақ мәдениетті сақтап отырғанымен ерекшеленеді.

Түркі тілдері алтаистика және түркология бағыттындағы зерттеулерде дәстүрлі түрде алтай тілдері семьясы құрамында қарастырылады. Алтай семьясын құрайтын түркі, моңғол, тұңғыс-маньчжур тілдерінің туыстық байланысы көп жылдар бойы «ғылыми жорамал» ретіндегі даулы мәселе болып келеді. Бұл макро тілдік топта түркі тілдері туыстық жағынан моңғол тілдеріне жақындастырылып, түркі-моңғол бұтағынан таралады деп саналады. Түркі тілдерінің саны ғылыми әдебиеттерде әр түрлі көрсетіледі. Мәселен, КСРО ҒА тарапынан 1966 жылы жарық көрген ұжымдық монографияда 23 тірі түркі тілі, ал А.А. Реформатскийдің 1967 жылғы «Тілтануға кіріспесінде» ( Реформатский А.А. Введение в языковедение. М., 1967; М.1996.-536стр.) түркі тілдерінен 25 тірі, 7 өлі тіл көрсетіледі. Н.А.Баскаков зерттеулерінде 27 тірі түркі тілдері, 12 өлі түркі тілдерінен тілдік фактологиялық материалдар қолданылатын болса, 1997 жылы жарық көрген «Әлем тілдері: Түркі тілдері» сериясы бойынша 39 тірі және 15 өлі түркі тілдері бар деп саналады.

Түркі тілдері - түркология ғылымының зерттеу нысаны болып табылады.

Түркология – түркітектес, түркі тілінде сөйлейтін халықтардың тілін, әдебиетін, тарихын, этнографиясын, мәдениетін т.б. рухани, мәдени құндылықтарын зерттейтін сүбелі ғылым саласы.. Түркітану ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысында шығыстанудан іргесін ажыратып, дербес ғылым саласы ретінде қалыптасады21.

Тарихи деректер бойынша түркілер туралы алғашқы мәліметтер тарих аренасына ғұндардың шығуына байланысты көрініс береді. Ғұндардың далалық империясы кез келген мұндай ірі мемлекеттік құрылым сияқты этникалық құрам жағынан бір келкі болмағаны даусыз. Қытай тарихи дереккөздерінде ғұндар туралы алғашқы мәліметтер б.з.д. 4-3 ғасырларға барып саяды. Бұл дәуір түркі тілдері семьясының алғаш рет глоттохронологиялық бөлініске түсе бастаған, яғни бұлғар тобының жалпытүркі тілінен бөлініп шыққан кезеңімен тұспа-тұс келеді. Сондықтан К.Менгес, Н.А.Баскаков тәрізді белгілі түркологтар бұлғарлардың түркілерден бөлініп, батысқа қарай біртіндеп қоныс аударуын ғұндар мен байланыстырады.

VI-VIIІ ғасырлар - түркілердің тарих сахнасында ерекше із қалдырған кезеңі болды.VI-VIIІ ғасырларда Орталық Азияда Түркі қағанаттары бой көтерді. 552 жылы құрылған Түркі қағанаты 603 жылы Батыс және Шығыс болып екіге бөлініп кетті. Батыс Түрк қағанатының (603—658) құрамына қазіргі Орта Азия, Қазахстан және Шығыс Түркістан территориялары, ал Шығыс Түрк қағанаты құрамына Монголия, солтүстік Қытай және оңтүстік Сібір өлкелері кірді. 658 жылы шығыс түркілерінің жаулауымен Батыс Түрк қағанатының құлады. 698 жылы түргеш тайпалық одағының көсемі Үшелік жаңа түрк мемлекетін - Түргеш қағанатын құрады (698-745жж.).Түркітану ғылымының жеке ғылым саласы ретінде қалыптасуы, түркі тілдерінің жүйелі түрде зерттеле бастауы саяси мақсаттарға байланысты Ресей және Еуропа ғалымдары тарапынан жүзеге асты (ХҮІІ-ХІХ ғғ.) десек те, түркі тілдерінің түркі топырағында зерттелуі Қараханидтер дәуірінен бастау алады. Түркі тілдері жайлы жазылған тұңғыш түркологиялық еңбек Махмұд Қашқаридың «Диуани лұғат-ит-түрк» сөздігі. ХІ ғасырда грамматикалық сипатта жазылған «Диуани лұғат-ит-түрк» тарихи- салыстырмалы әдісті негізге алған, түркі тілдері мен диалектілерінің негізгілерінен (оғыз, арғу, ненужек, қыпшақ, түрк, бұлғар, қарлұқ, шігіл, яғма, ябақу, тоғсы, жомул т.б.) мысалдар келтірілген тұңғыш еңбек. Мұнда М.Қашқари 29 түрлі этнонимді атап, олардың географиялық мекенін, тіліндегі фонетикалық ерекшеліктерін көрсетеді. Махмұд ибн-әл Хусаин ибн Мұхаммад әл Қашқари жазған бұл шығарма ерте орта ғасырдағы түркі тайпаларының тек тілі ғана емес, әдебиеті, өнері, этнографиясы, әкімшілік басқару жүйесі, туыстық қарым-қатынастары, мединицинасы, салт-дәстүрі, т.б. материалдық және рухани құндылықтары географиялық жағдайы, сол аймақтың фаунасы мен флорасы жайлы мәлімет беретін энциклопедиялық мұра.ХІ ғасырда өмір сүрген филолог-түркітанушы М.Қашқаридың мұрасын түркітану ғылымының бастауы, қайнар көзі саналады.

