- •1. Қазақ тілінің дауысты дыбыстар жүйесінің түркі тілдеріндегі дауыстылар сәйкестігімен байланысы.
- •4) Түркі тілдерінің морфологиялық құрылымының өзіндік ерекшеліктері
- •5)Түркітану ғылымының жеке ғылым саласы ретінде қалыптасуы
- •9. Қазақ тіліндегі қатаң дауыссыз дыбыстар және олардың қыпшақ тобы тілдерімен сәйкестік құрауы
- •11. Қазақ тіліндегі ұяң дауыссыз дыбыстар және олардың қыпшақ тобы тілдерімен сәйкестік құрауы
- •12. Етістіктің өткен шақ тұлғаларының тарихи қалыптасуы.
- •13. Хх ғасырдағы түркітану саласындағы жетістіктер
- •14.Етістіктің осы шақ тұлғаларының тарихи қалыптасуы
- •15. Қазақ тіліндегі үнді дауыссыздардың қыпшақ тобы дауыссыздар жіктелісіндегі орны
- •16. Түркі тілдерін зерттеуде қолданылатын әдіс – тәсілдер
- •17. Етістіктің етіс категориясы тұлғаларының тарихи қалыптасуы
- •18. Сингормонизм заңдылығы, буын және екпін
- •19. Түркі тілдерін зерттеуде қолданылатын реконструкция тәсілі
- •20. Түркі тілдеріндегі еріндік дауыстылардың сәйкестігі
- •2. Ü ≈ ö сәйкестiгi: *ül ≈ *öl → üles ≈ ölöč «үлес»;
- •3. Ö ≈ ü сәйкестiгi: ög ≈ üg → ügej «шеше, ана», «өгей»;
- •4. Ö ≈ o сәйкестiгi: ög ≈ oj «ой»;
- •5. Ö ≈ э сәйкестiгi: öl ≈ эl «өл»;
- •26. Етістіктің көсемше тұлғаларының тарихи қалыптасуы
- •33. Үстеу және оның сөзжасам жүйесі
- •34. Радлов пен Корштың классификациясы
- •35. Сілтеу есімдіктерінің тарихи қалыптасуы
- •36. Ретроспективті және проспективті бағыттар
- •37. Түркі тілдері туралы орта ғасырда жазылған еңбектердің қазақ тілінің тарихын зерттеудегі маңызы.
- •38. Түркологиялық зерттеулерде тарихи-салыстырмалы, типологиялық және ареалдық әдістерді кешенді пайдаланудың маңызы.
- •39. Алтай дәуірі және «Алтай гипотезасы» туралы түсінік.
- •40. Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: в. А. Богородицкийдің, а. Н. Самойловичтің, и. Рамстедтің классификациялары
- •42) Үстеу және оның қосымшалары
- •43) Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: с.Е.Маловтың және н.А.Баскаковтың классификациялары.
- •44) Қазақ тілінің халық тілі, ұлт тілі болып қалыптасуының тарихи кезеңдері.
- •3. Көне түркі дәуірі (V-х ғ. Аралығы).
- •4. Орта түркі дәуірі (х-хv ғ. Аралығы)
- •6. Ең жаңа дәуір (хх ғ. Басынан бастап бүгінге дейін)
- •45. Есімдік және оның түрлерінің тарихи қалыптасуы
- •46. Батыс хун тілдері жіктелісі
- •47.Түркі тілдері дамуының орта орта түркі дәуірі
- •48. Сұрау есімдіктерінің таррихи қалыптасуы
- •53. Тіл дамуындағы заңдылықтардың сөздің морфологиялық құрамына тигізетін әсері
- •56. Түбірлер мен қосымшалардың синкретизм жүйесі
- •61 Сұрақ. Орхон-Енисей, Талас-Шу жазба ескерткіштері тілі мен қазіргі қазақ тілі арасындағы дыбыстық сәйкестіктер
- •62 Сұрақ. Фонетикалық заңдылықтыр, буын және екпін
- •63 Сұрақ. Сөз құрылысының агглютинацияғабайланысты ерекшелігі
- •64 Сұрақ. Сөздерді сөз таптарына бөлу тарихы
- •65. Түркі тілдеріндегі үндестік заңы
- •66. Сан есімнің басқа сөз таптарынан айырмашылығы
- •67. Сөздердің морфологиялық кластарға жіктелуінің тарихи-тілдік негіздері
- •68. Түркі тілдеріндегі фузия
- •69. Кейбір сан атауларының этимологиялық негізі
- •70. Есімдіктердің қалыптасу, даму жолы
- •71. Зат есім және оның категорияларының өзіндік ерекшеліктері
- •73. Көне түркі тіліндегі есімдіктер жүйесі.
