Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор гр.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

42) Үстеу және оның қосымшалары

Түркі тілдеріндегі қимыл-әрекеттің жай-күйін, сапалық қасиеттерін білдіретін сөз табы –үстеулердің табиғаты тым күрделі, сөйлем ішіндегі синтаксистік қызметі де нақтылы сөйлем мүшелеріне байлаулы емес, етістікпен қабыса байланысып, пысықтауыш қызметін атқарса, кейде заттанып,бастауыш, толықтауыш қызметінде жұмсалады. Морфологиялық тұлғасын өзгертуге де бейім келеді, яғни есім сөздерге тән қосымшаларды қабылдап түрленеді. Сондықтан түркі тілдеріндегі үстеулерді кей жағдайда зат есім, сын есімдерден, есімдіктерден ажыратып алу қиындықтар тудырып жатады.

Ескерткіштер тілінде үстеулер зат пен құбылыстың, қимыл мен іс-әрекеттің мекенге, мезгілге, шартқа, мөлшер мен көлемге қатысты әр түрлі қалпын, жай-күйін және сынының белгілерін білдіреді. В.М.Насилов Орхон, Енисей ескерткіштері тіліндегі үстеулер дербес лексикалық категория деңгейіне әлі жете қоймаған, даму, жетілу үстіндегі сөз тобы екенін көрсетеді28.

Қазіргі түркі тілдеріндегі сөз таптары жүйесімен салыстырғанда бұдан 1200-1500 жыл бұрынғы көне түркілер тіліндегі сөз таптарының даму үстінде болғаны даусыз, бұл тілдік заңдылық. Қалай болғанда да қазіргі тілдік құрылымның сілемі көне түркі жазба ескерткіштері тіліне дейін-ақ салынып қойғанын естен шығармауымыз керек. А.Н. Кононов көне түркі ескерткіштері тіліндегі үстеулердің сөзжасамдық жүйесінің төрт түрлі амалын көрсетеді: 1) арнайы аффикстер жалғану арқылы; 2) септік жалғаулары және көсемшенің жұрнақтары арқылы; 3) екі не одан көп сөздердің өзара кірігуі негізінде; 4) адвербиализация үдерісінің нәтижесінде29.

Үстеулердің ҮІ-ІХ ғасыр түркі жазбаларында кеңіненқолданылуы олардың Ү ғасырға дейін-ақ қолданыста болған ежелгі сөз табы екенін көрсетеді. Мысалы:еmti«енді»: Ol emti aŋїγ joq «Ол енді анықжоқ» КТк. 3; ïraq«жырақ»: Anta aŋїγ kisi anča bošγurur ermis:«їraq erser, jablaq aγї birür, jaγuq erser, edgü aγї birür»,-tir КТк.7 «Сонда өш адамдар былай сенірген еді: «Жырақ болса, жаман сыйлық берер, жакын болса, игі сыйлық берер»,-деп»;üze«үсті», asra «асты»: Üze kök teŋri asra jaγїz jir qїlїntїqta еkinara kisi oγlї qїlїnmїs. Kisi oγlγnta üze ečüm-apam Bumїn qaγan, Istemi qaγan oturmїš КТү.1 «Жоғарыда көк тәңірі, төменде қара жержаралғанда, екеуінің арасында кісі (адам) жаралған. Адам баласын басқаруға Бумын қаған, Істемі қаған отырған»; küntüz«күндіз»: Türk budun üčün tün udїmadїm, küntüz olurmadїm «Түрк халқы үшін түн ұйықтамадым, күндіз отырмадым» КТү. 26.

Ғ.Айдаров Тоникуқ ескерткіші тіліндегі негізгі үстеулерге tеg «ұқсас», öŋ «ерте», ök «дәл, тек» лексемаларын, туынды үстеулерге еbgеrü «үйге қарай», küntüz «күндіз», örtčе «өрттей», іčrе «ішке» сөздерін жатқызады. Ғалым ескерткіш тіліндегі үстеулерді мағынасына қарай үшке жіктейді: 1. Мекен үстеуі: аrqаdа «арқада, кейінде», qоdï «төмен», jоqаrï«жоғары», еbgеrü «үйге қарай»; 2.Мезгіл үстеуі: küntüz «күндіз»; 3. Амал үстеуі: еbrü«кері», tegire«айнала»30. А. Есенқұлов Орхон, Енисей жазбаларындағы үстеулерді мағыналық жағынан «мезгіл, мекен, сын, мөлшер, күшейткіш, мақсат және топтау»31деп жіктейді. «Үстеулерді талдау басқа сөзтаптарына қарағанда қиындау. Өйткені, үстеудің көпшілігі басқа сөз таптарынан әр түрлі тәсілдер арқылы қалыптасқан сөздер. Елеусіз ғана мағыналық және морфологиялық өзгеріс арқылы сөз табының әрқайсысы үстеуге айналады»32. Сондықтан үстеу тудыратын қосымша морфемалар кей жағдайда басқа сөз таптарын жасайтын қосымшалармен, септік категорияларымен, көсемшенің, есімшенің жұрнақтарымен сәйкес келіп жатады.