23-сұрақ. Түркі тілдеріндегі езулік дауыстылардың сәйкестігі

сөздің бірінші буынында кездесетін дауыстылар мен сөздің келесі буындарында ұшырайтын дауыстылар екі түрлі жүйе құрайды. Бірінші буында ашық-қысаң, жуан-жіңішке, еріндік-езулік болып жұптасатын 8 дауысты дыбыс жұмсалады. Кейбір тілдерде бұл 8 дауысты дыбыс 16-ға дейін көбейеді. Өйткені оларда дауысты дыбыстар әдеттегідей әрі созылыңқы дыбысталады. Екінші және одан кейінгі буындарда көбіне жуан-жіңішке, ашық-қысаң, еріндік-езулік болып бөлінетін 6 дауысты дыбыс жұмсалады. Сонымен, бірінші буын вокализмі мен екінші буын (сол сияқты одан кейінгі буындар) вокализмі сандық жағынан да, сапалық жағынан да бірдей емес, әр түрлі болып отырады;

Орхон, Енисей, Талас ескерткiштерi тiлi мен қазiргi қыпшақ тiлдерi моносиллабтар жүйесiнде дауысты фоно-корреляттардың толық құрамы мынадай сәйкестiктердi қамтиды:

1. a ≈ ä сәйкестiгi: *at ≈ ät → atï ≈ ätij «жасы үлкен туыс», «әке, ата»;

2. a ≈ e сәйкестiгi: *an ≈ en → ančula ≈ enšile «еншiлеу, атау, иемдену»;

3. a ≈ ï сәйкестiгi: taš ≈ tïs «сырты, тысы»;

4. a ≈ o сәйкестiгi: anï ≈ onï «оны», ol «ол»;

5. a ≈ u сәйкестiгi: anï ≈ unï «оны», ol «ол»;

6. e ≈ i сәйкестiгi: jir ≈ žer «жер»;

7. e ≈ э сәйкестiгi: еr ≈ эr «ер адам, ер, батыр»;

8. e ≈ ä сәйкестiгi: *je ≈ *žä → jeme ≈ žäne «және»;

9. ï ≈ a сәйкестiгi: *ïγ ≈ *aγ → ïγač ≈ aγaš «ағаш»;

10. ï ≈ u сәйкестiгi: *jïm ≈ *žum → jïmčaq ≈ žumsaq «жұмсақ»;

11. ï ≈ o сәйкестiгi: *jïm ≈ *jom → jïmčaq ≈ jomšaq;

12. ï ≈ i сәйкестiгi: tïl ≈ til «тiл», «хабар»;

13. ï ≈ ij сәйкестiгi: til ≈ tijl «тiл»;

14. ï ≈ e сәйкестiгi: til ≈ tel «тiл»;

15. i ≈ э сәйкестiгi: is ≈ эš «iс», «жұмыс»;

16. i ≈ e сәйкестiгi: it ≈ et «ет, iсте»;

17. i ≈ ij сәйкестiгi: *il ≈ *ijl → ilki ≈ ijlki «iлкi, алғашқы»;

18. i ≈ ï сәйкестiгi: *sil ≈ *sïl → silik ≈ sïlïq «ару, пәк»;

19. i ≈ u сәйкестiгi: *sil ≈ *sul → silik ≈ suluw «ару, сұлу»;

24-сұрақ. Етістіктің есімше тұлғасының тарихи қалыптасуы

Көне түркі тілінде есімшелік тұлғалар сан жағынан әлдеқайда көп. Бір қызметте кейде бірнеше морфологиялық тұлғалар қолданылған. Бұған қарағанда, тілдің даму барысында есімшелік тұлғалардың азаюына бұрын бірнеше формалар арқылы берілетін мағыналық мәнерлердің бір ғана форма айналасына шоғырлануы себеп болса керек. Қазіргі тіліміздегі кейбір есімше тұлғаларының қызмет аясының өте кең болуы тілдің тарихи даму барысында болған осындай процеспен байланысып жатады.

Көне түркі тілінде қолданылған кейбір есімшелік форманттар қазіргі түркі тілдерінде сол күйінде қолданыс тапса (кейбір фонетикалық айырмашылықтарын ескермегенде), бір тобы жеке сөздер құрамында «өлі» қосымша болып сақталып қалған.