- •75. Қазақ тілінің дамуындағы дыбыс өзгерістері (протеза, эпентеза, элизия, редукция).
- •80 Сурак Салыстырмалы тарихи адисти колданудын басты шарттары
- •83. Септік категориясының тарихи қалыптасуы
- •84. Сын есімнің қалыптасуында адъективтену процесінің атқарған рөлі
- •85. М. Қашқаридың, в. В. Радловтың, ф. КОрштың, а. Н. Самойловичтің, в. А. Богородицкийдің классификациялары
- •86. Сын есім жасайтын жұрнақтар.
73. Көне түркі тіліндегі есімдіктер жүйесі.
Есімдік сөздер сөйлемнен тыс жеке-дара тұрғанда да, сөйлем ішінде қолданылғанда да мағыналары нақтылы емес жалпылама қалыпта болып отырады. «Есімдіктердің жалпы мағынада қолданылуын олардың реальды нақтылықтан қаншалық алшақтап, қаншалық абстракциялану дәрежесіне жету шегінің көрінісі деп ұғынған жөн»78.
Түркі тілдеріндегі айрықша грамматикалық топ ретінде танылатын есімдіктердің негізгі ерекшеліктері:1) қай сөз табы болмасын, оның өзіне тән (немесе жартылай тән) сөз жасау жүйесі болады. Осындай жүйе есімдіктерде жоқ. Жалпы бүгінгі тіл заңдылықтары тұрғысынан есімдіктер басқа сөздерден жасалмайды; 2) есімдіктер тек грамматикалық өзгерістерге ғана ұшырайды, септік, көптік, тәуелдік жалғаулары арқылы түрленеді. 3) тек есімдіктерге ғана тән грамматикалық, категориялар жүйесі жоқ. Бұл ерекшеліктер ҮІ-ІХ ғасыр түркі жазба мұралары тіліне де, қазіргі түркі тілдеріне де ортақ.
Жіктеу, сілтеу есімдіктерінің тарихи даму барысы Г.Рамстедт, Н.Поппе, В.Котвич, А.Габен, Ж.Дени, К.Н.Менгес, О.Прицак, В.Банг, Й.Бензин, Б.А.Серебренников, А.Н.Кононов, Н.К.Дмитриев т.б. белгілі алтаист – түркітанушылардың зерттеулерінде арнайы қарастырылып, олардың арғыалтайлық және арғытүркілік тұлғаларын жаңғыртуға айрықша назар аударылды.
Жіктеу есімдіктері белгілі бір жақты көрсету үшін қолданылатын сөздер тобы. Сол себепті жіктеу есімдіктері үнемі адаммен, яғни сөлеуші, тыңдаушы және бейтарап бөгде кісіге қатысты қолданылады.
Арғыалтай тілінде *min ‘мен’, *sin‘сен’, *in ‘ол’ тұлғасында жаңғыртылатын жекеше түрдегі жіктеу есімдіктері түркі тілдерінде men/ben ‘мен’, sen‘сен’, моңғол тілдерінде bi ‘мен’, či(<*ti) ‘сен’, тұңғыс тілдерінде si ‘сен’, маньчжур тілінде i ‘ол’ түрлерінде қолданылады79. Г.Рамстедт пікірі бойынша: түрк., моңғ., тұңғ. *min ‘мен’, моңғ. *tin және түрк., тұңғ. *sin ‘сен’ архитұлғалары түркі тілдерінде екпін күшінің салдарынан немесе деиктикалық күшейту жолымен män, sän болып өзгерген, ал негіз соңындағы -n атау септігінде өте ерте кездерде-ақ жойылып кеткен. Жіктеу есімдігінің III жағы (атау сеп. i, негіз – in-) тек маньчжур тілінде ғана септелетін жеке сөз ретінде сақталып қалған, ал корей тілінде i энклиттік қолданыста атау септігінің детерминденген тұлғасын жасауға негіз болады (čip‘үй’, čibi ‘(нақ осы) үй’), ал түркі тілдерінде -i, -in- тәуелдіктің III жағының қосымшаларына айналған80.
