Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор гр.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

71. Зат есім және оның категорияларының өзіндік ерекшеліктері

Сөз таптарының ішінде грамматикалық құрылысы, синтаксистік қызметі жағынан ерекшеленетін негізгі сөз таптарының бірі – зат есім. Зат есім – заттың атын, жанды-жансыз ұғымдардың атауын білдіріп, сөйлемде негізінен бастауыш пен толықтауыш болатын толық мағыналы сөздер табы. Зат есімдердің жеке сөз табы ретіндегі лексика-грамматикалық ерекшеліктері оның мағыналық және құрылымдық топтарын анықтауға мүмкіндік береді. Зат есімдер мағыналық сипатына қарай деректі және дерексіз, жалпы және жалқы, көптік мәнді, реңдік және үстеулік мәнді деп бірнеше топқа бөлінеді. Зат есімдердің түрлену жүйесі оның грамматикалық категорияларымен сипатталады. Зат есімдердің сан-мөлшерлік, тәуелділік немесе меншіктілік-объективтілік сияқты грамматикалық мағыналары және олардың сөйлемде басқа сөздермен грамматикалық қарым-қатынасқа түсуі көптік, тәуелдік және септік жалғаулары арқылы жүзеге асады.Көптік жалғауының жалғануы зат есімдерді жекеше, көпше топтарға бөлуге ғана негіз болмай, өзі жалғанған сөздерге көптік мағынамен қатар жинақтау, тұспалдау, болжау мағыналарын да үстейді.Белгілі бір заттың иеленуші үш жақтың біріне меншіктілігін білдіруде тәуелдік категориясы арқылы меншіктеуші жақ пен меншіктелуші зат қатар көрсетіледі. Тәуелдеу категориясы бір заттың екінші затқа меншіктелуін ғана білдіріп қоймайды, сонымен бірге оның қай жаққа қатысты екендігін де білдіреді.Зат есімдер грамматикалық және кеңістікті білдіретін септік жалғаулары арқылы түрленеді. Септік категориясы – есім сөздердің ішінде зат есімдерге ғана тән грамматикалық категориялардың бірі. Ал басқа сөз таптарының септік жалғауларын қабылдауы заттану, яғни субстантивтенумен байланысты болып келеді. Септік жалғаулары арқылы зат есімдер өзара бір-бірімен немесе басқа сөздермен байланысқа түседі. Соның нәтижесінде грамматикалық тұрғыдан құрылымдық және мағыналық өзгеріске ұшырайды. Зат есімнің грамматикалық тұрғыдан өзгеріске түсуінің бір жолы – оның жіктелуі.65 Бірақ зат есімдердің барлығы бірдей жіктік жалғауын қабылдай бермейді. Олардың ішінде адамға, оның кәсібіне, қызметіне, тегіне, мамандығына қатысты зат есімдер ғана жіктеледі. Зат есімдер баяндауыш қызметінде жіктік жалғауларымен түрленеді. Зат есімдерді түркі тілдері шеңберінде ғана емес, алтайлық тілдер аясында қарастыратын болсақ, есім сөз таптарының төл категориялары болып саналатын: субъект және предикаттың синтаксистік байланысын білдіретін жақ категориясы, атрибутивтік байланысты білдіретін меншік категориясы, объективті-предикатты қатынасты білдіретін септік категориясы, сан-мөлшерлік ұғым арқалайтын көптік категориясы сияқты сөзтүрлендірудегі басты категориялар типологиялық жағынан да, материалдық жағынанда да негізінен бірдей болып келеді, яғни ортақ қосымшалар (аффикстер) арқылы көмкеріледі66. Алтайтану бағытындағы зерттеулерде жіктік және тәуелдік жалғауларының шығу тегі, әр форманттың жалпыалтайлық архетипі жіктеу есімдіктерінің жақтық жіктелісімен байланыстырылады. Жіктік және тәуелдік жалғауларының шығу тегін мен, сен, ол жіктеу есімдіктерімен байланыстыратын Г.Й.Рамстедт және В.Л. Котвич пікірлерін қолдай отырып, Н.А.Баскаков алтай тілдеріндегі жіктік және тәуелдіктің 1-жағының көпше түріндегі қосымшалардың шығу тегі түркі тілдері үшін: bі (1-ші жақ жекеше түрдегі жіктеу есімдігінің негізі) + z (көптіктің көрсеткіші) тұлғасында жаңғыртылатын biz жіктеу есімдігіне, немесе бірінші жақтағы bi (<*min) және екінші жақтағы si (<*sen) жіктеу есімдіктерінің бірігуінен жасалатын инклюзивті biz <bi+si ‛мен және сен’ есімдігіне барып саятынын айтады. Н.А.Баскаков жіктік және тәуелдік қосымшаларының екінші жақтағы көпше түрінің құрамын түркі тілдері үшін: sаn~sun (2-ші жақ жекеше түрдегі жіктеу есімдігі) + көптіктің көрсеткіші -lar- > -sïnlar- sïnlar-sïņ(l)ar-(sï)ņ(l)ar деп көрсетеді67. Демек, түркологиядағы «тәуелдік жалғауларының арғы тегі жіктеу есімдіктеріне барып саятыны туралы» пікірді толық қалыптасқан ғылыми пікір деп санауға болады.

