- •1. Қазақ тілінің дауысты дыбыстар жүйесінің түркі тілдеріндегі дауыстылар сәйкестігімен байланысы.
- •4) Түркі тілдерінің морфологиялық құрылымының өзіндік ерекшеліктері
- •5)Түркітану ғылымының жеке ғылым саласы ретінде қалыптасуы
- •9. Қазақ тіліндегі қатаң дауыссыз дыбыстар және олардың қыпшақ тобы тілдерімен сәйкестік құрауы
- •11. Қазақ тіліндегі ұяң дауыссыз дыбыстар және олардың қыпшақ тобы тілдерімен сәйкестік құрауы
- •12. Етістіктің өткен шақ тұлғаларының тарихи қалыптасуы.
- •13. Хх ғасырдағы түркітану саласындағы жетістіктер
- •14.Етістіктің осы шақ тұлғаларының тарихи қалыптасуы
- •15. Қазақ тіліндегі үнді дауыссыздардың қыпшақ тобы дауыссыздар жіктелісіндегі орны
- •16. Түркі тілдерін зерттеуде қолданылатын әдіс – тәсілдер
- •17. Етістіктің етіс категориясы тұлғаларының тарихи қалыптасуы
- •18. Сингормонизм заңдылығы, буын және екпін
- •19. Түркі тілдерін зерттеуде қолданылатын реконструкция тәсілі
- •20. Түркі тілдеріндегі еріндік дауыстылардың сәйкестігі
- •2. Ü ≈ ö сәйкестiгi: *ül ≈ *öl → üles ≈ ölöč «үлес»;
- •3. Ö ≈ ü сәйкестiгi: ög ≈ üg → ügej «шеше, ана», «өгей»;
- •4. Ö ≈ o сәйкестiгi: ög ≈ oj «ой»;
- •5. Ö ≈ э сәйкестiгi: öl ≈ эl «өл»;
- •26. Етістіктің көсемше тұлғаларының тарихи қалыптасуы
- •33. Үстеу және оның сөзжасам жүйесі
- •34. Радлов пен Корштың классификациясы
- •35. Сілтеу есімдіктерінің тарихи қалыптасуы
- •36. Ретроспективті және проспективті бағыттар
- •37. Түркі тілдері туралы орта ғасырда жазылған еңбектердің қазақ тілінің тарихын зерттеудегі маңызы.
- •38. Түркологиялық зерттеулерде тарихи-салыстырмалы, типологиялық және ареалдық әдістерді кешенді пайдаланудың маңызы.
- •39. Алтай дәуірі және «Алтай гипотезасы» туралы түсінік.
- •40. Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: в. А. Богородицкийдің, а. Н. Самойловичтің, и. Рамстедтің классификациялары
- •42) Үстеу және оның қосымшалары
- •43) Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: с.Е.Маловтың және н.А.Баскаковтың классификациялары.
- •44) Қазақ тілінің халық тілі, ұлт тілі болып қалыптасуының тарихи кезеңдері.
- •3. Көне түркі дәуірі (V-х ғ. Аралығы).
- •4. Орта түркі дәуірі (х-хv ғ. Аралығы)
- •6. Ең жаңа дәуір (хх ғ. Басынан бастап бүгінге дейін)
- •45. Есімдік және оның түрлерінің тарихи қалыптасуы
- •46. Батыс хун тілдері жіктелісі
- •47.Түркі тілдері дамуының орта орта түркі дәуірі
- •48. Сұрау есімдіктерінің таррихи қалыптасуы
- •53. Тіл дамуындағы заңдылықтардың сөздің морфологиялық құрамына тигізетін әсері
- •56. Түбірлер мен қосымшалардың синкретизм жүйесі
- •61 Сұрақ. Орхон-Енисей, Талас-Шу жазба ескерткіштері тілі мен қазіргі қазақ тілі арасындағы дыбыстық сәйкестіктер
- •62 Сұрақ. Фонетикалық заңдылықтыр, буын және екпін
- •63 Сұрақ. Сөз құрылысының агглютинацияғабайланысты ерекшелігі
- •64 Сұрақ. Сөздерді сөз таптарына бөлу тарихы
- •65. Түркі тілдеріндегі үндестік заңы
- •66. Сан есімнің басқа сөз таптарынан айырмашылығы
- •67. Сөздердің морфологиялық кластарға жіктелуінің тарихи-тілдік негіздері
- •68. Түркі тілдеріндегі фузия
- •69. Кейбір сан атауларының этимологиялық негізі
- •70. Есімдіктердің қалыптасу, даму жолы
- •71. Зат есім және оның категорияларының өзіндік ерекшеліктері
- •73. Көне түркі тіліндегі есімдіктер жүйесі.
- •75. Қазақ тілінің дамуындағы дыбыс өзгерістері (протеза, эпентеза, элизия, редукция).
