- •1. Қазақ тілінің дауысты дыбыстар жүйесінің түркі тілдеріндегі дауыстылар сәйкестігімен байланысы.
- •4) Түркі тілдерінің морфологиялық құрылымының өзіндік ерекшеліктері
- •5)Түркітану ғылымының жеке ғылым саласы ретінде қалыптасуы
- •9. Қазақ тіліндегі қатаң дауыссыз дыбыстар және олардың қыпшақ тобы тілдерімен сәйкестік құрауы
- •11. Қазақ тіліндегі ұяң дауыссыз дыбыстар және олардың қыпшақ тобы тілдерімен сәйкестік құрауы
- •12. Етістіктің өткен шақ тұлғаларының тарихи қалыптасуы.
- •13. Хх ғасырдағы түркітану саласындағы жетістіктер
- •14.Етістіктің осы шақ тұлғаларының тарихи қалыптасуы
- •15. Қазақ тіліндегі үнді дауыссыздардың қыпшақ тобы дауыссыздар жіктелісіндегі орны
- •16. Түркі тілдерін зерттеуде қолданылатын әдіс – тәсілдер
- •17. Етістіктің етіс категориясы тұлғаларының тарихи қалыптасуы
- •18. Сингормонизм заңдылығы, буын және екпін
- •19. Түркі тілдерін зерттеуде қолданылатын реконструкция тәсілі
- •20. Түркі тілдеріндегі еріндік дауыстылардың сәйкестігі
- •2. Ü ≈ ö сәйкестiгi: *ül ≈ *öl → üles ≈ ölöč «үлес»;
- •3. Ö ≈ ü сәйкестiгi: ög ≈ üg → ügej «шеше, ана», «өгей»;
- •4. Ö ≈ o сәйкестiгi: ög ≈ oj «ой»;
- •5. Ö ≈ э сәйкестiгi: öl ≈ эl «өл»;
- •26. Етістіктің көсемше тұлғаларының тарихи қалыптасуы
- •33. Үстеу және оның сөзжасам жүйесі
- •34. Радлов пен Корштың классификациясы
- •35. Сілтеу есімдіктерінің тарихи қалыптасуы
- •36. Ретроспективті және проспективті бағыттар
- •37. Түркі тілдері туралы орта ғасырда жазылған еңбектердің қазақ тілінің тарихын зерттеудегі маңызы.
- •38. Түркологиялық зерттеулерде тарихи-салыстырмалы, типологиялық және ареалдық әдістерді кешенді пайдаланудың маңызы.
- •39. Алтай дәуірі және «Алтай гипотезасы» туралы түсінік.
- •40. Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: в. А. Богородицкийдің, а. Н. Самойловичтің, и. Рамстедтің классификациялары
- •42) Үстеу және оның қосымшалары
- •43) Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: с.Е.Маловтың және н.А.Баскаковтың классификациялары.
- •44) Қазақ тілінің халық тілі, ұлт тілі болып қалыптасуының тарихи кезеңдері.
- •3. Көне түркі дәуірі (V-х ғ. Аралығы).
- •4. Орта түркі дәуірі (х-хv ғ. Аралығы)
- •6. Ең жаңа дәуір (хх ғ. Басынан бастап бүгінге дейін)
- •45. Есімдік және оның түрлерінің тарихи қалыптасуы
- •46. Батыс хун тілдері жіктелісі
- •47.Түркі тілдері дамуының орта орта түркі дәуірі
- •48. Сұрау есімдіктерінің таррихи қалыптасуы
- •53. Тіл дамуындағы заңдылықтардың сөздің морфологиялық құрамына тигізетін әсері
- •56. Түбірлер мен қосымшалардың синкретизм жүйесі
- •61 Сұрақ. Орхон-Енисей, Талас-Шу жазба ескерткіштері тілі мен қазіргі қазақ тілі арасындағы дыбыстық сәйкестіктер
- •62 Сұрақ. Фонетикалық заңдылықтыр, буын және екпін
- •63 Сұрақ. Сөз құрылысының агглютинацияғабайланысты ерекшелігі
- •64 Сұрақ. Сөздерді сөз таптарына бөлу тарихы
- •65. Түркі тілдеріндегі үндестік заңы
- •66. Сан есімнің басқа сөз таптарынан айырмашылығы
- •67. Сөздердің морфологиялық кластарға жіктелуінің тарихи-тілдік негіздері
- •68. Түркі тілдеріндегі фузия
- •69. Кейбір сан атауларының этимологиялық негізі
- •70. Есімдіктердің қалыптасу, даму жолы
- •71. Зат есім және оның категорияларының өзіндік ерекшеліктері
- •73. Көне түркі тіліндегі есімдіктер жүйесі.