Түркітанушылардың көбі bä-n /mä-n ‘мен’ және sä-n ‘сен’ жіктеу есімдіктері соңындағы -n тұлғасын жекелікті білдіретін, я болмаса негізгі түбірге жалғанатын ‘посессивтік көрсеткіш’, *bi-z және*si-z соңындағы –z тұлғасын көптіктің көрсеткіші деп санайды. Түркітануда біршама орныққан ой-пікірлер қатарына септелетін bän-/män- және sän- негіздерінің жалпыланып, атауыштық мәндегі *bi және*si тұлғаларын алмастырғаны жайлы, яғни түркі тілдерінің көбінде о бастағы bä/ bi және sä/ si тұлғаларының орнына атау септігінде bän (>män) және sän, biz және siz қолданылабастағаны туралы пікір де жатады.
Тарихи даму барысында өзінің жеке сөз ретіндегі дербестігінен айырылған жіктеу есімдігінің III жақ арғытүркілік *i (*n) ‘ол, сол’ тұлғасының із-сілемдері септіктерде (көне түрк. inärü~ïnaru ‘арырақ, ана жаққа қарай’, якут. innä ‘анда, ана жақта’), тәуелдіктің III жағының қосымшаларында (-ï/-i, -sï/-sï: чув.-i/-e,-ěšě/-ěš; якут. -ä/-a, -tä/-ta), сілтеу есімдіктерінде (түркім. ine ‘мынау’, балқ. in-ol ‘анау, ана біреу’, inanda ‘анау жақта’), қыстырма сөздерде (көне түрк. inčip~ïncïp‘сонымен’, хал. ïnaγda, ïna‘γča ‘былайша айтқанда’) т.б. сақталып қалған81.
Орхон, Енисей, Талас ескерткіштер тілінде есімдіктердің бірнеше топтары кездеседі.
Ескерткіштер тілінде үшінші жақты білдіретін жіктеу есімдігінің жекеше және көпше түрлерінің арнайы формасы жоқ, контекске байланысты ажыратылады. Оl лексемасы сілтеу есімдігінің қызметінде де жиі қолданылады.
Жіктеуесімдіктері |
|
VI-IX ғасырескерткіштерітілінде |
Қазақтілінде
|
Ж е к е ш е |
|
bеn/mеn |
Mеn |
sіn/sеn |
sеn/siz |
оl |
Оl |
К ө п ш е |
|
bіz |
Bіz |
sіz |
sіzdеr/sender |
оl |
Оlаr |
Түркі
тілдеріндегі жіктеу есімдіктерінің
этимологиясы жайлы бірізді
пікірлердің қалыптаспауы, ғылыми
тұжырымдамасының жасалмауы да
есімдіктердің
лингво-онтологиялық табиғатына
байланысты. Жіктеу есімдіктерінің
жекеше және көпше тұлғаларының, бірінші
және екінші жағының, жіктік жалғауларының
бірінші және екінші жағының өзара
байланыстары жайлы бірнеше көзқарастар
мен болжамдар бар: жіктеу есімдіктерінің
көптік тұлғасы мен жекеше тұлғаларының
өзаракірігуінен
-mіn,
-sіn, -bіz, -sіn, -seн, -sіz морфемаларын
құрайтын жіктік жалғаулары қалыптасқан
(О.Бетлингт.б.); жіктеу есімдіктерінің
көпше түрінің құрамындағы
-z
көптікті
(екі, үш немесе одан көп) білдіретін
қосымша, бірінші компоненттерін құрайтын
mі,
sі
– жекеше түрлері, есімдіктердің жекеше
түрлері архиформа болып табылады,
олардың даму бағыты: І.mе(n),
bі(n), mі(n), se(n), sі(n), *е(n), *і(n). ІІ.bа(n),
mа(n), sа(n), *а(n); ІІІ.bi(z),
si(z), *і(z).
Жіктеу есімдіктері морфологиялық
ыдыраудың негізінде қазіргі түркі
тілдерінде әртүрлі фонетикалық
варианттармен қалыптасқан (В.Л.Котвич,
Г.И.Рамстедт т.б); жіктеу
есімдіктерінің архитұлғасы
pän,
sän,
ïn,
аn, pis, sis лексемаларынан
тұрады, кейіннен қатаң дыбыс фразалық
екпін нәтижесінде ұяңға өзгеріп, b,
m дыбыстарына
айналған: (пän)
-bän
(män)
-mеn. І
жақ тұлғасының дауысты äдыбысымен
айтылатын варианты бірінші, e
(mеn), і
(-иІ-min), ij(І-mijn)
дыбыстарымен айтылатындары кейін
қалыптасуы мүмкін (Н.А.Баскаков); түркі
тілдеріндегі жіктеу есімдіктерінің
архиформаларын pän,
sän,
ïn,
аn, pis, sis,аnlа тұлғалары
құрайды (А.М.Щербак).
