Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор гр.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

26. Етістіктің көсемше тұлғаларының тарихи қалыптасуы

Түркі тілдеріндегі етістіктің сөзжасам жүйесі, етістіктің рай, есімше және көсемше тұлғалары бойынша өзгеруі және олардың іс-әрекет, қимылдың өтетін уақыт-мерзімі, оны жүзеге асыратын жақ, жекеше және көпше тұлға туралы түсініктермен тығыз байланысы, қимыл атауының септік формасын меңгеруге қабілеті, етіс категориясы және оның іс-әрекеттің түрімен байланысы тәрізді теориялық мәселелер түркологиялық зерттеулерде жан-жақты қарастырылып, етістіктің түрлері, етіс, рай, шақ, есімше, көсемше сияқты категориялар әр түркі тілінің табиғаты тұрғысынан жете зерттелді деуге болады.

ҮІ-ІХ ғасыр түркі жазба мұралары тіліндегі етістік тудыратын қосымшалар қазіргі түркі тілдеріндегі етістіктердің сөзжасам жүйесіvty, соның қазақ тілінің етістіктер жүйесімен толық сәйкес келеді.

Етістік тудыратын жұрнақтар

№

VІ-IX ғасыр ескерткіштері тілінде

Қазақ тілінде

1

2

3

-а/-е

-а,-е

2

-ï/-і, -u/- ü

-ï/-і

3

-lа/-lе

-lа/-lе, -dа/-dе, -tа/-tе

4

-q/-k,-ïq/-іk,-uq/- ük

-q/-k,-ïq/-іk

5

- ïs/-іs,-ïš/-і š, -uš/- üš

- ïs/-іs,-ïš/-іš

6

-n, -ïn/-іn,-un/- ün

-n, -ïn/-іn

7

- sïrа/-sіrе

- sïrа/-sіrе

8

-аd/-еd

Ø

9

-l,-ïl/-іl

-l,-ïl/-іl

-šur/-šür/-čur

Ø

- qïš

-qïš/-kіš,-γïš/-gіš

-t/-ït/-іt

-t/-ït/-іt

-ïr/-іr,-аr/-еr, -ur/-ür,-r

-ïr/-іr,-аr/-еr,-r

Көне түркі тілінде көсемшелік тұлғалар сан жағынан көп болған. Ү-ҮІІІ ғасыр ескерткіштерінде көсемшенің мынадай форманттары қолданылған:

1) –а, -е: уча, тута; -й, -ы: -іти, -алы; -у, -ү: өлү, оплайу, -ты: сақынматы, қатығды.

2) –п, -пан, -пен: олурыпан.

Қазіргі қазақ тілінде мақсат көсемше деп аталып жүрген –ғалы тұлғасы ескерткіштер тілінде екі түрлі мәнде – мақсат және істің басталар уақытын білдірген.

Орта ғасыр ескерткіштерінде көсемшенің –матын, -мадын, -майын тұлғалары кездеседі. Қысқа түрі –май формасында қолданылған. Қазақ тілінде толық түрі –майынша күрделі аффиксінің құрамында ғана ұшырасады.

27. Қатаң дауыссыз дыбыстар сәйкестігі

  1. q≈k сәйкестiгi: qaz ≈kaz «қазу», qop ≈ köp «көп»;

  2. q≈x сәйкестiгi: *qat≈*xat → qatun≈ xatïn «ханым, ханша»,«әйел»;

  3. d≈j сәйкестiгi: qod≈qoj «қой (етiстiк)»;

  4. d≈t сәйкестiгi: öd≈öt «өт (зат есiм)»;

  5. z≈s сәйкестiгi: *üz≈*üs → üze ≈ üsti «үстi»;

  6. t≈d сәйкестiгi: at≈ad «есiм»;

  7. č≈š сәйкестiгi: čöl≈šöl «шөл», ač≈aš «аш»;

  8. č≈s сәйкестiгi: üč≈ös «үш», ač≈as «ет. аш»;

  9. š≈s сәйкестiгi: qïš≈qïs «қыс (зат есiм)», baš≈bas «бас»;

  10. s≈h сәйкестiгi: sa≈ha → han «сан, санау»;

  11. s≈š сәйкестiгi: is≈эš «iс».

Рp (п) фонемасы. Түркi тiлдерi консонантизмдер жүйесi дамуындағы ең көне фонемалар қатарында аталатын қатаң Рp дыбысы Орхон-Енисей, Талас ескерткіштерінде негізінен моносиллабтар соңында ғана кездеседі. Сөз басында қолданылуы өте сирек, екi-үш сөздi ғана қамтиды. Ескерткiштер тiлiндегi анлаут р -ның өзгерiстерi өзiнiң қолданыс аясына сай бiр ғана сәйкестiктен көрiнедi.

р ≈ m сәйкестiгi. pišin ≈ mešin, purum сөзiнiң қолданысынан анлаут р-ның протезалық сапасы аңғарылады, п ≈ ø: рurum ~ urïm/ürim. С.Аманжолов қазақ тiлiнiң оңтүстiк говорларында п ≈ m, m ≈ п сәйкестiктерi iшiн-ара кездесiп қалатынын көрсетiп, бiрнеше мысалдарды тiркейдi: пеш ≈ меш, қып(ша+бел) ≈ қым(ша+бел), маң(ай) ≈ паң(ай) т.б. (ВД, 318).

