- •1. Қазақ тілінің дауысты дыбыстар жүйесінің түркі тілдеріндегі дауыстылар сәйкестігімен байланысы.
- •4) Түркі тілдерінің морфологиялық құрылымының өзіндік ерекшеліктері
- •5)Түркітану ғылымының жеке ғылым саласы ретінде қалыптасуы
- •9. Қазақ тіліндегі қатаң дауыссыз дыбыстар және олардың қыпшақ тобы тілдерімен сәйкестік құрауы
- •11. Қазақ тіліндегі ұяң дауыссыз дыбыстар және олардың қыпшақ тобы тілдерімен сәйкестік құрауы
- •12. Етістіктің өткен шақ тұлғаларының тарихи қалыптасуы.
- •13. Хх ғасырдағы түркітану саласындағы жетістіктер
- •14.Етістіктің осы шақ тұлғаларының тарихи қалыптасуы
- •15. Қазақ тіліндегі үнді дауыссыздардың қыпшақ тобы дауыссыздар жіктелісіндегі орны
- •16. Түркі тілдерін зерттеуде қолданылатын әдіс – тәсілдер
- •17. Етістіктің етіс категориясы тұлғаларының тарихи қалыптасуы
- •18. Сингормонизм заңдылығы, буын және екпін
- •19. Түркі тілдерін зерттеуде қолданылатын реконструкция тәсілі
- •20. Түркі тілдеріндегі еріндік дауыстылардың сәйкестігі
- •2. Ü ≈ ö сәйкестiгi: *ül ≈ *öl → üles ≈ ölöč «үлес»;
- •3. Ö ≈ ü сәйкестiгi: ög ≈ üg → ügej «шеше, ана», «өгей»;
- •4. Ö ≈ o сәйкестiгi: ög ≈ oj «ой»;
- •5. Ö ≈ э сәйкестiгi: öl ≈ эl «өл»;
- •26. Етістіктің көсемше тұлғаларының тарихи қалыптасуы
- •33. Үстеу және оның сөзжасам жүйесі
- •34. Радлов пен Корштың классификациясы
- •35. Сілтеу есімдіктерінің тарихи қалыптасуы
- •36. Ретроспективті және проспективті бағыттар
- •37. Түркі тілдері туралы орта ғасырда жазылған еңбектердің қазақ тілінің тарихын зерттеудегі маңызы.
- •38. Түркологиялық зерттеулерде тарихи-салыстырмалы, типологиялық және ареалдық әдістерді кешенді пайдаланудың маңызы.
- •39. Алтай дәуірі және «Алтай гипотезасы» туралы түсінік.
- •40. Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: в. А. Богородицкийдің, а. Н. Самойловичтің, и. Рамстедтің классификациялары
- •42) Үстеу және оның қосымшалары
- •43) Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: с.Е.Маловтың және н.А.Баскаковтың классификациялары.
- •44) Қазақ тілінің халық тілі, ұлт тілі болып қалыптасуының тарихи кезеңдері.
- •3. Көне түркі дәуірі (V-х ғ. Аралығы).
- •4. Орта түркі дәуірі (х-хv ғ. Аралығы)
- •6. Ең жаңа дәуір (хх ғ. Басынан бастап бүгінге дейін)
- •45. Есімдік және оның түрлерінің тарихи қалыптасуы
- •46. Батыс хун тілдері жіктелісі
- •47.Түркі тілдері дамуының орта орта түркі дәуірі
- •48. Сұрау есімдіктерінің таррихи қалыптасуы
- •53. Тіл дамуындағы заңдылықтардың сөздің морфологиялық құрамына тигізетін әсері
- •56. Түбірлер мен қосымшалардың синкретизм жүйесі
- •61 Сұрақ. Орхон-Енисей, Талас-Шу жазба ескерткіштері тілі мен қазіргі қазақ тілі арасындағы дыбыстық сәйкестіктер
- •62 Сұрақ. Фонетикалық заңдылықтыр, буын және екпін
- •63 Сұрақ. Сөз құрылысының агглютинацияғабайланысты ерекшелігі
- •64 Сұрақ. Сөздерді сөз таптарына бөлу тарихы
- •65. Түркі тілдеріндегі үндестік заңы
- •66. Сан есімнің басқа сөз таптарынан айырмашылығы
- •67. Сөздердің морфологиялық кластарға жіктелуінің тарихи-тілдік негіздері
- •68. Түркі тілдеріндегі фузия
- •69. Кейбір сан атауларының этимологиялық негізі
- •70. Есімдіктердің қалыптасу, даму жолы
- •71. Зат есім және оның категорияларының өзіндік ерекшеліктері
- •73. Көне түркі тіліндегі есімдіктер жүйесі.
