Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор гр.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

38. Түркологиялық зерттеулерде тарихи-салыстырмалы, типологиялық және ареалдық әдістерді кешенді пайдаланудың маңызы.

Түркі тілдерінің тілдерінің өзара байланысын, қарым-қатынасын зерттеуде зерттеудің негізгі әдістері ретінде тарихи-салыстырмалы, ареалдық және типологиялық әдістер кешені пайдаланылады. Түркітану ғылымы тілдік деректерді зерттеуде ең алдымен салыстырмалы-тарихи зерттеу әдісі басшылыққа алынады. Салыстырмалы-тарихи әдіс туыс, туыстас тілдер дамуының тарихи заңдылықтарын анықтау үшін қолданылатын зерттеудің әдіс-тәсілдерінің жиынтығы. Салыстырмалы-тарихи әдістің негізін салушы ғалымдар – Ф.Бопп, Р.К.Раск, Я.Гримм, т.б. Бұл әдіс түркі тілдеріне Еуропа және орыс ғалымдарының еңбектері арқылы ене бастады (т.б.) дегенімізбен, түркі топырағында салыстырмалы-тарихи әдіс ХІ ғасырда-ақ қолданылған М.Қашқари өзінің «Диуани лұғат-ит түрк» шығармасында бірнеше түркі тілдерінің деректерін салыстыра отырып отызға жуық тұлғалық өзгерістерді көрсетеді26.

Салыстырмалы-тарихи әдісті қолданудың басты шарты салыстырылатын туыстас тілдердің әр деңгейдегі (фонема, морфема, лексема т.б.) сәйкестіктері анықталуы қажет. Тілдердің даму жолын тарихи тұрғыдан зерттеу негізінен екі түрлі: ретроспективті (қазіргі күйінен көнеге қарай) және проспективті (көнеден жаңаға қарай) бағытта жүргізіледі. Р.Якобсонның тұжырымдамасына жүгінетін болсақ: генетикалық әдіс тілдік туыстыққа, типологиялық әдіс негізінен тілдердегі изоморфизмге, ареалдық әдіс тілдік ‘тумаластыққа’, яғни тілдердің ‘жақындасу, жанасу, кірігу’ процесіне қатысты болып келеді. Салыстырмалы-тарихи зерттеу ретроспективтік, яғни тілдің қазіргі күйінен бастапқы күйіне қарай, немесе проспективтік, яғни тілдің бастапқы күйінен қазіргі күйіне қарай екі түрлі бағытта болуы мүмкін. Бұл бағыттардың қай-қайсысы үшін тілдің бастапқы және аралық күйін танытатын тілдік модельдерді жаңғырту, қалпына келтіру, сондай-ақ туыстас тілдердің байырғы сөздік қорларына ортақ тіл бірліктері ретінде әбден сіңісіп, кірігіп кеткен тым ерте дәуірлердегі, немесе көне замандардағы кірме элеметтерді айқындау және олардың таралуын шектеу ─ ең көкейтесті мәселелер болып саналады. Ареалдық лингвистиканың мақсат-міндеттері аясына: тілдік құбылыстардың таралу шегін изоглосстар шоғыры негізінде анықтау арқылы тілдер мен диалектілердің шет-шекарасын географиялық картаға түсіру; тілдік одақтардың және тектілдің диалектілерінің таралу ареалын анықтау; нақты бір тілдің көне диалектілік бөлінісін айқындау; белгілі бір аймақ ауқымында өзара қарым-қатынасқа түскен тілдердің ареалдық сипаттамасын жасау; тілдік қарым-қатынастың заңдылықтарын ашу; сияқты мәселелер енеді. Ареалдық зерттеулердің нәтижелері лингвистикалық және диалектологиялық атластарда бекітіледі. Лингвистикалық география ─ ареалдық лингвистикада қолданылатын басты әдіс болып саналады. Лингвистикалық география әдісі тілдік контактының, басқаша айтқанда тілдердің өзара қарым-қатынасының нәтижелерін табуға және ол нәтижелерді тектілдік реконструкцияларды түзетуде, жөндеуде қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар географиялық- ареалдық әдістің көмегімен әртүрлі бағыттағы диалектілік зоналар арқылы өтетін изоглосстарды айқындауға болады. ТИпологиялық әдіс. Н.З. Гаджиева тарихи-салыстырмалы бағыттағы зерттеулерде салыстырмалы-тарихи, типологиялық және ареалдық әдістерді кешенді пайдаланудың нақты ғылыми нәтижелерді қамтамасыз етудегі мүмкіндігі ерекше екенін атап көрсетеді. Ол: ‘Жақын және алыс туыстық қатыстықтағы тілдердің, сондай-ақ тарихи дәуірлерде өзара қарым-қатынасқа түскен тілдердің типологиялық ерекшеліктерін айқындауға бағытталатын типологиялық талдау салыстырмалы грамматиканың әртүрлі мәселелерін зерттеуде кеңінен пайдаланылады. Тілдік топтарға және бірнеше тілге тән типологиялық ерекшеліктер сол тілдер барып саятын негіз тілдің ─ тектілдің типологиялық қасиетінің жалғасы саналады. Сондықтан типологиялық талдаудың туыстас тілдер материалдарына негізделуі тектілдік архетиптердің хронологиясын болжауға, тектілдің тым көне және ертеректегі қалып-күйін айқындауға белгілі дәрежеде септігін тигізеді’ - дейді27.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]