- •75. Қазақ тілінің дамуындағы дыбыс өзгерістері (протеза, эпентеза, элизия, редукция).
- •80 Сурак Салыстырмалы тарихи адисти колданудын басты шарттары
- •83. Септік категориясының тарихи қалыптасуы
- •84. Сын есімнің қалыптасуында адъективтену процесінің атқарған рөлі
- •85. М. Қашқаридың, в. В. Радловтың, ф. КОрштың, а. Н. Самойловичтің, в. А. Богородицкийдің классификациялары
- •86. Сын есім жасайтын жұрнақтар.
83. Септік категориясының тарихи қалыптасуы
Түркі тілдерінде барлық негізгі септіктерді жасайтын грамматикалық форманттар бір-біріне айрықша ұқсас болып келеді және септеу жүйесі септіктер санының көптігімен, септік тұлғаларының сан алуандығымен ерекшеленеді.Түркітанусаласындағы зерттеулер бойынша түркі тілдерінде 6, кейбір тілдерде 7 немесе 8 септік көрсетіледі.
Қазақ тілінің септік жүйесінің тарихи қалыптасуын түркі тілдеріндегі септік категориясының мынадай формативтері шеңберіндеқарастыруға болады:
1. Атау септігі (негізгі немесе белгісіз) барлық түркі тілдерінде сөз негізіне сәйкес келеді және атау септігіндегі сөзге арнайы жалғау жалғанбайды.
2. Ілік септігінің жалғаулары қазақ тілінде -ның/-нің, -дың/-дің, -тың/-тің тұлғасында қолданылады.Көне түркі ескерткіштері -іŋ/-ïŋ -nïŋ, -nіŋ, -uŋ, -üŋ, -nuŋ, -nüŋ форманттары арқылы беріледі, сонымен қатар ілік септігінің -γ,-іg форманттары да қолданылады:аdïγïŋ→аdïγ+ïŋ «аюдың, tоnuzïn→tоnuz+ïn «доңыздың»: Аdïγlï tоnuzlï аrtüzе sоqušmïš еrmіš, аdïγïŋ qаrnï jаrïlmïš tоnuzïн аzïγïsïnmïš tіr ЫБ. 6 «Асуда аю, доңыз кездескен екен. Аюдың қарны жарылған, доңыздың аяғы сынған,-деген» Айд.ІІІ,159; ögüzіg→ögüz+іg «өгіздің»: Bіr qаrï ögüzіg bіlіn bіčе jіmіš qаmsаju umаtïн turur tіr ЫБ. 37 «Бір қары өгіздің белін майда құмырсқалар қаптапты, оның жүруге әлі жоқ, -дер» Айд.ІІІ,164;
Түркі тілдерінде *-in/-iŋ, *-nin/ -niŋ, -nuŋ, -tin /-tiŋ, -din /-diŋ, -ïn, -ˆәn қосымшалары түрінде көрініс беретін ілік септігінің қосымшаларының түп-тегіжаңғыртылған арғыалтайлық *-nформативіне барып саяды: көне түрк. süŋ ′әскердің′, ebiŋ ′үйдің′, qaγanyŋ ′қағанның′; чув. tәnwәn ′таудың′ <tu′тау′, χәrәn ′қыздың′ <χәr′қыз′, śәžijәn ′тышқанның′ <śәži′тышқан′ (мұндағы -j- дыбысы – негіз бен қосымша арасын жалғаушы көне дауыссыз), ұйғ.-қыпш. attiŋ ′аттың′, алт. köldiŋ ′көлдің′, тув. inektiŋ ′сиырдың′, қбалқ. qozularynin ′қозыларының′ т.б.