Көне түркі тілінде тәуелдік категориясы морфологиялық тәсілмен (арнаулы қосымшалармен), морфология-синтаксистік тәсілмен (ілік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің тіркесі), синтаксистік тәсілмен (ілік жалғаулы жіктеу есімдіктері арқылы) берілген. Тәуелдік жалғаулары көне түркі ескерткіштері тілінде мынадай тұрпатта кездеседі: болып келген:

Жекеше Көптік

І жақ будун-ым /халқым/ қаған-ымыз

ІІ жақ будун-ың қаған-ың (сендердің хандарың)

ІІІ жақ будун-ы, уйа-сы /ұясы, ұрпағы/ қаған-ы

Жазбалар тілінде тәуелдікте тұрған сөз жіктеу есімдіктерімен тіркесіп те, тіркеспей де айтыла береді. Қазіргі қазақ тілінде тәуелділік мән синтаксистік жолмен берілетіні мәлім. Мысалы: біздің үй, сіздің бала. Меншіктілік мән туғызудың нақ осы тәсілі көне түркі ескерткіштерінің тілінде де кездеседі: Бегін ат (бектің аты).Көптік категориясы - есімдер жүйесіндегі басты грамматикалық категориялардың бірі. Түркі тілдерінде көптік категориясы есімдердің арнайы аффикстермен көмкерілуі және білдіретін мағынасында жинақтау-топтау мән басым болып келетін атаулар арқылы жасалады. Бірқатар есім сөздер (зат есім, сан есім, жалпылау есімдіктері) жекеше тұрып та, тіркесіп келіп те, қосарланып, қайталанып келіп те лексикалық-семантикалық композиция құрап, көптіктің топтау, жинақтау, болжау тәрізді логикалық ұғымын білдіре алады. Мысалы: түркі тілдерінде: көне түрк. jïlqï ′жылқы′, сары ұйғыр. altï jegirma ′он алты′, қаз. qïz-qïrqïn ′қыз-қырқын′ т.б. Әсіресе зат есім негіздерінің қайталанып келіп, көптік мағынаны білдіруі түркі тілдерінің барлығында кездесетін лексикалық құбылыс болып саналады. Мысалы: түркі тілдерінде: қаз. üjir- üjir ′үйір-үйір (жылқы)′, кұмық. tabun-tabun turnalar ′топ-топ тырналар′, қара-қалпақ. töbe- töbe ′төбелер′ , тува. beluk- beluk ′топ-тобымен′ , чув. vaxatran-vaxata ′кейбір кездері′, түрікмен. bašlï-bašïna ′бас-басына′, түрік.sira sira ′қатар-қатар′ т.б.;Мұндай лексика-семантикалық композициялардың сыртында, түркі тілдерінде көптік мағына көптік жалғаулары арқылы жүзеге асады. Түркі тілдеріне ортақ көптіктің көне реликт форманттары қатарына шығу тегі арғыалтайлық тек тілге барып саятын *-l , *- r, *-s , *-z , *-t , *-d, *-n жалғауларын жатқызуға болады. Олардың қайсы бірі жеке сөздер, туынды негіз бен күрделі қосымшалар құрамында сақталған болса, енді бірі көптіктің дербес жалғауы түрінде осы кезге дейін өз қызметін атқарып келеді. Көне түркі, орта түркі тілдерінде кең таралған өнімді жалғау -lar қазіргі түркі тілдерінде әр түрлі дыбыстық вариантта актив қолданылады:: көне түрк. begler ′бектер′, kunčujlar ′әйелдер′, atlar ′аттар′, орта түркі. ügüzlar ′сулар′, taγlar ′таулар′ (МҚ), kišilär ′кісілер′(көне ұйғыр), қарах-уйғ. qušlar ′құстар′, хорезм. közlär ′көздер′, шағат. aγalar ′ағалар′, мамлүк. қыпш. munlar ′мыналар′, арм. қыпш. bular ′бұлар′, қарашай-балқ. zatlar ′заттар′, ноғ. üjler ′үйлер′, қара-қалп. qatïllar ′әйелдер′, барабин. pašlar ′бастар′, өзб. iščilar ′жұмысшылар′ т.