р ≈ m ауслаут жағдайда: Орх. Е. ap(a) «әке, қорғаушы» ~ ққалп., тат. башқ., ноғ., құм., қаз. ap(a) «ана, әпке»; Орх. alp «алып» ~ ноғ., ққалп., құм. alp, қаз. alïp: Көне түркiлiк ауслаут р қазiргi қыпшақ тiлдерiндегi дербес моносиллабтар құрамында толық сақталған, морфема жiгiнде ұяңдануы байқалады.

r(р) фонемасы. Артикуляциялық ерекшелiктерi бойынша күрделi дыбысқа жататын r фонемасының ауслаут жағдайда қолданылуы алтай дәуiрiне дейiнгi кезеңде-ақ қалыптасқан құбылысқа жатады. Анлаут r-дiң көне түркi тiлiнде қолданылған қолданылмағанын анықтау қиын мәселе.Инлаут жағдайда: Орх. ürk «үрку» (ДТД, 79) ~ қаз., ққалп. ürk, башқ., тат. örk; Орх. ört «өрт» (ДТД, 79) ~ қаз., ққалп., ноғ. ört, тат., башқ. ürt. Ауслаут жағдайда: Орх., Е. bar «бар» (ДТД, 33) ~ қаз., ққалп., ноғ., құм., тат., башқ. bar; Орх., Е. bir «один») ~ қаз., ноғ., құм., ққалп. bir, тат., башқ. ber;

r ≈ z сәйкестiгi. Жалпы алтай тiлдерiнде кеңiнен танымал ротацизм құбылысының сөз мағынасына әсерi жасырын синкретизм құбылысының аясында қарастырылып жүргенi белгiлi. r, z дыбыстарының күрделi табиғатын, тiл дамуындағы маңызын көрсететiн ar ≈ az, kör ≈ köz, tiz ≈ tir/ter тәрiздi түбiрлес жұптар ескерткiштер тiлiнде де жиi қолданылады. Түркi тiлдерi дыбыс жүйесiнде r дыбысының бiршама тұрақсыздық сипаты белгiлi. Ұйғыр тiлi диалектiлерiнде r ≈ j сәйкестiгi: jara ≈ jaja «рана», qarmaq ≈ qajmaq «удочка», tört ≈ döjt «четыре», jaruq ≈ jajuq «свет», bir ≈ bij «один», r ≈ l сәйкестiгi: qara ≈ qala «қарау», r ≈ ž сәйкестiгi: qïrïm ≈ qižïm «Крым», kir ≈ kiž (dim) «кіріп-шықтым», bir ≈ biž «бір» т.

Түркілік q, k, γ, g, х, h, w, j дыбыстарының даму жолы, қазіргі түркі тілдеріндегі қолданысы жайлы Е.Д. Поливанов, В.А. Богородицкий, М. Рясенен, А.М.Щербак, А.Н. Кононов, Б.А. Серебрянников, Н.З. Гаджиева, Н.А.Баскаков т.б. көптеген ғалымдардың еңбектеріндежан-жақты сөз етіліді. Қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктерімен даму жолында ерекше орын алатын q, k, γ, g, х, h, w, j дыбыстарының фоно-морфологиялық табиғаты қазақ тіл білімінде С.Кеңесбаев, Ж. Аралбаев, М. Томанов, С.Омарбеков, Б. Сағындық т.б. ғалымдардың еңбектерінде кеңінен қарастырылды.

Түркі тілдері консонанттар жүйесіндегі q/k, γ/g, х, h дыбыстарының туыстығы талас тудырмайды, олардың кей жағдайда бір тіл ішінде де, тілдер арасында да фонологиялық жағынан ажыратылмауы да генетикалық жақындықтың көрінісі.

Qq(қ) –түркі тілдерінің көпшілігінде q дыбысы сөз соңында сақталған, көне түркі тілінде, қаз., тат., ноғ., башқ., қырғ., ұйғ., түркім., тув. тілдерінде – aq, өзб. тілінде – oq “ақ”, көне түркі тілінде, қаз., тат., құқм., каб. – балк., қырғ., тув. тілдерінде – balïk “балық”.

Әрбір тілдің өзіндік ерекшеліктеріне орай сөз соңындағы q дыбысы бірнеше өзгерістерге түседі: 1. q ≈х (як. – suox, atax, ox; хак. – ajax, čox; әзірб. – jox, ox; қаз. –ajaq, žoq, oq “аяқ”, “оқ”, “жоқ”); 2. q ~ g (әзірб. – balïg; қаз. – bаlïq); 3. q ≈ γ (өзб. – čijroγ, қаз. – šïraq); q ≈ ø (чув. – ura, čere, pure; қаз. – ajaq, žürek, büjrek).

Kk(к) –K дауыссызы сөз соңында сақталған:көне түркі, қазақ, татар, қырғыз, ноғай, қарақалпақ тілдерінде – kök, түркім., түр. тілдерінде – gök, башқ., тілінде – kük “көк, аспан”.

k ≈ х ≈ j сәйкестігі негізінен әзірбайжан диалектісінің батыс тобынан байқалады, мысалы: üzük// üzüj “жүзік”, malax // malaj “періште”, kurax // kuräj “күрек”. Қатаң k-нің j-ге ауысуы өзбек тілі диалектілерінде кездеседі: büläk//buläj “білеу, қайрақ”, teräk // teräj “терек”. Қатаң k дыбысының тұрақсыз дыбыстар қатарына жататыны оның сөз соңында элизияға ұшырауынан анық байқалады: чув. – ine ~ түрік, тув., тоф. inek, әзірб. inak; чув. atä ~ тат. itäk, қаз., ққалп. – etik, ütük “етік”.