Ілік септігінің жалпытүркілік форманты ретінде А.М.Щербак *-ϊn тұлғасын көрсетеді84. Н.А Баскаков түркі тілдерінде ғана емес, барлық алтай тілдерінде ілік септігі форманттарының меншіктік қатынасты білдіретін жұрнақтарға қатысы бар екенін (түркі тілінде -nікі: аγа-nікі ‘ағасына тиесілі’; монғол тілінде –jinki: aqajinki; тұнғыс тілінде –ŋі, - nŋі:акаnі ~ака- nŋі; маньчжур тілінде –іŋge, - nіŋge), алтай тілдерінің көбінде ілік септігі басқа септіктер үшін бастапқы форма болатынын (түркі тілінде барыс сеп. biz-in-ge ′бізге′; монғол тілінде жатыс-барыс сеп. xān-ä-dә ′ханның жанында′; корей тілінде жатыс сеп. saram-ii-ge ′адамда′),сондай-ақ ілік септігіне қатысты сөз тіркесінің типтік конструкциясы орын алатынын (түркі тілінде: qaγanyŋ oγly ′қағанның ұлы′; монғол тілінде: хān-і xöwün ′ханның ұлы′) айтады85.
3. Барыс септігі.Түркі тілдерінде барыс септігі негізінен -а, -γа/-qa, -jа қосымшаларымен (варианттарымен) көмкеріледі: көне түрк. taγqa ′тауға′, чув. tәva, тат., қаз., қырғ., тел. tauγа, түрік. daγа; көне түрк. qaγanqa ′қағанға′, шығыс-түрк., батыс-түрк. qaγanqa, чув. χuna,χona; көне түрк. qaγanyma ′қағаныма′, qaγanyŋa ′қағаныңа′, qaγanynγa ′қағанына′, батыс-түрк. qaγanyna′қағанына′. Зерттеушілер *-ai(-a) /-gai(-ga) формативтерін барыс септігінің арғыалтайлық тұлғасы деп санайды. Мәселен, Г.Й. Рамстедт барыс септігінің *-а тұлғасын тұңғыс тілінен басқа алтай тілдерінің барлығында -ai (немесе -a) және -gai (немесе -ga) түрінде қолданылатын қосымшалардың ең бастапқы формасы деп таниды.86
ҮІ-ІХ ғасыр түркі жазба мұралары тілінде барыс септігі -а,-е, -qа, -kе,-ru,-rü, -rа,-rе- jа-jе және -γаru, -gеrü, -еrü қосымшалары арқылы жасалады: jaz→jazï «дала, алқап» Тал. 7, «жазық, дала» КТк. 3: Ilgerü Šantuŋ jazïqa tegi süledim «Iлгерi Шантуң жазығына дейiн соғыстым» Айд. II, 168; bič→bičük «бесік (ұрпақ)» ДТД, 39, КТү. 6: Bir kisi jaņïlsar oγušï bodunï besükiŋe tegi qïdmis ermis «Бiр кiсi жаңылса, иелiгiндегi халқы, бесiгiне дейiн зардап шегедi» Сартқ. II, 170. Демек,қазіргі қазақ тіліндегі бағыт мағынасында қолданылатын тысқары, ішкері, ілгері, жоғары сөздерінен барыс септігінің көне формасының қалдығын байқауға болады. Бағыттық мағынаны білдіретін түркі тілдеріндегі -ra/-re/-ru/-rü/-rï/-ri (ebimrü′үйіме қарай′, bärü′бері′; барыс септігімен бірге: tаšqаru ′тысқары′) форманты арғыалтайлық *-ra/-re/-ru/-rü/-rï/-ri тұлғасыына барып саяды.
4. Табыс септігінің арғыалтайлық *-i/-ïтұлғасы түркі тілдерінде -(ï)γ/ -nï/-ïқосымшылары түрінде көрініс береді: säni, munï(bunï), bizni (жіктеу есімдіктері), көне түрк.: süγ ′әскерді′, ïükïγ ′жүкті′; оңтүстік түрк. (түрік.) ebi ′үйді′, daγï′тауды′; батыс түркі. (тат.) űjni ′үйді′, taunï′тауды′; қазақ. тәуелдіктің ІІІ жағынан кейін -n: malin, aγasin, atin т.б. Чуваш тілінде дыбыстық даму барысында –а/ -jа/-nа болып қалыптасқан табыс септігінің форманттары барыс септігімен сәйкес келеді. Мұндағы -j- және -n- дауыссыздары – дәнекер дыбыстар болып саналады: табыс. tәva ′тауды′, барыс. tәva ′тауға′< ат. сеп. tu′тау′, табыс. χәrva ′қызды′, барыс. χәrva ′қызға′< ат. сеп. χәr′қыз′.