74. Жақ пен тәуелдік қосымшалары арасындағы тарихи тектестік.
Көне түркі тілінде тәуелдік категориясы морфологиялық тәсілмен (арнаулы қосымшалармен), морфология-синтаксистік тәсілмен (ілік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің тіркесі), синтаксистік тәсілмен (ілік жалғаулы жіктеу есімдіктері арқылы) берілген. Тәуелдік жалғаулары көне түркі ескерткіштері тілінде мынадай тұрпатта кездеседі: болып келген:
Жекеше Көптік
І жақ будун-ым /халқым/ қаған-ымыз
ІІ жақ будун-ың қаған-ың (сендердің хандарың)
ІІІ жақ будун-ы, уйа-сы /ұясы, ұрпағы/ қаған-ы
(арнаулы қосымшалармен), морфология-синтаксистік тәсілмен (ілік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің тіркесі), синтаксистік тәсілмен (ілік жалғаулы жіктеу есімдіктері арқылы) берілген. Тәуелдік жалғаулары көне түркі ескерткіштері тілінде мынадай тұрпатта кездеседі: болып келген:
Жекеше Көптік
І жақ будун-ым /халқым/ қаған-ымыз
ІІ жақ будун-ың қаған-ың (сендердің хандарың)
ІІІ жақ будун-ы, уйа-сы /ұясы, ұрпағы/ қаған-ы
Жазбалар тілінде тәуелдікте тұрған сөз жіктеу есімдіктерімен тіркесіп те, тіркеспей де айтыла береді. Қазіргі қазақ тілінде тәуелділік мән синтаксистік жолмен берілетіні мәлім. Мысалы: біздің үй, сіздің бала. Меншіктілік мән туғызудың нақ осы тәсілі көне түркі ескерткіштерінің тілінде де кездеседі: Бегін ат (бектің аты).
Көптік категориясы - есімдер жүйесіндегі басты грамматикалық категориялардың бірі.
Түркі тілдерінде көптік категориясы есімдердің арнайы аффикстермен көмкерілуі және білдіретін мағынасында жинақтау-топтау мән басым болып келетін атаулар арқылы жасалады. Бірқатар есім сөздер (зат есім, сан есім, жалпылау есімдіктері) жекеше тұрып та, тіркесіп келіп те, қосарланып, қайталанып келіп те лексикалық-семантикалық композиция құрап, көптіктің топтау, жинақтау, болжау тәрізді логикалық ұғымын білдіре алады. Мысалы: түркі тілдерінде: көне түрк. jïlqï ′жылқы′, сары ұйғыр. altï jegirma ′он алты′, қаз. qïz-qïrqïn ′қыз-қырқын′ т.б. Әсіресе зат есім негіздерінің қайталанып келіп, көптік мағынаны білдіруі түркі тілдерінің барлығында кездесетін лексикалық құбылыс болып саналады. Мысалы: түркі тілдерінде: қаз. üjir- üjir ′үйір-үйір (жылқы)′, кұмық. tabun-tabun turnalar ′топ-топ тырналар′, қара-қалпақ. töbe- töbe ′төбелер′ , тува. beluk- beluk ′топ-тобымен′ , чув. vaxatran-vaxata ′кейбір кездері′, түрікмен. bašlï-bašïna ′бас-басына′, түрік.sira sira ′қатар-қатар′ т.б.;
Мұндай лексика-семантикалық композициялардың сыртында, түркі тілдерінде көптік мағына көптік жалғаулары арқылы жүзеге асады. Түркі тілдеріне ортақ көптіктің көне реликт форманттары қатарына шығу тегі арғыалтайлық тек тілге барып саятын *-l , *- r, *-s , *-z , *-t , *-d, *-nжалғауларын жатқызуға болады. Олардың қайсы бірі жеке сөздер, туынды негіз бен күрделі қосымшалар құрамында сақталған болса, енді бірі көптіктің дербес жалғауы түрінде осы кезге дейін өз қызметін атқарып келеді.