Ескерткіштер тіліндегі үстеу тудыратын қосымшаларды қазақ тіліндегі үстеу қосымшаларымен салыстырсақ, қазақ тілінде көне түркі тіліндегі қайсы бір қосымшалардың кездеспейтінін, кейбірінің дәл сол қалпын сақтағанын, я болмаса дыбыстық азды-көпті өзгерістерге түскенін төмендегі кестеден байқауға болады:

Үстеу тудыратын қосымшалар

№

VІ-IXғасыр ескерткіштері тілінде

Қазақ тілінде

1

-γаru, -gеrü. ilgerü→il+gerü «ілгері», birgeru→bir+geru «бері қарай (оңға қарай)», qurїγaru→qurї+γaruь «кейінге қарай», jїrγaru→jїr+γaru «солға қарай»

-γаrï/-gеrі:ilgeri→il+geri,

žoγarї→*žo+γarї.

Ø

-qаrï/-kеrі: tïsqарï→tïs+qаrï,

іškеrі

2

-ŋаru/-ŋеrü: ortusїŋaru→ortusї+ŋaru «ортасында», jontïŋaru «жылқысына қарай»,

ebiŋerü «үйіне қарай»:

Ø

3

-rа, -rе, -rü: аsrа→ аs+rа«астыда, төменде», ičire→iči+re«іші», tašra→tašra+ra«тысы, сырты»

-rі (kеrі→*kе+rі)

4

-jа, -jе-:qurïja→qurï+ja «батыста»

birije→biri+je «оңы, оң жақта», jїraja→jїra+ja «солы, сол жақта»

Ø

5

-а,-е:üzе→*üz+е «үстіде», еkіn аrа→ еkіn *аr+а «екеуінің арасында»

-а,-е

6

-čа,- čе:оtčа→оt+čа «отша (от сияқты)», bоrčа→*bоr+čа «боранша (боран сияқты)»

tаγča→tаγ+ča«таудай»

subčа→sub+čа «суша»:

-šа/-šе:bаlаšа→баlа+šа (балаша қуану), ijtšе→ijt+šе (итше ырылдасу), еrеkšе→еrеk+šе, еkеkšе→еrkеk+šе (еркекше киіну), оŋаšа→*оŋа+šа,

7

-tï/-tіtükеtі→ *tükе+tі«түгел»

edgüti→edgü+ti«жақсылап, мұқият»

Ø

8

-lа/-lеbіrlе→bіr +lе«бірге»

-lа/-lе (bіrlеsіp→bіr+lе(sіp)

9

-tеg>tеg «тек, текті, тектес»:

böriteg→böri+teg«бөрідей», qojteg→qoj+teg«қойдай»,körmesteg→körmes+teg «көрместей», bilmezteg→bilmez+teg «білместей»

-dаj/-dеj,-tаj/-tеj:

böridej→böri+dej,

qojtdaj→qoj+daj,körmestej→körmes+tej, bilmestej→bilmes+tej.

10

-сег,-сïγ: čïγödsеg→öd+sеg «уақытша, белгілі бір уақытта», аdïnčïγ→ аdïn+čïγ«айрықша, ерекше»

Ø

11

-qu,/-kü,-qï/-kі,- γï/-gü:

bаšγu→bаš+γu «басқы»,körgü→kör+gü «бағынышты»

-γï/-gі, -qï/-kі:аlγаšqï→аlγаš+qï, bаsqï→bаs+qï, žаzγï→žаz+γï,kеškі→kеš+kі, sоŋγï→sоŋ+γï

12

-ïn,/-іn, -ün/-un:qоpïn→qоp+ïn «көбісi»,küzün→küz+ün «күзде»,jаdаγïn→jаdаγ+ïn«жаяу,жаяулап»,jаlïŋïn→jаlïŋ+ïn «жалаңаш-жалпы»

Ø

13

-dаn/-dеn, -tаn/-tеn:öŋden→öŋ+den«алдынан»