k фонемасы көптеген түркі тілдерінде сөз ортасында кездесді: қаз., ққалп., құм., гаг., түрік, алт. – kükürt; тат. – kükart; алт. kükür “күкірт”; қаз., ноғ., құм., түрік. teke, гаг. tekä, тат., әзірб. täkä “теке”. Қазақ және қатаң k дауыссызының дауыстылар арасында ұяңдануы түркі тілдері арасында да кездеседі: қаз. тілінде egiz ~ әзірб. akiz “егіз”; қаз. egin ~ түрік. ekin “егін”. Бұл құбылыс алтай тобындағы өзге тілдерге де, мәселен, монғол, тұңғыс, маньчжур тілдеріне де тән.

s≈h сәйкестігі: Башқұрт тіліндегі жалпытүркілік сөздердің негізгі бөлігінде сөз басындағы s дыбысы h дыбысына өзгереді (qorhaq “құрсақ, іш” ~ қаз. тілінде – qürsaq; jaharγa “жасау, істеу” ~ қаз. тілінде – žasaw т.б.), тек sijraq “сирақ” ~ қаз. sïjraq; söjäl “сүйел” ~ қаз. süjel тәрізді бірен-саран сөздерде және араб-парсы тілдерінен енген сөздерде (sabïj “сәби, нәресте” ~ қаз. säbij; säbäp “себеп, сылтау” ~ қаз. sebep; sijxru “сиқыр, ғажайып” ~ қаз. sïjqïr т.б.) сақталған. Башқұрт тілінде жалпытүркілік сөздерде s дауыссызының орнына h дыбысының қолданылуы тек түбір сөз деңгейінде ғана емес қосымша морфема деңгейінде де кездеседі: жіктік жалғауының екінші жағы: -hïŋ, -hеŋ, -hoŋ, -höŋ ~ қаз. sïŋ, -sіŋ; тәуелдік жалғауының үшінші жағы: -hï, -hе, -hо, -hö ~ қаз. -sï, -si; сын есім тудыратын жұрнақ: - hïz, hеz, hоz, höz ~ қаз. -sïz, -sіz т.б.). s≈h сәйкестігінің түркі (башқұрт, якут), тұңғыс-маньчжур (эвенкі), монғол (бурят) тілдерінде кездесуі бұл құбылыстың алтай дәуіріне тән екендігін, яғни алтай тіл бірлестігінен қалған белгі екенін көрсетеді.

28. Түркі тілдері және олардың зерттелу тарихы

Түркі тілдері алтаистика және түркология бағыттындағы зерттеулерде дәстүрлі түрде алтай тілдері семьясы құрамында қарастырылады. Алтай семьясын құрайтын түркі, моңғол, тұңғыс-маньчжур тілдерінің туыстық байланысы көп жылдар бойы «ғылыми жорамал» ретіндегі даулы мәселе болып келеді. Бұл макро тілдік топта түркі тілдері туыстық жағынан моңғол тілдеріне жақындастырылып, түркі-моңғол бұтағынан таралады деп саналады.

Түркі тілдерінің саны ғылыми әдебиеттерде әр түрлі көрсетіледі. Мәселен, КСРО ҒА тарапынан 1966 жылы жарық көрген ұжымдық монографияда 23 тірі түркі тілі, ал А.А. Реформатскийдің 1967 жылғы «Тілтануға кіріспесінде» ( Реформатский А.А. Введение в языковедение. М., 1967; М.1996.-536стр.) түркі тілдерінен 25 тірі, 7 өлі тіл көрсетіледі. Н.А.Баскаков зерттеулерінде 27 тірі түркі тілдері, 12 өлі түркі тілдерінен тілдік фактологиялық материалдар қолданылатын болса, 1997 жылы жарық көрген «Әлем тілдері: Түркі тілдері» сериясы бойынша 39 тірі және 15 өлі түркі тілдері бар деп саналады.

Түркі тілдері - түркология ғылымының зерттеу нысаны болып табылады.

Түркология – түркітектес, түркі тілінде сөйлейтін халықтардың тілін, әдебиетін, тарихын, этнографиясын, мәдениетін т.б. рухани, мәдени құндылықтарын зерттейтін сүбелі ғылым саласы.. Түркітану ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысында шығыстанудан іргесін ажыратып, дербес ғылым саласы ретінде қалыптасады22.

Түркітану ғылымының жеке ғылым саласы ретінде қалыптасуы, түркі тілдерінің жүйелі түрде зерттеле бастауы саяси мақсаттарға байланысты Ресей және Еуропа ғалымдары тарапынан жүзеге асты (ХҮІІ-ХІХ ғғ.) десек те, түркі тілдерінің түркі топырағында зерттелуі Қараханидтер дәуірінен бастау алады. Түркі тілдері жайлы жазылған тұңғыш түркологиялық еңбек Махмұд Қашқаридың «Диуани лұғат-ит-түрк» сөздігі. ХІ ғасырда грамматикалық сипатта жазылған «Диуани лұғат-ит-түрк» тарихи- салыстырмалы әдісті негізге алған, түркі тілдері мен диалектілерінің негізгілерінен (оғыз, арғу, ненужек, қыпшақ, түрк, бұлғар, қарлұқ, шігіл, яғма, ябақу, тоғсы, жомул т.б.) мысалдар келтірілген тұңғыш еңбек. Мұнда М.Қашқари 29 түрлі этнонимді атап, олардың географиялық мекенін, тіліндегі фонетикалық ерекшеліктерін көрсетеді. Махмұд ибн-әл Хусаин ибн Мұхаммад әл Қашқари жазған бұл шығарма ерте орта ғасырдағы түркі тайпаларының тек тілі ғана емес, әдебиеті, өнері, этнографиясы, әкімшілік басқару жүйесі, туыстық қарым-қатынастары, мединицинасы, салт-дәстүрі, т.б. материалдық және рухани құндылықтары географиялық жағдайы, сол аймақтың фаунасы мен флорасы жайлы мәлімет беретін энциклопедиялық мұра.