- •80 Сурак Салыстырмалы тарихи адисти колданудын басты шарттары
- •83. Септік категориясының тарихи қалыптасуы
- •84. Сын есімнің қалыптасуында адъективтену процесінің атқарған рөлі
- •85. М. Қашқаридың, в. В. Радловтың, ф. КОрштың, а. Н. Самойловичтің, в. А. Богородицкийдің классификациялары
- •86. Сын есім жасайтын жұрнақтар.
11. Қазақ тіліндегі ұяң дауыссыз дыбыстар және олардың қыпшақ тобы тілдерімен сәйкестік құрауы
b≈m сәйкестiгi. Көне түркi тiлiндегi анлаут b дыбысының қазiргi қыпшақ тiлдерiндегi өзгерiсi b ≈ m сәйкестiктiгi негiзiнде үш-төрт сөздi ғана қамтиды, басқа сөздердегi ұяң b өз сапасын сақтаған. ben ≈ men «я» (ДТД, 33) ~ қаз., ққалп., қар, құм., қбал., ноғ. men, тат., башқ. mijn; bïņ ≈ miņ «тысяча» (ДТД, 36) ~ қаз., ққалп., ноғ. mïņ, қар. miņ, тат., башқ. meņ;
b ≈ w сәйкестiгi. ab ≈aw « аң аулау» (ДТД, 32) ~ қаз., башқ., тат., ққалп. аw; ноғ. тiлiнде v тұлғасымен сақталған: aυ(laυ); «аң ұстау», av(as) «аң аулау»; Қыпшақ-половец топшасында да осы тұлға қолданылады: қар. aυ; құм. аυ(ču) «аңшы».
b≈j сәйкестiгi. ob(ut) ≈ uj(at) «ұят» Тон. 37 ~ қаз., ққалп., ноғ. uj(at), тат., башқ. oj(at); Ескерткiштер тiлi мен қазiргi қыпшақ тiлдерiндегi b ≈ j сәйкестiгi eb ≈ üj «үй» лексемасынан да көрiнiс бередi.
g (г) - бәсең артикуляциялы тұрақсыз дыбыстардың біріне жатады және өзгеруге, түсіп қалуға бейім тұрады. Мысалы, көне түркі ескерткіштері тілінде g дыбысымен айтылатын біраз сөздер қазіргі қыпшақ тобындағы тілдерде j дыбысымен айтылады: еgin “иық” ~ қаз. ijin; jigne “ине” ~ қаз. ijne; tügme ~ қаз. tüjme; ügür “үйір” ~ қаз. üjir.
j≈ø. Қыпшақ тілдерінде жиі кездесетін фонетикалық заңдылықтың бірі көнетүркілік j дыбысының е дауыстысының алдында түсіп қалуы, бірақ е дыбысы біршама созылыңқы айтылады: башқ. ēl «жел», ēm «жем», ēņ «жең», ēr «жер», eņ(ew) «жеңіс», eg(et) «жігіт».
12. Етістіктің өткен шақ тұлғаларының тарихи қалыптасуы.
Өткен шақ формасы –ды – барлық түркі тілдерінде кездесетін әрі ең көне тұлғалардың бірі. Орхон-Енисей жазбалары тілінде –ды (-ді, -ты, -ті) қосымшасының түбірге жалғануы дыбыс үндестігі заңына сәйкес те, қайшы да келіп отырған. Яғни, үнді дауыссыздарға аяқталған сөздерден соң қатаңнан да, ұяңнан да басталуы ұшырасады: адырылты (айрылды), өлті (өлді). Сондай-ақ, қатаңға біткен түбірлерге де бірде –ды//-ді, бірде –ты//-ті форманттарының тіркесуі кездеседі: качды (қашты), тоқытдым (тоқыттым).
Өткен шақ формасының -ған есімшелі түрінің шақтық мәнде өнімді қолданылуы ХІІІ-ХІҮ ғасырлардан басталады. Қазіргі түркі тілдерінде (оғыз тобын есептемегенде) өткен шақ функциясындағы тұлға ретінде кеңінен кездеседі. Оғыз тілдерінде –мыш тұлғасы актив қолданылуы көнеден жалғасып келеді.
Орта ғасыр жазбаларында –ған өткен шағының турур және оның қысқарған тур, дур тұлғаларымен тіркесіп жұмсалуы ұшырасады: Улуғ аталарымыз Түкстандын келеген турур («Шежіре-терекме»).
Қазақ тіліндегі –ып көсемшелі өткен шақ тұлғасын ретроспективті қарастыру оның даму жолының мына тұрғыда өткендігін көрсетеді:
І. -ып+турур+мен > -ып+тур+мен > -ып+мен > -ып+пын;
ІІ. -ып+турур+сен > -ып+тур+сен > -ып+сен > -ып+сың;
ІІІ. -ып+турур > -ып+тур > -ып+ту > -ып+ты.
Орхон-Енисей жазбаларында –ыпты тұлғалы өткен шақ кездеспейді. Ескерткіштер тілінде алғашқы –ып+турур+мен формасында ұшырасуы ХІІІ-ХІҮ ғасырлардан басталады: Заид Расулға айтыб турур («Тефсир»).
