Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор гр.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

35. Сілтеу есімдіктерінің тарихи қалыптасуы

Сілтеу есімдіктеріне тән сөздердің негізгі лексикалық мағыналары аралық қатынастарды көрсету болып табылатындықтан олар әрқашан сөйлеушіге не сөйлемдегі субъектіге субстанциялар мен құбылыстардың әр алуан жақын немесе алыстық тәрізді аралық қатынастырын білдіріп отырады. Ескерткіштер тіліндегі негізгі сілтеу есімдіктерінің саны аз, олар септік тұлғаларын қабылдауы арқылы мағыналық аясын кеңейтіп отырады. Көнетүркілік сілтеу есімдіктері септік формаларының-tа, -čа қосымшалары арқылы жасалады:

Сілтеу есімдіктері

1

2

VI-IX ғасыр ескерткіштері тілінде

Қазақ тілінде

Аnta

Sоndа

Anča

Sоnšа

Bunta

mundа/bunda

Bunča

bunšа/ munšа

Bu

bul(ауызекі тілде: bu)

Оl

оl, sоl

Бұлесімдігінің алғашқы түбірі бұ (бу) болған. Қазақ тілінде бұ жақ, бұ кез, бұ кісі деп, -л-сіз айту нормаға айналған. Басқа да түркі тілдерінде, мысалы: қырғыз: бұл, башқұрт: был, өзбек, түрікмен, ұйғыр, құмық, ноғай, татар, түрік, әзірбайжан, якут, алтай тілдерінде: бу, тува: бо, хакас: пу, шор: по түрінде айтылады. Көне түркі ескерткіштерінде де бу түрінде ұшырасады. Мұндай фактілер байырғы түбір құрамында –л элементі болмаған деген пікірді бекіте түседі. Бұл сөзі бу және ол сөздерінің бірігуінің нәтижесі болса керек. Өйткені көне жазбалар тілінде бу және ол есімдіктері қабаттас келіп, бір қызметте әрі қазіргі бұл есімдігінің мағынасында қолданылғаны байқалады. Мысалы: Бу ол бір сөзум (Бұл бір сөзім). Сондай-ақ бұл есімдігінің қызметінде ол сөзінің қолданылуы да ұшырасады: Ол сабығ ешітіп қағанғару ол сабығ ыттым (Бұл сөзді естіп, қағанға айттым).

Мына, мынауесімдіктерін М.Томанов бұл есімдігімен түбірлес деп қарайды. Қазіргі түркі тілдеріндегі мына, мынау, бынау сөздерін және олардан туындаған мынадай, мұндай, бұндай, мұнда, бұнда сөздерін салыстырсақ, барлығына ортақ түбір мын, мұн, бұн екенін көреміз. Бұлар бір ғана түбірдің фонетикалық варианттары: м~б, ы~ұ. Мұнда түбірдегі –н бұл есімдігіндегі –л-дің варианты.

Мына, мынау есімдіктерінің алғашқы түбірі мын- болса, соңғы –а, -ау қосымшаларының арғы төркіні жайлы нақты пікір жоқ. Дегенмен Г.И.Рамстедт –а элементін ол сілтеу есімдігінің өзгерген түрі деп есептейді. В.Котвич мұны барыс септік қосымшасы дейді. Ал Ә.Ибатов оны ескі қолданыстан қалған сілтеу есімдігі деген жорамал айтады. Мынау сөзіндегі –у элементін В.М.Насилов ұйғыр тіліндегі –ву сілтеу есімдігінің қысқарған варианты деп түсіндіреді.

Ана, анауесімдіктері ол есімдігімен түбірлес. Мұндағы ан шығу тегі жағынан ол есімдігінің фонетикалық варианты. Алайда М.Томанов ан құрамындағы –н сен жіктеу есімдігіндегі –н-мен тектес дегенді айтады.

Сол сілтеу есімдігі осы тұлғада қазақ тілінен басқа қарақалпақ, ноғай тілдерінде кездеседі. Басқа түркі тілдерінде шул (башқұрт, татар), ошол, ошо (қырғыз), шол, со (құмық), шу (түрік, түрікмен), сити (якут).Сол есімдігінің қалыптасуы бір кездерде есімдіктерге қабаттаса айтылған ош (уш) күшейтпелі сөзі мен ол есімдігінің бірігуімен түсіндіріледі. Келе-келе фонетикалық өзгеріске түсудің салдарынан сол есімдігі қалыптасса керек. Сонда: ош-ол → ос-ол → шол//сол

Осыесімдігі ош және о есімдіктерінің бірігуінен қалыптасқан. Башқұрт тілінде ошо түрінде, қырғыз тілінде ушул, ушу, түрінде айтылса, осындағы ушул тұлғасын ең ескі деп қарауға болады. Есімдіктер құрамындағы –л дыбысының (ол) тұрақсыз екені белгілі. Сонда қазақ тіліндегі осы есімдігінің қалыптасу жолын былайша қарауға болады: ош-ол → ос-ол → ошо//осо → осы. Сөз соңындағы еріндік дауыстының езулікке айналуы тарихи тұрғыдан қазақ тіліне жат құбылыс емес.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]