ХІ ғасырда өмір сүрген филолог-түркітанушы М.Қашқаридың мұрасын түркітану ғылымының бастауы, қайнар көзі саналады.

Түркі тілдері жайлы орта ғасырда жазылған еңбектер қатарында Махмұд Замахшаридың «Мұхаддимат-ул адаб» еңбегін (ХІІ ғ.), Жалалиддин Әбу Мұхаммад Абдуллах түркидің «Китабу бүлғат ал-муштак фи луғат-ит-түрк уа-л кифчак» (ХІҮ-ХҮ ғғ.) тәрізді құнды мұраларды айтуымызға болады. Сондай-ақ араб тіл білімі үлгісінде жазылған шығармаларда да түркі тілдері зерттеу нысаны ретінде алынған. Мысалы, Джамал ад-дин ибн Муханнаның «Хилат ул инсон уа хашбат ул-лисан» еңбегі.

Араб тілінде мәмлүк қыпшақтарының тілі жөнінде жазылған Асиф ал-Дин Абу Хайыан Мухаммед ибн Али ибн Юсуф ал-Гарнатидің (Андалусий) «Китаб ал-идрак ли-сисан ал-атрак» («Түркі тілі туралы жазылған түсіндірме кітап») (ХІІІ-ХІҮ ғғ.) шығармасының да орны ерекше. Бұл еңбек мәмлүк қыпшақтарының тілі туралы грамматикалық оқу құралы. Белгілі ғалым Ә.Құрышжанов мәмлүк қыпшақтарының грамматикасында 32 дыбыс көрсетіліп, оларға айтылуы жөнінде талдаулар жасалғанын, сөз тұлғасындағы өзгерістер (айақ~азақ, арт~ард, ары~арығ, біт~бітік, буд~бут, бузағу~бузави, тіл~діл т.б.) ажыратылғанын және «Сөздік» бөлімінде 2400-дей сөз беріліп, олардың шыққан тегі мен өзгеру өрісі барынша дәл көрсетілгендігін айтады3. Араб тілі грамматикасы үлгісімен жазылған мәмлүк қыпшақтарының тілі жөнінде басқа да еңбектер сақталған, мәселен: Абу-л-лайт ас-самарқандидің «Китаб муқаддима» (ХІ ғ.) атты діни трактаты, ХІҮ ғасырда Мәмлүк қыпшақтары мемлекетінде қыпшақ тілін оқып-үйрену үшін жазылған «Китаб ад дура ал-мудийа фил-луғат ат-туркийа уал камал» т.б.

Түркі тілдері туралы орта ғасырда жазылған еңбектердің бірі – «Кодекс Куманикус» (ХІІІ ғ.) латын әліпбиімен қыпшақтар (куман) тілінде жазылған діни мәтіндер мен сөздіктер жинағы164 беттен тұрады. Шығармада құман тілінің қысқаша грамматикасы, қыпшақ сөздерінің жіктелу кестесі, септелу үлгісі берілген. Аталған орта ғасырлық түркі тілдері жайлы жазылған шығармалар қазіргі түркі тілдерінің даму жолын анықтауда ерекше маңызға ие тарихи қайнар көздер болып табылады.

ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы түркітану ғылымының дамуы біріншіден Ресей патшалығының жүргізген саясатына байланысты болса, екіншіден түркі, Сібір далаларынан табылған белгісіз ойма жазуларға қатысты болды.

ХҮІІ ғасырдың соңында 1692 жылы Амстердам бургомистрі Николай Видзеннің «…недалеко от Верхотурья на утесе найдено несколко изображений и надписей из неизвестных букв…» деп жасаған хабарламасы тек орыс зерттеушілерінің ғана емес батыс ғалымдарының да қызығушылығын тудырып, түркілер мәдениетін зерттеуге деген талапты біршама арттыра түсті.

1696 жылы тобылдық бояр Семен Ремезевке Сібірдің картасын жасау тыпсырылып, екі жылға жуық Сібірді, Орта Азия мен Қазақстан аумағын аралап шыққан зерттеуші өз жұмысының нәтижесін 1698 жылы «Чертеж всех сибирский градов и земель и чертеж земли всей безводной и малопроходной каменной степи» атласымен қорытындылайды Атлас құрамындағы Орта Азия картасында қазіргі Талас көне түркі жазбалары табылған өңірге қатысты мәліметтер кездеседі.