Көне түркі ескерткіштері тілінде табыс септігі негізінен -ïn,-іn, -n, -ï,-і және -ïγ,-іg, -uγ,-üg жалғаулары арқылы жасалады: оγulïmïn → оγulïm+ïn «ұлымды», qïzïmïn → qïzïm+ïn «қызымды»: Еbledim оγulïmïn qïzïmïn qаlïŋsïз bertim ïmïрïmа jüz еr turïγ bertim Суд.7 «Ұлдарымды үйлендірдім. Қызымды қалың малсыз бердім. Айд.ІІІ,183.kіdіzіg→kіdіz+іg «киізді»: Kіdіzіg subqа sоqmïštаqï ur qаtïγmï bаtіr ЫБ,33. «Киізді суға малды. Тағы ұр, қатайды ма,-дер Айд.ІІІ,163.
5. Жатыс септігі. Жатыс септік жалғауы сыртқы тұлғалық жағынан тарихқа белгілі ежелгі дәуірлерден бүгінгі тілімізге дейін өзгеріссіз жеткен. Қазіргі түркі тілдерінің барлығында дерлік –dа//-dе варианты, ал чуваш тілінде –rа, -rе, -čе тұлғалары қолданылады. Жатыс септігі негізінен орынды білдіреді: көне түрк. taγda ′тауға′, чув. tura, тат., қаз. taudа, түрік. daγdа; көне түрк. tašda ′таста, тастардың арасында′, батыс-түрк. tašta.
Жатыс септігі өзіне -ki жұрнағын қосып алу арқылы сын есімдер жасауға қатысады: taγdaki ′таудағы′, taštaγi ′тастағы′, ebdäki ′үйдегі′. Түркі тілдеріндегіжатыстың -dа/-de, -ta/-teжалғаулары мен шығыс септігінің -dаn/-den, -tan/-ten, dіn/-dаŋжалғауларының түп- төркіні жатыс-шығыс септігінің арғыалтайлық *-ta/-tu тұлғасына барып саяды.Түркі тілдерінде жатыс септігі көпке дейін орынды ғана емес, іс-әрекет, қозғалыстың кеңістіктегі және белгілі бір уақыт аралығындағы шығу, басталу нүктесін де білдірген: көне түрк. оγuz-dа ′оғыздарда′ және ′оғыздардан′, шағ. fathuda soŋ ′жеңістен соң′, халаж. hå vidå ′үйден′.
6. Шығыс септігііс-әрекеттің, қимылдың неден, қай жерден басталғанын, қимыл иесінің басты объектіден алыстап, ұзап бара жатқанын сипаттайды. Кей жағдайларда іс-әрекеттің себебін, іс-қимылдың орнын да білдіреді. Шығыс септігі қазақ тілінде -дан/ден, -тан/-тен, -нан/-нен жалғауларының көмегімен жасалады. Көне белгілерді көбірек сақтап қалғансары ұйғыр тілінде шығыс септігінің –dan/-den, -tan/-tenқосымшаларының сыртында «өлі» -dïn/-din, -tïn/-tin қосымшалары кездеседі87: ačatan ‘атадан’, mïntan ‘мұннан’, jaɣtan ‘майдан’, sïkten ‘есіктен’, taɣdan ‘таудан’, undunden ‘шығыстан (оң жақтан)’, meniktin ‘ақшадан, тиын тебеннен’, šulengadin ‘шенеуліктен’, jiti qonaqtïn ‘жеті қонақтан, жеті күннен’, uš uštin toquz ‘үш үштен тоғыз’ т.б.