Көне түркі тілінде қолданыс тапқан есімше форманттарының кейбір басты ерекшеліктері мынадай: -мыш Орхон-Енисей жазбалары тілінде, сондай-ақ, кейінгі орта ғасыр жазбаларында да есімшенің өткен шағын жасаған аффикс: қалмыш (қалған), тегміш (түйіскен), қазіргі біздің тіліміздегі –ған аффиксінің қызметін атқарған. Бұл формант, сонымен қатар, қимыл есімінің қызметінде де кездеседі. Бұл мәнде ол қазіргі біздің тіліміздегі тұйық рай тұлғасы –у-ға сай: бітміш (жазу, жазба), берміш (беру, бересі).

Орта ғасыр жазбалары тілінде –мыш тұлғасының істің болған-болмағанын дүдамал, оны біреудің сөзі арқылы хабарлау мәнінде де қолданылатыны кездеседі. Мысалы: ол бармыш (ол барған болу керек, бірақ мен өзім көрген жоқпын). Қазіргі қазақ тілінде де істің болмағандығын, бірақ болды деп жорамалдағандығын білдіретін –мыш, -мыс тұлғалары қолданылады: айтыпты-мыс. –Мыш қазіргі тілімізде жеке сөздер құрамында ғана сақталған: тұрмыс, жазмыш, озмыш, болмыс, тарамыс.

Қазіргі тілімізде өткен шақ есімше мәнін беретін –ған тұлғасы Орхон-Енисей жазбаларында кездеспейді, бірақ Алтын Орда әдеби тілінде жиі қолданыс тапқан.

25. Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: ең жаңа классификациялар (Г. Ахатов, А. В. Дыбо, О. Мудрак)

Түркі тілдерін классификациялау мәселесі түркологиялық зерттеулерде әлі күнге дейін жалғасып отыр. Зерттеудің әдіс-тәсілдерінің одан әрі жетілдірілуі түркі тілдерінің бқрыннан келе жатқан топитастыруларына өзгешеліктер мен толықтарулар енгізуге, я болмаса жаңаша сипаттағы классификациялар ұсынуға жетелеуде. Мәселен, Г. Ахатов  тілдік ерекшеліктер мен олардың ортақтастығын прототүрк субстатының тарихи даму контексінде қарастыру барысында зерттеудің лингвистикалық әдістерін оптимизациялап, өзінің классификациясын ұсынады. Оның пікірінше, түркі тілдері, сөзсіз, алтай макротілдік тобына жатады. Г.Ахатов түркі тілдерін:

І. Қыпшақ тобы: 1) қыпшақ-бұлғар субтобы (татар, Сібір татар тілі, башқұрт); 2)Алан-скиф субтобы (қарачай, балқар, қырым татарларының солтүстік диалектісі); 3) Арал-Каспий субтобы (қазақ, қырғыз, қарақалпақ, ноғай);

ІІ.Бұлғар тобы:бұлғар-чуваш суб тобы (чуваш тілі)

ІІІ. Қыпшақ-ортаазиялық топ: Қыпшақ-ұйғыр суб тобы (өзбек, ұйғыр);

IV. Оғыз тобы: 1) Оғыз-осман субтобы (түрік, әзірбайжан, салар, Молдавандағы гагауыз тілі, қырым татарларының оңтүстік диалектісі); 2) Оғыз-түрікмен субтобы (құмық, түрікмен, гагауыз)

V. Сібір-Алтай тобы: 1) Якут субтобы (якут, долган); 2) Карагас-тува субтобы (тува); 3) хакас субтобы (хакас, кюрин, шор, алтай тілінің солтүстік диалектілері, сарыұйғыр, фуюй қырғыздарының тілі); алтай субтобы (алтай тілінің оітүстік диалектілері) деп жіктейді.

Ең жаңа классификацияларға О. А. Мудрактың фоно-морфостатистикалық жәнеА. В. Дыбоның лексикостатистикалық топтастыруларын жатқызуға болады. Жүзсөздік екі генеалогиялық бағанды зерттей отырып, сондай-ақ лексика-статистикалық мәліметтер негізінде түркі тілдерінің генеалогиялық ағашының шартты хронологиясын анықтай келіп, А. В. Дыбо пратүркі тілінің бағанының құлауы бұлғар тобын құрайтын чуваш тілінің басқа түркі тілдерінен бөлініп кетуінен басталатынын айтады. Екі генеалогиялық бағанда да алғашқы түйін б.з.д, 30-0 жылдарды көрсетеді. Бұл мерзімді А.В.Дыбо ғұндардың жартысының Батыс Моңғолиядан батысқа қарай б.з.д. 56 ж. Шынжанның солтүстігі арқылы оңтүстік Қазақстанға, Сырдарияның бойына ауа көшуімен байланыстырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]