І Петр патшаның тақта келуіне байланысты Ресей патшалығы Орта Азия мен Қазақстан, Сібірді отарлау үшін осы өңірлерді мекендейтін шығыс халықтарын тереңдеп зерттеудің қажеттігін алға қойды. 1700 жылы 18 июнде шығыс тілдерін үйрету үшін Тобылға үш адам жіберу туралы патшаның жарлығы шығады. «А.Н.Кононов осы датаның отандық шығыстану пәнінің дүниеге келген күні деп есептейді». Осы кезден бастап түркі халықтарының, жалпы шығыс халықтарының тарихын, рухани-мәдени, материалдық құндылықтарын зерттеу ісі нақтылы шаралар негізінде жүргізіле бастады. 1707 жылы Илларион Лежайский басқарған діни миссия Монғолияға, 1714 жылы Қытайға экспедицияға шығып, христиан дінін насихаттаумен қатар жергілікті халықтардың діні, тілі, әдебиеті, тарихы, әдет-ғұрпы жайлы деректер жинап қайтады.

ХҮІІІ ғасырдың басында Хиуа хандығы мен Бұхара хандығының Ресей бодандығына өтуі І Петр патшаның Орта Азия елдеріне деген отарлау саясатының мүмкіндігін кеңейте түсті. Осы кезде жүргізілген экспедициялар ішінде Александр Бекович Черкесский басшылық еткен экспедицияның ғылыми нәтижесі үлкен болды.

1716 жылы Хиуаға аттанған экспедиция құрамында швед, неміс тұтқын офицерлері де болады. Ішкі сырын жат елге жариялауды қаламаған Хиуа ханы экспедиция мүшелерінің ішіндегі Ресей азаматтарын жойып, шетелдік офицерлерді босатып жібереді. Осы сапарда болған швед офицері Филип Иоган Страленберг Каспии мен Арал өңірінің картасын сызып алып, неміс тілінде жазылған «Европа мен азияның солтүстік және шығыс бөлігі» деген кітабында жариялайды4. Зерттеушінің бұл еңбегінің лингвистикалық құндылығы 32 түркі тілінің дерегін салыстыра отырып кестеге түсіруімен анықталады. («Северная и восточная часть Европы»).

ХҮІІІ ғасырда үлкен ғылыми жаңалықпен оралған экспедициялардың бірі – Д.Г.Месершмидт бастаған Батыс Сібір мен Маньчжурияға, Монғолияға жасаған сапар (1719-1722 жж.). Экспедиция мүшелері құпия таңбалы руна жазулы ескерткіштер тапқанын жариялайды. Д.Г.Мессершмидт өз күрделігінде құпия таңбалар жайлы «…изображены резные правильные четырехугольники в виде ромбов и ромбоидов» деп жазады.

Аталған сапардың табыспен оралуына экспедиция құрамында болған Ф.И.Страленбергтің де еңбегі зор болды. Осы кезеңде Кавказ бен Волга бойына ұйымдастырылған дәрігер Готлиб Шовер бастаған экспедиция да (1717-1720 жылдары) медициналық зерттеулермен қатар жергілікті татар, башқұрт халықтарының тілі жөнінде мол деректер жинап қайтты.

ХҮІІІ ғасырдың басында жазылған түркологиялық еңбектер қатарында Дмитрий Кантемирдің «Возвышение и падение дома Османов» (1716), «Система религии и состояние турецкой империй» (1720) атты Осман түріктері жайлы жазылған еңбектерін де атауға болады. Ресейде араб шрифтімен баспа ғана ұйымдастырылуы да Д.Кантемирдің есімімен байланысты. ХҮІІІ ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап Орта Азия мен Қазақ даласына орыс зерттеушілерімен бірге Батыс саяхатшылары, дипломаттары да келе бастады.

1735-1732 жылдары Ресей патшалығы тарапынан ұйымдастырылған Орынбор экспедициясының құрамында болған ағылшын суретшісі Джон Кэстль кіші жүз қазақтарының саяси ахуалы, тұрмыс-тіршілігі, қол өнері, киім-кешегі жайлы мол дерек жинақтады. Суретші Әбілқайыр ханмен, оның ұлы Ералы сұлтанмен сұхбаттасқанын жазады. Бұл күнделік неміс тілінде «Орыс тарихының материалдары» атты жинаққа қосымша ретінде еніп, 1784 жылы Ригада жарық көрді5.

Ресейде Ғылым академиясының ашылуына байланысты белгілі шығыстанушы, түркологог, тибетолог мамандардың қызметке шақырылуы түркітану ғылымының дамуына жол ашты. Олардың қатарында академик Г.З.Байер, Г.Ф.Миллер, И.Э.Фишер, П.С.Паллас, В.Н.Татищев, т.б. болды6.

1793 жылы Т.Байер мен П.С.Паллас құпия жазулы руникалық ескерткіштер табылған аймаққа экспедиция жасап, зерттеулер жүргізеді, осы сапарында Т.Байер көне түркі жазба ескерткіштерінде қолданылған жазу таңбаларын кельт жазуымен байланыстырады.

Түркі тілдері бойынша көптеген мәліметтер жинап, зерттеу жүргізген орыс ғалымы В.Н.Татищев (1686-1750), Самарада татарша-қалмақша-орысша мектеп ашылуына ұйтқы болады. Ғалымның түркі тілдері бойынша жазылған құнды еңбегі – «Лексикон Российкий, исторический, географический, политический и гражданский» деп аталады.

Түркітану тарихында аты қалған ғалымдардың бірі – Г.Ф.Миллер (1705-1783) өзінің «Описание Сибирского царства и всех происшедших в нем дел»деген көлемді еңбегімен белгілі (1750).