- •75. Қазақ тілінің дамуындағы дыбыс өзгерістері (протеза, эпентеза, элизия, редукция).
- •80 Сурак Салыстырмалы тарихи адисти колданудын басты шарттары
- •83. Септік категориясының тарихи қалыптасуы
- •84. Сын есімнің қалыптасуында адъективтену процесінің атқарған рөлі
- •85. М. Қашқаридың, в. В. Радловтың, ф. КОрштың, а. Н. Самойловичтің, в. А. Богородицкийдің классификациялары
- •86. Сын есім жасайтын жұрнақтар.
46. Батыс хун тілдері жіктелісі
Н.А.Баскаков классификациясының өзге жіктеулерден басты айырмашылығы – тілдік ерекшеліктермен қатар тарихи принципке сүйенуінде, яғни тілді сол тілде сөйлеуші халық тарихымен бірлікте қарастыруында.
Ғалым түркі тілдерін үлкен екі бұтаққа бөледі: Батыс хун тілдері және Шығыс хун тілдері. Батыс хун тілдерін төрт топқа бөліп қарастырады.
І. Бұлғар тобына көне бұлғар, хазар және чуваш тілі жатқызылады. Фонетикалық ерекшеліктері: екі еріндік, екі езулік дыбыстардан тұратын вокализмдер жүйесінің болуы; е дыбысының йе дифтонг дыбысына айналуы; сөз соңында ротацизм құбылысының орнығуы (з ~ р); с дауыссызының й ~ ж ~ дж ~ ч дыбыстарына өзгеруі; д ~ т ~ з ~ й дыбыстарының р дыбысына ауысуы; ламдаизм құбылысының орын алуы (ш ~ с ~ л) т.б.
ІІ. Оғыз тобының негізгі фонетикалық ерекшеліктері: сегіз қысқа дауысты дыбыстың болуы; қысаң дауыстылардың қосымшалар құрамында қолданылуы; сөз басында қатаң қ/к, т дыбыстарының ұяңдануы; ғ, г дыбыстарының сөз соңында сақталуы, түбір мен қосымша жігінде түсіп қалуы; сөз басындағы п/б дыбыстарының түсіп қалуы т.б. Грамматикалық ерекшеліктері: ілік септігінің -ын//-иң, табыс септігінің -ның//-ниң, -ны//-ни, -и тұлғаларының қолданылуы; барыс септігінің -а формасының, І жақ жіктік жалғауының көпше түрінің толық құрамымен бірге -ие қосымшасының болуы; есімшенің -мыш//-миш тұлғасының, қалау райдың -си тұлғасының болуы, т.б.
Оғыз тобы іштей үш топшаға бөлінеді:
1. Оғыз-түрікмен топшасы (орта ғасырлық оғыздар тілі, түрікмендер тілі, түрхмен тілі);
2. Оғыз-бұлғар топшасы (көне печенек, торк, берендей, ковуй тілдері, гагауз, балқан түріктерінің тілдері);
3. Оғыз-селжүк топшасы (көне селжүк, көне османтүріктерінің тілдері, әзірбайжан, түрік тілдері).
ІІІ. Қыпшақ тобы үшке бөлінеді: 1. Қыпшақ-половец топшасы (көне половецтер, қарайым, қарашай-балқар, құмық, қырым татарларының тілдері); 2. Қыпшақ-бұлғар топшасы (батыс Алтын Орда әдеби тілі, татар, башқұрт тілдері); 3. Қыпшақ-ноғай топшасы (қазақ, ноғай, қарақалпақ тілдері, өзбек тілінің қыпшақ диалектісі). Қыпшақ тобының негізгі фонетикалық белгілері: сегіз не тоғыз дауысты дыбыстың болуы; қосымшаларда еріндік дауыстылардың қолданылмауы; ерін үндестігінің әлсіздігі; созылыңқы дауыстылардың болмауы; ғ, г дыбыстарының сөз соңында өзгерістерге түсуі (й, у, в); сөз басындағы й ~ ш ~ дж дыбыстарының алмасып келуі.