б. -lar /-lär қосымшасының құрамы мен шығу тегі туралы пікірлерге зер салсақ, ол пікірлердің әр қилылығы байқалады. Мәселен, поляк ғалымы Т.Ковальский -lar жалғауының түп-төркінінде болжамды білдірген бірнеше, көп сияқты қандай-да бір сөз жатуы мүмкін десе, В.А.Богородский бұл қосымшаның қалыптасуын 3 жақ жіктеу есімдігі ol мен -ar жұрнағының кірігуінен іздестіреді. Н.А. Баскаков -lar қосымшасын іс-әрекеттің қайталатынын білдіріп, есімнен етістік тудыратын -la жұрнағы мен келер шақ есімшенің -r тұлғасының бірігуінен тұратын, ішкі семантикалық өзгерістің нәтижесінде көптік мәнге ие болған күрделі аффикс деп санайды68. Ал Н.Поппе, К.Менгес, Д.Синор тәрізді алтайтанушы ғалымдардың пікірінше -lar /-lär қосымшасы көптіктің екі дербес көне *-l мен *- r форманттарының кірігуінен жасалған: -lar /-lär < (*-l+a+*-r) / -l+ä+r < (*-l+ä+*-r). Мұндағы *-l түркі тілдерінде көптіктің күрделі қосымшалары ғана емес, жинақтау мәніндегі –lïq (*-l+-*ïq) / -lik (*-l+ -*ik) көрсеткіштері құрамында да кездеседі. Мысалы: ïtlïq, qarluq (этнонимдер) 69. Жинақтау мәніндегі көптік мағынаны білдіретін *-r форманты қырғыз, тува, хакас тілдерінде тәуелдіктің 2-жақ көпшесінің -ŋar/-ŋär, алтай тіліндегі -γar/-ger көрсеткіші құрамында (қырғ. qolïŋar ′сіздің қолыңыз′, тув. tonuŋar ′сіздің тоныңыз′, хак. turaŋar ′сіздің үйіңіз′, алт. balaγar ′сіздің балаңыз′ , tiliger ′сіздің тіліңіз′), сондай-ақ üregir, jazgir тәрізді этнонимдер құрамында (-qïr/-gir < *-γ+*-r ) сақталып қалған70.Қазақ тілінің септік жүйесінің тарихи қалыптасуын түркі тілдеріндегі септік категориясының мынадай формативтері шеңберінде қарастыруға болады: 1. Атау септігі (негізгі немесе белгісіз) барлық түркі тілдерінде сөз негізіне сәйкес келеді және атау септігіндегі сөзге арнайы жалғау жалғанбайды. 2. Ілік септігінің жалғаулары қазақ тілінде -ның/-нің, -дың/-дің, -тың/-тің тұлғасында қолданылады. Көне түркі ескерткіштері -іŋ/-ïŋ -nïŋ, -nіŋ, -uŋ, -üŋ, -nuŋ, -nüŋ форманттары арқылы беріледі, сонымен қатар ілік септігінің -γ,-іg форманттары да қолданылады: аdïγïŋ→аdïγ+ïŋ «аюдың, tоnuzïn→tоnuz+ïn «доңыздың»: Аdïγlï tоnuzlï аrtüzе sоqušmïš еrmіš, аdïγïŋ qаrnï jаrïlmïš tоnuzïн аzïγïsïnmïš tіr ЫБ. 6 «Асуда аю, доңыз кездескен екен. Аюдың қарны жарылған, доңыздың аяғы сынған,-деген» Айд.ІІІ,159; ögüzіg→ögüz+іg «өгіздің»: Bіr qаrï ögüzіg bіlіn bіčе jіmіš qаmsаju umаtïн turur tіr ЫБ. 37 «Бір қары өгіздің белін майда құмырсқалар қаптапты, оның жүруге әлі жоқ, -дер».Ілік септігінің жалпытүркілік форманты ретінде А.М.Щербак *-ϊn тұлғасын көрсетеді71.