ХҮІІІ ғасырдағы түркологиялық зерттеулер қатарынан профессор С.Г.Гмелиннің Волга татарларының тілі деректерін пайдаланған «Путешествие по России для исследования трех царств естества» атты еңбегі, «Русско-турецко-персидско-гилянский глоссарий» деген сөздігі үлкен орын алады.

ХҮІІІ ғасырда жазылған түркі тілдерінің көптеген сөздіктерінің қолжазбалары Ресей Ғылыми Академиясының, Санкт-Петербургтегі Шығыстану институтының қолжазбалар қорында сақталған7. Осы кезеңдерде жүргізілген түркологиялық зерттеулер ХІХ ғасырда жалғасын тауып, Ресейдегі түркітану ғылыми жандана түсті.

ХІХ ғасырдағы түркологиялық зерттеулер негізінен Ресей Ғылым Академиясы тарапынан жүргізілді. Бұл кезеңде түркі халықтарының көне дәуірлердегі, орта ғасырдағы жазба мұраларын зерттеуге ерекше ден қойылды. Мәселен, Г.Ю.Клапрот (1801-1809 жж.) «Бабыр-наме», «Кодекс Куманикус» жайында зерттеулер жүргізсе, Х.Д.Френ Әбілғазының шығармаларын алғаш жариялайды. В.В.Радлов Орхон-Енисей ескерткіштерінің, ұйғыр, манихей, араб жазулы түркі мұраларын оқу, аудару, тілін зерттеу мәселелерімен айналысып, Л.Э.Лазарев Махмуд Физулидің «Ләйлі-Мәжнүн» поэмасының тілін зерттейді. Г.С.Саблуков Әбілғазының «Шаджра-и-түрк» еңбегін және «Құранды» орыс тіліне аударумен шұғылданады.

Сондай-ақ түркі тілдерінің сол кездегі тілдік деректері негізінде де көптеген еңбектер жазылып, зерттеулер жүргізілді: Г.И.Спасскийдің «Древности Сибири»; В.В.Вельяминов-Зерновтың (1830-1904) «Исследование о Касимовских царях и царевичах» (1863-1887) «Словарь джагатайско-турецкии» (1869); И.Хальфиннің «Конспект татарского языка» (1826), «Азбука и грамматика татарского языка с правилами арабского чтения» (1809); А.Казембектің «Грамматика турецко-татарского языка» (1839), «Общая грамматика турецко-татарского языка» (1846); И.Н.Березиннің «Путешествие по востоку» (1849-1852, ІІ том), «Турецкая хрестоматия» (1807, 1861, 1879, ІІІ томдық), «Сборник летописей» (1858), Н.Бичуринмен бірге жазған «Татарская грамматика» (1857); Ф.И.Эрдманның «Изьяснение некоторых слов, пришедших из восточных языков в Российской» (1828), «Труды и летописи общества истории и древностей российских» (1870); А.О.Мухлинскийдің «Выбор турецких статей для начального перевода с грамматическим разбором» (1858); Л.З.Будаговтың (1812-1878) «Турецко-татарский букварь» (1844), Практическое русководство турецко-татарского, азербайджанского наречия (1857), «Сравнительный словарь турецко-татарских наречий» (1869, 1871, ІІ том); Х.Фаизхановтың «Краткая учебная грамматика татарского языка».

ХІХ ғасырда өнімді еңбек еткен түркітану тарихында ерекше орын алатын ғалымдардың бірі – В.В.Радлов (1837-1918). Түркітану ғылымын «жаңа сатыға көтерген» В.В.Радловтың «Опыт словаря тюркских наречий» атты (1893-1911) салыстырмалы тарихи негізде жазылған сөздігі алтай, қазақ, қырғыз, хакас, ұйғыр тілдерінің материалдарын қамтиды. Ғалымның «Образцы народной литературы тюркских племен» деген көлемді еңбегінің (7 том) 3-томында қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілері (мақал-мәтелдер, дастандар, аңыз, ертегілер т.б.) берілген. В.В.Радловтың «Құдатғу білік», «Алтын яруқ» ескерткіштерінің тілі жөнінде айтқан пікірлері, зерттеу нәтижелері де өте құнды.

ХІХ ғасырда түркітану ғылымының жаңа сатыға көтерілуі Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің сыры ашылуымен де байланысты болды.

Орхон-Енисей руникалық жазу үлгілерін оқуға деген орыс ғалымдарының да, шетелдік ғалымдардың да тарапынан болған талпыныстардың бәрі сәтсіз аяқталды. Тек 1893 жылы (желтоқсан) ғана Дания ғалымы В.Томсен құпия жазу таңбаларының дыбыстық мәнін дұрыс ажыратып, ескерткіштердің түркі халықтарының мұрасы екенін анықтап шықты. Зерттеуші көне мұраларды оқу барысында дауыстылардың жуан, жіңішке варианттармен қолданылатындығын байқайды, бұл құбылыс түркі тілдерінің басты заңдылығы сингармонизмге сәйкес келеді. 1894 жылы қаңтар айында В.В.Радлов В.Томсеннің оқу тәсілін негізге ала отырып, «Күлтегін» кейін «Білге қаған» ескерткіштері мәтін оқып, аударып шығады. Бұл жаңалық Ресейдегі де шетелдегі де шығыстанушы ғалымдардың түркі халықтарына деген көзқарастарын өзгертіп, түркі тілдерін зерттеу ісі қарқынды түрде дами түсті.