Орхон, Енисей, Талас ескерткіштері тіліндегі шығыс септік негізінен-dаn,-dеn,-tаn,-tеn,-tïn,-tin форманттары арқылы жасалады. Кей жағдайда бірдей мән беретін бір қосымшаның фонетикалық варианттары қосарланып келуі де кездеседі: oγuzdantan→oγuz+dan+tan «оғуздан»: Аnča olurur erikli oγuzdantan körüg kelti Тон.8 «Сөйтіп отырған шақта оғыздан елші келді» Айд.ІІ,105; tаšdïntаn→tаš+dïn+tаn «тыстан (сырттан)»: Аnï іčіg іrmеdіm tаšdïntаn üč qаrluq üč ïduq tаtаr...МЧ.28 «Оны ішке кіргізбедім, сырттан үш қарлұқ, үш қасиетті татар...» Айд.ІІІ, 139-144.
Шығыс септігінің -dаn/-den, -tan/-ten, dіn/-dаŋ қосымшаларын «-dа/-ta(жатыстыңжалғауы)+ -n» құрамды деп санау орын алады. Мұндағы соңғы -n туралы пікірлерде қайшылық кездеседі. Мәселен, Г.Й. Рамстедт -n тұлғасының шығу тегін ′бірдеңенің жаны, бір нәрсенің сол, оң, алдыңғы, астыңғы т.б. жағы′ деген мағынадағы jаn~d`аn~nаn сөзімен байланыстырады (-da-jan>-dan- dan>-dan: *оγuzdаjan, оγuzdаnan, оγuzdаndan ′оғыздардан′ 88. М. Рясянен -n тұлғасын жатыс септігіне қосылған құрал мәнді септіктің қосымшасы89, ал А.Н.Кононов maγan, saγan, oγan есімдіктерінде сақталғанбағытты білдіретін септіктің қосымшасы деп біледі90.
7.Біріккен септік.Біріккен септіктің арғыалтайлық *-lï/-li тұлғасы түркі тілдерінде -la/-li,-lan (комитатив) түрінде көрініс береді. Бұлкөне форматив түркі тілдерінде қатар тұрған екі нәрсені қосарлап, біріктіріп көрсету үшін жұмсалады: көне түрк.: inili äčili ′інілі ағалы′, bägli budunlï′бектер мен халық′; ескі ұйғ.: tünli künli ′түн мен күн′, täηrili jirli ′аспан мен жер′; қаз.: aγaly ïnïlï ′ағалы інілі′, ertelï keš ′ертелі кеш′, ülkendï kïšïlï ′үлкенді кішілі′ т.б. Сондай-ақ -la/-li,-lan қосымшасы қазіргі түркі тілдерінде bir-lä(>bir-lä) ′бірге, -мен′, bi-län(>bir-län) ′бірге ′ демеуліктері құрамында да кездеседі91.
8.Көмектес септік.Қазіргі қазақ тіліндегі көмектес септігінің -мен, -бен, -пен тұлғалары о бастағы дербес бірле шылауының өзгеріске түскен формасы саналады. Ә.Ибатов бұл пікірді мынадай жүйемен дәлелдеп көрсетеді:
бірлән > билән > білә > ілә > лә//ле
бінән > мінән > інән > нән
мынан > менен > ман//мен
Көне түркі тіліндегі көмектес септіктің негізгі қосымшасы -ïn,-іn, -n , -γ форманттары арқылы және birle «бірге» лексемасының қолдануынан жасалады. kölük→kölük +ün «көлікпен » ДТД, 15 Тон. 15: Ingek kölükün toγlada oγuz kelti«Сиыр көлiгiмен Тоғлада оғыз келдi» Айд. II, 107; subuγ→ subu+γ «суымен»: Anï subuγ baralïm. Тон. 27 «Аны суымен баралық.» Айд.ІІ,109;
Көмектес септіктің арғыалтайлық *-ïn/-in тұлғасына барып саятын көне -ïn/-inформативі қазіргі түркі тілдерінде үстеулер құрамында кездеседі: гаг. qïšïn ′қыс ішінде′, түрік. jazïn ′ала жаздай′, ұйғ. ärkänin ′таңертең ертемен′, башқ. kisen ′кешкісін′, өзб. jazïn – qyšïn′жазы -қысы′, якут. soγotoγun ′жалғыз өзі.