3. Барыс септігі. Түркі тілдерінде барыс септігі негізінен -а, -γа/-qa, -jа қосымшаларымен (варианттарымен) көмкеріледі: көне түрк. taγqa ′тауға′, чув. tәva, тат., қаз., қырғ., тел. tauγа, түрік. daγа; көне түрк. qaγanqa ′қағанға′, шығыс-түрк., батыс-түрк. qaγanqa, чув. χuna,χona; көне түрк. qaγanyma ′қағаныма′, qaγanyŋa ′қағаныңа′, qaγanynγa ′қағанына′, батыс-түрк. qaγanyna′қағанына′. Зерттеушілер *-ai(-a) /-gai(-ga) формативтерін барыс септігінің арғыалтайлық тұлғасы деп санайды. Мәселен, Г.Й. Рамстедт барыс септігінің *-а тұлғасын тұңғыс тілінен басқа алтай тілдерінің барлығында -ai (немесе -a) және -gai (немесе -ga) түрінде қолданылатын қосымшалардың ең бастапқы формасы деп таниды.72 4. Табыс септігінің арғыалтайлық *-i/-ï тұлғасы түркі тілдерінде -(ï)γ/ -nï/-ï қосымшылары түрінде көрініс береді: säni, munï(bunï), bizni (жіктеу есімдіктері), көне түрк.: süγ ′әскерді′, ïükïγ ′жүкті′; оңтүстік түрк. (түрік.) ebi ′үйді′, daγï ′тауды′; батыс түркі. (тат.) űjni ′үйді′, taunï ′тауды′; қазақ. тәуелдіктің ІІІ жағынан кейін -n: malin, aγasin, atin т.б. Чуваш тілінде дыбыстық даму барысында –а/ -jа/-nа болып қалыптасқан табыс септігінің форманттары барыс септігімен сәйкес келеді. Мұндағы - j- және -n- дауыссыздары – дәнекер дыбыстар болып саналады: табыс. tәva ′тауды′, барыс. tәva ′тауға′ < ат. сеп. tu′тау′, табыс. χәrva ′қызды′, барыс. χәrva ′қызға′ < ат. сеп. χәr′қыз′. Көне түркі ескерткіштері тілінде табыс септігі негізінен -ïn,-іn, -n, -ï,-і және -ïγ,-іg, -uγ,-üg жалғаулары арқылы жасалады: оγulïmïn → оγulïm+ïn «ұлымды», qïzïmïn → qïzïm+ïn «қызымды»: Еbledim оγulïmïn qïzïmïn qаlïŋsïз bertim ïmïрïmа jüz еr turïγ bertim Суд.7 «Ұлдарымды үйлендірдім. Қызымды қалың малсыз бердім. Айд.ІІІ,183. kіdіzіg→kіdіz+іg «киізді»: Kіdіzіg subqа sоqmïš tаqï ur qаtïγmï bаtіr ЫБ,33. «Киізді суға малды. Тағы ұр, қатайды ма,-дер Айд.ІІІ,163.

5. Жатыс септігі. Жатыс септік жалғауы сыртқы тұлғалық жағынан тарихқа белгілі ежелгі дәуірлерден бүгінгі тілімізге дейін өзгеріссіз жеткен. Қазіргі түркі тілдерінің барлығында дерлік –dа//-dе варианты, ал чуваш тілінде –rа, -rе, -čе тұлғалары қолданылады. Жатыс септігі негізінен орынды білдіреді: көне түрк. taγda ′тауға′, чув. tura, тат., қаз. taudа, түрік. daγdа; көне түрк. tašda ′таста, тастардың арасында′, батыс-түрк. tašta. 6. Шығыс септігі іс-әрекеттің, қимылдың неден, қай жерден басталғанын, қимыл иесінің басты объектіден алыстап, ұзап бара жатқанын сипаттайды. Кей жағдайларда іс-әрекеттің себебін, іс-қимылдың орнын да білдіреді. Шығыс септігі қазақ тілінде -дан/ден, -тан/-тен, -нан/-нен жалғауларының көмегімен жасалады. Көне белгілерді көбірек сақтап қалған сары ұйғыр тілінде шығыс септігінің –dan/-den, -tan/-ten қосымшаларының сыртында «өлі» -dïn/-din, -tïn/-tin қосымшалары кездеседі73: ačatan ‘атадан’, mïntan ‘мұннан’, jaɣtan ‘майдан’, sïkten ‘есіктен’, taɣdan ‘таудан’, undunden ‘шығыстан (оң жақтан)’, meniktin ‘ақшадан, тиын тебеннен’, šulengadin ‘шенеуліктен’, jiti qonaqtïn ‘жеті қонақтан, жеті күннен’, uš uštin toquz ‘үш үштен тоғыз’ т.б. Шығыс септігінің -dаn/-den, -tan/-ten, dіn/-dаŋ қосымшаларын «-dа/- ta (жатыстыңжалғауы) + -n» құрамды деп санау орын алады. Мұндағы соңғы -n туралы пікірлерде қайшылық кездеседі. Мәселен, Г.Й. Рамстедт -n тұлғасының шығу тегін ′бірдеңенің жаны, бір нәрсенің сол, оң, алдыңғы, астыңғы т.б. жағы′ деген мағынадағы jаn~d`аn~nаn сөзімен байланыстырады (-da-jan>-dan- dan>-dan: *оγuzdаjan, оγuzdаnan, оγuzdаndan ′оғыздардан′ 74. М. Рясянен -n тұлғасын жатыс септігіне қосылған құрал мәнді септіктің қосымшасы75, ал А.Н.Кононов maγan, saγan, oγan есімдіктерінде сақталған бағытты білдіретін септіктің қосымшасы деп біледі76.