Осы кезеңдегі түркітану ғылымының тағы бір жетістіктері ретінде Азия, Сібір халықтары туралы зерттеу мақалаларды жариялайтын тұңғыш журналдардың шығарылуын айтуға болады. Г.И.Спасскийдің ұйымдастыруымен 1818-1824 жылдары «Сибирский вестник», 1825-1827 жылдары «Азиатский вестник» журналдары жарыққа шығып тұрды.

ХІХ ғасырда түркі тілдерінің біршама жүйелі түрде зерттеле бастауы жоғары оқу орындарында шығыс тілдері, түркі тілдері кафедралары ашылып, аталған тілдер бойынша дәрістер оқылып, мамандар дайындау қолға алына бастауымен сипатталады. Мәселен, Қазан университетінде (1805 ж. ашылған) шығыстану класы ашылып, басқа шығыс тілдерімен қатар татар тілі де оқытылады, Санкт-Петербург университетінде (1819 ж. ашылған) түрік тілі, әзірбайжан тілі, татар тілі оқытылады. Көптеген түркітанушы ғалымдар аталған оқу орындарында қызмет етеді.

1917 жылға дейінгі түркі тілдерінің зерттелуі, бағыт-бағдары ХІХ ғасырдағы түркологиялық зерттеулерден ерекше ажыратылмайды. ХХ ғасырдың басында негізгі түркологиялық зерттеулер Москва Петербург тәрізді ірі қалаларда жүргізілді.

ХХ ғасырдың басында түркі тілдерін зерттеумен айналысушылардың біразы өздерінің ғылыми ізденістерін ХІХ ғасырдың соңында бастаған ғалымдар. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында түркі тілдері саласында жемісті еңбек еткен ғалымдардың ғылыми бағыт-бағдарын анықтап тәрбиелеуде В.В.Радлов еңбегі ерекше болды. В.В,Радловтың шәкірттерінің бірі – хакас ұлтының өкілі И.Ф.Катанов 1862-1922). Петербург университетінде магистрлік дәрежеге іздену барысында тува, тофалар, хакас, қазақ тіліндері бойынша мол тілдік дерек жинап, құнды тұжырымдар мен пайымдар жасаған ғалым ғылыми дәрежені алған соң, Қазан универсиетінің түрік-татар тілі кафедрасында эксординаторлы профессор болып қызмет етеді. Кейіннен урянхай тілі бойынша докторлық диссертация қорғайды.

Ғалымның түркология тарихындағы құнды еңбектері – «Опыт исследования урянхайского языка с указателем главнейших родственных отношений его к другим языкам тюркского корня» (1903), «Замечания о богатырских поэмах минусинских тюрков» (1885), «О погребальных обрядах у тюркских племен с древнейших времен до наших дней» (1894) «Восточные заметки» (1896)2.

В.В.Радловтың шәкірті – П.М.Мелиоранский (1868-1906) қазақ тілінің алғашқы грамматикасын жазушылардың бірі (Краткая грамматика казах-киргизского языка) (1894). Ғалымның негізгі ғылыми бағытының бір қыры түркілердің көне мұраларын зерттеу болды. Ол 1989 жылы «Күлтегін» ескерткіші тақырыбында магистрлік, 1901 жылы «Араб филолог о турецком языке» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған3. Диссертация мазмұндары жеке-жеке кітап болып жарық көрді: Араб филолог о турецком языке. СПб., 1900; Памятник в честь Кюль-Тегина. СПб., 1900. Сондай-ақ П.М.Мелиоранский орыс тіліндегі түркизмдерді жүйелі түрде ең алғаш зерттеген ғалым. Ғалымның осы тақырыпқа арналған «Турецкие элементы в языке "Слова о полку Игорове"», «Заимствованные восточные слова в памтяниках в русской письменности домонгольского времени» деген еңбектері бар.

Ғылыми ізденістерін 1902 жылдан бастаған А.Н.Самойлович те (1880-1938) соңынан мол мұра қалдырған әрі болашақ түркітанушы мамандар даярлауға зор үлес қосқан ғалым.

ХХ ғасырдың басында маңызды түркологиялық еңбектер қалдырған ғалымдар қатарында Ф.Е.Корш (1843-1915), А.Е.Крымский (1871-1942), В.Д.Миллер (1848-1913), В.Ф.Пекарский (1853-1934), В.В.Бартольд (1869-1930), Н.И.Ашмарин (1870-1933) т.б. зерттеушілер бар. Осы кезеңде қазақ тілі жөнінде М.Бекимовтың «Руководство к изучению киргизского языка» (Ташкент, 1909); А.Байтұрсынұлының «Оқу құралы» (1912-25 жылдар аралығында бірнеше рет басылған), 3 бөлімнен тұратын «Тіл құрал» (Фонетика, 1915, Морфология, 1914, Синтаксис, 1916) атты еңбектері жарыққа шығып, «Айқап» журналы мен «Дала уалаяты» газетінде А.Құрманбаев, М.Малдыбаев, Сұлтанғазиндердің мақалалары жарияланды, бірнеше шағын орысша-қазақша, қазақша-орысша сөздіктер (И.Букин, Н.А.Воскресенский, А.В.Старчевский, Т.Бокин т.б. құрастырған) құрастырылды4. Аталған еңбектердің ішінде ерекшесі – А.Байтұрсынұлының «Тіл – құралы» болды. Қазақ тілінің табиғатын, ерекшеліктерін терең танытатын грамматика 1930 жылдарға дейін оқу үрдісінде қолданылды.