-dаn/-dеn,-tаn/-tеn, -nаn/-nеn:аldаn→*аl+dаn, аrttаn→аrt+tаn, аstïnаn→аstï+nаn; žоγаrïdаn→žоγаrï+dаn, tömеnnеn→tömеn+nеn, üstіnеn→üstі+nеn

14

-dа/-dе, -tа/-tе:аntа «сонда, содан соң»,bunta→ bun+ta «сонда,мұнда»

-dа/-dе, -tа/-tе:bunda→ bu(n)+da, munda→ mu(n)+da

Жалпы түркі тілдеріндегі туынды үстеулер екі түрлі жолмен жасалатыны белгілі: бірі - сөз тудырушы жұрнақтар арқылы, екіншісі –басқа сөз таптарына тән әр түрлі сөздің кейбір көнеленген септік жалғаулары арқылы жасалады33.

Орхон, Енисей ескерткіштері тіліндегі туынды үстеулердің жасалуы да осы жүйеге негізделгенін көрсеткен А.Есенқұлов: «Септік жалғауларының көнеленуі арқылы бірер ғана туынды сөздер кездеседі. Бұл туынды үстеулер тұлғасы жағынан септік жалғауларына жақын болғанмен, мағынасы жағынан мүлде алыстап, септік жалғаулы сөз қалпында қабылданылмай қалыптасып кеткен үстеу ретінде танылады»34,- деп тұжырымдайды. Сондай-ақ, ғалымның көрсетуі бойынша ескерткіштер тіліндегі үстеулердің мағыналық топтары мен қазіргі қазақ тіліндегі үстеулердің мағыналық топтарымен негізінен сәйкес келеді, тек көне түркі тілінде себеп-салдар үстеулері кездеспейді.

Түркі тілдерінің тарихи-салыстырмалы грамматикасына қатысты зерттеулерде бастапқы түбір) үстеулердің сапалық тобына мөлшер мәнді адвербиалды бірқатар сөздер (bek 'өте, тым' keδ 'өте', az 'аз', köp 'көп', čok 'көп', jana 'тағы' т.б.), ал пысықтауыштық тобына мезгіл мәнді жалпытүркілік, тіптен арғытүркілік ретінде қарастыруға болатын am, äm, ‘енді, қазір’, er ‘ерте’, keč ‘кеш’, baja ‘әлгіде’ т.б. үстеулер енетіні атап көрсетіледі.35 Бұлардың шығу тегі туралы пікірлер әрқилы болып келіп, кейбіреулерінің генезисі таза түркілік, қайсы біреулері түркі-моңғолдық, енді бірі алтайлық деңгейде қарастырылады. Мәселен, қазіргі түркі тілдерінде мезгіл мәнді көптеген туынды үстеулердің жасалуына негіз болатын ēr және kēčтүбір-негіздер түркі тілдері аралық деңгейде салыстырылатын болса (ēr : түркім. i:r, чув. ir, өзб. диал. ēr, түр. er ‘ерте, ерте таңертең’36 ; kēč: түркім. gi:č, аз. geǯ, құм. geč, қаз. keš ‘кеш’, чув. kas ‘кешке’, көн.түрк. keč ‘ұзақ, кеш’, салыс. көн.-түрк. keč- ‘кешігу, кідіру’37), түркілік рek/ bik 'өте, тым, берік’моңғол тіліндегі bök ‘күшті, берік, мықты’сөзімен (түр. рek 'өте, тым, берік, тұрақты', көн.-түрк., қарайм., гаг. bek ‘күшті, мықты, өте’, тат. bik ‘өте, өте-мөте, ең', қырғ. bek ‘мықты, өте’, сюг. pïq ‘күш’, әдетте моңғол тіліндегі beki ‘күшті, берік, ‘мықты’ → ‘өте’), ал түркілікбастапқы үстеу āz моңғолдық aria‘әрең’, тұңғыс-маньчжур тілдеріндегі arakūkan 'баяу, азғана' сөздерімен салыстырылып, алтайлық жарыспалы-сәйкестіктер қатарында айқындалады. Мысалы: түркім. āz 'аз' (~түр., аз., қырғ., ноғ., көн.-түрк. az, алт., хақ., тув., as, башқ., äδ, тат. äz, бұлғ. *ar>мар. or/ur); моңғ. aria 'әрең', арғымоңғ. *aria = эвенк. arakūkan 'баяу, азғана', arba 'судың төменгі деңгейі' = көн.-түрк. az 'аз'38.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]