ІҮ. Қарлұқ тобы (Қараханидтер мемлекетінің тілі, қарлұқ-хорезм тілі, шағатай, көне өзбек тілдері және ұйғыр, өзбек тілдері). Фонетикалық ерекшеліктері: дауыстылар алтыдан тоғызға дейін болуы; п, т, қ дыбыстарының сөз ортасында қолданылмауы; сөз соңында ғ, г, қ, к дыбыстарының сақталуы. Грамматикалық ерекшелігі: жинақтық сан есімдерінің -ағу//-егу тұлғасында қолданылуы; қимыл есімдерінің -ғу//-гу формасының да кездесуі. Қарлұқ тобындағы тілдердің лексикалық қоры араб, парсы элементтерінің молдығымен ерекшеленеді.
47.Түркі тілдері дамуының орта орта түркі дәуірі
Түркі тілдері жайлы орта ғасырда жазылған еңбектер қатарында Махмұд Замахшаридың «Мұхаддимат-ул адаб» еңбегін (ХІІ ғ.), Жалалиддин Әбу Мұхаммад Абдуллах түркидің «Китабу бүлғат ал-муштак фи луғат-ит-түрк уа-л кифчак» (ХІҮ-ХҮ ғғ.) тәрізді құнды мұраларды айтуымызға болады. Сондай-ақ араб тіл білімі үлгісінде жазылған шығармаларда да түркі тілдері зерттеу нысаны ретінде алынған. Мысалы, Джамал ад-дин ибн Муханнаның «Хилат ул инсон уа хашбат ул-лисан» еңбегі.
Араб тілінде мәмлүк қыпшақтарының тілі жөнінде жазылған Асиф ал-Дин Абу Хайыан Мухаммед ибн Али ибн Юсуф ал-Гарнатидің (Андалусий) «Китаб ал-идрак ли-сисан ал-атрак» («Түркі тілі туралы жазылған түсіндірме кітап») (ХІІІ-ХІҮ ғғ.) шығармасының да орны ерекше. Бұл еңбек мәмлүк қыпшақтарының тілі туралы грамматикалық оқу құралы. Белгілі ғалым Ә.Құрышжанов мәмлүк қыпшақтарының грамматикасында 32 дыбыс көрсетіліп, оларға айтылуы жөнінде талдаулар жасалғанын, сөз тұлғасындағы өзгерістер (айақ~азақ, арт~ард, ары~арығ, біт~бітік, буд~бут, бузағу~бузави, тіл~діл т.б.) ажыратылғанын және «Сөздік» бөлімінде 2400-дей сөз беріліп, олардың шыққан тегі мен өзгеру өрісі барынша дәл көрсетілгендігін айтады3. Араб тілі грамматикасы үлгісімен жазылған мәмлүк қыпшақтарының тілі жөнінде басқа да еңбектер сақталған, мәселен: Абу-л-лайт ас-самарқандидің «Китаб муқаддима» (ХІ ғ.) атты діни трактаты, ХІҮ ғасырда Мәмлүк қыпшақтары мемлекетінде қыпшақ тілін оқып-үйрену үшін жазылған «Китаб ад дура ал-мудийа фил-луғат ат-туркийа уал камал» т.б.
Түркі тілдері туралы орта ғасырда жазылған еңбектердің бірі – «Кодекс Куманикус» (ХІІІ ғ.) латын әліпбиімен қыпшақтар (куман) тілінде жазылған діни мәтіндер мен сөздіктер жинағы164 беттен тұрады. Шығармада құман тілінің қысқаша грамматикасы, қыпшақ сөздерінің жіктелу кестесі, септелу үлгісі берілген. Аталған орта ғасырлық түркі тілдері жайлы жазылған шығармалар қазіргі түркі тілдерінің даму жолын анықтауда ерекше маңызға ие тарихи қайнар көздер болып табылады.