Түркі халықтарының негізгі бөлігі Кеңес үкіметінің құрамында болуына орай ХХ ғасырың 20-25 жылдарынан бастап ерекше қарқынмен дамыған түркітану (тіл білімі) үлкен ғылым саласына айналды, Кеңес үкіметі әлемдік түркітанудың ошағы (орталығы) қызметін атқарды. Әрбір түркі тілдері жан-жақты зерттеліп, басты-басты тілдер бойынша ұлттық кадрлар шоғыры қалыптасты. 1970 жылы КСРО ҒА-ның тіл, әдебиет бөлімшесі жанынан кеңестік Түркітану комитеті құрылып, «Советская түркология» (Баку қаласында) журналы шығарылып тұрды. Бұл журнал 1991 жылдан бастап «Түркология» деген атпен шығарылып келеді.

Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Әзірбайжан республикаларында басқа да түркі халықтары шоғырланған ірі қалаларда жоғары, орта оқу орындары ашылып, тіл – әдебиет мамандықтары бойынша ұлттық кадрлар дайындалды. Түркі халықтары тұратын басқа да аймақтарды, облыстарда ұлт тілдерін зерттеуге арналған ресми мекемелер (ғылыми-зерттеу институттары, кафедралар, секторлар) ұйымдастырылды. Әрбір тіл бойынша грамматикалар, оқу құралдары, монографиялар көптен шығарыла бастады. Түркітану ғылымының өркендеген тұсы осы кезең болды.

Осындай нақты іс-әрекеттер нәтижесінде қазақ тіл білімі, өзбек тіл білімі қырғыз тіл білімі, якут тіл білімі т.б. тәрізді ғылым салалары қалыптасып5, түркология ғылымының жандануына ықпал етті.

Кеңес дәуірінде түркітану ғылымының дамуына үлес қосып, түркі тілдерін зерттеуде жемісті еңбек еткен ғалымдар: С.Е.Малов, В.А.Богородицкий, Е.Д.Поливанов, Н.К.Дмитриев, Э.Н.Наджип, М.Насилов, Э.В.Севортян, К.К.Юдахин, Н.А.Баскаков, А.Н.Кононов, Е.И.Убрятова, И.А.Батманов, В.В.Решетов, А.М.Щербак, Э.Р.Тенишев, Б.А.Серебрянников, К.М.Мусаев, т.б.

Түркітану (тіл білімі) ғылымы кең мағынасында бүкіл түркі тілдері туралы ғылым (диахронды, синхронды) болғанымен қазіргі таңда түркітану ғылымының нысаны ретінде негізінен түркі тілдерінің тарихи даму жолы, көне ескерткіштер тілі алынып жүр. Бұл сала бойынша Ә.Т.Қайдар, М.Томанов, Ғ.Айдаров, Т.Құрышжанов, М.Ибатов, Б.Сағындық, Р.Сыздықова, Б.Әбілқасымұлы, Ә.Керімов, А.Аманжолов, Е.Қажыбеков, Ж.Манкеева т.б. ғалымдардың еңбектері ерекше.

ХХ ғасырдағы түркология ғылымының үшінші кезеңінің басты ерекшелігі - әрбір түркі респубикасы өз тілдерін, оның тарихи даму жолын зертеудің бағыт-бағдарын өздері айқындауға, түркі халықтарының тарихын, мәдени мұраларын зерттеуде кеткен олқлықтардың (саяси идеологияға қатысты) орнын толтыруға мүмкіндік алып отыр. Қазақ тіл білімінде тек қазақ тілінің даму жолына қатысты мәселелер ғана емес жалпы түркологияның өзекті мәселелері – түркі тілдері зерттеу (әр деңгейде), олардың туыстық ортақтықтары мен айырмашылықтарын саралау, Орхон, Енисей, Талас жазба ескерткіштері мәтінін түпнұсқадан қайта оқу, олардың тілі мен қазақ тілінің сабақтастығын көрсету, орта түркі ескерткіштерінің мәтіндерімен жұмыс жүргізіп, тілін зерттеу, қазақ тілімен салыстыра қарастыру, т.б. мәселелер зерттеу нысаны болуда.

Түркі тілдерін зерттеу басқа алыс шетелдерде де жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Мәселен, Венгрияда – Д.Немет, Г.Хазай, Ж.Какук, Л.Лигети, А.Рона-Таш, И.Қ.Мандоки т.б.; Болгарияда – Г.Глыбов, Б.Недков, Н.Тодоров, Б.Цветкова т.б.; Польшада – А.Зайончковский, Э.Трыярский, А.Дубинский т.б.; Румынияда – М.Губоглу, В.Дримба; Югославияда – Г.Елехович, Х.Заджибегич, Б.Джурдже т.б.; Америка Құрама Штаттарында – К.Г.Менгес, А.Тице, Д.Синор, И.Циртаутас; ФРГ-да – А.фон Габен, Б.Шпулер, Г.Дерфер т.б.; Англияда – Д.Клаусон; Финляндияда – М.Рясянен; Жапонияда – Широхаттори, Нобуа Ямада т.б.; ғалымдар23 құнды түркологиялық еңбектерімен белгілі.

Түркияда түркологиялық зерттеулерге арналған «Тurk dili», «Тurk dunyasы» басылымдары шығарылады. Түркиядағы танымал түркітанушы ғалымдар қатарында З. Қорұқмас, А.Джафароғлу, Т.Текин т.б. зерттеушілерді атауымызға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]