7. Біріккен септік. Біріккен септіктің арғыалтайлық *-lï/-li тұлғасы түркі тілдерінде -la/-li, -lan (комитатив) түрінде көрініс береді. Бұл көне форматив түркі тілдерінде қатар тұрған екі нәрсені қосарлап, біріктіріп көрсету үшін жұмсалады: көне түрк.: inili äčili ′інілі ағалы′, bägli budunlï ′бектер мен халық′; ескі ұйғ.: tünli künli ′түн мен күн′, täηrili jirli ′аспан мен жер′; қаз.: aγaly ïnïlï ′ағалы інілі′, ertelï keš ′ертелі кеш′, ülkendï kïšïlï ′үлкенді кішілі′ т.б. Сондай-ақ -la/-li, -lan қосымшасы қазіргі түркі тілдерінде bir-lä(>bir-lä) ′бірге, -мен′, bi-län(>bir-län) ′бірге ′ демеуліктері құрамында да кездеседі.8. Көмектес септік. Қазіргі қазақ тіліндегі көмектес септігінің -мен, -бен, -пен тұлғалары о бастағы дербес бірле шылауының өзгеріске түскен формасы саналады. Ә.Ибатов бұл пікірді мынадай жүйемен дәлелдеп көрсетеді:бірлән > билән > білә > ілә > лә//ле.бінән > мінән > інән > нән.мынан > менен > ман//мен.

72. Түркі тілдері дамуындағы метатеза құбылысы.Сөздердің, грамматикалық тұлғалардың тарихи дамуында із қалдырған құбылыстардың бірі – метатеза. Метатеза – сөздің өз ішіндегі дыбыстардың өзара орын алмастыруы, сөйтіп соңғы қалпында қалыптасып, орнығуы. Метатезалық құбылысты айқындау үшін туыстас тілдер мен көне жазбалар тілінің фактілерін бүгінгі біздің тіліміздегі сондай фактілермен салыстыру қажет. Сонда ғана дыбыстардың орын ауысуын анықтауға болады, сол арқылы олардың қандай сөздермен түбірлестігін, құрамын айқындауға мүмкіндік туады. М.Қашқари «Диуани луғат-ит түркі» (1074) еңбегінде сол заманғы түркі тайпалары тілдерінде қ мен ч, ғ мен д, ш мен н, ғ мен м, ғ мен л дыбыстарының түбір сөз ішінде метатезалық өзгерістерге түсетінін көрсетеді. Қашқаридің айтуынша, қарлығаш, қоңсы, жаңбыр сөздерінің бастапқы тура түрі қарғылач, қошны, йағмур77. Егер бұрынғы сипатын еске алсақ, этимологиялық жақтан қарлығаш сөзі қар (қол, иық мәнінде) сөзінен шыққанын, ал қоңсы сөзінің қос, қосақталу сөздерімен түбірлестігін, жаңбыр сөзінің арғы түбірі йағ («жауу» етістігі) екенін байқаймыз.

Жазбалар тілінде тәуелдікте тұрған сөз жіктеу есімдіктерімен тіркесіп те, тіркеспей де айтыла береді. Қазіргі қазақ тілінде тәуелділік мән синтаксистік жолмен берілетіні мәлім.

Көне түркі тілінде тәуелдік категориясы морфологиялық тәсілмен

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]